- •1.Жер кандай кабаттардан турады?
- •2. Жер кабыгын курайтын тау жумыстарынын турлери?
- •3. Технологиялык кесте нени корсетеди?
- •4. Кеуектилик дегенимиз не?
- •5.Мунай жане онын касиеттери?
- •6. Газ жане онын касиеттери
- •7.Издеу жумыстарынын кезендерин атаныз?
- •8. Курылым картасы дегенимиз не?
- •10. Электрлик барлау адиси
- •11 Сейсмикалык барлау адиси
- •12. Унгы дегенимиз не?
- •13. Унгыны бургылау тасилдери неге байланысты болады?
- •14. Мунай, газ, кен орындарын кандай максаттарда бургылайды?
- •15. Тау жыныстарын бузушы аспаптарынын турлери
- •16. Кашаудын кандай турлери бар?
- •17. Бургылау кондыргысы деген не?
- •18.Бургылау кондыргысынын негизги элементтерин атаныз
- •19. Тал жуйеси не ушин кажет?
- •20 Тал жуйесинин негизги элементтерин атаныз
- •21. Бургылау сорабынын аткаратын кызмени не?
- •22. Мунай газ унгыларын бургылауда кандай козгалткыштар колданылады?
- •23. Шегендеу кубырларын стандарт бойынша кандай олшемдери шыгарылады?
- •24. Шегендеу кубырлары озара калай жалганады?
- •25. Унгыны бургылау жане пайдалануга откизу аралыктарында кандай жумыстар жургизиледи?
- •26. Тенизде бургылау жагдайында бургылау кондыргылары калай орнатылады?
- •32. Мунай мен газдын химиялык жане физикалык касиеттери.
12. Унгы дегенимиз не?
Ұңғы дегеніміз жер қыртысында арнайы бұрғылау аспаптарының көмегімен қазылатын диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр пішінді тау-кен құрылыс орны.
Ұңғының басталатын жері сағасы, цилиндрлі беті қабырғасы немесе оқпаны, ең төменгі шеті түбі деп аталады. Сағасынан түбіне дейінгі оқпан бойынша ара қашықтық ұңғы ұзындығы, ал ұңғы өсі проекциясының тіке аралығы тереңдігі деп аталады.
Ұңғыларды тіке және көлбеу бұрғылайды. Олардың диаметрі аралықтан аралыққа кішірейіп отырады.
Мұнай және газ ұңғыларының бастапқы диаметрі 900 мм-ден аспаса, ал соңғының диаметрі 165 мм-ден кем болмайды.
Ұңғыларды тау жыныстарын тұтастай (кернсіз) немесе оның шет жағын ғана талқандау (керн алу) арқылы тереңдетеді.
Ұңғының құрлысы 3.3 суретте көрсетілгендей төменгі түп жағында – (6,8), ол мұнай не газ шығатын жиектердің тұсында болады, ал жоғарғы жағы – саға – (1). Бүйір қабырғасын-оқпан – (5) дейміз. Ұңғының ішіне мұнай мен газ құйылу үшін, қабаттағы қысым – Pпл – (9) түп жағындағы Р3 – (6) қысымнан көп болу керек, яғни Рпл Р3 ұңғының бүйір қабырғалары – (5) пайдалану кезінде құлап қалмауы үшін темір құбырлармен бекітеміз – (4). Оны тізбектелген шеген құбыр дейді. Оның диаметрі жоғарыдан төмен қарай азая береді.
Ең жоғарғы шеген құбырды – (2) бағыттаушы шахталы құбыр дейміз. Оның тереңдігі – 5-10 м, диаметрі – 200-500 мм. Негізгі міндеті-жердің жоғарғы жағындағы топырақты бекіту және саз балшық ерітіндісінің айналымын қамтамасыз ету. Оның ішінен, жоғары су қабаттарының ағымынан сақтау мақсатымен сағалық құбыр – (3) кондуктор жібереді.
3.3 сурет - Ұңғы үлгісі
13. Унгыны бургылау тасилдери неге байланысты болады?
Тереңдігі жоғарғы су қабаттардың орналасуына байланысты 40 м.-ден 400 м.-ге дейін жетеді. Кондуктордың ішінен ұңғының тіреңдігіне және қазу (бұрғылау) қабаттарының орналасу ерекшеліктеріне байланысты бір немесе екі қосымша шеген құбырларын жібереді. Егер де кондуктордан кейін қанша тізбекті құбырлар жіберсе, сонша тізбекті құбырлар деп атаймыз. Ең соңында пайдалану (өндіру) құбырын – (4) жібереді. Әлбетте, оның диаметрі – 146, 168 мм, тереңдігі – 4500-5000 м. шамасында болады. Мұнай мен газ өндіру үшін оның сағасына, фонтанды қондырғы арқылы, кіші диаметрлі мұнай мен газ көтергіш құбырлары жіберіледі. Оның диаметрі – 40-70 мм. аралығында болады. Бұрғылау тәсілдерін пайдалана отырып ұңғыны бұрғылау кезінде аспаптардың тау жыныстарына тигізетін әсеріне қарай механикалық, термиялық, физико-химиялық, электр жалындық деп бөлуге болады.
Механикалық бұрғылау тәсілінде тау жыныстарын бұзу қол күшін немесе қозғалтқыштарды қолдану арқылы іске асырылады.
Механикалық бұрғылау тәсілі соққылау және айналдыру тәсілдерімен іске асырылады. Соққылама бұрғылау тәсілі 70 жылдан астам уақыттан бері мұнай-газ өнеркәсіп саласында қолданылмайды. Дегенмен пайдалы қазбаларды барлау инженерлік-геологиялық іздеу жұмыстарында қолдау тауып жүр. Ол тек арқанды-соққылама бұрғылау тәсілінде қолданылады.
Айналмалы бұрғылау тәсілі. Мұнай, газ ұңғыларын бұрғылауда қолданылады. Бұл тәсіл бойынша ұңғы оқпаны үздіксіз айналатын қашаумен бұрғыланылады. Тау жыныстарының ұсақталған бөлшектері жер бетіне жуу сұйығының ағынымен көтеріледі. Айналмалы бұрғылау тәсілінің өзі роторлық және түптік қозғалтқыштармен бұрғылау тәсілдері болып бөлінді.
Роторлық бұрғылау тәсілінде қозғалтқыш жер бетіне орналасады да, қашау бұрғылау тізбегі арқылы айналдырылады.
