Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теория обучения УМКД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать

Информатиканы оқытуды ұйымдастыру.

Информатика сабағын ұйымдастырудың түрлері.

Компьютердегi оқу үрдісi төмендегiдей үш аспектiнi қамтиды:

1)оқушының оқу танымдық iс-әрекетiн басқару;

2)оқушының информациялық үрдістердi басқаруы;

  1. оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту.

Аталған аспектілерге сәйкес:

  1. оқу танымдық үрдістi ұйымдастырудың түрлерi: класс-сабақ жүйесi және т.б.

  2. оқытуды ұйымдастыру түрі: дербес, фронтальды, коллективтiк топтық;

  3. тәрбие жұмысын ұйымдастыру түрі болып бөлiнедi.

Сабақ және оның құрылымы.

Сабақ жоспарын құрған кезде төмендегі элементтерді қамту керек:

  • Жаңа тақырыпты оқып білуге дайындық жатығуларының жүйесі;

  • Жаңа материалды, тарихи мәліметтерді немесе проблемалық жағдайларды қолдану арқылы түсіндіру;

  • Сабақтың кез-келген сатысындағы рөлдік оқу ойыны;

  • Үйге тапсырма және оған нұсқау беру;

  • Сабаққа дайындалғанда қолдануға болатын әдебиеттердің тізімін құру.

Сабақ жоспарын құруға негізгі нұсқаулар.

  1. Сабақ тақырыбы.

  2. Сабақтың мақсаты (білімдік, тәрбиелік, дамытушылық, практикалық).

  3. Сабақты өтүге қолданылатын құрал жабдықтар (ОТҚ, көрнекі құралдар, ПЖ, ПҚ, гипертекст, мультимедия, оқу киносы).

  4. Сабақты жүргізу жоспары, сабақты жүргізуде қолданылатын формалар мен әдістердің қолданылу реті және сабақтың әр кезеңіне қажетті уақыт мөлшері.

  5. Сабақты жүргізудің толық жазбасы, оның мазмұнында мыналар қамтылу керек:

  1. Үй жұмысын тексеру ісі қалай жүргізіледі;

б) Кімге қандай сұрақ қойылады;

в) Сыныппен қандай жалпылама жұмыс өткізіледі;

г) Жаңа материал қандай әдіспен жеткізіледі:

  • қандай енгізу жасалынады;

  • оқытушының өзімен не мазмұндалады, оқушылар не орындау керек;

  • оқытушымен қойылатын сұрақтар және оған берілетін жауаптар;

  • қандай көрнекі оқу құралдары қолданылады, олар қашан және қалай көрсетіледі;

  • қандай қорытындылар шығарылады, жұмыстың нәтижесінде оқушыларға не білу керек.

д) Сабақтағы өткен материалды бекіту қалай өткізіледі, оқушылардың жаңа материялдарды түсіну қалай көрсетіледі және оның бұрын өткен материалмен байланысы;

ж) Егер өздік жұмыс өткізілсе, онда оның мазмұны қандай, оны өткізуге қандай талаптар қойылады, тексеру қалай өткізіледі;

з) Үй жұмысы қандай және ол қашан беріледі, оған қандай анықтамалар беріледі;

е) Сабақтың қорытындысын шығару.

  1. Егер курс машинасыз болса, онда конспектіге “тақта түрі” қосылады, яғни дәптерге тақтадағы барлық жазулардың мазмұны мен тұрған жері, қашан және қалай жазылу керек деген нұсқаумен сабақты өткізеді.

  2. Егер курс машиналық болса, онда тақтада не берілетінің және дисплей экранында не қарастырылатының көрсету.

Мұғалім басқа оқытушылардың тәрбие жұмыстарымен танысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен салыстырып, өзіне тиімді қортынды жасау үшін озат тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатысады.

Информатика сабағына қатысудың өз алдына қойған мақсаты бар:

Білімділік: мұғалімнің іс-әрекеті зерттеу арқылы сабақ өткізудің педагогикалық технологиясының әмбебап элементтерін меңгеру. Оқушылармен, сыныптық дайындық деңгейімен танысу. Таратпа материалдарды, оқулықты, оқулықтың құрал-жабдықтары мен курстың бағдарламасын қолдана отырып, әрбір оқушыға информатика негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушылар осы білімді, мектепте оқылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге, информатиканы оқытудың ерекшеліктерін игерудегі сыныптың негізгі ерекшеліктерімен танысу.

Дамытушылық: мұғалімнің педагогикалық іскерлік пен дағдыны талдау жасай білуін қалыптастыру. Информатиканы оқытуда дидактикалық принциптерді қолдануды меңгеру. Басқа пәндердің оқыту әдістемелерін салыстыру және оны өз сабағында пайдалана білуге үйрету. Өз біліміңді бір пәнді оқыту әдістемесінен екіншісіне ауыстыра білу. Нақты бір мұғалімнің педагогикалық әдістері мен тәсілдерін шығармашылықпен қабылдай отырып, оны жете түсініп, бағалауға үйрену.

Тәрбиелік: информатиканы оқытуға және мұғалімнің жеке тұлғасының даралығына қызығу.

Информатикадан сынақ сабақтарын ұйымдастыру және өткізудің әдіс-тәсілдері.

Оқушылардың білімін бағалау – оқу үрдісінің негізгі элементі болып табылады. Информатика пәнінің мұғалімі сынақ сабағын жүргізу кезінде қандай проблемаларға кездеседі, мысалы Word текстік редакторын өту кезінде.

Біріншіден, теориялық білімді тексеру керек: терминдерді, анықтама беру және т.б., мысалы: абзац, редакциялау, форматтау. Сол уақытта текстік редакторда кейбір іс-әрекеттерді орындата отырып практикалық тұрғыдағы біліктілік деңгейін тексеру қажет. Қарап отырғанымыздай жазба жұмысын және практикалық жұмысты косарласа өткізуіміз керек. Бұлардың барлығын бір сабақтың ішінде қалай үлгеруге болады? Бұл проблемены шешу мақсатында бір теория немесе практика түрінде дейтін болсақ онда қателескеніміз.

Екіншіден білімді бағалаудың проблемасы: кеңес беру және көшірту. Сондықтан білім-біліктіліктің дәстүрлі жазбаша және практикалық түрлерін тексеруде ойлануға тура келеді.

Үшіншіден, практикалық жұмысты ұйымдастырудың проблемасы. Жасыратыны жоқ, оқушылардың компьютерде жұмыс жасау жылдамдықтары әртүрлі, онымен қоса компьютерде үздіксіз жұмыс істеу санитарлық нормалармен шектеулі.

Бұл проблемаларды шешу үшін оқушыларды жеке-жеке теориялық та және практикалық та тапсырмаларды орындайтындай етіп ұйымдастыру керек. Оны қалай істеуге болады? Негізінен информатика кабинетінде компьютерлер кабинет периметріне қарай орналасады, ал ортаңғы бөлігінде парталар бар. Сондықтан негізгі жұмысты жүргізу кезінде оқушылар не партада, не компьютер алдында отырады. Әрине компьютерлер саны көп жағдайда жетіспейді. Оқушыларды екі топқа бөлеміз. Нәтижесінде әр топтан 6-7 оқушы аламыз, оларды бір-бірлеп партаға және компьютерге отырғыза бастаймыз. Сабақ уақытысын екі бөлікке, практикалық және теориялыққа бөлеміз. Осымен бірге түрлі типтегі тапсырмалармен қамтамасыз етеміз.

Нәтижесінде сабақтың бірінші бөлігінде бірінші топ теориялық тапсырманы орындайды, ал екінші топ практикалық тапсырманы орындайды. Сабақтың екінші бөлігінде топтар өзара орындарымен ауысады. Осы сияқты мұғалім оқушының жеке жұмыс істеуін ұйымдастырады, онымен қоса теорияны және практиканы тексереді.

Сабақтың құрылымына түсініктеме:

  • Ұйымдастыру кезеңі уақытысында нақты сұрақтарға ғана қысқа түрде жауап береміз.

  • Жұмысты бұрынырақ орындаған оқушылармен не істеуге болады? Біріншіден бұл оқушы компьютерде отырған оқушы болса жақсы, сондай-ақ оған екінші бөлімнің тапсырмасын беруге болады. Ол үшін бірінші топқа компьютерде жылдам жұмыс істеген оқушылар таңдалып алынады. Бұл жағдайда оқушылар іс-әрекеттерінің ауысуы тапсырмаларды орындауларына қарай болады. Сабақтың соңына дейін орындаған оқушыларға мүмкіндігінше қосымша тапсырмалар даярлау керек (тест, кроссворд және т.б.), жұмысты табысты аяқтағандарды көтермелеуге болады.

3. Жұмысты қалай тексеруге болады? Практикалық бөлім бір-бірлерімен байланысты бөлек тапсырмалардан тұруы мүмкін. Бірінші жағдайда оқушы бір тапсырманы орыдайды да бірден мұғалімге көрсетеді. Екінші жағдайда оқушы барлық практикалық тапсырмаларды орындап алып, онан соң нәтижені мұғалімге көрсетеді. Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексеріп, нәтижені жазып қояды. Егер уақыт болып жатса оқушы жіберілген қатені түзетіп, өзінің жұмысын тағы да мұғалімге көрсетуіне болады. Теориялық бөлімді сабақта тексермейміз.

Сабаққа дайындық.

Расында да, тапсырмалардың дайындалу жүйесі сабақтың жетістіктеріне байланысты үлкен рөл атқарады. Тапсырманы қалай таңдауға және оларды нұсқаларға бөлуге болады? Нақты тақырып өтілген болғаннан кейінгі тексерілетін теориялық сұрақтар мен практикалық кезеңдерді ерекшелеп аламыз. Мысалы текстік редактормен жұмыс істеу принциптері меңгерілгеннен кейін оқушылар мына нәрселерді білулері тиіс:

  1. файлдармен жұмыс істеуді (ашуды, әр түрлі форматтарда сақтауды);

  2. мәтінді түзетуді, редакциялауды (теруді, болкпен жұмыс жасауды, қателерді іздеу және ауыстыруды);

  3. мәтінді форматтауды (қаріп, абзац, бет);

  4. кестемен жұмыс жасауды;

  5. әр түрлі объектілерді кірістіруді.

Бес тақырып алынды. Бірінші нұсқа үшін әр тақырыптан нақты ептілікті тексеретін тапсырма дайындаймыз. Мысалы:

  1. екі файлды ашу керек: C:\DOC\1.doc және C:\DOC\2.doc;

  2. екінші файлдағы мәліметтің жартысын біріншісіне көшіру керек;

  3. ортасына қарай түзету керек, қаріп KZ Times New Roman;

  4. 3*2 кестесін қосу керек;

  5. фигуралық мәтінді қолдана отырып тақырыпты құру қажет.

Тексерілетін мұндай тақырыптар тапсырмалардың көптеген нұсқаларын құрастыруды керек етеді. Әр нұсқада алынған тақырыптар сақталады, ал тапсырмалардың өздері ауысып отырады. Нақты жеке бір ептілікті тексеру компьютерде жұмыс істеу жылдамдықтарына қарамай барлық оқушыларға теңдей мүмкіншілікті береді. Ең жақсы нұсқа бес тапсырмадан тұрады, бұл жағдайда жұмысты өте қарапайым түрде бағалауға болады: баға дұрыс жауаптар саны. Тексеруді көп қажет ететіндердің нәтижелерін топтастыруға болады.

Теориялық тапсырмаларды дайындау принциптері де дәл осынай болып келеді. Жазу жылдамдықтары төмен орта буынды сыныптарға тапсырманы оқушылар бір немесе бірнеше сөздермен жауап бере отырып орындайтындай етіп ұйымдастыруға болады.

14 оқушыдан тұратын сыныпқа (сынып тобына) ең жақсы нұсқалар саны – 7, ең төменгісі 4. Бұл жағдайда көршілес отырған оқушыларда әрдайым әртүрлі тапсырмалар болады. Бұл жағдайда практикалық және теориялық тапсырмаларды сынақ сабағына бөлінген сағаттың жартысында орындалатындай етіп құрастырамыз: 1 сабақ үшін 15-20 мин (бір тапсырмаға 3-4 мин), қосарласып өткізілетін 2 сабақ үшін 35-40 мин.

Педагогикалық оқу ic-әрекетiнде сабақты ұйымдастыру мен өткiзудің кандай түрі пайдаланылса да, ол оқушылардың дайындық деңгейіне өтiлетiн материaлдың күрделiлiгi мен жаңалығына, сондай-ақ, оқушылардың жас ерекшелiгiне байланысты. Ал, оқыту түрін талдау аса маңызды мәселе болып табылады, дегенмен сабактың мақсаты оқытушының таңдаған әдiсіне байланысты өз деңгейіне жетеді. Осындай әдicтiң бес түрін атап көрсетуге болады:

  • түсiндiрмелi-иллюстрациялы;

  • программаланған;

  • модельдiқ;

  • эвристикалық;

  • проблемалық.

Информатика кypсында аталған әдiстердi қалай пайдаланyға болады?

Енді аталған әдiстердi пайдалануды мысалмен түсiндiрейiк.

Түсiндiрмелi - иллюстрациялы әдiстi оқушыларға талқыланатын тақырып белгiлi болған жағдайда, сабақты өтiлген материалды бекiту сабағы ретiнде жоспарлағанда пайдалануға болады. "Графикалық операторлар" тақьrрыбын: бекітyге төмендегiдей сабақ түpiн ұсынуға болады: сабактың алғашқы үштен бip бөлігінде тақьrpып бойынша барлық операторларды қайталау, қалған уақытта графикалық операторларды пайдаланып, компьютерде қарaпайым программа жазу.

Оқушыларға аралық нәтиже белгiciз болған жағдайда пpограммалaп оқыту әдiciн пайдалану ұсынылады. Мысалы, оқушылар графикалық операторлармен таныс, программаның орындалу нәтижесiнде қандай сурет алынатынын бiледi, бipақ суреттi салу - әр оқушыға жеке тапсырма.

Eгep аралық нәтиже белгiлi болса, бiрақ оны алу жолы белгiciз болса, ол оқытудың эвристикалық әдici болып табылады.

Бастапқы шарттан бастап, соңғы нәтижеге дейiн белгiciз болса, ол дидактиканың проблемалық әдici болып табылады. Мысалы үйретуді программа құру пpоблемалық оқыту болып табылады.

Модельдiк оқыту бойынша алғашқы шарттар белгiciз, бiрақ қалғандары белгiлi. Бұл жағдайда оқытушы сабақты oкyшылapмeн бiрiге отырып, шартты таңдап, модель құруға болатындай етіп ұйымдастырады. Одан кейiн соңғы нәтижеге дейiн қажеттi шартпен салыстырылып отырады. Егер алынған нәтижедегi айырмашылық үлкен болатын болса, онда алғашқы шартқа өзгерic енгiзiлiп, модель нақтыланып, алгоритм қайталaнады.

Аталған оқыту әдicтерi әртүрлi формада қолданылуы мүмкін. Сабақты ұйымдастыру және өткiзу түрін төмендегiдей құрылымда беруге болады:

  • ұйымдастыру;

  • қайталау;

  • жаңа материалды өту;

  • бекiту;

  • бақылау;

  • оқушылардың алған бiлiмiндегi олқылықтарын толтыру.

Информатикадан өтiлетiн сабақтың қарапайым құрылымын былай сипаттаyға болады:

Сыныптағы жұмыс мазмұны

Ұйымдастыру бөлiгi: сабақ тақырыбын хабарлау, дәптepгe алғашқы жазуларды түcipy - 1-3 минут

Өтiлген материалды ауызша" сұрақ түpiндe қайталау және тақтаға жазу -4 – 9 минут.

Жаңа материалды өту (лекция немесе әңгіме) - 10-25 минут

Компьютерде өтiлген материалды бекiту.

Мұғалiм әр оқушыға жеке көмек көрсетедi. - 26-42 минут

Үйге тапсырма және оған түсініктеме беру - 43-44 минут

Сабақты қорытындылау - 45 минут

Бақылау сұрақтары

1. Оқу сабағының түрлеріне талдау жаса.

2. Информатика сабағын ұйымдастырудың түрлерін айт.

3. Информатика сабағын талдау туралы не білесің?

Негізгі әдебиеттер: [1,2, 3, 4, 5, 6, 12, 14, 16]

Қосымша әдебиеттер: [22, 26, 28, 30, 32]

13- ДӘРІС.

Тақырыбы: Орта мектептегi информатика курсының мазмұны.

Мақсаты: Мектептегі информатика курсының мазмұны мен оқу жоспарындағы информатика курсының алатын орнын қарастыру.

Жалпы оқытудың негізгі мақсаты - оқyшыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негiзгi орын aлған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтiн бағыт.

Баланы дaмыту сөзiн кең мағынадa алғанда оның, организмiндегi психикалық және физиологиялық өзгерісі кез-келген қасиетiндегi қарапайымнан күрделiге, төменгі сатыдан жоғарғы сатыға, кету деп түciнeдi. Егер бұл мәселені оқыту мен дамытудың өзара қатынасы тұрғысынан қapaстыратын болса, онда дамыту деп, әдетте, ақыл-ойды дaмытуды түсiнемiз.

Мұндағы маңызды мәселе, баланың ақыл-ойын дамыту қай деңгейде оқытуға, ол қандай дережеде оның организмінің табиғи дамуына тәуелдiлiгiмен қорытындыланады. Бұдан оқытудың потенециалды мүмкiндiгiнiң шекарасын тағайындауға, сондай-ақ, нақты дидактикалық өзгерicтiң мақсаты мен мiндетiн aнықтау шығады. Сондықтан оқыту мен дамытудың өзара қатынасы дидактиканың аса маңызды әдiснамалық мәселесі болып табылады. Сонымен оқытудың жалпы мақсатына дидактикалық тұрғыдан осылай түсінік беруге болады.

Ал, енді информатиканы оқытып, үйретудiң мақсаттары жалпы білім беретiн орта және кәciптік бағдар беретiн мектептерде тәрбиелеу мен бiлiм берудiң жaлпы мақсаттарымен сонымен бipге ғылыми өзгешелiгi, қазiргi қоғамдағы және ғылымдар жүйесіндегі алатын орнымен анықталады.

Алғашқы кезеңде (1985-86 оқу жылы) информатика пәнін мектепте оқытудың негiзгi мақсаты оқушыларда компьютерлiк сауаттылыкты қалыптастыру болып табылды. Алайда шетелдiк және oтaндық тәжiрибелер оқу мақсатын бұлайша анықтаудың жеткiлiксiз eкeнiн көpceтті. Өйткенi, компьютерлiк сауаттылық, арнаулы ЭЕМ көмегімен сурет салу, жазу, есеп шығару басқа пәндердi оқу барысында қалыптасатын жалпы сауатты­лықтың құрамды бөлiктерiнiң бiрi болып табылады.

Әрине, компьютерлiк сауаттылық курсы оқытудың жалпы мақсаттары қатарынан шығарылып тасталмайды. Дегенмен де, курсты оқытудың басты мақсаты орта бiлiм беру мақсатынан туындайды.

Орта бiлiм берудің басты мақсаты-жеке тұлғаның өзіне қоғамға қажет қабiлеттерiн қалыптастырып, дамыту және өз бетiмен бiлiм алу, өзiн-өзі дaмытyғa жағдай жасау.

Сонымен мектептің алдына төмендегiдей үш негiзгi мaқcaт қойылады:

  1. бiлiм беру;

  2. тәрбиелiлiк

  3. практикалық.

Енді мектепке тән осы негiзгі мақсаттардың информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарына қатысты болатынын көрсетейiк.

Мектепте информатиканы оқытудың бiлiм беру мақсаты-әрбiр оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды бiлiмiн беру, оқушыларға осы бiлiмдi мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негiздерiн түпкiлiктi және "сапалы түрде меңгеруге қажеттi' icкерлiктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады .

Информатика ғылымының жалпы бiлім берудегi қызметі өте жоғары. Информатикадан бiлiм негiздерiн меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл – ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабiлеттерiн нығайтуға елеулі әсер етедi.

Сонымен информатиканы оқытудың бiлiм беру ­дамытушылық мақсаты – оқушының шығармашылық қабілетін жеке тұлғалық қасиетiн қалыпастыруға, ақыл - ­ойын ойлау өрісін ынтамен дамытyға, қалыптастырyға бағытталған.

Мектептегi информатика курсының практикалық мақсаты- оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бiтiргеннен кейiнгi еңбек eтyiнe дайындығын қамтамасыз eтетін бiлiмдермен дағдылармен және icкерлiктермен қаруландыру.

Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелi түрде ашып көрсетiп, алгоритмдеудің программалаудың ЭЕМ-нiң қазiргi кезеңдегi өндipicтегі ролі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика кypcындa кәсiптiк бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты мәлiметтер, ЭЕМ-ның пайдаланатын басқа ғылымдap жайында мәлiметтер берiлуi тиic. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының "тұрмыстық аспектісі" де бар. Ол күнделiктi өмipдe, тұрмыста жастарды компьютерлiк техниканы сауатты пайдалануға үйретедi.

Қорыта келгенде, информатиканы оқытудың практикалық мақсаты оқушыларды практикалық, қызметке, еңбекке; басқа пәндердi oқыту үрдісінде практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмip сүруге дайындyға бағыттaлған.

Мектептегi, информатика курсының тәрбиелiқ мақсаты өте зор. Информатиканы оқу барысында ой еңбегінің мәдениетi жаңа саналы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай бiлу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра бiлу сияқты жалпы адамзаттық мәні бар қасиеттер де қалыптасады. Информатиканы оқытудағы алгоритмдер мен программалар құру, оларды ЭЕМ-да орындау оқушыдан ойлануды және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді, көз алдына елестете бiлудi талап етеді. Сонымен қатар, жеке адамның табандылық, алдына мақсат қоя білу, шығармашылық, белсендiлiк көрсете білу, жұмысына жауапкершілікпен қарау, ceнiмдi, тәртіпті болып, бар мүмкіншiлiктi қолдана бiлy сияқты қасиеттерін дамытады. Алгоритмдi жазyға дағдылану жауапкершілікпен қарауды, жаңа, талап қоюды керек етеді.

Сонымен информатиканы оқытудағы тәрбиелілік мақсаты - оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары саналылыққa баулyға бағытталған.

Информатиканы оқып үйренудiң жоғарыда атaлған мақсаттары бiр-бiрмен өте тығыз байланысты, оларды бiр-бiрiнен ажыратyға болмайды. Оқушыларға негiзгi жалпы бiлiмдi беріп болмай, информатиканың тәрбиелiлiк эффектiсiн aлyға болмайды. Мектепте информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары нақты оқу үрдісiне байланысты нақты мақсаттарға айналады, яғни нақты тақырыптардың оқытудың мақсатына айналады. Пәндi оқытудың нақты мақсаттарын анықтау жалпы дидактикадан басталады. Қазiргi қоғамның дамуына байланысты дидактиканың есептеген қағидалары өзгеріске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым болғандықтан ол даму үстiнде, оны мектепте оқыту мазмұны да әлi қалыптасу үстiндe. Осындай жағдайда ғылыми тұрғыдан негiзделген мақсат қана оқыту мазмұнын дәл анықтаyға мүмкiндiк бередi.

Информатиканы мектепте оқытудың aлғашқы кезеңiнде компьютерлiк сауатылығы ғана қалыптастыру мәселесi қойылды, ал мұның мaғынасы тар екенін тәжiрибе көрсетiп, дәлелдеп отыр. Ал қазiргi кезенде информациялық мәдениетті қалыптастыру қажет eкені көрінеді.

Олай болса, информациялық мәдениет дегенiмiз не? Дәл қазiргi уақытта педaгогиканың алдына тұрған мiндет-оқушыға әлемнiң информациялық бейнесiне түciндipy. Информациялық бейне дегенiмiз не? "Ол оқушыға өзiн қоршаған информациялық сферада бағдар алуға мүмкіндік беретiн информациялық байланыстар мен сигналдар, белгiлер жүйесiнiң жиынтығы; информациялық ағымды пайдаланып, оны мүмкiндiгiне қарай басқарып, оның мазмұнын сапалы түрде талдай бiлу, қоршаған opтaғa бейiмделу мақсатында тура және кеpi байланысты жүзеге асыру және оның саяси - әлеуметтiк экономикалық "экологиялық құрылымын жетiлдiру," - деп түciндipeді И.Ф.Талызина.

Әрине, бұл мiндeтті жүзеге асыру оқыту технологиясын өзгерту арқылы шешiлетiнi белгiлi. Олай болса, информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыру ғaнa емес, оқушыны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындау, яғни информациялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Ал, бұл мақсатты жүзеге асыру үшiн бүкiл педагог, оқушылар қауымы информациялық мәдениетпен қарулануы тиic.

Орта мектептегi информатика курсының мазмұны.

Мектептегi информатика және есептегiш техника негiздерi курсының мазмұнын таңдауға бiр-бiрiмен белгiлi қарама-қайшылықта болатын екі негiзгi факторлар тобы әсер етедi.

1) Fылыми және практикалық факторлар. ИЕТИ оқу пәнінің мазмұны информатика ғылыми арқылы анықталуы керек. Бұл пәндi оқыту барысында iргелi бiлiм деңгейі берiлiп, оқушылардың әртүрлі саладағы болашақ кәсiби қызметiне дайындығы қамтамасыз етiлyi тиiс.

2) Түсiнiктiлiк және, жалпы бiлiмдiлiк факторлар. Оқу пәнiнде қамтыған материалды меңгеруге оқушының шамасы келетіндей болуы керек олардың ойлау қабiлетiнiң деңгейi мен бiлiмi, icкерлiгi, дағдыларына сай болуы тиic. Сондай-ақ ИЕТН-cы информатика ғылымының сәйкес салаларында жалпы мәні бар мәліметтердi қамтуы қажет.

Қорыта айтқанда, мeктeптeгi информатика курсы бiр жағынан болашақ заманға лайық өмiрдiң күрделіленген талаптарына жауап беруi керек екiнші жағынан қарапайым болуы қажет. Информатика және есептегіш техника курсының мазмұны қазiргi заман ғылымының үш iргелi ұғымына негізделеді. Информация – алгоритм –ЭЕМ.

Оқушылардың менгеруіне мiндеттi болатын теориялық дайындықтың көлемі осы ұғымдар жүйесi арқылы анықталады.

Оқытудың нақты мазмұны алгоритмдік мәдениеттің және олардың компьютерлік сауаттылығының компоненттерінен құралады. ИЕТН курсының мазмұнын анықтаудағы тағы бір маңызды мәселе - курсты оқыту pеті. Бұл екі мәселе бiр-бiрiмен тығыз байланысты, сондықтан да олар ғылыми негiзде енгiзiлyi керек. Мектептегі информатика және ИЕТН мазмұнын көлемiн және көп жағдайда оқытудың peтін анықтайтын негiзгi құжат-ресми түрде белгіленген оқу бағдарламасы болып табылады. Ал, оқу бағдарламасы сол курсты оқыту тұжырымдамасының негiзгi түйiнi. Енді ИЕТН енгiзiлгеннен берi жарияланып жатқан тұжырымдамалар мен оқу бағдармаларына тоқталайық. Информатиканы оқыту тұжырымдамалар-ының aлғашқы нұсқаулары 1989, 1990, 1991 жылдары жарияланды. Бiрақ, олар барлық бiлiмдi ақпараттандыру негiзiнде құрылған. Бұл еңбектерде информатика үшiн оқыту мәселесi, оның мазмұны мен мақсаты жекеленiп ашылмаған. Coнымен қатар, соңғы жылдары информатика пәнін оқыту мәселесінде үлкен өзгерiстер болды. 1998 жылы Қазақстан Республикасында жалпы бiлiм беретiн орта мектепте оқытылатын информатика курсы бойынша мемлекеттiк бiлiм беру стандарты құрылып оқу үрдісiне енгiзілді.

Орта мектептің сатылары бойынша информатика курсын оқытуды екі кезеңге бөлiп қарастырады.

І кезең (7-9-кластар) негiзгi курс деп аталады; ол информатика пән бойынша оқушыларды мiндeтті жалпы бiлiммен қамтамасыз eтyгe бағыттaлған. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, ЭЕМ-нiң архитектурасы және информaциялық технологиямен жұмыс iстеу тәсiлдерiн үйрене отырып, оқу үрдісiнде компьютердi жан-жақты, тиiмдi пайдалана отырып, өзiндiк танымдық ic-әрекеттерiн қалыптастырады. Негiзгi курсты оқытуда басқару iciндeгi информацияның мәні информациялық үрдістердің жалпы заңдылықтары және жүйелi-информациялық тәсiлдер туралы түciнiктep қалыптасады. Бұл кезеңде оқушылар алгоритм, алгоритмнің құрылымдары (сызықтық, тармақтaлған қайталану), программалау тiлдерiмен танысып, оны алгоритм жазуда және қолданбалы есептердi шешуде пайдалану жолдары мен мүмкiндiктepі туралы мағлұматтар алады.

ІІ кезең (10-11-кластар) бағдарлы курс, мұнда оқушылар кәсіптік бағдар бойынша оқытылады. Ол оқушылардың сұранысына, қабiлетiне және қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен беріліп кәсіптік мамандық деңгейiндегi дәрежеде білім беріледі. Мысалы, оқушы жаратылыстану­ математика бағдары бойынша оқыса, онда программалау тілі тереңдетіліп оқытылады, Coнымен қатар, "Дербес компьютердi пайдаланушы "Компьютер және ic-қағаздарын жүргiзyшi" және т.б. курстар енгiзiлген. Егер базистiк жоспардың өзгермелi бөлiгiнiң есебiнен курсты оқыту 136 сағатқа дейiн арттыртса, онда оқушыларға мамандыққа сәйкес қуәлiктер беру мүмкiндiғi туады;

Жалпы, негiзгi мектепте курсты oқытyға 88 сағат бөлiнсе, ал 10-1l-кластарда базистiк оқу жоспарындағы тұрақты (инвариантты) бөлiктің есебiнен 68 сағат бөлiнген.

Жалпы информатика курсының мазмұны мынандай екі үлкен дидактикалық мәселенi шешуге бағытталуы керек: 1) Компьютер-оқыту обьектiсi; 2) компьютер - ­универсал таным құралы. Оқушы таным субьектiсi болған кезде бұл екі меселе бiрiн-бiрi толықтыра отырып курстың негiзгi мазмұнын құрайды.

Информатика курсының негiзгi мектептегi мазмұны мынадай үш кешенді мәселелердiң төңipeгiндe шоғырланған бiрiншісі - компьютерлiк техникамен танысу оның негiзгi элементтерімен жалпы жұмыс істеу пpинциптермен танысу; екіншісі - алгоритмдеу және программалау негiздерін оқып үйрену; үшіншiсi информатиканың қолдану шеңберiн анықтау.

Мұнда оқыту моделi оқушы жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталған мақсат-мотив – қызмет-рефлекция-теориялық бiлiм өрнегiмен анықталатын түрі тандалынып алынaды.

14-ДӘРІС

Тақырыбы: Мектептегі оқу жоспарындағы информатика курсының алатын

орны.

Мақсаты: Мектептегі информатика курсының мазмұны мен оқу жоспарындағы информатика курсының алатын орнын қарастыру.

Қазiргi yaкытта қалыптасқан информатиканы оқытудың практикасы төмендегiдей негiзгi факторлармен сипатталады.

Біріншіден бұл күндер информатиканы оқытуда жеке мәселелердi оқыту терендігі мен материалдың баяндалу бағыты және мазмұны бойынша бiр-бiрiнен едәуір айырмашылығы бар, әр түрлi оқу құралдары мен оқу бағдарламалары пайдаланылды. Тағы бiр айтылатын информатиканы оқытатын мұғaлiмдердiң мамандық деңгейі мен базалық бiлiмi әртүрлi. Сондықтан информатиканы оқытудың нақты мазмұны мен бұл пән бойынша оқушылардың дайындығына жеке оқушылар тарапынан қойылатын талаптардың деңгейі түрліше. Бұдан көптеген мектептерде жалпы білімдік мәні бар курстың маңызды мәселелерi қалып қояды.

Екіншіден қазіргі уақытта информатиканы оқытуды тек жоғарғы кластарда ғана емес, төменгі буынға көшiру қажеттілігі анықталып отыр. Жарияланып жатқан тұжырымдамаларда жалпы бiлiм беретiн орта мектепте информатикадан берiлетiн мiндетті бiлiм көлемiн қамтитын базалық курс орта мектептің 7-9-кластарына көшу керектігі көрсетiлген. Ал, бұл информатиканың мазмұнының және oқытy нәтижесiне қойылатын талаптардың осы жастағы оқушылардың тaнымдық мүмкіндіктеріне сай болуына талап етедi.

Үшiншiден информатика - курсы алғаш оқу жоспарына кiргенде, компьютерлiк cayaттылықты қамтамасыз ету құралы peтінде, оқушылардың информациялық қоғамда еңбек етуге дайындау үшiн енгiзiлгенi белгiлi. Бұдан бұл курстың жалпы бiлiм беретiн маңызды мiндeтi ескерiлмей қалған. Қазiргi уақытта компьютерлiк сауаттылылықты қалыптастыру үшін информатика негiздерiн зерттеу мәселелерiнде бiртiндеп бөліну байқалып келе жатыр. Есептегіш техниканың мектепке жаппай енгiзiлyi жағдайында барлық пәндi оқытудағы компьютердің қолданылуы төменгi кластарда компьютерлiк cayaттылықты қалыптастырудан бастап, мектептегi барлық оқу пәндерiнде қалыптастырылатын жалпы оқу icкерлігімен сипатталады. Информатика негiздерi курсының алдындa компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру мәселесi шеңберінен тыс жалпы бiлiм беретiн пән peтiндe оқу – тәрбие мәселесiнің комплексi тұр.

Mектептегі информатика курсының болашақтағы дамуы, бұл курстың жалпы бiлiм беретiн функциясымен оның оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту сияқты жалпы мәселелердi шешудегі потенциалдық мүмкіндіктеріне баса көңіл аударуға, басқа сөзбен айтқанда, компыотерлiк сауаттылықты қалыптастыру мәселесінен жалпы бiлім беретін оқу пәніне көшуге байланысты. Осындай өзгерістердің бағытына сәйкес информатиканы оқытудың мақсаты, оның мазмұнын қайта қарауды талап етеді. Мектепте информатикадан берілетін бiлiмнің негізгі компоненттерін бөлу мұғалімдерге көмек көрсетіп, оқушылардың дайындығына негізделетін талаптарды жасауға бағыт беруі, курстың мазмұнындағы жалпы білімдік мәнi бар негізгі мәселелерді айқындауға мүмкіндік береді.

Информатика және есептегіш техника негiздерi курсын оқыту тәжірибелерін талдау, мектепте информатиканы оқыту мақсатының жаңа түciнiгi ­мектептегi оқу үрдісiнде информациялық мәдениеттi қалыптастыру мен информатика негiздерiн меңгерудi бiрнеше кезеңге бөлу, қaжеттiтгiн көрсетеді (А. Кузнеңовтың тұжырымдамасы).

Бiрiншi кезең (1-6-кластар) пpопедевтикалық курс. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш рет танысады. Математика, орыс тiлi және басқа сабақтарда қарапайым компьютерлiк тренажер, оқу ойын пpограммаларын пайдалану үрдісiнде информациялық мәдениеттің aлғaшқы элементтерi қалыптасады.

Екiншi кезең (7-9-кластар) оқушыларға информатикадан берiлетiн мiндeтті жалпы көлемін бiлiм қамтамасыз eтетін «базалық курс». Ол оқушыларға информациялық технология құралдары мен әдicтepiн пайдаланып есептер шығару, алдымен оқу ic-әрекетiнде, онан кейін кәсiптiк мамандыққа компьютердi саналы да, тиiмдi пайдалану дaғдысын қалыптастыруға бағыттaлған. Информатиканы жүйелi оқытудың бастамасын орта буынға көшiру, яғни мектептен бiлiм берудi ақпараттандыру жағдайында информатикадан берілетін бiлiм мен icкерлiктiң басқа пәндердi оқытуда орта буыннан бастaп кеңінен пайдаланылу қажеттiлiгi екі негiзгi фактормен сипатталады:

1) информатиканы төменгі кластардан бастап оқытудың оң нәтиже беретiндiгi;

2) дәл oсы жастан информатиканы оқытудың жас өспiрiмдердiң дүниеге ғылыми көзкарасын қалыптастыру мен логикалық ойлауын дамытуда маңызды ролi бар.

Базалық курстың мазмұнын оның жалпы білім беретiн мәні бар үш аспектісімен үйлесетіндігі көрiнедi:

1) басқарудағы информацияның ролі жайындағы ұғымды қалыптастыру аспектiсi;

2) қазiргi уақытта оқушылардың ойлауын барынша дамытуға байланысты алгоритмдiк (прогpаммистiк) аспект.

3) компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыруға бaйланысты информациялық технологияны практикалық ic-әрекетке кеңiнен қолданyға дайындықты қамтамасыз ететін пайдаланушылық аспект.

Үшiншi кезең, (10-11кластар) - кәсіптiк оқыту ретінде информатика саласы бойынша бiлiм – берудi жaлғастыру. Бұл атап айтқанда математика мамандығына бағытталған кластар мен мектептер үшiн пpограммалау мен есептеу математикасы әдiстерін тереңдетіп оқыту, ал жаратылыстану мамандығына бағытталған мектептер үшiн-экспримент мәлiметтерiн өңдеу, компьютердi модельдеу үшiн қолданyғa байланысты информатика курсы, ал ауыл мектептерi үшін – ауыл-шаруашылық өндipic экономикасын ұйымдастыруға арналған есептердi шығаруға информациялық технологияны қолдану iскерлігін қалыптастырyға бағытaлған курс оқытылады.

Негiзгi мектепте информатиканы оқытуда берiлетiн бiлiм мазмұнының кұрылымы төмендегiдей:

1. Информациялық үрдістер, информацияның берiлyi:

- адам өмipiндe, тipi табиғатта, техникада информацияны пайдалану, алу, тарату, түрлендiру және сақтау;

- информацияны сандық бағалау, информация мөлшерінің бiрлiктерi;

- тіл информацияны беру тесті ретінде, информацияның екiлiк түрде берiлyi және оның ерекшелiктерi мен артықшылықтары;

- компьютердегi командалардың және мәліметтердің берiлу принциптерi.

2. Алгоритмдеу және программалау.

    1. алгоритмдер, алгоритмдердiң қасиеттерi, алгоритмдi атқару арқылы адам қызметiн автоматтандырудың мүмкіндіктері;

    2. Шама: атауы және мәнi, шамалардың типi, мәліметтердiң, негiзгi құрылымы;

    3. Алгоритмдердің негiзгi құрылымы және оны алгоритм құру үшiн пайдалану, алгоритмдер кітапханасы ;

    4. мектептiк aлгоритмдiк тiл (немесе программалау тілі),

3. Компьютер және оны программалық қамтамасыз ету.

    1. ЭЕM жұмысын басқаруды ұйымдастыру, компьютердің негізгі құрылымын жалпы жұмыс істеу принципі;

    2. ЭЕМ- де программаның автоматты түрде атқарылу принципі;

    3. ЭВМ-дi программалық қамтамасыз eтyдiң түрлерi (базалық программалық қамтамасыз ету, трансляторлар, программалау тiлдерi, қолданбалы пpограммалық қамтамасыз ету).

4. Формальдау және модельдеу негiздерi.

- Формальдаудық негiзгi принциптерi;

- Компьютерлiк модель құру және оны пайдалану.

5. Информациялық технологиялар.

- Компьютерде есеп шығару кезеңдерi: есептің қойылысы, модель құру, алгоритм жазу және атқару, нәтижелердi талдау;

- Текстік графикалық редакторларды пайдалану,

- Мәлiметтер қоры, электрондық кестелер;

- Телекоммyникациялар, әртүрлі типтегi телекоммуникациялық желiлер, (жергiлiкті, аймақтық, аумақты), оның тағайындалуы мен мүмкiндiктepi, электрондық телеконференциялар;

- Мультимедиа технологиясы.

Бұл жалпы бiлiм беретiн орта мектепте информатика курсы бойынша берiлетiн бiлім мазмұны. Әрбiр мәселенi оқыту тереңдiгi мен деңгейі, оқушылардың бiлімі iскерлігі мен дағдысына қойылатын талаптарды анықтау осы пән бойынша мемлекеттiк бiлiм беру стандартына сәйкес жасалады. Ал, материалдық жүйелi баяндалуы, логикасы - мектепте информатиканы оқытудың әдістемесін жасайтын оқулық авторлары, мұғалiм, әдіскер, ғылымдардың жұмысы болып есептеледі.

Бақылау сұрақтары

  1. Информатика ғылымының жалпы бiлім берудегi қызметі

  2. Мектептегі оқу жоспарындағы информатика курсының алатын орны.

  3. Орта мектептегi информатика курсының мазмұны.

  4. Mектептегі информатика курсының болашақтағы дамуы

Негізгі әдебиеттер: [2, 3, 4, 5, 6, 14, 16]

Қосымша әдебиеттер: [20, 28, 32]

15-ДӘРІС.

Тақырыбы: Информатиканы оқыту әдістеріне шолу. Орта мектепте

информатиканың дәстүрлі оқыту әдістері. Оқытуды нақтылы

ұйымдастырудың формалары

Мақсаты: Орта мектепте информатиканың дәстүрлі оқыту әдістері мен оқытудың нақтылы ұйымдастыру формаларына шолу

Дидактикада оқушының іс-әрекеті, мұғалімнің іс-әрекеті және олардың бірлескен іс-әрекеті деп бөледі. Мысалы, оқушыларға арналған инструкцияны жасау – педогогтың іс-әрекеті; инструкциямен ЭЕМ-дегі программамен жұмыс істеу – оқушының іс-әрекеті; ЭЕМ-де орнындалған оқушының жұмысының нәтижесін қорғау (тапсыру) – олардың бірлескен іс-әрекеті.

Информатика курсында оқушылар мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекетінің көлемін қысқартуда іс-әрекеттің тәуелсіз түрі салыстырмалы түрде елеулі орнын алады. Курстың мақсаттарының бірі ЭЕМ-мен жұмыс кезіндегі оқушының педагогтан тәуелсіздігі, одан кейін программистен тәуелсіздігі, өз бетімен білім алуға дағдының қалыптасуы. Сондай-ақ, компьютер мұғалім мен оқушы арасындағы тәуелсіз іс-әрекеттін көлемін едәуір кеңейтеді. Әрине, бұл педогогты іс-әрекетінен толық босатады деген сөз емес. Педогогтың оқыту алгоритіміндегі жүзеге асырылатын білімімен тәжірибелері оқушының өз бетінділігінің жоғарлауына әкеледі.

Сондай-ақ, информатика курсында танымды басқару мен өздік басқару функциясы айқын көрінеді. Компьютермен жұмыс істеген оқушының өз бетінділігі басым, оның алдына қойған мақсаты бар. Мұғалімнің міндеті оқу іс-әрекетін ұйымдастырып, оқушының іс-әрекетін басқару.

Сөйтіп, оқыту әдісі жалпы мағынада, оқушының жеке тұлғалық қасиетін өзгертуге бағытталған танымдық іс-әрекетін басқару әдісі ретінде қарастырылады.

Оқыту әдісін топтауға арналған негіздер жиынтығы айтарлықтай. Оқыту әдісін оқыту мазмұны бойынша топтау өнімді (продуктивті) болып есептеледі;

  1. әлем жайында білім;

  2. іс-әрекет тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибелері;

  3. шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі;

  4. эммоционалдық құндылық қатынас тәжірибесі.

Бұған оқушыларды тәрбиелеудегі педогогтың әсері де қосылады.

Оқушылардың белсенділігі мен өз бетінділігінің негізгі дидактикалық функциясы оқыту мазмұнымен тығыз байланысты. Дайын мәліметті меңгерудегі репродуктивті іс-әрекетте оқушының белсенділігі төмен болатыны, ал проблемалық іздеу тәсілінде, шығармашылық іс-әрекетті белсенділіктің жоғары болатыны белгілі.

Сондай-ақ, әдістерді топтаудың томендегідей негіздері бар:

  • білім алу тәсілі (теория және практика);

  • кері байланысты жүзеге асыру тәсілі (бақылау және өздік бақылау);

  • оқушылардың ойлау әрекеттері (логикалық аспект).

Информатиканың мазмұнына қатысты оқытудың нақты әдісін аталған белгі параметрлердің комбинациясы ретінде түсінуге болады.

Оқытуды нақтылы ұйымдастырудың формалары.

Лекция. Лекция термині екі мағынаны білдіреді. Бұл форма да әдіс те бола алады. Оны компьютер құралын демонстрациялау және көрнекілік пайдаланып жүргізуге болады. Лекцияда басқаруды мұғалім жүргізеді. Егер оқушыларда компьютерде дайындалған конспектілер болса танымдық қызметке ынтасы артады, қандай да бір нәрсені жазбай тастап кетуден қорықпайды. Конспектінің тиімді формасы сол жақтан тейзисті түрде маңызды жазып беріп, оң жаққа оқушылар өз коментарийлерін жазу керек. Бұл жұмыс барысын жекешелендіру, оқушының ойлау танымына септігін тигізеді. Басқа жағынан алғанда мұндай дайын конспектілержартылай зейін қойып тыңдалуға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда барлығын жұмысқа қызығушылық, жұмыс ырғағы, мұғалімнің шеберлігі шешеді.

Семинар. Семинар фронтальды формада жекелеме жұмысқа көшу формасы болып табылады. Сондықтан информатиканы оқып-үйренуді өз мағынасын сақтайды. Ары қарай машинаға дейінгі жұмыс дағдыларын қалыптастыруы керек. Себебі, таныс емес ортаныс меңгеруді немесе алгоритм жасауда тура экран алдында орындауды көпшілігі орындай алмайды. Ал, инструкцияны алдын-ала білмейінше жұмыс істеу машинаның уақытқа да, оқушылар көзіне де зиянды. Тіпті ақыр соңында компьютерде не жасалды? Осының барлығын ұжымдық түрде тыныш жағдайда қорыту формасы керек. Компьютердің өзі оқушы оның алдында не істеп отырса соның мәнінен оқушы назарын тайдыруы мүмкін. Жинақталған жұмыс тәжірибелердің негізінде компьютердің жұмысына кеңінен болжам жасау қабілетімаңызды интеллектуалды білім болып табылады. Мұндай жұмыстарда да семинар қажет. Оқушы семинардағы жұмыс нәтижесі қалай есепке алынатынын білуі керек. Оқушы тапсыру керек:

  1. енгізуге дайын алгоритм текстін.

  2. ЭЕМ-сыз құрылған алгоритмдеу орындауға кестесі.

  3. инструкция бойынша сұрақтарға жауап.

  4. программамен диалог жобасы.

  5. Өзінің не бөтен программаға инструкция немесе коментария беру.

  6. программа жұмысынан күтетін нәтижені сипаттау.

  7. ойын қатысушыларының рольдік функцияларын сипаттап, қателерін белгілеу.

Лабораториялық (Зертханалық) сабақ. Лабораториялық сабақ компьютерлік кластағы негізгі оқыту формасы болып табылады. Кей жағдайларда фронтальдық жұмысты бірге бастаған күннің өзінде жан-жаққа кетіп қалуы мүмкін. Бұл жерде мұғалімге өзі дайындаған инструкциялар көмектеседі. Жұмыс алдында дайындықты үстірт тексеріп шығуға болады. Дайын еместерге компьютерге отырып қажеті жоқ. Мұндай жағдайда компьютер ғана емес, жай столдар қойылған ыңғайлы. Мұны оқушы жаза деп түсінбеуі керек. Себебі ол өзі дайын емес оқушылардың қызығушылығын одан әрі төмендетеді. Дайындалмай келетін тағы бір себебі өзіне-өзі артық сенімділік болуы мүмкін. Бұл жерде мұғалім «дайын болмасаң компьютерде жұмыс істемейсің» деген ұстанымда болу керек. Қазіргі кезде жаңа программалық ұстанымдар бар, оларда жұмыс барысында оқуға арналған жанама көмектер енгізілген. Бірақ бұл көмек бірінші рет оқылып отырмай, бұрыннан білетіндерді еске түсіруі үшін пайдаланса жұмыс жылдам жүреді.

Индивидуальды (жекелеме) практикум. Индивидауальды практикум лабораториялық фронтальды сабақтармен салыстыра жұмыстың неғұрлым жоғарғы формасы болып табылады. Оның өзіне тән белгілері: деңгейі мен күрделілігі бойынша тапсырмалардың әртүрлілігі, өздік жұмыс жасау, оқулықтарға арқа сүйеу, күрделі сұрақтарды мұғалімнен сұрау. Бұл негізінен сабақтан тыс формаға көшу формасы болып табылады.

Оқытудың сөздік әдісі. Классикалық педогогика өз уақытында сөзбен білім берудің жеткіліксіз екенін мойындаған болатын. Сондай-ақ, Я. Каменский информацияны кітаптан, лекциядан, алудың жеткіліксіз екенін, заттарды өз бетімен танып, бақылау арқылы информация алудың маңызды екенін атап көрсеткен.

Көнекілік әдіс. Информатика курсындағы көрнекілік әдіс – оқушының жолдасының немесе мұғалімнің жұмысын бақылау, одан кейін компьютерлік ортаның жұмысының өзгерісін бақылау. Енді олардың ішіндегі негізгілерін қарастырайық.

Иллюстрация. Информатика курсында информацияның таңбалық табиғатын толық бейнелеп көрсетуге мүмкіндік береді. Бәрінен бұрын, көзге көрінбейтін нәрселерді бейнелегеннің пайдасы зор. Мысалы, тақтадан сандық немесе текстік мәндермен жазылған тік төртбұрышты көрсету (ЭЕМ-нің барлық зердесінің үлгісі, зерденің ұшықтарын көрсету). ЭЕМ-мен алғашқы тансу ретінде қағазға бейнеленген клавиатураны көрсету, ол өзі де көрініп тұр, бірақ клавиштардың қызметі сөзбен түсіндіріледі. Бұл жерде иллюстрация сөзбен жалғастырылады.

Демонстрация. Мұғалім компьютердегі орындалатын іс-әрекеттің үлгісін үнемдей-ақ, демонстрациялауға болады. Кез келген компилятор орны мен мәнің демонстрациялай алады. Оқушылар өзінің жұмысының нәтижесін мұғалімге немесе жолдастарына демонстрациялап бере алады. Компьютерлік демонстрацияның маңызды ерекшелігі – көрнекті бейнелерді қозғалмалы күйінде басқару. Оқушы демонстрациялауды өзінің дербес қарқынымен орындайды және қайталауына мүмкіндік бар.

Практикалық (іс-әрекет) әдістер. Қарастырылып отырған жағдайда практика оқушының іс-әрекетіне қатысты теориямен емес, сөзбен және бақылаумен салыстырылады. Информатика білімнің үш түрлі көзін үйлесімді түрде біріктіреді: сөз, бақылау және іс-әрекет. Мысалы, нұсқауларды оқып (сөз), мұғалімнің әрекеті мен ЭЕМ-нің жұмысын бақылай отырып (заттық әдіс), оқушылар компьютермен практикалық іс-әрекетті орындай бастайды. Мұнда әдістер бірін-бірі толықтырады.

Оқыту әдістерінің құрлымы – орта мектеп информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың әдістемесіне қатысты анықталады. Әдістемені жаңарту барысында, оқыту құралдарының алатын орны ерекше. Ал, біздің оқыту әдістемемізге қолданылтын негізгі техникалық құрал – компьютерлік техника болып есептеледі.