- •1.Жер кандай кабаттардан турады?
- •2. Жер кабыгын курайтын тау жумыстарынын турлери?
- •3. Технологиялык кесте нени корсетеди?
- •4. Кеуектилик дегенимиз не?
- •5.Мунай жане онын касиеттери?
- •6. Газ жане онын касиеттери
- •7.Издеу жумыстарынын кезендерин атаныз?
- •8. Курылым картасы дегенимиз не?
- •10. Электрлик барлау адиси
- •11 Сейсмикалык барлау адиси
- •12. Унгы дегенимиз не?
- •13. Унгыны бургылау тасилдери неге байланысты болады?
- •14. Мунай, газ, кен орындарын кандай максаттарда бургылайды?
- •15. Тау жыныстарын бузушы аспаптарынын турлери
- •16. Кашаудын кандай турлери бар?
- •17. Бургылау кондыргысы деген не?
- •18.Бургылау кондыргысынын негизги элементтерин атаныз
- •19. Тал жуйеси не ушин кажет?
- •20 Тал жуйесинин негизги элементтерин атаныз
- •21. Бургылау сорабынын аткаратын кызмени не?
- •22. Мунай газ унгыларын бургылауда кандай козгалткыштар колданылады?
- •23. Шегендеу кубырларын стандарт бойынша кандай олшемдери шыгарылады?
- •24. Шегендеу кубырлары озара калай жалганады?
- •25. Унгыны бургылау жане пайдалануга откизу аралыктарында кандай жумыстар жургизиледи?
- •26. Тенизде бургылау жагдайында бургылау кондыргылары калай орнатылады?
- •32. Мунай мен газдын химиялык жане физикалык касиеттери.
21. Бургылау сорабынын аткаратын кызмени не?
Бұрғы сораптары ұңғыға қысым мен жуу сұйығын айдау үшін қолданылады. Бұрғылау жұмыстарында тек горизонтал, жетекті, поршенді сораптар қолданылады.
Терең бұрғылауда екі әрекетті 2 поршенді сораптар – дуплекс және бір әрекетті 3 поршенді – тримплекс сораптары қолданады.
Дуплекс сораптарында әрбір «төлке-поршень» цилиндрлі жұбына 4 клпан орнатылады, олардың екеуі сорушы және екеуі айдаушы
Тримплекс сораптарында поршеньнің бір жүрісі кезінде соуршы коллектордан сору немесе айдаушы коллекторға айдау жүзеге асады
Триплек сораптары НИИтежмаш (Ресей) көрсеткіштеріне қарағанда, дуплекс сораптарына қарағанда бірталай артықшылықтарға ие, триплекс сорабында сондай қуатта мыналар азаяды:
масса мен габаритті өлшемдер 1,4-1,5 есеге;
біркелкі берілмеу 2 есе, қысымдыкі 5-6 есеге;
алмастырылатын бөлшектер 1,3-1,4 есе, ал олардың массасы 1,5-2,5 есеге.
Осыларға байланысты соңғы жылдары бұрғылаудың триплекс сораптарына көшірілуі байқалады.
Өндіріс көлемінің кеңеюі мен құрылымдардың жетілдірілуі триплекс сораптарының бағасының төмендеуіне алып келді. Сондықтан триплекс сораптары дуплекс сораптарын біртіндеп ығыстыруда
22. Мунай газ унгыларын бургылауда кандай козгалткыштар колданылады?
23. Шегендеу кубырларын стандарт бойынша кандай олшемдери шыгарылады?
Шегендеу құбырларын тігіссіз болат құбырлардан жасайды, олардың шеттеріне коникалық жалғастырғыш бұранда кеседі. Бұрғылау құбырларына қарағанда шегендеу құбырларының шеттері шығарылып жасалмайды, сондықтан олардың керілуге беріктігі бұрандаманың беріктігімен шектеледі.
МЕСТ 632-80 бойынша шегендеу құбырлары дәлдігімен және жасалу сапасымен ерекшеленетін А және Б екі түрінде шығарылады. Шегендеу құбырлары жалғасу типі, құбырдың диаметрі мен қабырға қалыңдығы, болаттың беріктік тобымен және муфта түрімен ерекшеленеді.
Жалғасу типі бойынша шегендеу құбырларының бес түр бар:
Үшбұрышты қысқа бұрандамен және оларға муфта;
Ұзартылған үшбұрышты бұрандамен және оларға муфта –У;
Трапециялы бұрандамен және оларға муфта - ОТТМ;
Жоғары герметикалық қосылыстармен және оларға муфта - ОТТГ;
Муфтасыз раструбный құбырлар - ТБО.
МЕСТ 632-80 бойынша құбырлардың барлық түрлерінің жалғамаларында бұранда конустылығы 1:16 болады. Бұранда пішіннің бүйіржақтарында отырғызылады. Құбырларды муфталармен бірге бұрау кезінде майлау немесе жалғамалардың герметикалығын қамтамасыз ететін және оның қажамалардан, коррозиядан сақтайтын басқа тығыздауыштар қолданылады. Ұзартылған бұрандалы жалғамалар керілуге қарсылықпен және жоғары герметикалықты болып келеді және 245мм-ге дейінгі диаметрлі құбырларда қолданылады. Ұзартылған бұрандалы құбырлар әдетте шегендеу құбырларының жоғары аса(более) жүктелген секцияларында қолданылады.
ОТТМ құбырлары шегендеу құбырларының жоғарғы секцияларында қолдануға арналған.
ОТТГ және ТБО құбырлары жалғамалардың жоғарғы герметикалығына ие және газ қысымы 50 МПа-ға дейінгі терең және өте терең ұңғымаларда бекітуге арналған. Бұл құбырлардың жалғамаларының герметикалығын арттыру бұранданың кіші диаметрлі бөлігі жағында орналасқан коникалық нығыздауыш беттер арқасында жүзеге асырылады. Сондай-ақ, жалғамада құбырлардың саңылаусыз түйісуін қамтамасыз ететін ішкі қарсыласу бүйіржақтарының бойынша әсерлесу қарастырылған. ОТТГ және ТБО құбырлары сақиналық бөлімдерімен ерекшеленеді: ОТТГ - муфталы тегіс, ТБО - муфтасыз.
А және Б түрінде орындалған құбырлар 9,5-13 метрге дейін ұзындықпен шығарылады. Б түрінде орындалған құбырлар тобында(партия) 8-ден 9,5 метрге дейінгі ұзындықта 20% құбырлар және 5-тен 8 метрге дейінгі ұзындықтағы құбырлар рұқсат етіледі.
Шегендеу құбырларының ұзындығы олардың бүйіржақтарының арасындағы қашықтықпен анықталады, ал бұралған муфталары бар болуы кезінде муфтаның бос бүйіржағынан құбырдың қарама қарсы шетінің бұрандасының соңғы бұралуына дейінгі қашықтықпен анықталады.
МЕСТ 632-80 бойынша шегендеу құбырлары 114 мм-ден 508 мм-ге дейін жасап шығарылады. Құбырлардың диаметріне байланысты олардың қабырға қалыңдығы 5,2 мм-ден 16,5 мм-ге дейін өзгереді. Муфталардың сыртқы диаметрі орташа және кішірейтілген. Сыртқы диаметрі кішірейтілген муфталарды тек А түрінде жасалған құбырларға арнап шығарады. Муфталардың бұрандасы мен тығыздауыш коникалық кеулейжонулар мырышталуы және фосфатталуы керек.
Шегендеу құбырлары және муфталарды беріктік топтары бірдей болаттардан жасайды. Тұтынушылардың сұранысы бойынша ОТТМ және ОТТГ құбырларына диаметрі кішірейтілген арнайы муфталарды құбырлардың беріктік топтарына қарағанда бір топ жоғары болат топтарынан жасайды. Шегендеу құбырларын жасау үшін қолданылатын болаттардың механикалық қасиеттері төменде келтірілген.
