Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теория обучения УМКД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать
  1. Тақырыпты меңгертудегі сабақтың ролі.

Сабақты жобалауда тақырыпты меңгертуде қандай роль алатынын алдын ала анықтау керек. Бұл сабақтың басты дидактикалық қойылымы болып табылады. Келесі қойылымдарды анықтайық:

  • Оқушыларды курстың, тарауды немесе бөлімнің проблемасымен таныстыру; проблеманың маңыздылығын түсіндіру.

  • Жаңа тақырыпты үйреншікті қабылдауын қамтамасыз ету.

  • Алған білімдерін дұрыс пайдалана білуге үйрету.

  • Тақырыптағы негізгіні қайталау.

  • Оқушылардың білімін бақылау.

Қойылымдарға байланысты келесі сабақ түрлері туады:

  • Кіріспе сабақ

  • Жаңа материалды меңгеру және оқу сабағы

  • Білімді қолдану сабағы

  • Білімді жалпылау және жүйелеу сабағы

  • Білімді тексеру және қайталау сабағы

Осы кезеңнің нәтижесі сабақ типін анықтау болып табылады.

  1. Мақсатты анықтау.

Мақсат – тосатын нәтиженің бейнесі (образ) және бұл мақсатқа қол жетілген. Сабақ мақсаты екі түрлі түрде қалыптасады: пән көлемінде (оқыту мақсаттары) және пәнге қатыссыз деңгейде (педагогикалық мақсаттар). Мақсат құрғанда келесі талаптарды қанағаттандыру керек:

  • Мақсат анық болуы керек

  • Мақсат қандай да бір әрекеттер тізбегі ретінде берілуі мүмкін

  • Мақсатты анықтайтын қандай да бір критерилер болуы керек. Яғни, сабақ соңында мақсатқа жеткен жетпегендікті анықтау үшін керек.

  • Оқытушы мақсат – ой қалыптастыру, көрсету, ашу.

  • Дамытушылық – біліктілікті дамыту

  • Тәрбиелік – тәрбиелеу; ой тудыру т.б.

  1. Оқыту нәтижесін жоспарлау.

Оқыту нәтижесіне қойылатын талаптар тұлғалық- әрекет түрінде болуы керек:

  1. Сабақ тақырыбын оқыған соң оқушылар нені білуі керек?

    • Түсінік;

    • Кейіпкерлер;

    • Фактілер;

    • Құбылыстар;

    • Үрдістер;

    • Даталар

  2. Нені үйренуі керек:

  • Атау;

  • Түсіндіру;

  • Анықтау;

  • Құру;

  • Өткізу;

  • Ережелерді қадағалау;

  • Картадан көрсету

4. Оқыту әдісін таңдау.

Оқу әдістерінің типологиясы:

  • Түсініктемелі, иллюстрациялы

  • Эвристикалық

  • Проблемалық әдіс

  • Зерттеушілік, модельдік

  • Бағдарланған

5. Сабақтың қолайлы ұйымдастырылған формасын таңдау.

Сабақ формасын таңдау сабақ материалдарына, тақырыптағы сабақтың роліне, басқа пәндермен, сабақтармен байланыстылығына байланысты. Сабақ формасы анықталады:

  • Дәстүрлі- элементтері: дискуссиялар, зертханалық жұмыстар; пробле-малық есептерді шешу.

  • Дәріс тақырыптың негізгісін тереңірек ашып береді.

  • Зертханалық сабақ – баспа құралдарымен (оқулық, құжат) өз бетімен жұмыс жасау.

  • Практикалық сабақ - әлеуметтік тәжірибеде кездесетін проблемаларды дәрістен алған білімге сүйене отырып шешу, талдау.

  • Қорытынды сөйлесу – оқушылар сұрақтарға жауап береді

  • Сабақ – диспут – маңызды тақырып бойынша пікірталас.

6. Танымдық әрекетін ұйымдастыру формасы

Танымдық әрекеттің келесі түрлері бар:

  • Фронтальді

  • Топтық

  • Жеке

  • Жұппен

7. Оқыту құралдарын таңдау

Бұл дегеніміз тақырыпты меңгеру үшін керек сабақтың техникалық жабдықталуы

8. Сабақ құрылымын құру

Жаңа тақырыпты меңгерту жаспары жасалады. Сабақтың әр кезеңінің уақыты есептелінеді. Оқушылар әрекеті:

  • Әңгімеге араласу

  • Жоспар және кестелер құру

  • Оқулық мәтінін оқу

  • Проблемаларды шешу

  • Картамен жұмыс

  • Құрылымды-логикалық схема құру

  • Тезис және конспекті құру.

  • Талдау және жалпылау

  • 2 түрлі ақпарататр қатынасы

  • Оқиғалар тізбегін орнату

  • Жалпылаушы мінездеме

  • Белгілері бойынша фактілерді топтау

  • Белгілерін анықтау

  • Фактілер мен құбылыстардың қатынасы

  • Терминдер мен анықтамалардың қатынасы