- •Пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені «5в011100» – «Информатика» мамандығы үшін
- •Пәнінің оқу-әдістемелік материалдары Семей
- •1.Глосарий
- •2.Дәрістер
- •Базалық ақпараттық технологияға арналған программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар.
- •Қойылатын талаптар.
- •Оқушылардың дэем-мен жұмыс кезіндегі отыруына қойылатын талаптар.
- •Информатиканы оқытуды ұйымдастыру.
- •Информатика және дәстүрлi оқыту әдiстерi.
- •Kepі байланысты жүзеге асыру тәсiлдерi. Бақылау.
- •3. Зертханалық жұмыстар
- •Тақырыпты меңгертудегі сабақтың ролі.
- •Мақсатты анықтау.
- •Оқыту нәтижесін жоспарлау.
- •5. Сабақтың қолайлы ұйымдастырылған формасын таңдау.
- •6. Танымдық әрекетін ұйымдастыру формасы
- •7. Оқыту құралдарын таңдау
- •8. Сабақ құрылымын құру
- •9. Сабақты мазмұнды толтыру.
- •10. Өлшемдерді құру
- •4.Студенттің өздік жұмыстары
- •2. Паскаль программасы және оның құрылымы .
- •3. Мәліметтердің типі. Мәліметтердің стандартты типі. Стандартты типтердің сипатталуы. Шамаларды сипаттау.
- •4. Өрнектер. Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар. Арифметикалық өрнектер. Логикалық өрнектер. Символдық өрнектер. Операторлар. Меңшіктеу операторы. Стандартты функциялар.
- •5. Мәліметтерді енгізу және шығару операторлары. Сызықтық алгоритмді программалау.
- •7. Циклдік алгоритмді программалау. Циклдің түрлері. Циклдік операторлар. While-Do. Repeat-Until. For –Do, For – Downto.Қайталау және тармақталу операторларының сатылы орналасуы
- •1. Модельдер, модельдеу түсінігі. Модельді анықтау.
- •2. Модель түрлері.
- •3. Ақпараттық модельдер.
- •4. Модельдеу кезеңдері.
Оқушылардың дэем-мен жұмыс кезіндегі отыруына қойылатын талаптар.
ДЭЕМ-мен жұмыс істеу кезінде оқушы санитарлық гигиеналық талаптарға сай отыруы тиіс. Стол мен орындық оқушының бойының ұзындығына сай талдауы қажет. Орындық столдан 3-5 см ішке еніп тұруы, оқушының басы 5-7º бұрышқа иіліп тұруы тиіс.
Оқушы тік отырған жағдайдағы оқушының көзі экранның центрінің тұсында болуы қажет. Монитор экранындағы символдарды көру бұрышы 20 бұрыштық минуттан кем болмауы керек. ДЭЕМ – экранындағы символдарды көру қашықтығы – 0,6-0,7 м аралығында болуы тиіс.
Оқушылардың жұмыс орны дербес ЭЕМ-мен жабдықталған 1 үстелден және биіктігі өзгертілетін, айналмалы орындықтан тұрады. Дербес компьютер, оқулық орналасатын және оқулықпен жұмыс істеуге арналған үстел бетінің өлшемі 1300х700мм болуы керек. Оқушы үстелінде ДК барлық құрылғыларымен орнатылады. Пернетақтаның алдында 30см ендікте дәптер қоятын және жауырынның бұлшық еттеріне күш түспес үшін шынтақты тіреп отыратын орын болуы тиіс. Монитор қойылатын үстел беті жазық, ал пернетақта орналасатын үстел беті көлбеу (120-150 бұрышқа) болу керек. Үстел жиегінің және орындықтың биіктігі бейнемонитормен жұмыс істеп отырған оқушы бойына сәйкес қойылуы керек. Үстелдерге ток көзі мен жергілікті желі кабельдері жүргізіледі. Информатика кабинеті үшін ток көзінің жалпы электрлік кескіні есептеуіш техникасының құжаттарына сай қондырылады. Еден беті тегіс, ой-шұңқырсыз, сырғанамайтын және оңай тазаланатын антистатикалық қасиеттері болуы қажет.
Мұғалімнің жұмыс орны үстелмен және басу құрылғысы мен мультипроектор қоятын 2 тумбамен жабдықталады. Мұғалім үстелінің өлшемі 1300х700мм. Тумбаның магниттік тасымалдаушысы, күнделікті сабаққа қажетті транспаранттар салынатын 350х500х100мм өлшемдегі 1-2 жәшігі болуы керек. Компьютерлік үстелдің дәптер, сыныптық журнал және т.б. салынатын қалташасы болады. Сабақ барысында оқушылардың жұмыс орындарына электр желілерін қосу мен оны өшіруді мұғалім өзі жүргізуі қажет.
Информатика кабинетіндегі компьютерлердің орналасуы сабақ барысында мұғалім мен оқушылардың емін-еркін жүріп-тұруына ыңғайлы болуы қажет. Дербес компьютерлердің жұмыс орындарының орналасуы 3 вариантта болуы мүмкін:
Жағалай (периметрлік);
Қатарлық (1-3 қатар);
Орталық.
Оқушылардың және мұғалімнің еңбек қауіпсіздігі, электрмен жұмыс жасау қауіпсіздігі және тұрақты жарықтандыру деңгейі тұрғысынан алғанда ДК-де жұмыс істеу орындарын жағалай орналастыру нұсқасы тиімді болып табылады.
Жұмыс орындарын жағалай орналастыру нұсқасы бойынша келесідей қашықтықтар белгіленген:
Информатика кабинетінің ені бойынша: терезе жақтаулары бар қабырғалардан үстелдер кем дегенде 0,8м қашықтықта орналасуы керек. Терезе жақтауларына қарсы қабырғалар мен оған жағалай орналасқан ДК үстелдері 10см қашықтықта орналасуы керек, ал кейбір жағдайларда бейнемониторларға байланысты үстелдер мен қабырғалардың қашықтықтары өзгеруі мүмкін.
Информатика кабинетінің ұзындығы бойынша: ДК-дің екі орындық үстелдері қатар қойылады. Бір орынды үстелдердің арасы ашылып қойылады, соған сәйкес үстелдердің арақашықтығы кабинет ауданы мен ондағы оқушылардың жұмыс орындарының санына байланысты болады.
ДК-мен жұмыс істеу үстелдері жағалай орналасқанда, сабақтарға, оқушылардың білімін тексеруге, жазба бақылау жұмыстарын орындауға, дәптерде программа құру және есептер шығаруға арналған қажетті орындар оқушылардың санына байланысты оқушы үстелдерімен және орындықтарымен жабдықталуы тиіс. Екі орынды оқушы үстелдері біріктіріліп қойылмайды (олардың ара қашықтығы кем дегенде 0,5м).
Кабинетте оқыту құралдары мен жабдықтары бағдарлама бөлімдері бойынша орналастырылады. Демонстрациялық көрнекіліктер және өздік жұмыстарға арналған құралдар бөлек сақталады. Информатика кабинетіндегі оқыту көрнекілік құралдары мен жабдықтары шкафтарда сақталады, ол лаборант бөлмесінде сақталуы да мүмкін.
Информатика кабинетінде құрал-жабдықтар мен мұғалімнің жұмысын жеңілдететін әдістемелік картотека және сабақ өткізуге дайындық құралдарының тізімі болады.
Информатика кабинетіндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Информатика кабинетіндегі ұйымдастыру жұмыстарын кабинеттегі құрал-жабдықтарға жауап беретін, информатика курсында компьтерлік технологияны оқу үрдісінде және жалпы білім беру пәндерінде оқушылардың қолдануын, ондағы мұғалімдер жұмысын ұйымдастыратын информатика мұғалімдерінің арасынан сайланған кабинет меңгерушісі басқарады.
Кабинет меңгерушісі:
Кабинеттегі жабдықтардың сақталуына;
Инвентаризациялық тіркеу журналын жүргізуге;
Құрылғылардың әрдайым дайын болуына, есептеуіш техниканың техникалық қызмет көрсетілуінің өз уақытында тыңғылықты орындалуына, машиналардың істен шығуын тіркеп отыру, оларды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын реттеуге;
Апатты жағдайларда өрттен сақтану және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету құралдарының дайын болуына;
Оқушыларға техника қауіпсіздігі бойынша кіріспе және деңгейлі нұсқаулардың өтілуін қадағалауға;
Оқытушылар мен оқушылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауына;
Сабақ басталғанда және аяқталғанда журналдың дұрыс тіркелуін қадағалау, электр көзіне қосуға және ажыратуға жауапты.
Оқушылар информатика кабинетіне алғаш кірген күні мұғалім оларды бойына, есту және көру жағдайына байланысты жұмыс орынын бекітіп беру керек, сонымен қатар техника қауіпсіздігі мен онда жұмыс істеу ережесімен таныстыру керек. Оқушылар жұмыс орнының реттілігіне және ондағы орналасқан құрылғыларға жауап береді.
Оқушылар техника қауіпсіздігі және жұмыс жасау ережесі бойынша сынақтан өтіп, «Техника қауіпсіздігі ережесі бойынша нұсқаудан өткізу мен оны тіркеу журналы» атаулы журналға белгілену керек. Онда нұсқаудан өткен күні және сынақтан өткені туралы белгі, нұсқауды өткізген мұғалімнің аты-жөні, сынақтан өткен оқушының аты-жөні, сынақтан өткен оқушының аты-жөні және нұсқаудың мазмұны берілген. Бұл мәліметтерді мұғалім бекітіп қол қояды.
Бақылау сұрақтары
ЕТК-де жүргiзiлетiн сабақтар;
ЕТК - дегi дербес компъютердiң (ДК) орналасуына және жабдықталуьна қандай талаптар қойылады?
ЕТК-н ұйымдастыруға гигиеналық нұсқаулар қандай?
Негізгі әдебиеттер: [3, 4, 5, 6, 14, 17]
Қосымша әдебиеттер: [22, 28, 29]
12 –ДӘРІС.
Тақырыбы: Информатика курсы бойынша оқу үрдісін жоспарлау. Оқу үрдісінін тақырыптық жоспары және сабақ жоспары.
Сабақтың конспектісі және оның құрамы. Сабақтың дидактикалық мақсаты және оның қорытынды нәтижесі. Информатика сабағының құрылымы, оған қойылатын талаптар.
Мақсаты: Информатикадан оқыту жұмысын ұйымдастыру, оқу сабағының
түрлерін талдау, информатика сабағын ұйымдастырудың түрлері
Сабақ –информатикадан оқыту жұмысына ұйымдастырудың негізгі түрі.
Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып қалыптасады. Мектептегі сабақ класс-сабақ жүйесінің негізін қалайды. Оның мынадай негізгі сипаттары бар:
1) оқу топтарының құрамы;
2) әр кластағы оқыту мазмұнын қатаң анықтау;
3) оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі;
4) оқушылар жұмыстарының жекелей және бірлескен түрлерін ұштастыру;
5) мұғалімнің жетекші ролі;
6) оқушылар білімін жүйелі тексеру және бағалау.
Чех халқының аса үздік педагогы Я.А.Коменскийден бастау алған класс-сабақ жүйесі бүгінгі күнге дейін мектепті құрылымдық ұйымдастырудың негізі болып келеді. Өзінің тарихында оқыту үрдісін ұйымдастыру түрлері әлемдік тәжірибеде өзгеріссіз қалған жоқ ХІХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі дәуірге дейін шетелдік тәсiлдер жинақталды. Солардың ішінде белльланкастерлiк түpi, мангейм жүйесi, дальтон жоспары, Трамп жоспары сияқты түрлерi бар. Ал, информатика негiздерiн оқыту дидактиканың қалыптаскан бай тәжiрибелерiн пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің ерекшелiктерiмен толықтыра түседi.
Дидактикада сабақ типтерiн жүйелеуде әртүрлi айырым белгiлерi пайдаланылады. Сабақтың ең басты белrici – оның дидактикалық мақсаты. Ал, дидактикалық мақсат-оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Cоған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлерi бар:
l) жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түciндipy сабағы);
2) оқушылардың шеберлiктерiн және дағдыларын дамыту, бекiту сабағы (жаттығу сабағы);
3) оқушылардың бiлiмiн шеберлiriн және дағдыларын тексеру сабағы. Көптеген жағдайларда мұғалiм осы аталған дидактикалық мақсаттардың бiреуiн ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бiрнешеуiне немесе барлығына тұтастай сүйенедi. Сол себептi тәжiрибе жүзiнде аралас сабақ түpi кеңiнен қолданылады. Аралас сабақтың құрамы әртүрлi болып келедi және оның бiрқатар артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерiн араластыра қолдану жаңа бiлімді сапалы, әрi жылдам қабылдауды, кері байланысты және пeдагогикалық үрдістi басқаруды, бағаларды көбейтудi, (шығаруды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етедi. Дегeнмен, информатикадан өтілетін сабaқтардың өздік дидактикалық ерекшелiктерi бар. Егер информатика курсы орта мектепке міндеттi пән ретiнде енгiзiлгеннен бәрi қалыптасқан тәжiрибелерге тоқталатын болса М.П.Лапчик информатика курсы бойынша өтiлетiн сабақтарды ЭЕМ-дi қолдану мөлшерiне қарай үш түрге бөледi демонстрация, фронтальды лабораториялық жұмыс және практикум: Осы уақытқа дейiнгi қалыптасқан тәжiрибелер информатикадан оқу сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша топтауға мүмкіндiк бередi.
