- •Созылмалы бронхит
- •Цистоскопия
- •Теміртапшылықты қаназдық
- •Дене қызуының көтерілуі
- •222. Балалардағы гипотрофия дамуының пренаталды себептеріне жатады:
- •223. Гипотрофияның 1 дәрежесінің емінде диетотерапияға кіреді:
- •224. Гипотрофияның 1 дәрежесінде тағамдық ингредиенттер есептеледі:
- •244. Диспепсиялық синдром келесі ауруда кездеседі:
В12-тапшылықты қаназдық+
Теміртапшылықты қаназдық
апластиялық қаназдық
гемолитикалық қаназдық
постгеморрагиялық қаназдық
71 Науқас Д. 70 жаста, шағымдары: әлсіздік, бас айналу, бас ауруы, жүрегінің қатты соғуы, жүрек айну, тіл ұшында күйдіру сезімі. Анамнезінде - 2 жыл бұрын жіңішке ішегіне резекция жасалған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы 37,4° С-қа дейін, терісі бозарған. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систоликалық шу, ЖЖЖ минутына 96 соққы. АҚ - 80/60 мм с.б. Тілі таза, ашық қызыл түсті, тегіс, бүртіктері тегістелген. Бауыры үлкеймеген. Қанды зертханалық тексергенде: Эр-2,2х10 12/л, Нв-54 г/л, ТК-1,2, Л-3,4х10 9/л, ЭТЖ-28 мм/сағ., сүйек кемігі пунктатында: мегалобластар - 70%. Келтірілген зертханалық көрсеткіштердің қайсысы қойылған диагнозды дәлелдейді?
тромбоцитоз
гиперхромия+
гипохромия
лейкоцитоз
ретикулоцитоз
72 Науқас Д. 70 жаста, шағымдары әлсіздік, бас айналу, бас ауруы, жүрегінің қатты соғуы, жүрек айну, тіл ұшындағы күю сезімі. Анамнезінде - 2 жыл бұрын жіңішке ішегіне резекция жасалған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы 37,4° С-қа дейін, терісі бозарған. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систоликалық шу, ЖЖЖ минутына 96. АҚ - 80/60 мм с.б. Тілі таза, ашық қызыл түсті, тегіс, бүртіктері тегістелген. Бауыры үлкеймеген. Қанды зертханалық тексергенде: Эр-2,2х10 12/л, Нв-54 г/л, ТК-1,2, Л-3,4х10 9/л, ЭТЖ-28 мм/сағ., сүйек кемігі пунктатында: мегалобластар - 70%. Келтірілген дәрілік заттардың қайсысы нәтижелі ем көрсетеді?
В12 витамині - б/етке+
преднизолон
гемофер - ішке
феррум-лек - в/і
цитостатиктер.
73 68 жастағы науқас төс артындағы сол иыққа берілетін күйдіретін ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданды. Ауру сезімі қатты физикалық жүктемеден кейін (бір машина көмір түсірген) пайда болып, нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылмай, 45 минутқа созылған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі бозарған, акроцианоз. Бетінде суық тер байқалады. Өкпе үстіндегі тыныс везикулярлы. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ – минутына 75, АҚ – 150/90 мм.с.б. ЭКГ-да V2-V5, I, avL–Т әкетулерінде тісшесімен бітісіп кеткен доғатәрізді ST интервалы. Соңғысының амплитудасы айтарлықтай жоғарылаған, III, avF әкетулерінде – ST депрессия. Алдын-ала қоятын диагнозыңыз?
пневмоторакс
Фидлер миокардиті
ревмокардит
жедел миокард инфаркты (ишемиялық кезең), жедел коронарлы жетіспеушілік+
қолқаның қабаттасқан аневризмасы.
74 67 жастағы науқас І қабатқа көтерілгенде пайда болатын төс артындағы қысып ауру сезіміне, физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге шағымданды. Ауру 3-5 минутқа созылып, нитроглицерин ішкеннен кейін басылады. Ауру сезімі үш күн бұрын пайда болған. Үш апта бұрын (5.02.99) сол қарыншаның артқыкөкеттік қабырғасының эпикардастылық жедел миокард инфаркты болған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы - 36,6°С. Акроцианоз. Өкпе үстіндегі тыныс везикулярлы. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек қызметі ырғақты, ЖЖЖ - 85/мин., АҚ - 120-80 мм.с.б. Қан талдауы қалыпты. ЭКГ – сол қарыншаның артқыкөкеттік қабырғасының эпикардастылық миокард инфаркты тыртықтану кезеңінде. Алдын-ала қоятын диагнозыңыз?
тұрақты стенокардия
үдемелі стенокардия
миокард инфаркты
тұрақсыз стенокардия (ерте инфаркттен кейінгі)+
вазоспастикалық стенокардия
75 Алдыңғы-бүйір қабырғаның трансмуралды инфаркты бар 67 жастағы науқас Д.-да 7–күні жыпылықты аритмия пароксизмі пайда болды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, ТЖ минутына 22, жүрек тондары тұйықталған, ырғағы бұзылған, төстің сол жиегімен прекардиалды, эпицентрі 4-қабырғааралықта, жүрек ұшының үстінде систоликалық шу естіледі, пульсация аймағында «толқын соққысының шуы». Науқаста миокард инфарктының қандай асқынуы болып, жүрекшелер жыпылығының пароксизміне әкелді?
жіпшелердің үзілуі
қарыншааралық қалқаның жыртылуы
жүрек аневризмасы+
бүртікті бұлшықеттің үзілуі
перикардит
76 72 жастағы науқас С. ентігуге, құрғақ жөтелге, кеудесінің сол бөлігіндегі ауру сезіміне, қалтыраумен бірге болатын дене қызуының 39,5оС дейін жоғарылауына шағымданды. Анамнезден суық тигеннен кейін жедел ауырғаны анықталды. ТЖ минутына 32. Кеуде қуысының сол бөлігі тыныс алған кезде қалыңқы. Перкуторлы алдынан 3–қабырғааралықта және артынан жауырынаралық кеңістік ортасынан – тұйық дыбыс, тыныс тыңдалмайды. Салыстырмалы жүрек тұйықтығының оң шекарасы төстің оң жиегінен 1,5 см сыртқа ығысқан. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ минутына 110. АҚ 100/70 мм.с.б. Қанды зертханалық тексергенде – лейкоциттер 14 х10 9/л, ЭТЖ- 40мм/сағ. Дұрыс диагнозы қандай?
өкпе абсцесі
сол жақтық пневмоторакс
өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
сол жақтық экссудативті плеврит +
сол жақтық гидроторакс
77 72 жастағы науқас С. ентігуге, құрғақ жөтелге, кеудесінің сол бөлігіндегі ауру сезіміне, қалтыраумен бірге болатын дене қызуының 39,5оС дейін жоғарылауына шағымданды. Анамнезден суық тигеннен кейін жедел ауырғаны анықталды. ТЖ минутына 32. Кеуде қуысының сол бөлігі тыныс алған кезде қалыңқы. Перкуторлы алдынан 3–қабырғааралықта және артынан жауырынаралық кеңістік ортасынан – тұйық дыбыс, тыныс тыңдалмайды. Салыстырмалы жүрек тұйықтығының оң шекарасы төстің оң жиегінен 1,5 см сыртқа ығысқан. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ минутына 110. АҚ 100/70 мм.с.б. Қанды зертханалық тексергенде – лейкоциттер 14х109/л, ЭТЖ- 40мм/сағ. Диагноз қоюда төменде келтірілген әдістердің қайсысы бірінші кезекті маңызды?
спирография
пикфлоуметрия
бронхоскопия
бронхография
кеуде қуысының рентгенографиясы+
78 72 жастағы науқас С. ентігуге, құрғақ жөтелге, кеудесінің сол бөлігіндегі ауру сезіміне, қалтыраумен бірге болатын дене қызуының 39,5оС дейін жоғарылауына шағымданды. Анамнезден суық тигеннен кейін жедел ауырғаны анықталды. ТЖ минутына 32. Кеуде қуысының сол бөлігі тыныс алған кезде қалыңқы. Перкуторлы алдынан 3қабырғааралықта және артынан жауырынаралық кеңістік ортасынан – тұйық дыбыс, тыныс тыңдалмайды. Салыстырмалы жүрек тұйықтығының оң шекарасы төстің оң жиегінен 1,5 см сыртқа ығысқан. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ минутына 110. АҚ 100/70 мм.с.б. Қанды зертханалық тексергенде – лейкоциттер 14х109/л, ЭТЖ- 40мм/сағ. Төменде келтірілгендердің қайсысы бұл науқасқа нәтижелі ем шарасы болып табылады?
өкпеқап пункциясы+
преднизолон
азатиоприн
мегапим
дигоксин
79 Науқас А. 60 жаста, шағымдары тыныс шығарудың қиындауымен жүретін айқын білінетін ентікпе, жүректің тез соғуы. Анамнезінде гипертониялық ауру, инфаркттен кейінгі кардиосклероз, бронхтық демікпе. Тексергенде: АҚ - 170/100 мм.с.б., ЖЖЖ – минутына 94, ТЖ - минутына 20. Аускультацияда тыныс шығаруы кенет ұзарған, екі жақта да ысқырықты сырыл тыңдалады, оң жауырынасты аймағында тыныс кенет әлсіреген аймақ анықталады, көлемі тез үлкейеді. Қандай патология болуы мүмкін?
кардиалды демікпе
өкпенің альвеолярлы ісігі
демікпелік статус+
гипертониялық криз
пневмоторакс
80 63 жастағы науқас артериялық қысымының көптен бері аздап көтерілетініне шағымданды, адекватты терапия қабылдамаған, АҚ кенет жоғарылауынан төс артында жауырынаралық аймаққа берілетін, кенет қысатын ауру сезімі пайда болып, жүрек ырғағы бұзылып, ауа жетпеу сезімі пайда болған. Қарап тексергенде: науқас толық, терісі гиперемияланған. Жүрек тондары айтарлықтай анық, қолқа үстінде систоликалық шу естіледі. ЖЖЖ 88, АҚ 220/120 мм с.б. ЭКГ-да ST сегментінің V2-V3-ке 1 мм элевациясы байқалады. Науқасқа қандай көмек көрсету керек?
2 сағат ішінде АҚ-ды 20-25 %-ға түсіріп, бірақ 160/100 мм с.б. төмендетпеу керек, коронарлы қан айналымын қалпына келтіретін препараттар тағайындау керек+
бір сағат ішінде АҚ 20-25 % төмендету керек
АҚ тезірек қалыпты көрсеткішке түсіруге болады
АҚ бір тәулік ішінде қалыпты көрсеткішке дейін түсіруге болады
АҚ түсірмейтін, бірақ коронарлы қан айналымын жақсартатын препараттар тағайындау керек.
81 65 жастағы науқаста тізе буынының ауруы, ісінуі, жергілікті температура. Қарап тексергенде: оң тізе буынының деформациясы мен қозғалыс кезінде крепитация байқалады. Қанды зертханалық тексергенде: ЭТЖ 15 мм/сағ. Тізе буынының рентгенографиясында: буындық саңылаудың тарылуы, остеосклероз, жиектік остеофиттер көрінеді. Дұрыс диагноз қандай?
остеоартроз, синовит+
подагра
ревматоидты артрит
Бехтерев ауруы
Рейтер ауруы
82 72 жастағы науқас оң жақ қабырғаастындағы қарқынды ауру сезіміне, жүрек айнуына, құсыққа, ауыздағы ащы дәмге шағымданды. Ішін пальпациялағанда өтқуық проекциясында ауру сезімі анықталды; Мерфи, Ортнер симптомдары оң.
Қандай ауру болуы мүмкін?
жедел панкреатит+
асқазанның жара ауруы
асқазан-өңеш рефлюксы
өт шығаратын жолдардың дискинезиясы
өт-тас ауруы
83 Науқас 75-те. Соңғы 3 айда эпигастрий аймағында, кейде төс артында жайсыздық, жүрек айну, құсу пайда болған. Анамнезінде науқас соңғы 2 жылда ревматоидты артриттен стероидты емес қабынуға қарсы емдеу курсын қабылдаған. Қарап тексергенде терісі бозғылт-қызыл, гемодинамикасы тұрақты, ішін пальпациялағанда – эпигастрий аймағында жергілікті ауру сезімі. Қандай ауру туралы айтылды?
асқазанның жара ауруы+
өт-тас ауруы
он екі елі ішектің жара ауруы
кернеу стенокардиясы
бейспецифиялық жаралы колит
84 Науқас 75-те. Соңғы 3 айда эпигастрий аймағында, кейде төс артында жайсыздық, жүрек айну, құсу пайда болған. Анамнезінде науқас соңғы 2 жылда ревматоидты артриттен стероидты емес қабынуға қарсы емдеу курсын қабылдаған. Қарап тексергенде терісі бозғылт-қызыл, гемодинамикасы тұрақты, ішін пальпациялағанда – эпигастрий аймағында жергілікті ауру сезімі. Бұл аурудың себебі?
СЕҚҚП қабылдау+
диетаның бұзылуы
ревматоидты артриттің өршуі
жасы
ревматоидты артриттің үдеуі
85 70 жастағы науқастың тізе буындары мен қол басы сүйектерінің буындары таңертең 30 минуттай құрысады, физикалық жүктемеде буындардың ауруы мен крепитациясы байқалады, ЭТЖ сағатына 20 мм-ден аз, ревматоидты фактор теріс, рентегендік зерттеуде буындық саңылау сәл тарылған және көптеген остеофиттер көрінеді. Сіздің диагнозыңыз:
реактивті артрит
подагра
жүйелі қызыл жегі
остеоартроз+
ревматоидты артрит.
86 Науқас А. - 60 жаста, қақырық бөлінетін жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, субфебрилды температураға, тез шаршағыштыққа шағыммен стационарға түсті. Қақырығы іріңді. Ентігу алдымен физикалық жүктемеде, кейін тыныштық жағдайында пайда болған. Cor – оң жақ шекарасы кеңейген, артериялар пульмоанализінде екінші тон акценті. Перкуторлы: қораптық перкуторлы дыбыс, тынысы әлсіреген, құрғақ және ылғалды сырылдар, дауыс дірілі. Сіздің диагнозыңыз:
өршу кезеңіндегі созылмалы обструктивті бронхит. Өкпе эмфиземасы+
жедел пневмония
ремиссия кезеңіндегі созылмалы обструктивті бронхит
бронхтық демікпе
өкпе абсцессі
87 65 жастағы науқас физикалық жүктемеден кейін пайда болып, 40 минуттан аса болған төс артындағы сол қолға берілетін, нитроглицерин ішкеннен кейін басылмайтын ауру сезіміне, жүрек айнуына, әлсіздікке, ентігуге шағымданды. Қарап тексергенде: науқас қобалжулы, бозарған, маңдайында тер тамшылары көрінеді, акроцианоз. АҚ 70/50 мм с.б. (қалыпты АҚ - 130/80), пульс анықталмайды. Жүрек тондары тұйық. Жүректің сол шекарасы 1,5 см солға ығысқан. Өкпе үстінде - везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ, ауру сезімінсіз. Жүрек жиырылуының жиілігі минутына 50. ЭКГ-де: II, III, aVF, V7-8 әкетулерде патологиялық Q, ST сегментінің элевациясы, I, aVL, V2-V5 әкетулерде ST депрессиясы. Мұндай сипат қандай патологияға тән?
қолқа аневризмасының жедел ажырауы
жедел перикардит
рефлекторлық шокпен (коллапспен) асқынған жедел миокард инфаркты +
жедел панкреатит
кенет пневмоторакс
88 64 жастағы науқас кеудесін игенде төс артында пайда болатын қыжылға және түнде болатын қышқылды кекірікке шағымданды. Қарап тексергенде: дұрыс тамақтанбаған, тері жабындысы бозғылт, тілі қалың ақ өңезбен жабылған. Пальпацияда: эпигастриде ауру сезімі. ЭФГС – өңештің шырышты қабаты ісінген, қызарған, қақпасы ашық, өңештің төменгі үштен бір бөлігінде – көптеген кішігірім эрозиялар көрінеді. Келтірілген диагноздардың қайсысы дұрыс?
ЖИА, бірінші рет пайда болған стенокардия
созылмалы гастрит
гастроэзофагиялық рефлюксті ауру+
созылмалы холецистит
ЖИА, вазоспастикалық стенокардия
Әйел 2 апта бойы етеккірің кідіруі, тәңертеңгілікте жүрек айну, ішінің төменіндегі ауыру сезіміне (көбіне сол жағында) шағымданады. Дәрігер әдейі гинекологиялық зерттеу жүргізіп, УДЗ-дан кейін «Үдемелі жатырдан тыс жүктілік» деген диагноз қойды. Диагнозы дәлелдеу үшін қандай қосымша зерттеу жүргізу керек:
Екінші рет УДЗ жүргізу
Бірнеше рет УДЗ жүргізу
АХГ тексеру
+АХГ деңгейінің өзгерісін анықтау
Стационарға диагностикалық лапароскопияға бағыттау
Леопольда-Левицкидің 3-ші әдісі қандай мақсатпен жүргізіледі:
Жатыр түбінің деңгейін және нәрестенің ірі мүшелерін анықтау үшін
+Нәрестенің кіші жамбасқа орналасқан мүшесін анықтау үшін
Нәрестенің жатқан түрін, арқасының және ұсақ мүшелерінің орналасуын анықтау үшін
Нәрестенің кіші жамбасқа қараған мүшесінің орналасу деңгейін анықтау
Нәрестенің болжам салмағын анықтау үшін
Даун ауруын анықтау үшін қандай скрининг әдісін қолдану керек. Төменгі тізімнен көрсетіңіз:
Жүктіліктің ерте мерзімінде АХГ деңгейін анықтау
+Жүктіліктің ерте мерзімінде УДЗ жүргізу
Жүктіліктің 19-20 аптасында УДЗ жүргізу
Хорион биопсиясы
Кордография
Соловьев индексі деген не:
+Кәрі жіліктің біліктік буын шеңберінің өлшемі
Тобық буын шеңберінің өлшемі
Шонданай сүйектің бұдырларынан қасаға буынының жоғарғы жиегіне дейінгі өлшем
Екі шонданай сүйектердің бұдырларының арасының өлшемі
Жамбастың шеңбер өлшемі
Әйел 20 жаста. Осы бірінші жүктілігі. Әелдер консультациясына келгенде келесі диагноз қойылды: Жүктілікітің 37 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі. Жүкті әйел қандай перзентханаға жатқызылу керек. Әйел Алматы қаласының тұрғыны:
1-ші деңгейлік перзентханаға
+2-ші деңгейлік перзентзанаға
Акушерия, гинекология және перинатологиялық ғылыми орталығына (3-ші деңгей)
Перинаталдық орталығына (3-ші деңгей)
Әйелдің қалған перзентханасына
Михаэлис ромбының тік және көлденең ұзындығы:
10х10см
+11х11 см
12х12 см
13х13 см
14х14см
«Орташа дәрежедегі анемия» деген диагноз жүкті әйелге қандай жағадайда қойылады:
110 г\л төмен
100 г\л төмен
+ 90 г\л төмен
80 г\л төмен
75 г\л төмен
Жүктіліктің 9 – 10 аптасында әйел келесі шағымдармен дәрігерге келді: сүйектер, бел, бұлшықеттерінің ауыруы. Ауыру себебінен жүрісі өзгерді, қасаға сүйектері ауыра бастады, парестезия байқалды. Сіздің диагнозыңыз:
Радикулит
Симфизит
+ Жүктілер остеопатиясы
Қалыпты жағдай
Жүктіліктің үзілуіне қауіпті жағдай
Қайта жүктілікті әйелдің осы жүктілігінің 28 аптасында балтыр және ішінде ісік пайда болды. АҚҚ – 160/110 мм с.б., 170/110 мм с.б., зәрінде 3,0г/л протеинурия. Диагноз:
Бүйрек ауру фонындағы артериалді гипертензия
Преэклампсияның жеңіл дәрежесі
Гипертония ауруының фонындаға преэклампсияның ауыр дәрежесі
+ Преэклампсияның ауыр дәрежесі
Гестациялық гипертензия
Қайта жүктілікті әйелдің осы жүктілігінің 28 аптасында балтыр және ішінде ісік пайда болды. АҚҚ – 160/110 мм с.б., 170/110 мм с.б., зәрінде 3,0г/л протеинурия. Әйелдер консультациясындағы дәрігердің тактикасы:
Антигипертензивті терапия жүргізу
+ Жедел жәрдем көрсететін көлікпен перзентханаға жеткізу
Диуретик тағайындау
Магензиалді терапия жүргізіп емдеу
Күндізгі стационарда емдеу
Жүктіліктің 24 аптасында әйелдің эпигастрий аймағында ауру сезім байқалды. Әйелді тексергенде жүктіліктің 31-32 аптасы анықталды, АҚҚ 150\100 мм с.б. екі жағында, зәрі лай, балтырларында ісік байқалады. Диагноз:
Жүктіліктің 31-32 аптасы. Гестациялық гипертензия.
Жүктіліктің 31-32 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі
Жүктіліктің 31-32 аптасы. Пиелонефрит фонында болған артериалді гипертония
+ Жүктіліктің 31-32 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі
. Жүктіліктің 31-32 аптасы. Эклампсия.
Эклампсияның негізгі белгілері:
АҚҚ көтерілуі
Ісіктер
АҚҚ көтерілуі + ісік
Протеинурия
+ АҚҚ көтерілуі + протеинурия
Ауыр преэклампсияның белгілері:
+АҚҚ ≥160/110 мм.б.с. + протеинурия ›3,0 г/л
АҚҚ ≥160/110 мм.б.с.
Протеинурия ›3,0 г/л
АҚҚ ›140/90 мм.рт.ст. + протеинурия 1,0 г/л
Біркелкі ісіктер +протеинурия 1,0 г/л
Преэклампсияның жеңіл дәрежесінің белгілері:
+ АҚҚ 140/90 мм.с.б. + протеинурия 0,3 г/л
АҚҚ 140/90 мм.с.б. + протеинурия 3,0 г/л көп
Протеинурия 3,0г\л
АҚҚ 140/90 мм.с.б. + протеинурия 1,0 г/л
АД 140/90 мм.с.б. + біркелкі ісіктер
Альфа-фетопротеин деңгейі қандай ауыруында жоғарлайды:
Ұрықтың дамуы дұрыс болғанда
+үрық жүйке трубкасының қалыптасуы дұрыс болмаса
Ұрық бүйрегінің қалыптасуы дұрыс болмаса
Ұрық жатырының қалыптасуы дұрыс болмаса
Үрық Даун ауруына шалдықса
Ұрық жүйке трубкасы дұрыс қалыптасу үшін әйелге жүктіліктің 12 аптасына дейін қандай препарат тағайындау керек:
Минералді-витамин кешені
Жақсы тамақтану
+Фолий қышқылын
Йод препараттарын
Ұйқы және демалу режимін сақтау
Физиологиялық жүріп жатқан жүктілік кезінде әйелге УДЗ-ны неше рет тағайындау керек:
2 рет
+3 рет
4 рет
6 рет
10 ретке дейін
Әйледің жүктілік мерзімі 38-39 апта. Іш шеңбері – 99 см, Жатыр денесінің биіктігі – 36см. Жорданиа бойынша нәрестенің болжам салмағын көрсетіңіз:
3375,0 гр
4000,0 гр
+3564, 0 гр
3200,0 гр
3000,0 гр
Гинеколог дәрігерге мерзімі 9-10 апталық жүктілігі бар әйел келді. Әйел инфекциялық ауруханадан қызылшаның ауыр дәрежесімен ауырып емделіп шықты. Дәрігердің тактикасы:
Жүктілікті жалғастыруға болады
Гормонотерапияны тағайындап диспансерлің бақылау керек
Витаминотерапия жүргізу керек
+ Жүктілікті үзу керек
Дене шынықтыратын шаралар жүргізу керек
Әйелдің жасы 42. Осы жүктілік – бірінші. 10 жыл бедеуліктен кейін жүкті болды. Жүктіліктің мерзімі 39-40 апта. Осы әйел қай мекемеде босану керек:
Мекенжайының қасындағы перзентханада (1-ші деңгей)
Перинаталдық орталығында (3-ші деңгей)
Әйел қалаған перзентханада
Ұлттық ана және нәрестенің денін сақта орталығында (3-ші деңгей)
2-ші деңгейлік перзентханада (аудандық орталық)
Ауыл тұрғынының жасы 23-те. Босануы - екінші. Жүктілік қалыпты өтіп жатыр. Бірінші баласын 3 жыл бұрын асқынусыз босанды. Пациент қай мекемеде босану керек:
Мекенжайының қасындағы перзентханада (1-ші деңгей)
Перинаталдық орталығында (3-ші деңгей)
+Әйел қалаған перзентханада
Ұлттық ана және нәрестенің денін сақта орталығында (3-ші деңгей)
2-ші деңгейлік перзентханада (аудандық орталық)
16 жастағы бірінші босанушы ауыл тұрғыны. Жүктілік мерзімі 39-40 апталық, асқынусыз өтті. Пациент қай мекемеде босану керек:
Мекенжайының қасындағы перзентханада (1-ші деңгей)
Перинаталдық орталығында (3-ші деңгей)
Әйел қалаған перзентханада
Ұлттық ана және нәрестенің денін сақта орталығында (3-ші деңгей)
+2-ші деңгейлік перзентханада (аудандық орталық)
Қаіпсіз аналық бағдарламасына ЖАТПАЙДЫ:
таза суға қол жеткізу
босану кезінде көмек көрсете алатын дайындалған медициналық жүмыскерлердің баршылығы
босануды қабылдау кезінде таза ортамен қамтамасыз ету
+ жүктілік және босану кезінде медикаментоздық қамтамасыз ету
арнайы көмекке пациенттің қолын жеткізу
Әйел 40 жаста. Анамнезінде – 8 босану. Жүктілік және босану кезінде асқыну байқалмады. Осы жүктілік және босануы 9-шы. Пациент қандай мекемеде босану керек:
Мекенжайының қасындағы перзентханада (1-ші деңгей)
+Перинаталдық орталығында (3-ші деңгей)
Әйел қалаған перзентханада
Ұлттық ана және нәрестенің денін сақта орталығында (3-ші деңгей)
2-ші деңгейлік перзентханада (аудандық орталық)
Төменгі тізімнен допплерометрия және кардиотокография жүргізілетін жағдайды көрсетіңіз:
Егіз нәрестелік
Үштік нәрестелер
+Құрсақ ішілік нәресте дамуының кідіруі
Ірі нәресте
Туа біткен жүрек ақауы
Жатыр жыртылуы бойынша қауіп-қатер тобына кім жатады:
көпсулығымен асқынған жүкті әйел
+ кесар тілігінен кейін тыртығы бар жүкті әйел
босану әрекетінің әлсіздігі болған босанушы
босану әрекетінің тым күштілігі болған босанушы
Жатыр мойынын хирургиялық коррекция жасаған босануша
Нәрестенің ақауларын антенаталдық анықтау үшін бірінші УДЗ қашан жүргізу қажет (ДДҰ нұсқауы):
жүктіліктің мерзімене қарау маңызды емес
6 аптадан кейін
10-11 апта аралығында
2-13 аптадан кейін
+ 14 аптадан кейін
ҚР ДМ стандарты бойынша жүкті болған кезде әйел консультацияға кемінде неше рет келу керек:
1 рет
6 рет
12 рет
+7 рет
9 рет
Медико-генетикалық тексеруге жүберу үшін әйелдің анамнезінде жүктіліктің қай мерзімінде өзіндік түсік болуы керек:
+ 5-6 апталық кезінде болған түсік
10-12 апталық кезінде болған түсік
14-16 апталық кезінде болған түсік
18-22 апталық кезінде болған түсік
24-25 апталық кезінде болған түсік
Босанғаннан кейінгі маститтің негізгі этиологиясы:
+алтынттәрізді стафилококк
гемолитикалық стрептококк
ішек таяқшалары
вирустық инфекция
анаэробтық инфекция
Дәрігер нәрестені тексергенде көзінің ісінуін, қызарғанын және аз мөлшер серозды-іріңді бөлінделерін байқады. Конъюнктивиттің этиологиясын анықтау үшін қандай зерттеу жүргізу керек:
Жалпы қан зерттеуі
Жалпы зәр зерттеуі
копрограмма
нәжісін бактериологиялық зерттеу
+көз бөлінділерін бактериологиялық зерттеу
Босанып перзентханадан үйіне шыққан нәрестені тексергенде дәрігер кіндігінің айналасындағы гиперемия және аз мөлшердегі серозды-іріңді бөлінділеріне көңіл аударды. Нәрестенің жалпы жағдайы қанағанаттарлық. Болжамалы диагноаз:
Баланопостит
Конъюктивит
Отит
Кіндіктің жарығы
+Омфалит
Әйел 20 жаста. Жағдай ауыр, адинамия. Дене қызуы 40-410 С, қалтырау. Лимфобездері ұлғайған. Сүт бездері қызарып, қатайып, көлемі үлкейген. Диагноз:
Іріңді мастит
Лактостаз
Сероздық мастит
Инфильтративтік мастит
+Флегманоздық мастит
Босанғаннан кейін контрацептция қажет екені белгілі. Төменгі көрсетілген пікірлердің қайсысы дұрыс:
контрацепцияның етеккір келмей қажеттілігі жоқ
ана нәрестені емізіп жүрсе контрацепцияның қажеттілігі жоқ
+ кейбір әйелдерге босанғаннан кейін контрацепция дереу керек
кесар тілігі жасалғаннан кейін бір айдан кейін контрацепция керек
кесар тілігі жасалғаннан кейін бір жылға дейін контрацепцияның қажеттілігі жоқ
Жатыр түбінің биіктілігі кіндіктен 3 көлденен саусақ төмен. Лохиялары серозды-қанды. Босанғаннан кейін неше тәулік өтті деп ойлайсыз:
1-2
+ 3-4
5-6
6-7
7-8
Аралықтың жыртылуы себебімен жібек жіптер салынған. Жібтерді неше тәуліктен кейін алу керек:
4-ші
7- ші
8- ші
+5– ші
2- ші
Босанғаннан кейін жатыр өзінің қалыпты мөлшеріне қашан келеді:
+ 8 апта
10 апта
16 апта
20 апта
22 апта
Лохия деген:
қынап бөлінділері
+босанғаннан кейінгі жатыр жарасының бөлінділері
қалыпты орналасқан плацента мерзімінен бұрын бөлінгеннен кейінгі жатырдан шығатын қанды бөлінділері
эндометритке шалдыққан жатырдың бөлінділері
«Босанғаннан кейінгі мерзім» терминінің маңызы:
+ босанғаннан кейінгі 2 ай мерзімі
нәрестені емізуден шығарғанға дейінгі мерзім
босанғаннан кейінгі аменорея мерзімі
босанғаннан кейінгі бірінші ай
босанғаннан кейінгі екі апта мерзімі
Лактостазды емдеу әдісі:
+нәрестені жиі емізу
дегидратациялық терапия жүргізу
жергілікті гипотермия жасау
латацияны гормоналдық дәрі-дәрмектермен басу
антибактериалдық терапия
Босанғаннан кейінгі мастит болуына қауіп-қатер тобына қандай пациенттер жатады:
+анамнезінде мастит болған
мастопатиясы бар пациенттер
босанғаннан кейін эндометритке шалдыққан пациенттер
кесар тілігі арқылы босанған пациенттер
экстрагениталдық аурулары бар пациенттер
Босанғаннан кейінгі қабыну ауруларының этиологиясын анықтау үшін бактериологиялық зерттеуге материалды қай жерден алу керек:
ірің (болған кезде)
көк тамыр қаны
+жатыр ішінен алынған бөлінділер
сүт бездерінен шыққан сүт немесе бөлінділер
зәр
«Төмен салмақты нәресте» деген шешімге қандай көрсетіміне қарап келеміз:
+туған кездегі салмағы
гестациялық жасы
туған кездегі салмағы және гестациялық жасы
туған кездегі терісіндегі жағымы
туған кездегі бойы
Нәрестеде кефалогематома болған жағдайда, қандай асқыну болуы мүмкін:
+инфекциялық
анемия
ешқандай қауіп жоқ
тыныс алу бұзылыстары
гипогликемия
Босанғаннан кейін эндометрий структурасы толығымен өз қалыпына қашан келеді:
10-15 күннен кейін
2-3 аптадан кейін
4-5 аптадан кейін
+6-8 аптадан кейін
9-10 аптадан кейін
Қасаға сүйектері ажырап кеткендегі дәрігердің тактикасы қандай:
+төсек тартып жату, кіші жамбасты қысып байлап тастау
Оперативтік емдеу
Симптоматикалық ем тағайындау
Антибактериалдық терапия
Инфузиондық терапия
Жаңа туған нәресте салмағы ХАЖ – 10 қаралымы бойынша 1000,0 гр. Oсы баланың салмағы қандай деп есептеледі:
Кішкентай салмақ
+Өте кішкентай салмақ
Өте төтенше кішкентай салмақ
Жай кішкентай салмақ
Сын кішкентай салмақ
Кішкентай салмақпен туған нәресте емінің нәтижелі болып, перзентханадан шығаруға болатынын қалай білеміз:
+Салмағының өсуі
Лабораторлық зерттеу мәліметтерінің қалыптылығы
Нәресте кіндігінің қалыпты болуы
Нәжісінің түсі және түрінің қалыпты болуы
Конъюгациялық сарғаюының кетуі
Әйел перзентханадан босанғаннан 3 күннен кейін үйіне шығарылды. Лохиясын қандай болу керек:
Қанды
+Сукровица
Серозды
Шырышты
Жыныс жолдарынан бөлінді болмау керек
Әйел перзентханадан босанғаннан 3 күннен кейін үйіне шығарылды. Жатыр түбі қай жерде орналасу керек:
+Кіндіктен 5-6 см төмен
Кіндіктен 7-8 см төмен
Кіндіктен 3 см төмен
Қасағаның бойында
Қасағадан төмен
Босанған әйел келесі сұрақпен сізге келді: «Балам дұрыс еме алмайды, жылдам шаршап қалатын сияқты. Не істеймін?» Қандай кеңес бересіз:
Бұрынғы тәртібімен емізе беру керек
+Жиі емізу керек
Екі емізу арасында сауып алған сүтті беру керек
Қосымша сүт сатып алып беру керек
Екі емізу арасында 5% глюкоза сұйықтығын беру керек
Босанғаннан 3 ай өткен соң әйел келесі сұрақпен сізге келді: «Жүктіліктен қалай сақтануыма болады?» Қандай кеңес бересіз:
+ Екі емізудің арасы 6 сағаттан аспау керек. Сол тәртіпті сақатсаңыз, 6 айға дейін контрацептивті қолданбауға да болады.
Мини-пили типтес құрамында таза гестагены бар таблеткаларды қолдануға болады
3 ай сайын Депо-Провера инъекциясын жасау керек
Тері астына «Норплант» имплантты енгізу керек
Құрамында левоноргестрел бар «Мирена» ЖІС енгізу керек
АИД вирусымен инфицирленген әйел босанғаннан 2 ай өткесін келесі сұрақпен сізге келді: «Жүктіліктен қалай сақтануыма болады?» Қандай кеңес бересіз:
+Презервативпен сақтану керек
ЖІС енгізу керек
Спермицидтармен сақтаныңыз
Календарлық әдісімен сақтануға болады
Қынаптық диафрагма қолданыныз (мысалы, Новоринг)
Босанғаннан кейін әйел сізге келесі сұрақ қойды: «Денемді қалыпына келтіру үшін физикалық шұғылданғым келеді. Жаттығуды қашан бастауға болады?»
Презентханадан шыққаннан кейін
Бір аптадан кейін
Бір айдан кейін
Босанғаннан 8 апта өткен соң
Босанғаннан 5-6 ай өткен соң
Босанған әйелдің шағымдары: «Баланы емізгенде ішінің төменгі аймағында ауыру сезім пайда болады?» Сіздің тактикаңыз:
Ауыруды сездірмейтін дәрілер тағайындау
Кіші жамбасты УД зерттеу
+Бұл табиғи жаратылыс
Қан, зәрін жалпы лабораторлық зерттеу
Әйелді перзентханаға жолдау
Ерікті хирургиялық стерилизация келесі әйелдерге жүргізілу керек:
Бала керек-керекеместігін өзіне әлі толық шешпеген
Балалары жоқ әйелдер
+Жүктілік әйелдің денсаулығына қауіпті болған жағдайда
Кұйеуі осы контрацептив әдісін қолдаған жағдайда
2 және одан көп балалары болса
Әйел медициналық аборттан кейін контрацептив ретінде инъекциялық прогестинді ДМПА (депо-медроксипрогестерон ацетаты) қолданатын болды. Бірінші инъекциясын қашан жасау керек:
+ сол күні немесе 7 күннен кешіктірмей
аборт жасардың алдында
аборттан 10 күн өткен соң
аборттан бір ай өткен соң
аборттан 6 апта өткен соң
Әйел инъекциялық прогестинді ДМПА (депо-медроксипрогестерон ацетаты) контрацептив ретінде қолданатын болды. Осы контрацептив жөнінде кеңес бердіңіз, бірінші инъекциясын жасадыңыз. Екінші рет әйел қашан келу керек:
Бір айдан кейін
Екі айдан кейін
+Үш айдан кейін
4 айдан кейін
6 айдан кейін
Норплант капсуласы контрацептивтің қандай түріне жатады:
+ имплантант
инъекциялық гестаген (ДМПА - депо-медроксипрогестерон ацетаты )
спермицид
Таза ауыз арқылы қабылдайтын прогестиндік контрацептив
Құрамында гестаген бар ЖІС
Әйел ҚАК қабылдайды. Бір таблеткасын қабылдағаннан 2 сағаттан кейін құсып тастады. Кеңес беріңіз:
Құсқаннан кейін бір дозасын қабылдап, кешке тағы бір таблеткасын қабылдау керек
+ Сол күні тағы бір таблеткасын қабылдау керек
Келесі күні екі таблеткасын қабылдау керек
ҚАК қабылдауын тоқтату керек
Дәргерге тексерілу керек
Қандай жағдайда темекі шегетін әйел төмендозалы ҚАК қолдана алады:
+Жасы 35-тен аспаған әйелдерге болады
Жасы 35-тен асқан, бірақ күніне 10 тал темекі шегетін болса
Жасы 35-тен асқан, темекіні өте көп шегетін болса да
Жасы 35-тен аспаған әйелдерге қолдануға болмайды
Жасы 35-тен аспаған әйел күніне 20 тал темекі шегетін болса - болмайды
Жасы 35-тен асқан әйел темекіні көп шегеді. Сақталмай жыныстық қатынаста болды. Контрецептив әдісін ұсыныңыз:
+ Жедел контрацептив ретінде ҚАК қолдану керек
ЖІС
Жүктілік анықталған кезде медициналық аборт жасау керек
Норплант имплантантын тері астына еңгізу керек
Инъекциялық прогестин тағайындау керек
Жедел контрацепция қолдану тәртібі бойынша таблеткаларды 2 рет қабылдау керек: біріншісін - 72 сағаттан кешікпей, екіншісін - 12 сағаттан кейін. «Стандартты дозалы» ҚАК-ты дұрыс тағайындаңыз:
1-ші рет - 4 таблетка, 2-ші рет – тағы 2 таблетка
+1- ші рет - 2 таблетка, 2- ші рет – еще 2 таблетка
1- ші рет - 2 таблетка, 2- ші рет – еще 4 таблетка
1- ші рет - 4 таблетка, 2- ші рет – еще 4 таблетка
1- ші рет - 1 таблетка, 2- ші рет – еще 1 таблетка
Для неотложной контрацепции таблетки принимаются 2 раза: не позже чем через 72 часа после полового акта и через 12 часов - еще раз. Выберите правильный метод неотложной контрацепции Левоноргестрелом (Постинор):
1- ші рет - 4 таблетка, 2- ші рет – еще 2 таблетка
1- ші рет - 2 таблетка, 2- ші рет – еще 2 таблетка
1- ші рет - 2 таблетка, 2- ші рет – еще 4 таблетка
1- ші рет - 4 таблетка, 2- ші рет – еще 4 таблетка
+1- ші рет - 1 таблетка, 2- ші рет – еще 1 таблетка
ЖІС-ке қарсы көрсеткіш:
Артериалді гипертензия
+сальпингоофорит
ревматизм
қант диабеті
Варикоз ауруы
Студент қыз, тұрмыста жоқ, контрацептив жөнінде кеңес алуға келді. Жыныстық қатынас айына 2-3 рет болады, серіктестері бірнеше. Жүктілік болған жоқ. Контрацептив тағайындаңыз:
регулон
+презерватив
ригевидон
триквилар
ЖІС
Күйеуі бар студент 25 жаста, бір баласы бар. Аяқ тамырларының созылмалы тромбофлебиті бар. Контрацептив тағайындаңыз:
монофазды гормоналді контрацепция
хирургиялық стерилизация
+ЖІС
екіфазалық гормоналді контрацепция
үш фазалық гормоналді контрацепция
Күйеуінен ажырасқан, бір балалалы 32 жасар әйелге контрацептив тағайындаңыз. Әйелдің бір жыныстық серіктесі бар, жыныстық қатынас айына 1-2 ретболады:
марвелон
регулон
постинор
үзген жыныстық қатынас
+презерватив
Күйеуі бар, бір балалы, қант диабетімен ауыратын әйелге контрацептив тағайындаңыз:
монофазды гормоналді контрацепция
хирургиялық стерилизация
+ЖІС
екіфазалық гормоналді контрацепция
үш фазалық гормоналді контрацепция
АИД инфицирленген әйелге контрацептив жөнінде кеңес бергенде, қандай сұрақтарға көңіл аударасыз:
Тек контрацептивті тағайындайсыз
Контрацептивтердің түрлерінімен таныстырасыз, ал әйел контрацептивті өзі таңдайды
Жыныстық қатынаста болмау керектігін айтасыз
+контрацептивтің түрлерімен таныстырасыз, әйелдің ден саулығын тексересіз, содан кейін ең тиімді контрацептив тағайындайсыз
Хирургиялық стерилизация жүргізесіз
Жанұяда зайыбының біреуі АИД инфицирленген. Қандай контрацептив әдісін ұсынасыз:
+презерватив
ҚАК
Ауыз арқылы қабылдайтын таза прогестин
ЖІС
Еркіндік хирургиялық стерилизация
Жанұяда екі зайыбы да АИД инфицрленгене, дені сау балалары бар. Контрацептив тағайындаңыз:
ЖІС
Таза прогестиндер
+ЕХС
Презерватив
ҚАК
Спермицидтердің әсері:
АИД-ның трансмиссия қауіпін жоғарлатады
+АИД-ның трансмиссия қауіпіне әсер етпейді
АИД-ның трансмиссиясын төмендетеді
АИД-ның ағымын нашарлатады
Оптималді контрацепция әдісі
ЖІС деген:
АИД инфицирленген әйелге ең тиімді контрацептив
+АИД инфицирленген әйелге ең тиімсіз контрацептив
Презервативтен де тиімді контрацептив
АИД инфицирленген әйел қолданатын қысқа мерзімді контрацептив
АИД инфицирленген әйел тек осы әдісті контрацептив ретінде қолдану керек
ҚАК-ты босанғаннан кейін қашан қолдануға болады:
+Босанғаннан 4-6 айдан кейін
Босанғаннан кейін кешікпей
Босанғаннан 2 айдан кейін
Қолдануға болмайды
Босанғаннан 1 жылдан кейін
Қандай ағзаның қатерлі ісігін алдын алу үшін пероралді контрацептивті тағайындауға болады:
қынаптың
жатыр мойынының
+эндометридің
жатыр түтіктерінің
тік ішектің
«Норплант» имплантантын дененік қай жеріне еңгізіледі:
Бұлшық етке
Бөксе терісінің астына
Білектің бұлшықетіне
+Білек терісіңін астына
Қол терісінің астына
Гормоналді контрацептивтер әсерінің механизмі:
+Овуляцияны, рилизинг-факторлар, ЛГжіне ФСГ өндіруін тежейді
Эндометриде жүретін биохимиялық реакцияларды тежейді
Цервикал шырышын қоюлатады
Жатыр түтіктерінің перистальтикасын күшейтеді
Қынап флорасының қышқылдығын жоғарлатады
Кеңес беру (консультирование ) деген:
+Психологиялық және медициналық жәрдем беру
Құқықтық қолдау түрі
Пациентке нұсқау берудің түрі
Пациентке бағдарлама беру
Пациентті медициналық қолдау
АИД инфцирленген әйелге контрацептив ретінде емізу әдісін қолдануға:
+қолдануға болмайды
Әрқашан қолдануға болады
Балалардың өлім-жітімі АИД инфекциядан емес диареядан жоғары болған экономикалық дамымаған елде қоладанады
Босанғаннан 1 айдан кейін қолдануға болады
Спермицидпен қоса қолдануға болады
АИД инфицирленген әйелдің қан анализінде байқалатын өзгерістер:
30 күн бойы анемия (80 г/л), нейтропия (100000 мм3)
полицитемия, гиперкоагуляция
лейкоцитоз, формуланың солға жылжуы, ЭТЖ
+анемия, тромбоцитопения, лейкоцитоз\лейкопения, бласттық жасушалар пайда болуы
Анализде патологиялық өзгерістер байқалмайды
Ұлттық репродуктивтік денсаулықты сақтау саясаты деген:
+ана мен бала денсаулығын сақтау, қауіпсіздің аналық, жанұяны жоспарлау, медико-генетикалық кеңес беру
Мекпетер санын көбейту
Жанұяны жоспарлау, орынсыз жүктілікті реттеу үшін аборттың санын көбейту
Жанұяны жоспарлау
Әйел босана беру үшін оны экономикалық ынталандыру
Репродуктивтік құқық деген:
+жанұя және әрбір адам қанша бала керектігін және арасында интервал сақтау шешуіне құқығы бар
Босану интервалы бір жыл болу керек
Ақысыз медициналық көмек алуға әйелдің құқы бар
Қосымша жалақы алуына құқы бар
Баспанамен қамтамасыз етуіне құқы бар
Акушерия және гинекология мекемелерінің жұмысы сапасының негізгі көрсеткіші:
Жүкті және босанған әйелдердің жалпы саны
+Перинаталді және аналық өлім-жітім деңгейі
Медициналық және өзіндік аборттадың саны
Кесар тілігінің саны
Контрацептив қолданатын әйелдердің саны
Әйелдер консультациясының мақсаттары:
Жүкті әйелдерді кезінде есепке алып, оларды босану алдында психопрофилактикалық дайындық жүргізу
Жүкті әйелдерді және гинекологиялық науқастарды зерттеу және емдеу
+жүктілік, босану, босанудан кейінгі мезгілінің асқынуларын, гинекологиялық ауруларды алдын алу үшін шараларды жүргізу, жанұяны жоспарлау
Перзентхана, диспансерлер арасында тығыз қарым-қатынасты реттеу
Тұрмыс қалыпын денсаулыққа бағытауды үгіттеу
Календарлық әдіс арқылы контрацепция қолданған кездегі фертилді күндерді атаңыз:
10 –ші күннен 19-ші күнге дейін
7–ші күннен 17- ші күнге дейін
10–ші күннен 20- ші күнге дейін
+ 8–ші күннен 19- ші күнге дейін
10–ші күннен 19- ші күнге дейін
Контрацептив мақсатымен жатыр мойынына қалпақша кигізіледі. Кигізілген қалпақша қанша мезгілден кейін міндетті түрде алу керек:
6 сағат
12 сағат
24 сағат
36 сағат
+48 сағат
Әйелдің қандай ауруында хирургиялық стерилизацияны жүргізу үшін ерекше жағдай керек:
Гипотиреоз
Диафрагма грыжасы
+Бауыр циррозының ауыр дәрежесі
Әйелдің салмағы өте аз болса
Әйел өте жас болса
Құрамында левононгестрел бар «Мирена» ЖІС-ін босанғаннан кейін қашан еңгізуге болады:
+ 4 апта
6 апта
8 апта
10 апта
12 апта
«Норплант» имплантын қандай жағдайда еңгізуге болмайды:
Әйел кортикостериодтарды қабылдаса
+Әйел туберкулезге қарсы ем қабылдаса
Әйел ревматизмге қарсы ем қабылдаса
Әйел анемияға қарсы ем қабылдаса
Әйел жүрек гликозидтерін қабылдаса
Қосарланған EVRA пластырін қолданған кезде әйелдің етеккірі қашан келеді:
1-ші аптаның соңында
2-ші аптаның соңында
3-ші аптаның соңында
+ 4-ші аптада
4-ші аптаның соңында
Қалыпты етеккір циклінің ұзақтығы:
+21-35 күн
28-30 күн
19-28 күн
26-35 күн
22-36 күн
Меноррагия деген:
Ациклдік жатырдан қан кету
+иклдік жатырдан қан кету
Ауыру сезімді, көп мөлшерде келетін етеккір
Етеккір циклінің қысқа болуы
Етеккір циклінің ұзаруы
Ювенилді жатырдан қан кетудің ең жиі кездесетін патогенезі:
Гиполютеинизм
Фолликулдердің персистенциясы
+Фолликулдердің атрезиясы
Гиперпролактинемия
Қан жүйесінде болатын ұю үрдесінің бұзылуы
Менопауза алдындағы кездегі дисфункционалдық қанкету тоқтатуының негізгі әдісі:
синтетикалық эстроген-гестагендік препараттар
Қан тоқтататын және жатырды жиырылтатын препараттар еңгізу
Андрогендерді тағайындау
17-оскипрогестерон капронаты (17-ОПК) үздіксіз режимінде тағайындау
+ цервикал каналын және жатыр қуысын бөлек қыру
Гиперменорея деген:
Етеккір циклінің ұзаруы
+ретті келген етеккір көп мөлшерде келу
Етеккірдің ұзақ болуы
Циклдан тыс келген қанды бөлінділер
2 ай кідіргеннен кейін келген е
38 жастағы әйел дәрігерге келгендегі клиникалық симптомдары: метроррагия типті етеккірінің келуі. Әрігердің тактикасы:
Горомналді гемостаз тағайындау
+Гинекологиялық стационарда диагностикалық қыру жүргізу
Гормондардың деңгейін анықтау
Антибактериалді терапия
Симптоматикалық терапия
О. Атты 14 жасар қыз баланың етеккірі ретсіз келеді. Менархе 13 жастан, соңғы етеккірі 4 ай бұрын болды. Дәрігерге келгендегі шағымдары: жалпы әлсіздік, 10 күннен бері жыныс жолдарынан қан кету. Жалпы жағдайы қанағанаттарлық, тері жабындысы боз-қызғылт, АҚҚ -90\60 мм с.б., пульс 88 рет\мин. Ректалді зерттеу мәліметтері: жатыр көлемі кішкентай, сезімтал, қозғалмалы. Жатыр қосалқылары қалыпты. Болжам диагноз:
Верльгоф ауруы
Виллебрант ауруы
Әйел гормонын өндіруші ісік
+Ювенилді қан кету
Ерте мезгілінде үзілген жүктілік
Ювенил жасында дисфункционалды жатырдан қан кетудің жиі кезедсетін себебі:
Гиполютеинизм
Аналық бездерінің поликистозы
+Фолликулдардың атрезиясы
Гиперпролактинемия
Қан ұюы жұмысының бұзылуы
Метроррагия – это:
изменение ритма менструации
увеличение кровопотери во время менструации
увеличение продолжительности менструации
+ациклические маточные кровотечения
урежение менструаций
34 жастағы науқас, етеккір циклі овуляторлы, бірақ етеккірге 1-2-3 күн қалғанда тот басқан-қанды түсті бөлінділер байқалады. Етеккір бұзылысының түрі:
метроррагия
+меноррагия
қалыпты етеккір циклі
гипоменорея
дисменорея
ДЖҚ себебінен 32 жастағы науқастың жатыр қуысы қырылды. Гистологиялық зерттеу мәліметі – безді-кистозды гиперплазия. Дәрігердің тактикасы:
+Гормонотерапия жүргізу
Оперативті ем жүргізу
бақылау
Иммундық жүйесін жөндейтін терапия
сан-курортты терапия
Қыз баланың жасы 16-да. Оның етеккірі сирек және ауыру сезімді. Бала кезінен созылмалы тонзиллитпен ауырады. Менархе 15 жасынан, етеккірі ауырып келеді. Екіншілік жыныстық белгілері дұрыс дамымаған. Сыртқы жыныстық мүшелері гипопластикалық. УДЗ мәліметтері – жатыры кішкентай, көлемі 10-11 жастағы жатыр көлеміне сай. Аналық бездері қалыпты дамыеған, фолликулдар саны көп. Осы симптомдар қандай патологияға тән:
Адреногениталдық синдром
Гонадалар дисгенезиясының таза түрі
Гонадалар дисгенезиясының әдеттегі түрі
+Орталық генезді жыныстық дамуының кідіруі
Аналық бездер генезді жыныстық дамуының кідіруі
«Ерте жыныстық дамуы» деп айтуға болады, егер...:
Екіншілік жыныстық белгілер қыз балада 10 жастан ерте байқалса
Екіншілік жыныстық белгілер қыз балада 5 жастан ерте байқалса
+ Екіншілік жыныстық белгілер қыз балада 8 жастан ерте байқалса
Екіншілік жыныстық белгілер қыз балада 12 жастан ерте байқалса
Қыз баланың етеккірі 10 жастан ерте келсе
Әйелдер типті (изосексуалді) ерте жыныстық дамуының себебі:
Босану кезіндегі нәрестенің жарақаты
Ерте балалық кезінде болған инфекциялық-токсикалық аурулар
Диэнцефалдің аймағындағы қабыну процессі
+Гормонөндіруші аналық без ісігі
Диэнцефалдің аймағында дамыған ісік
Гетеросексуалді типті (еркек типті) ерте жыныс дамуының себебі:
Жыныс мүшелер дамуының ақаулары
+Бүйрек үсті безінің ферменттің жүйесінің туа біткен ферменттік жетіспеушілігі
Жыныс мүшелерінің қабыну ауруы
Штейн-Левенталь синдромы
Аналық безінің эстрогенөндіруші ісігі
Төменгі келтірілген аурулардың біреуін дәлелдеу үшін цитогенетикалық зерттеу жүргізу керек. Ол ауру:
Изосексуалді типті ерте жыныстық даму
Шетеросексуалді ерте жыныстық даму
+Жыныстық дамудың болмауы
Жыныстық даму кідіруінің церебралді түрі
Жыныстық даму кідіруінің аналық бездік түрі
18 жасар қыз бала гинекологиялық бөлімшесіне келесі шағымдармен түсті: басы айналады, 2 аптадан бері жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалады. Етеккірі 16 жасынан, ретсіз, көп мөлшерде, ауыру сезімді. Жыныстық қатынаста болмаған. Объективті: тері жабындысы боз, Hb-85г/л, Ht-26%. Гинекологиялық зерттеу жүргізгенде өзгеріс байқалмайды. УДЗ – эндометридің функционалді қабаты - 0.4 см. Дәрігерлік тактика:
+ Гормоналді гемостаз
Жатыр қуысын қыру
Артқы күмбез арқылы құрсақ қуысын пункциялау
Медикаментозды гемостаз
Гистероскопия
15 жастағы қыздың шағымдары: 2 аптадан бері жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалады, ал соңғы 2 күн бөлінділер мөлшері көбейді. Етеккірі 13 жастан басталды, қазіргі кезеге дейін реттелмеді. Соңғы етеккір 2,5 ай бұрын басталды. Науқасты тексергенде тері жабындысы боз, жыныс жолдарынан кеткен қан мөлшері көп. Ректталді зерттеу мәліметтері: жатыр көлемі кішкентай, қосолқылары пальпацияланбайды. Диагноз:
Жатырлық жүктілік, аборт
Жатыр миомасы
+ ювенилдік жатырдан қан кету
Жатырдан тыс жүктілік
Көпіршікті тығын
Біріншілік аналық без генезді аменорея диагнозын анықтау үшін қандай зерттеу жүргізу керек:
+ кариотипті анықтау
Гормон деңгейлерін анықтау
Функционалдық диагностикалық тесттер
Гистероскопия
Кольпоскопия
42 жастағы науқасқа дисфункционалды жатырдан қанктеу себебінен хирургиялық гемостаз жүргізілді. Гистологиялық зерттеу мәліметі: эндометрий гиперплазиясы. Әрі қарай қандай ем тағайындау керек:
Эстрогендер
ҚАК
+Гестагендер
Дексаметазон
Утеротониктер
Климактерикалық синдромының пайда болуының негізгі себебі:
+ эстрогендік дефицит
гиперэстрогения
гиперкортицизм
пролактинемия
ановуляция
Пайда болу мезгіліне және клиникалық түріне қарай климактерикалық бұзылыстар келесі түрлеріне бөлінеді:
+ ерте, орташа мезгілде пайда болатын, кеш
Ісіну, цефалгиялық, кризді
пременопаузалді, менопаузалді, постменопаузалді
типті, атипиялық
Таза, өшіп кеткен, аралас
Климактерикалық синдромының ерте белгілері:
Терінің құрғауы, шаштың түсуі, тырнақтарының сыңғыш болуы
Зәр ұстай алмау, қынаптың құрғақтығы
Остеопороз, Альцгеймер ауруы
+Ыстық құйылуы, тершеңдік, жүрек соғуы, ашуланшақтық
Жүрек-қан тамырлық жүйе жұмысының бұзылуы (жүректің ишемиялық ауруы, инсульт, т.б.)
Климактериялық синдромның ең тиімді терапиясы :
Психопрофилактикалық сөйлесу
фитотерапия
Санаторлық емдеу
+Орынбасушы горомналді терапия
Витаминотерапия
Орынбасушы гормонотерапияға көрсеткіштерінің бірі :
Эндометридің қатерлі ісігі
Бауырдың ауыр патологиясы
Жедел тромбоэмболиялық бұзылыстар
+Аналық бездің кистасы себебінен жүргізілген екі жақты овариоэктомия
Сүт безінің қатерлі ісігі
48 лет жастағы әйелде вегето-тамырлық және урогениталдық бұзылыстар байқалған кезде қандай қосымша зерттеу жүргізу керек:
Гормондар деңгейін анықтау, функционалдық диагностикалық тесттерді жүргізу
+Маммография, онкоцитологияға жағындыны тексеру, трансвагиналді УДЗ
Бассүйегіне рентгенография жүргізу, электроэнцефалография
Жыныс жолдарымен таралатын ауруларды тексеру
Көз түбінің жағдайын және түрлі түсті көру қабілетін тексеру
Аналық без генезді жыныс дамуының кідіруін қандай әдіспен емдеу керек:
+Орынбасушы гормонотерапия
Кортикостероидтармен емдеу
Жоғарғы дозалы ҚАК-ты тағайындау
витаминотерапия, емдеу мақсатымен физикалық жаттығу тағайындау
Биологиялық белсенді қосындылар тағайындау
Жыныс дамуының болмауының себебі:
Бала кезінде болған инфекциялық аурулар
Пубертатты жасында болған вирусты қабыну аурулары
+хромосомдық аномалиялар
Босанылған кезеңдегі жарақат
Ауыр экстрагениталді патология
Орташа мезгілді климактериялық бұзылыстар:
+Урогениталді
вазомоторлық
Зат алмаушылық
Етеккір жұмысының бұзылыстары
Ыстық құйылуы
Кеш мезгілдегі климактериялық бұзылыстар:
Урогениталді
вазомоторлық
+Зат алмаушылық
Етеккір жұмысының бұзылыстары
Ыстық құйылуы
Остеопороздың жалпы симатомдары:
+еңкейіп қалу, бойының төмендеуі
цисталгия
никтурия
Бас ауыруы
Кеш менопауза
Екі фазалық етеккір циклінің белгісі:
Етеккірдің ретті болуы
Етеккірдің ұзақтылығы
+ Овуляция
Менархеның басталған мезгілі
Етеккірдің болуы
Субмукозды жатыр миомасына қандай симптомдар тән:
аменорея
олигоменорея
метроррагия
+ меноррагия
Альгодисменорея
«Постменопаузадағы қан кету» деп қандай жағдайда айтамыз:
+ соңғы етеккір келгенінен 6 ай өткенде
соңғы етеккір келгенінен 3 ай өткенде
соңғы етеккір келгенінен 2 ай өткенде
соңғы етеккір келгенінен 1 ай өткенде
соңғы етеккір келгенінен 1,5 ай өткенде
Ерте және тек осы ауруға тән климактерикалық синдром:
гипертония
+ыстық құйылу
бас ауыруы
ашуланшақтық
гипергидроз
57 жастағы науқаста етеккір тоқталғанынан 5 жыл өткеннен кейін жыныс жолдарынан жағынды түрде қанды бөлінділер байқалды. Науқас гипетониялық аурумен ауырады. Гинекологиялық зерттеу жүргізгенде анатомиялық өзгерістер байқалмады. Болжам диагноз:
аденомиоз
дисфункционалдық жатырдан қан кеті
Жатыр мойынының қатерлі ісігі
+эндометридің қатерлі ісігі
Жатыр миомасы
49 жастағы науқас соңғы екі жыл бойы етеккірі ретсіз, сирек келетін болды. 3 аптадан қазіргі мезгілге дейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалды. Болжам диагноз:
Аденомиоз
+Дисфункционалді жатырдан қан кету
Эндометридің қатерлі ісігі
Субмукозды жатыр миомасы
Жатыр мойынының қатерлі ісігі
49 жастағы науқас соңғы екі жыл бойы етеккірі ретсіз, сирек келетін болды. 3 аптадан қазіргі мезгілге дейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалды. Сіздің тактикаңыз:
Эстрогендермен гемостаз жүргізу
+жатыр қуысын диагностикалық қыру
Утеротониктер тағайындау
Циклдік гормонотерапия
Прогестиндермен гемостаз жүргізу
Эндометридің гиперпластикалық процесінің негізгі клиникалық көрінісі:
