Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
890.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.3 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. Биосферадағы негізгі элементтердің айналу циклына топырақ түзілу үдерісінде микроағзалардың қатынасы.

  2. Жер бетіндегі биологиялық айналысқа, топырақ және атмосфера арасындағы биологиялық айналыстың маңызы.

  3. Көміртектің түзілуі және оттегінің айналысы.

  4. Сутегінің пайда болуы және тотығуы. Сутегі бактериялары және олардың практикалық маңызы.

  5. Симбиотикалық азот фиксаторлары – түйін бактериялары мен тағы басқа бактериялар. Азоттың пайда болу циклы.

  6. Азоттың тотығуының, тотықсыздануының маңызы. Топырақтағы денитрофикация процесінің маңызы, ауыл шаруашылығының рөлі.

  7. Топырақтағы фосфор қосылыстарының формалары. Фосфордың микробиологиялық құрылымы. Өсімдіктерді фосформен қамтамассыз етуде микроағзалардың рөлі.

  8. Минералдардың жаңа түзілуінің пайда болуында топырақ микроағзалардың қатысы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Бабьева И. П. Биология почв: учеб. для ун-тов по специальности «Агрохимия и почвоведение» /И. П. Бабьева, Г. М Зенова.- 2-е изд., перераб. и доп.- М.: Изд-во МГУ, 1989.- 336 с.: ил.

2. Биғалиев А. Қазақстан топырағы және оның экологиясы / А. Биғалиев, Е. Жамалбеков, Р. Білдебаева. – А.: Санат, 1995.

3. Мирчинк Т. Г. Почвенная микология: учеб. пособие для вузов / Т. Г. Мирчинк.- М.: Изд-во МГУ, 1988.- 219 с.: ил.

4. Тахтаджан А.Л. Четыре царства органического мира / А.Л. Тахтаджан // Природа. - 1973. - №2. - С. 22-32.

4 ТАРАУ ТОПЫРАҚ БИОЛОГИЯСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ АСПЕКТІЛЕРІ

Топырақ биологиясының экологиялық аспектілері экожүйенің тірі ағзаларының арасындағы өзара және биотикалық қауымдастықтағы жеке популяциялар арасындағы байланыстардың мәселелерін біріктіреді.

Экология - экологиялық жүйелердің қызметтері мен құрылымы жайлы ғылым, популяциялықтан бастап биосфералықпен аяқтай отырып, тіршілік құрылымдарының барлық деңгейлеріндегі тіршілік әрекеттерінің көріну заңдылықтарын зерттейтіні белгілі. Биогеоценоздарды - күрделі биокостық жүйені, табиғаттың тірі және өлі компоненттерін зерттеумен - биогеоценология айналысады. Соңғы жылдары ауқымды экология интенсивті дамыды. Экологиялық зерттеулерде планетарлық деңгейде топырақ биологиясының мәселелері маңызды орын алады, топырақтағы микроағзалардың жердің газды қабығын ұстау мен құрастырудағы рөлін атап айтуға болады.

Экологияның басты принциптері - табиғи құбылыстарды жүйелі түрде қарастыру. Жүйе - бұл бір бүтіндей қызмет ететін, өзара байланысқан және өзара әсер ететін компоненттердің реттелген бірлігі. Экологиялық жүйеге әртүрлі құрылымдық деңгейдегі жеке популяциялар, популяциялар тобы немесе толық қауымдастықтар енуі мүмкін. Экологияда популяциялар деп бір экологиялық қызметі бар жақын дарақтар жиынтығын (жиі бір түрдің мүшелерін) атайды. Популяциялар кеңістіктің белгілі бөлігінде біркелкі ортада орналасады. Белгілі алаңда популяциялар тобы бірлестік немесе қауымдастықты (биотикалық қауымдастықты) құрайды. «Қауымдастық» және «экожүйе» ұғымдарына қандайда бір дәрежеде биоценоз және биогеоценоз жайлы ұғымдар сай келеді.