
- •1.Жер кандай кабаттардан турады?
- •2. Жер кабыгын курайтын тау жумыстарынын турлери?
- •3. Технологиялык кесте нени корсетеди?
- •4. Кеуектилик дегенимиз не?
- •5.Мунай жане онын касиеттери?
- •6. Газ жане онын касиеттери
- •7.Издеу жумыстарынын кезендерин атаныз?
- •8. Курылым картасы дегенимиз не?
- •10. Электрлик барлау адиси
- •11 Сейсмикалык барлау адиси
- •12. Унгы дегенимиз не?
- •13. Унгыны бургылау тасилдери неге байланысты болады?
- •14. Мунай, газ, кен орындарын кандай максаттарда бургылайды?
- •15. Тау жыныстарын бузушы аспаптарынын турлери
- •16. Кашаудын кандай турлери бар?
- •17. Бургылау кондыргысы деген не?
- •18.Бургылау кондыргысынын негизги элементтерин атаныз
- •19. Тал жуйеси не ушин кажет?
- •20 Тал жуйесинин негизги элементтерин атаныз
- •21. Бургылау сорабынын аткаратын кызмени не?
- •22. Мунай газ унгыларын бургылауда кандай козгалткыштар колданылады?
- •23. Шегендеу кубырларын стандарт бойынша кандай олшемдери шыгарылады?
- •24. Шегендеу кубырлары озара калай жалганады?
- •25. Унгыны бургылау жане пайдалануга откизу аралыктарында кандай жумыстар жургизиледи?
- •26. Тенизде бургылау жагдайында бургылау кондыргылары калай орнатылады?
- •32. Мунай мен газдын химиялык жане физикалык касиеттери.
1.Жер кандай кабаттардан турады?
Жер қыртысын құраушы тау жыныстары минералдар түйіршіктерінен тұратын поликристалды қатты дене. Тау жыныстарының негізгі бөлігі, тау жыныстарын құраушы деп аталатын минерлдан құраған. Оларға дала шпатты, кварнц, амфиболдар, пероксендер, слюдалар, карбонаттар, сульфаттар т.б. жатады. Жалпы минералдарды екі мың астам түрлері белгілі.
Бір ғана минералдан құралған тау жыныстары моно минералды (әк тас, доломит), ал бірнеше минералдан құралғандары полименералды ( гранит, саз балшықтар) деп аталады.
Пайда болу тегі бойынша барлық тау жыныстары магматикалық, шөгінді және метафортық болып үш топқа бөлінеді.
Магматикалық немесе вулкандық тау жыныстары жер қойнауыннан көтерілген балқыған силикатты магмалардан құралған.
Шөгінді тау жыныстары тау жыныстарының талқандалып, жер бетінде немесе өзен, көл астында жиналу нәтижесінде пайда болған. Кристалды шөгінді тау жыныстары (карбонатты тау жыныстары - әк тас, доломиттер, мергельдер; сульфатты тау жыныстары – гипстер, ангидриттер; галогендік тау жыныстар - тас тұзы; кремнийлі тау жыныстары доломиттер, кремний, опоктар) су ерітінділеріне тұздардың шөгуі, химиялық реакциялық әсерінен қайта кристалдануы, сонымен қатар тірі организимдер қалдықтарынан пайда болған.
Шөгінді тау жыныстары пайда болу тегі бойынша қалдықтық (қиыршық тас, гелечник, құмдар, алевролиттер), саз балшықты, химиялық және биохимиялық (әктас, мергель, доломит, гипс, ангидрит, торф) болып бөлінеді.
Метафортық тау жыныстарына саз балшық сланцтері, гнейстер, кварцтер, мрамор жатады. Тау жыныстары бөлшектерінің пішіні өзара орналасуы, құрылымы және текстурасы бойынша бағаланады.
Текстура деп кристалиттер немесе қалдықтардың өзара кеңістік орналасу ерекшеліктерін айтуға болады.Текстуралық белгілерге тақта тастылық, кеуектілік және жарықшақтық жатады. Құрылым тау жыныстарын құраушы минералдар немесе қалдықтар пішіні, мөлшері және беттерінің сипаттамалары бойынша ерекшеліктері.
Тау жыныстарының негізгі қасиеттеріне тығыздық, сығымдылық, өткізгіштік, көлемдік масса, беріктік, серпінділік, созымталдық, қаттылық қасиеттер жатады.
2. Жер кабыгын курайтын тау жумыстарынын турлери?
Жер қабығы тау жыныстарынан құралады да, олар минералдардан түзіледі.
Минералдар деп жер қабығындағы физика-химиялық табиғи процестерден пайда болған өзінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрақты қосындыларды атайды.
Тау жыныстары – бір немесе бірнеше минералдардан құралып, жер қабығында өзіне тән геологиялық денелер түзеді.
Жаратылу тегіне байланысты тау жыныстары магмалық, шөгінді және метаморфтық үш үлкен топқа жіктеледі.
Магмалық тау жыныстары жер қойнауындағы болатын силикатты балқыма-ерітіндінің (магма) жер бетіне жетіп (оны енді лава дейді) қатаюынан немесе жер қойнауында кептеліп кристалдануынан пайда болады. Магмалық жыныстар көбіне кристалды құрылымды болып, нығыз ұдайы өте қатты біркелкі массивтер түзеді. Олардың үлгісі ретінде тереңде кристалданған гранитті, немесе жер бетінде төгілген базальтты атаған жөн. Әрине, бұл жыныстар арасынан жан-жануарлардың, өсімдіктердің қалдықтарының табылуы мүмкін емес.
Шөгінді тау жыныстары жер бетінде су бассейндерінің түбінде органикалық және анорганикалық заттардың шөгуінен пайда болады. Байырғы жыныстардың экзогендік процестер әсерінен бұзылған түйіршіктері мен жануарлардың, өсімдіктердің қалдықтары біртіндеп шөге келе қат-қабаттар түзеді. Шөгінді тау жыныстары жаралу тегінде байланысты үгінді (механикалық шөгінділер), химиялық (хемогенді), органогенді және аралас топтарға жіктеледі.
Метаморфтық тау жыныстары деп байырғы шөгінді, магмалық, типті метаморфтық тау жыныстарының тереңге батып өзгеруінен жаралған жыныстарды атайды. Осылайша өскен температура мен қысым әсерінен бұрынғы нығыз, сом магмалық жыныстар тақталанады, ал шөгінді жыныстар кристалл құрылымды жынысқа көшеді.
Сонымен тау жыныстары әжептеуір өзгерістерге ұшырап, жаңа қасиеттерге ие болады. Бұлардың негізгі ерекшелігі жер қойнауындағы жойқын қысым мен температурадан құрылымы кристалдық, түзілімі тақталанған болуы. Көптеген метаморфтық жыныстардан кварциттерді, мәрмәрді, әртүрлі тақтастарды, гнейстерді атаған жөн.
Шөгінді тау жыныстарының ең басты көрінісі олардың бір-бірімен үнемі параллел, немесе параллелге жақын орналасуы. Оны жыныстың қаттасуы дейді. Жыныс қабаттары бір-бірінен құрамы, құрылысы, түзілімі және түсі арқылы ажыратылады.
Шөгінділердің жеке қабаттары (тастары) бір-бірінен қаттасу шектерімен ажыратылады. Қабаттың төменгі межесін оның т а б а н ы дейді, үстіңгі шегін оның жабуы дейді. Ендеше, астыңғы қабаттың ж а б у ы үстіңгі қабаттың табаны болғаны.
Шөгінді жыныстардың әуелгі пішіні біркелкі жыныстардан түзіліп, параллелге жақын беттермен – жабуы мен табаны, шектелген горизонталь жатқан қабат. Дегенмен кейіннен жер қабығында дүркін-дүркін өтетін қозғалыстар әсерінен шөгінді жыныстардың горизонталь жатуы бұзылады да, қабат әртүрлі еңкіш бағытта құлайды.
Көлбеу құлаған қабаттың нақтылы, горизонталь және тік бағыттағы қалыңдығын өлшейді. Қабаттың н а қ т ы л ы қ а л ы ң д ы ғ ы деп кез-келген нүктеден оның жабуынан табанына түсірілген перпендикулярдың ұзындығын атайды (3.1 сурет, АС).
Қабаттың г о р и з о н т а л қ а л ы ң д ы ғ ы осы бағыттағы жабуы мен табаны арасындағы сызықтың ұзындығымен өлшенеді (3.1 сурет, АБ). Т і к қ а л ы ң д ы ғ ы – кез-келген нүктеден тік бағыттағы жүргізілген табан мен жабу арасындағы сызықтың (3.1 сурет, АД) өлшемі.