- •Пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені «5в011100» – «Информатика» мамандығы үшін
- •Пәнінің оқу-әдістемелік материалдары Семей
- •1.Глосарий
- •2.Дәрістер
- •Базалық ақпараттық технологияға арналған программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар.
- •Қойылатын талаптар.
- •Оқушылардың дэем-мен жұмыс кезіндегі отыруына қойылатын талаптар.
- •Информатиканы оқытуды ұйымдастыру.
- •Информатика және дәстүрлi оқыту әдiстерi.
- •Kepі байланысты жүзеге асыру тәсiлдерi. Бақылау.
- •3. Зертханалық жұмыстар
- •Тақырыпты меңгертудегі сабақтың ролі.
- •Мақсатты анықтау.
- •Оқыту нәтижесін жоспарлау.
- •5. Сабақтың қолайлы ұйымдастырылған формасын таңдау.
- •6. Танымдық әрекетін ұйымдастыру формасы
- •7. Оқыту құралдарын таңдау
- •8. Сабақ құрылымын құру
- •9. Сабақты мазмұнды толтыру.
- •10. Өлшемдерді құру
- •4.Студенттің өздік жұмыстары
- •2. Паскаль программасы және оның құрылымы .
- •3. Мәліметтердің типі. Мәліметтердің стандартты типі. Стандартты типтердің сипатталуы. Шамаларды сипаттау.
- •4. Өрнектер. Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар. Арифметикалық өрнектер. Логикалық өрнектер. Символдық өрнектер. Операторлар. Меңшіктеу операторы. Стандартты функциялар.
- •5. Мәліметтерді енгізу және шығару операторлары. Сызықтық алгоритмді программалау.
- •7. Циклдік алгоритмді программалау. Циклдің түрлері. Циклдік операторлар. While-Do. Repeat-Until. For –Do, For – Downto.Қайталау және тармақталу операторларының сатылы орналасуы
- •1. Модельдер, модельдеу түсінігі. Модельді анықтау.
- •2. Модель түрлері.
- •3. Ақпараттық модельдер.
- •4. Модельдеу кезеңдері.
2.Дәрістер
1-ДӘРІС.
Тақырыбы: Орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесі мен
теориясының жалпы мәселелері.
Мақсаты: Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімін кәсіптік дайындау жүйесіндегі орнын, информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, псиxологиямен және информатика ғылымымен байланысын қарастыру.
22 қыркүйек 1997 жылы Қазақстан Республикасы президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай информациялық-білім беретін желіге негізделген бірыңғай информациялық-білім беру кеңістігін жасау қажет. Бұл орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады.
Ұсынылып отырылған орта білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын өзінің алдында мынадай міндеттер қояды:
1. мектеп мекемелерін жаңа информациялық технологияны (ЖИТ) оқытуда және оқу үрдісін басқаруда пайдалануға мүмкіндік беретін есептеуіш техника құралдарымен және ұйымдастырушы техникамен қамтамасыз ету.
2. барлық мектеп мекемелерін білім беретін информациямен қамтамасыз етуге қол жеткізетін инфроқұрылымдарды дамыту
3. ықпалды нормативтік-құқықтық база жасау
4. телекомуникациялық желі жүйесін жасау
5. жаңа информациялық техналогия пайдалану және ендіру саласында орта білім жүйесі үшін кадрларды даярлау және қайта даярлықтан өткізу
Осы қабылданған бағдарламаға сай республикамызда көптеген мектептер жаңа информациялық техналогияны оқыту үрдіссіне ендіру жұмыстарымен айналысуда. Оларды қолдауымыз, бағыттауымыз және қажетті әдістемелік көмек көрсетуіміз керек.
Ақпараттандыру деп оқытудың және оқу үрдіссін басқарудың әсерлілігін арттыру мақсатында техникалық және материалдық ресурстарды, идеяларды, ғылыми-әдістемелік материалдарды үнемі пайдалану және интеграциялау үрдіссін айтамыз.
Әрине, ақпараттандырудың техникалық негізінде ең жетілдірілген техникалық құрылғы ретінде компьютер жатады, бірақ сонымен бірге мектептің барлық техникалық паркін, атап айтқанда: магнитофондарды, телевизорларды, телефондық желілерді тағы сол сияқты бірығай бағдарламалық-техникалық кешенге интеграциялау қажет.
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімін кәсіптік дайындау жүйесіндегі орны.
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтiк технологияны бiлiм беру жүйесiн жеделдетiп дамытуға қолдану негiзгi мiндеттердiң бiрi ретiнде анықталды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабiлеттi ұлттық бiлiм беру жүйесiн дамытуға және оның мүмкiндiктерiн әлемдiк бiлiмдiк ортаға енудегi сабақтастыққа қолдану негiзгi мәнге ие болып отыр.
Бiлiм берудi ақпараттандыру, бiлiм салаларының барлық қызметiне ақпараттық технологияны енгiзу және ұлттық модельдi қалыптастыру қазақстандық бiлiм берудi сапалы деңгейге көтерудiң алғы шарты.
Аталған бағыттарды дамыту үшiн құқықтық-нормативтiк, материалдық-техникалық, ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негiзгi бағыттарының бiрiне айналып отыр.
Бiлiм берудi қайта құру мұғалiмнен үлкен дайындықты талап етедi. Олай болса, олардың жеке тұлғалық қасиеттерi мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап қойылады. Қазiргi уақытта мұғалiм бiлiм беру жүйесiндегi кез келген қайта құрулардағы педагогикалық үрдістiң негiзгi субъектiсiне айналып отыр.
Қазiргi мектепке шығармашылық iзденiс қабiлетi дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлiгi қалыптасқан мұғалiм қажет. Ол бiруақытта педагог, психолог және оқу-үрдісiн ұйымдастырушы технолог бола бiлуi керек. Сонымен қатар оқушының шектеусiз қабiлетiн дамыта алатындай бiлiм берудiң әлемдiк кеңiстiгiн құруға қабiлеттi бола бiлуi шарт. Бұдан мұғалiмнiң мамандық шеберлiгi анықталады.
Басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыру үрдісi мұғалiмнiң дайындық деңгейi мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалiмнiң өзiн-өзi дамуына, өзiндiк бiлiм алуына және шығармашылық түрде өздiгiнен қызметтерiн iске асыруға мүмкiндiк бередi. Сондықтан мұғалiмдердi жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуiне және оны оқыту құралы ретiнде пайдалану бағыттары бойынша бiлiмдерiн көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертiп, жасақтау қажеттiлігi туындады. Педагог мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлауда ақпараттық әлемде оқу-тәрбие үрдісiн ұйымдастырудың негiзгi құралдарын, жаңа әдiстер мен формаларды кез келген уақытта таба бiлуiне мүмкiндiк туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзiн-өзi дамытуына және өздiгiнен бiлiм алуына мүмкiндiк алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісiне жан-жақты, әрi еркiн пайдалана бiлуге үйрету дайындау кезеңдерiнiң сапалығымен анықталады.
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу үрдісiне пайдалану оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда. Ақпараттық технологияны оқу-тәрбие үрдісiне пайдалану – келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
- оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту үрдісiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
- оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (мәселелік, ұйымдастырушылық, iс-әрекеттiк, компьютерлiк ойындар және т.б.);
- мәселелік, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
- жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу үрдісiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.
Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мен қайта даярлау мiндеттерiн шешуде оқу үрдісiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:
- ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерi мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру: информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу;
- информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау;
- балабақша қызметкерлерiн, бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;
- информатика пәнiн оқытудың өзекті мәселелерi бойынша информатика мұғалiмдерi үшiн стажировка өткiзу және оны ұйымдастыру;
- қашықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;
Бақылау сұрақтары
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты
Бiлiм берудi ақпараттандыру үрдісiнің мұғалiмдік мамандық сапасына қойған талаптары қандай?
Оқу үрдісiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың мүмкiндiктерi қандай?
Негізгі әдебиеттер: [3, 4, 5, 14, 16]
Қосымша әдебиеттер: [24, 25, 26]
2-ДӘРІС.
Тақырыбы: Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде.
Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен,
псиxологиямен және информатика ғылымымен байланысы
Мақсаты: Қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы
оқытудың заңдылықтары қарастырылады
Қазіргі кездегі білім беру сферасы жаңа сапалы деңгейге еніп, оқу үрдісінде компьютерлік технологияны жаппай қолдану міндетін шешіп отыр. Бұл – электрондық оқулықтар мен ресурстарды эффективті түрде қолдануды талап етеді.
Қазіргі кезге дейінгі білім беру үрдісін қарапайым үш түрде қарастыруға болады:
Информацияны беру және қабылдау. Онда “Оқытудың техникалық құралдары” көмегімен сабақ материалдарын иллюстрациялар: фотосурет, сурет, бейне, дыбыс көмегімен үлкен аудиторияларда көрсету мүмкіндігі артады. Оқушылардың информацияларды оқытушы көмегінсіз-ақ қабылдау мүмкіндігі пайда болады.
Іс- тәжірибелік сабақтар. Бұл информацияны меңгеру негізінде білімін тереңдету болып табылады. Оқу аудиториясында есептер шығару, физикалық эксперименттер жасау, экономикалық есептеулер жүргізу немесе философиялық проблемаларды талқылау негізінде белгілі нәтижеге жету үшін информацияны қолдануды үйренеміз.
Аттестациялау. Бұл оқушылар білімін тексерудің әр түрлі әдістері: ағымдағы сұрау, белгілі пән бойынша нақты есепті шешуді қамтитын комплексті емтихан.
Компьютердің пайда болуы аудиториялық және өздігінен жұмыс істеудің арасын біріктіріп, жаңа - өздігінен аттестациялау формасын тудырды.
Іс- тәжірибелік сабақтарда да компьютерді қолдану мынандай мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді:
Оның көмегімен лабораториялық жұмыстарды орындауды әрбір жеке детальдары бойынша көрсетуге, химиялық реактиві бар пробирканы қозғалысқа келтіру немесе радиотехникалық сызбаны баптау мүмкіндігін беретін “виртуальдық лабораториялар” ұйымдастыруға болады. Виртуальдық лаборатория көмегімен жасалынатын эксперименттердің ауқымы өте үлкен.
Компьютерде интерактивті эффектінің ролі өте зор. Оның көмегімен әрбір оқушы кез келген сұрақ бойынша іс-тәжірибе жасауда жіберілген қателері туралы хабарлама, оны түзету әдістері жөнінде нақты кеңестер ала алады.
Жағдайды басқару ойындарының көмегімен іс-тәжірибелерді әсерлі орындау мүмкіндігі.
Өзін - өзі аттестациялау білім бекітудің кез келген кезеңінде жеке түсініктерді қорытындылау мақсатында қолданыла береді. Қазіргі мультимедиалық технология жеке пәндер бойынша тестілеуде, әр түрлі мақсаттардағы есептерді шығару жолдарына түсініктемелер беруде және динамикалық графика элементтерін пайдалануда қолданылады.
Білім беруде жаппай компьютерлік технологияны ендіру қазіргі информациялық және мультимедиалық (IT/MT) технологияның барлық мүмкіндіктерін қолдану негізінде іске асады да білім берудің сапасын көтеруге жағдай жасайды.
Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, псиxологиямен және информатика ғылымымен байланысы;
Жалпы бiлiм беретін орта мектепке "Информатика және есептегіш техника негіздері" курсының енгiзiлyiне байланысты педагогика ғылымның жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі – информатикaны оқыту әдістемесі деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту зандылықтары информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледi.
Қазiргi уақытта информатиканы оқыту әдiстемесі қарқынды даму үстінде оның көптеген мәселелер теориялық жағынан зерттеудi тaлап етедi. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әpi толық бiр мәнді болу үшiн информатиканың барлық деңгейде оқытылуы зерттелyi керек. Мектепке дейiнгi кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының барлық типтерiнде, жоғaрғы мектепте, информатиканы өзiнше оқитындар үшiн және т.с.с. Осы аталған буыңдардың бәpi қазiргi уақытта педагогика ғылымының алдына өзіне тән проблемаларын қоюда. Бiздің жағдайда алдыңғы кезекте қарастыратын мәселемiз, мектеп көлемiнде оқытылатын "Информатика" курсын oқытy әдiстемесi. Информатиканы оқыту әдiстемесi оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес өзінің алдына келесi негiзгi мiндеттердi қояды: Информатика және есептегiш техниканы нақты мақсатын және орта мектептегi жалпы бiлiм беру пәнiнiң мазмұныy анықтау, оқыту түрлерiн ұсыну; Информатика мен есептегiш техниканы оқытудың барлық құралдарын қарастыру (оқу құралдары, программалық құралдар, компьютерлер және т.б.), мұғaлiмнiң практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру;
Информатиканы оқыту әдістемесі жаңадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым. Педагогика ғылымының iргелi бөлiгi ретiнде өзiнің дамуында информатиканы оқыту әдicтемесi философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға сүйенедi. Сонымен қатар, орта «Информатиканы оқыту әдістемесі» деп аталатын курс мектептегі информатика курсының жaлпы ғылыми оқу-әдістемелік дидактикалық ұйымдастырушылық педагогикалық, психологиялық мәселелерiн жан-жaқты қарастыратын курс болып табылады.
Бақылау сұрақтары
1.Информатика ғылым және орта мектептeгi оқу пәні ретiндегі маңызы қандай?
2.Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен псиxологиямен және информатика ғылымымен байланысы?
3.Информатиканы оқытудың мiндeттepiн ата?
4.Жалпы білім беретiн орта және кәcіптiк мектептердегi информатиканы оқытудың мақсаттары қандай?
5.Орта мектептегi информатика курсының мазмұнын сипатта.
Негізгі әдебиеттер: [1-22]
Қосымша әдебиеттер: [23-46]
3-ДӘРІС.
Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндет-
тері. Жалпы білім беретiн орта мектепте информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі. Оның негізгі бөліктерінің жалпы сипаттамасы
Мақсаты: Орта мектептегі информатика курсын оқыту заңдылықтары мен
нақты тақырыптарды оқыту әдістерін қарастыру
Қазіргі кезде ақпарат және оны білім беру саласына енгізу жалпы қоғамның дамуын анықтайтың шешуші фактор екені талас тудырмайды. Осы тұрғыдан қарасақ, республикамыздың білім жүйесін қайта құрудың негізгі бағыттарын қамтитын мәселе оны ақпараттандыру болып табылады.
Қазіргі уақыта ”қоғамды ақпараттандыру,” “білім беруді ақпараттандыру ” деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогересс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интелектуалды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты объективті үрдісс.
Уақыт өте білім беру жүйесін компютерлендірудің ойдағыдай жүзеге асып келе жатқандығын практика көрсетіп келеді. Бұл мәселені: есептегіш техникамен, оның програмалық қамтамасыз етілуінің біртіндеп жүзеге асырылуы, мұғалімдердің дайындалу қарқыны, информатика курсын оқытудың әдістемесінің, оның ішінде нақты тақырыптарды оқыту әдістемесінің қалыптасып келе жатқандығынан байқауға болады. Информатика және есептегіш техника негіздері жалпы білім беретін орта мектепке міндетті пән ретінде енгізілгелі бері курсты оқытудың белгілі тәжірибелері жинақталды. Сонымен қатар, курсты оқытудын дидактикалық жүйесі де қалыптасып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Білім беру жүйесін ақпараттандыруға бағытталған бағдарламасына байланысты бірқатар шаралар жасалуда. Атап айтқанда, жалпы білім беретін орта мектептер қазіргі заман талабына сай техникамен және програмалық құралдармен жабдықталу үстінде. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында орта мектептегі информатика курсы бойынша Мемлекеттік білім беру стандарты құрылып, оку үрдісіне енгізілді. Мемлекеттік білім беру стандарты бойынша курс 7–кластан бастап оқытылады. Бұдан информатика курсын оқытудың әдістемелік жүйесін айқындау мәселесі алдыңғы кезекке шығады.
Қоғамды индустриаландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдынғы кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау. Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін орта мектептегі информатика курсынан басталады. “Информатиканы оқыту теориясы және әдістемесі ” деп аталатын пәнді оқытуда мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу - әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық, педогогикалық, психологиялық мәселелерін жан – жақты қарыстыратын болады. Сонымен жоғарыда айтқандай информатика сөзіне анықтама берейік. Информатика – ЭЕМ-дың көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өндеудің әдісі, тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ-нің көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде өндеуді жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау информатиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі есептегіш техникалар – оның материалдық базасы.
Жалпы білім беретін орта мектепте “Информатика және есептегіш техника негіздері” курсының енгізілуіне байланысты педогогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу обьектісі – информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқыту заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатиканың дамуының нақты кезеңіне сай келеді.
Қазіргі кезде информатиканың оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде; оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы, зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезенде, мектепте, орта оқу буындардың барлық типтерінде, жоғары мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін және т.с.с. Осы ғылымның алдында өзіне тән проблемаларын қоюда.
Біздін жағдайда алдыңғы кезекте қарастырылатын мәселеміз, мектеп көлемінде оқытылатын “Информатика” курсын оқыту әдістемесі. Информатика оқыту әдістемесі оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкс өзінің алдына келесі негізгі міндеттерді қояды:
Информатика және есептегіш техниканы үйретудің нақты мақсатын және орта мектептегі жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау, оқыту түрлерін ұсыну;
Информатика және есептегіш техниканы оқытудың барлық құралдарын қарастыру (оқу құралдпры, программалық құралдар, компьютерлер және т.б.), мұғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.
Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі сұрактар информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына қойылады.
Оқытудың мақсаты (Не үшін оқытамыз?).
Оқытудың мазмұны (Нені оқытамыз?).
Оқыту әдіс (Қалай оқытамыз?).
Оқыту туралы (Неден оқытамыз?).
Оқытуды ұйымдастыру жолы (Қайтіп оқытамыз?).
Бұл айтылғандардан басқа екі мәселеге көңіл аудару керек. Олар:
Кімді оқытамыз?
Кім оқытады?
Соңғы екеуіндегі кімді оқытамыз деген сурақта; қай жастағы оқушыны қалай оқыту керек. Яғни қай пәнді, оның бөліктерін, қай кластан бастау керек дегенді білдіреді. Информатиканы оқыту әдістемесі жанадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым. Педогогика ғылымының іргелі бөлігі ретінде өзінің дамуында информатиканы оқыту әдістемесі философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға сүйенеді. Сонымен қатар, орта мектепттің кеңейтілген практикалық тәжірибесін басшылыққы алады.
Информатика әдістемесінен біріктірілген барлық әдістемелік педагогикалық білімдер мен тәжірибелер жиынтығынан “Информатиканы оқыту әдістемесі” деп аталатын пән бөлініп шығады. Бұл оқу пәнінің мазмұнында информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, типтік техникалық құралдар жиыны және сонымен бірге мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдістері қарастырылады.
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе – дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт.
Орта білім берудің басты мақсаты – жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.
Сонымен, мектептің алдына төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады.
Білім беру;
Тәрбиелік;
Практикалық.
Енді мектепке тән осы негізгі мақсаттардың информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарына қатысты болатынын көрсетейік.
Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл – ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді.
Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру – дамытушылық мақсаты – оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты – оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.
Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-нің қазіргі кезеңдегі өндірістік рөлі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика курсында кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты мәліметтер, ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа ғылымдар жайында мәліметтер берілуі тиіс. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының “тұрмыстық аспектісі” де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға үйретеді. Қорыта келгенде, информатиканы оқытудың практикалық мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор. Информатиканы оқыту барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа сапалы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы адамзаттық мәні бар қасиетер де қалыптасады. Сонымен информатиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат – оқушыны азаматтық, адамгершілік қасиетке және жоғары саналыққа баулуға бағытталған.
Информатиканы оқып үйренудің жоғарыда аталған мақсаттары бір-бірімен өте тығыз байланыста, оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Оқушыларға негізгі жалпы білімді беріп болмай, информатиканың тәрбиелік эффектісін алуға болмайды. Мектепте информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары нақты оқу үрдісіне байланысты нақты мақсаттарға айналады, яғни нақты тақырыптарды оқытудың мақсатына айналады. Пәнді оқытудың нақты мақсатарын анықтау жалпы дидактикадан басталады. Қазіргі қоғамның дамуына байланысты дидактиканың көптеген қағидалары өзгеріске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым болғандықтан даму үстінде, оны мектепте оқыту мазмұны да әлі қалыптасу үстінде. Осындай жағдайда ғылыми тұрғыдан негізделген мақсат қана оқыту мазмұнын дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Жалпы білім беретiн орта мектепте информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі. Оның негізгі бөліктерінің жалпы сипаттамасы.
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты - оқyшыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негiзгi орын aлған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтiн бағыт.
Мұндағы маңызды мәселе, баланың ақыл-ойын дамыту қай деңгейде оқытуға, ол қандай дережеде оның организмінің табиғи дамуына тәуелдiлiгiмен қорытындыланады. Бұдан оқытудың потенеңиалды мүмкiндiгiнiң шекарасын тағайындауға, сондай-ақ, нақты дидактикалық өзгерicтiң мақсаты мен мiндетiн aнықтау шығады. Сондықтан оқыту мен дамытудың өзара қатынасы дидактиканың аса маңызды әдiснамалық мәселесі болып табылады.
Алғашқы кезеңде (1985-86 оқу жылы) информатика пәнін мектепте оқытудың негiзгi мақсаты оқушыларда компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыру болып табылды. Алайда шетелдiк және oтaндық тәжiрибелер оқу мақсатын бұлайша анықтаудың жеткiлiксiз eкeнiн көpceтті. Өйткенi, компьютерлiк сауаттылық, арнаулы ЭЕМ көмегімен сурет салу, жазу, есеп шығару басқа пәндердi оқу барысында қалыптасатын жалпы сауаттылықтың құрамды бөлiктерiнiң бiрi болып табылады.
Орта бiлiм беруің басты мақсаты-жеке тұлғаның өзіне қоғамға қажет қабiлеттерiн қалыптастырып, дамыту және өз бетiмен бiлiм алу, өзiн-өзі дaмытyғa жағдай жасау.
Сонымен мектептің алдына төмендегiдей үш негiзгi мaқcaт қойылады:
бiлiм беру; 2. тәрбиелiлiк; 3.практикалық;
Бақылау сұрақтары
Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты қандай?
Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не?
Информатиканы оқыту әдістемесінің мақсаты не?
Информатика курсын оқытудағы негізгі мақсаттар қандай?
Мектепте информатиканы оқытуда білім берудің мақсаты?
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты?
Негізгі әдебиеттер: [1, 4, 5, 12, 14]
Қосымша әдебиеттер: [20, 24, 28]
4-ДӘРІС.
Тақырыбы: Информатика негіздерін оқытуға қажетті құжаттар. Орта жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Информатика бойынша жалпы білім беру стандартының функциялары мен орны.
Мақсаты: Мемлекеттік білім стандарты жайлы мағұлмат беру, информатика
пәнінің оқу жоспарында алатын орны мен мектепте оны оқытудың мақсатын игерту.
Мемлекеттік білім стандарты -бұл пәндер бойынша мазмұнның міндетті минимумы және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайтын нормативтік құжат.
-1998 жылы жасақталған стандарттың негізгі мазмұны 7-11 сыныптарда дүниетанымдық көзқарас, алгоритмдеу және программалау, техникалық және қолданушылар аспектілеріне бөлініп қарастырылған. Аталған аспектілер базалық, негізгі және мамандыққа баулу курстары бойынша жеке жеке концентрлі түрдегі мазмұндарға бөліп, анықталған. Мұнда қарастырылған мазмұндар ақпараттық технологияның жеделдетіп дамуына байланысты оларды өзгерістерге ұшырату қажеттігі туындады.
Сондықтан бұл стандарт жылы мына түрде өзгертіліп, қайтадан жасақталды.
«Информатика» пәні бойынша дайындалған стандарт білім берудің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспармен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.
Стандарттың қолданылу саласы;
Қолданылу саласы. Стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім ұйымдарын аттестациялау, жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, оқулықтар мен оқу - әдістемелік кешендерді жасақтау және оқу бағдарламаларын жүзеге асырылуын бақылау кезіндде қолданылады.
Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы Заңының талаптарына сәйкес информатиканы оқыту стандартына төмендегі мәселелер енгiзiлген:
- кластар бойынша бiлім беру мазмұнының мiндeттi минимумы;
- әрбiр кластардағы оқушының дайындық деңгейiне қойылатын талаптар;
- стандарттағы талаптардың орындалуын бағалау;
- бiлiмдi бағалау үлгiлерi.
Қазақстан Респyбликасының конституциясында: "Білiм беру - бұл қоғам мүшелерiнiң адамгершiлiқ интеллектуалдық, мәдени дамyынының жоғарғы деңгейін және кәсіби бiлiмдiлiгiн қамтамасыз eтyгe бағыттaлған тәрбие беру мен оқытудың үздiксiз үрдісi", - деп көрсетілген.
Білім беру жүйесiнiң басты мiндетi-ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар ғылым мен практиканың жетістіктері негiзiнде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажеттi жағдайлар жасау, әрине, мемлекет зиялы болу үшін оның әр азаматы зиялы болуы қажет. Бұл білім беру үрдісiнiң үздіксіз талап етедi. Білім беру үздiксiз үрдісс болса, информатиканы оқыту да үздіксіз болуы қажет.
Жалпы бiлiм беретін орта мектепке арналған информатикадан мемлекеттік білім беру стандарты осы мәселені көздейді.
Ал, стандарт осы орта мектепте үздiксiз бiлiм беру тұжырымдамасына негізделіп жасалынған. Тұжырымдама білім беру жүйесiн демократияландыру принциптерін жүзеге асыруға бағытталып құрылған.
Мұнда оқушы өз бетiмен танымдық қызмет жасап, дами алатын субьект болса, мұғалiм осы қызметтің тиiмдi ұйымастырылуына нәтижелi болуына жауап беретiн шығармашылықпен жұмыс icтейтін жеке тулға.
«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны (БМ) - оқу пәнінің мектепте міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде информатиканы оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.
«Информатика» оқу пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасы (БНБ) - оқу пәнінің мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негізді қалыптастыруды, олардың ойлау қабілетін дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертуді және оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.
«Информатика» оқу пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы (БББ) -«Информатика» оқу пәнінің мазмұнын анықтайтын, пәнді тереңдетіп, бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететін, оқушыларды кәсіби даярлау бағытына қарай көлемі мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.
«Информатика» оқу пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламасы (ҚББ) - мемлекеттік стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәні бойынша білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтік немесе арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы ережелер:
Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары төмендегідей:
-оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру;
-оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;
-оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды меңгерту;
-оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлау;
Міндеттері:
-информатика ғылымының негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бірі болып есептелетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;
-қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;
-қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ролін анықтау, қоғамның постиндустриялық ақпараттық сатыға өту кезеңінде адам еңбегінің мазмұны мен сипаттамасын өзгерту;
-оқушылардың теориялық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
-тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған, оперативті ойлау деп аталатын жаңаша ойлай білуді қалыптастыру;
-ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;
-оқушыларды ақпараттық бірліктермен қамтамасыз ететін білімдермен қаруландыру;
-оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру.
«Информатика» пәнінің зерттеу обьектілері:
-ақпарат;
-ақпараттық ресурстар;
-ақпараттық үрдістер;
-ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.
«Информатика» пәнінің даму болашағы мына көріністерге байланысты:
1.пәннің жалпы білімділік, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, атап айтқанда:
-оқушыларға формальдау, моделбдеу және компьютерлік тәжірибе әдістерін меңгерту;
-тиімді шешімдерді таңдай білуге бағытталған оперативті ойлау қабілетін дамыту.
2.информатиканың ғылыми пән ретінде қалыптасуы, атап айтқанда, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика және т.б.
«Информатика» пәнінің даму бағыттары:
-Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдістерінің өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлі ақпараттық орталарда ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың негізгі заңдылықтарын зерттеу мәселелері қарастырылады.
-Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердің, микроүрдіссорлардың есептеу қызметінің мүмкіндіктері және аймақтық желілер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтері туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және
қолдану мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіру бағытында ақпараттық технологиялардың даму мәселелерін қарастырумен жалғасады.
-Әлеуметтік информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялардың қазіргі қоғамдағы алатын орны, ақпаратпен және программалық өнімдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі төңірегіндегі мәселелер қарастырылады.
Информатика пәнінің базистік оқу жоспарында алатын орны мектепте оны оқытудың мақсатын игерту, информатика негіздерін үйрету мен ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуді талап етеді.
Бірінші кезең (7-9 сыныптар)- базалық курс. Ол информатика пәні бойынша оқушылардың міндетті (минимум) жалпыбілімділік дайындық деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл кезең нақты мәселені шешуде оқушылардың ақпараттық технология құралдары мен әдістерін меңгертуге, сонымен қатар компьютерді үйренуде, одан әрі кәсіптік білім қызметінде оын еркін, әрі тиімді қолдана білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған (3 жыл).
Екінші кезең (10-11 сыныптар) –информатика пәні бойынша жоғарғы сыныптарда көлемі мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы курс. Мұнда оқушылар кәсіптік даярлыққа бағытталған оқу материалдарын меңгеруді жалғастырады (2 жыл).
«Информатика» пәнінің базалық мазмұны төмендегі материалдар көлемінде шоғырланған: ақпараттық бейнелеу, ақпараттық үрдістер, компьютермен танысу, ақпараттық технологиялар, формальдау және модельдеу, алгоритмдеу және программалау, телекоммуникация және әлеуметтік информатика.
10-11 сыныптарда «Информатика» пәнін оқытудың мазмұндық желісі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық бағыттар бойынша қарастырылған.
Қоғамдық –гуманитарлық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негізінде қарастырылған: ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, телекоммуникациялық желі, әлеуметтік информатика. Мұнда оқу материалдары теориялық информатиканың және ақпараттық технологиялардың гуманитарлық қызмет саласында қолданылу мүмкіндіктерімен байланыстырылып қарастырылады.
Жаратылыстыну - математикалық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негізінде қарастырылған: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, әлеуметтік информатика. Мұнда оқу материалдары теориялық информатиканың және ақпараттық технологиялардың жаратылыстану - математикалық бағыттарда қолданылу мүмкіндіктерімен байланыстырылып қарастырылады. Сонымен қатар, программалау тілдері тереңдетіліп, оқытылады.
«Информатика» оқу пәні бойынша оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мектептің әр түрлі сатысында берілетін оқу мазмұнына сәйкес берілген. Сатылар негізгі, жоғарғы (қоғамдық - гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық) деп қарастырылған. Аталған сатыларға сәйкес берілген мазмұндық желістер бойынша оқушының міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар анықталған.
«Информатика» оқу пәні бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған: оқыту үрдісін мамндармен қамтамасыз ету; оқыту үрдісін оқу- әдістемелік жағынан қамтамасыз ету; материалдық -техникамен базамен қамтамасыз ету.
Бақылау сұрақтары
Мемлекеттік білім стандарты дегеніміз не?
Информатика оқу пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы
Информатика оқу пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламасы
Информатика оқу пәнінің базалық мазмұны
Негізгі әдебиеттер: [1,2, 3, 4, 5, 6, 12, 14, 16]
Қосымша әдебиеттер: [22, 30, 32]
5-ДӘРІС.
Тақырыбы: Жалпы орта білім беретін мектептерде информатиканы оқыту
тұжырымдамалары. Информатиканы үздіксіз оқытудың
үшкезендік құрылымы.
Мақсаты: Орта білім беретін мектептерде информатика пәнін оқытудың
құрылымын қарастыру.
Белгілі ғалым А.А.Кузнецов информатиканы оқытудың төмендегідей әдістемелік жүйесін ұсынды:
1.Оқыту мақсаты;
2.Оқыту мазмұны;
3.Оқыту әдістері;
4.Оқытуда пайдаланылатын техникалық құралдар мен көрнекі құралдар;
5.Оқытудың ұйымдастырушылық формасы.
А.А.Кузнецовтың пікірінше, информатика курсының түпкі мақсаты-оқушыларда компьютерлік сауаттылықты, яғни оқушының информатика пәнінен алған білімін,дағдысы мен біліктілігін оқу үрдісінің барлық салаларындда қолдануымен қатар кәсіби мамандыққа баулу қызметтерінде де ЭЕМ-ды пайдалану мүмкіндіктерін қалыптастыру болып табылады.
Оның пікірінше, информатика курсының нгізгі мазмұны бір-бірімен тығыз байланыстағы теориялық және практикалық бөлімдерден тұруы қажет.
Курстың теориялық бөлімі оқушыларда алгоритмдік мәдениеттіліктің қалыптасуына, яғни есептерді талдау дағдысы, орындау алгоритмі, алгоритм құрылымы, шама түрлері және т.б. ұғымдармен танысуға бағытталған болса, ал курстың практикалық бөлімі дайын программалар пакетімен жұмыс жасауға және нақтылы бір программалау тілдерінде (Бейсик, Паскаль және т.б.) программа жазу дағдысын қалыптастыруға бағытталғаны жөн.
Бұл аталған тұжырымдамада информатика пәнінің даму болашағы бірнеше кезеңдерге бөлінген:
1-кезең (1985-1990жж.). Оқушыларда компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру. Бұл кезең 9-10 сыныптарда факультативтік сабақтарда және оқу-өндірістік комбинаттарында пәнді оқыту арқылы жүзеге асырылады.
2-кезең (1990-1995жж.). Толық емес орта мектептердің 5-7 сыныптарына пәнді оқытуды көшірумен байланыстырылады. Информатиканы төмеңгі сыныпқа көшірудегі қажетті шарт, ол мектептерді жаппай компьютерлік техникамен және сәйкес программалар пакетімен қамсыздандыруға байланысты болды.
Жоғарғы сыныптарда(10-11) оқыту белгілі бір бағдарланған бағытта (физика-математика, химия-биология және т.б.) жүретін болғандықтан бұл сатыда оқушылардың таңдап алуына тереңдетілген курстарды өткізу қажет болды. Атап айтқанда, «ИЕТН» пәнінен ұйымдастырылған тереңдетілген курстардан оқушы программалаушы (белгілі бір дәрежедегі) кепілдемесімен, «Информатика және экономика элементтері» курсынан экономика жөнінде білім алуы тиіс. Оқытудың осы сатысында тереңдетіліп оқытылатын математика және физика курстары да информатикамен тығыз байланыстырылуы қажет.
3-кезең (1995-2007жж.). Бұл кезең жаңа ақпараттық технологияны пайдаланумен байланысты. Мұнда жай оқыту әдістемесін өзгертумен емес, бүкіл оқу үрдісін түбегейлі қайта құрумен сипатталады. Сонымен бірге, оқытудың әдістемелік жүйесіне елеулі өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, оқулық пен қосымша оқу құралдарыың және т.б. өзара үлестік қатынасы мәселесін маңызды етіп алды.
А.А.Кузнецовтың жасаған тұжырымдамасында төмендегідей мәселелер:
1.Пәнді орта буыннан бастап оқыту;
2.Пәнді тереңдетіп оқыту;
3.Пәнді экономика, математика, физика және т.б. басқа пәндермен байланыстырып оқыту;
4.Оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны пайдалану тиімділігін анықтай отырып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды түбегейлі қайта құру және т.б. сипатталады.
Бірақ, тұжырымдаманың мазмұнына үңіліп қарайтын болсақ, онда білім беруді ізгілендіру мен демократияландыруда, саралауда информатика курсын оқытудың мазмұнын, құрылымын және әдістерін қайта құру мәселесі қарастырылмаған.
М.П.Лапчик тұжырымдамасында информатика пәнін оқытудың құрылымы мен болашақ осы курстың мұғалімдерін жоғары оқу орындарында даярлаудың үлгілері келтірілген.
Бұл тұжырымдама бойынша мектепте «ИЕТН» пәнін оқытудың құрылымы төмендегі көрсетілген кезеңдерден тұрады:
1-кезең. 1-4 сынып оқушыларына информатика курсының алғашқы мағлұматтарын үйрету. Мұнда компьютерлік техникамен жұмыс жасаудың алғашқы мағлұматтары, ЭЕМ-ның көмегімен нысандарды басқару мен бейнелеуді ойын түрінде үйрету, математика, тіл, бейнелеу және т.б. пәндермен байланыстыра отырып, қарастырылады.
2-кезең. Негізгі мектептің 5-9 сыныптарында информатика пәнін оқыту. Бұл кезеңнің 5-6 сыныптарында компьютерлік техниканы оқу құралы ретінде қарастыра отырып, атқарушылармен – Роботпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.7-9 сыныптарда программалау элементтері курсы жүргізілді. Мұнда информатика курсының қоғамдағы әлеуметтік аспектілері: ақпараттарды мемлекеттің қызметтеріне сәйкестендіріп, түрлендіру, компьютерге құқық бұзушылар тізімін енгізу және т.б. Осы кезенде информатика курсын оқытудың негізгі міндеті – бұл компьютерлік техниканы барлық пәндердің оқытылуына пайдалана отырып, оқушылардың білімін жүйелеу.
3-кезең. Орта мектептерде 10-11 сыныптарында «ИЕТН» пәнін оқыту. Бұл кезеңде оқушыларға жоғарғы дәрежедегі программалау тілдері үйретіледі. Қоғамның қажеттілігіне байланысты қуатты программалық құралдары пайдаланылған: экономикада, бизнесте және коммерцияда, мемлекеттік қамсыздандыру жүйелерінде, әлеуметтік салаларда және т.б.
И.П.Лапчик информатика пәнін оқытудың құрылымын ұсына отырып, пәнді оқушыларға жан-жақты меңгерту негізінде мұғалімдерден төмендегідей мәселелерді оқыту барысында жүзеге асыруды талап етті:
а) қазіргі талапқа сай информатика курсынан терең білімі бар жоғарғы дәрежелі маман болу;
ә) жаңа педагогикалық технологияны информатиканы оқытуға пайдалану. Бұл көрсетілген талаптар уақыттың өзгеруінен туындап отыр.
И.П.Лапчик жасаған тұжырымдаманың негізгі мақсаты – ол «ИЕТН» пәнін оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз мамандығын терең білетін мұғалімдерді дайындау. Бұл өте орынды көтерілген мәселе. Ұсынылып отырған тұжырымдаманың басқа жоғарыда айтылған тұжырымдамалардан ерекшелігі де осында болып отыр.
Сонымен орта мектепте информатикадан үздіксіз білімберу мақсатында оны оқыту төменгі сатыларға түсірілді. 11-жылдық мектепте информатиканы оқытудың жаңа мақсатын жүзеге асыру үш кезеңде қамтиды:
* Бірінші кезең (І-VI) – препедевтикалық. Бұл кезеңде оқушылардың компьютермен алғаш танысады, ойын бағдарламаларын және қарапайым компьютерлік жаттықтырушыларды математика, физикада және т.б. сабақтарында қолдануда ақпараттық мәдениеттің алғашқы элементтері қалыптасады.
* Екінші кезең (VII-IX)- негізгі курс, информатикадан оқушылардың міндетті, жалпы білім берудің міндетті дайындықтарын қамтамасыз етеді. Ол оқушылардың есептерді шешудегі ақпараттық технологияның әдіс-тәсілдерін меңгеруге, кәсіптік, оқу әдістеріне компьютерді тәртіпті және саналы қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
* Үшінші кезең (X-XI)- оқушыларды информатика саласында қызығушылығына байланысты және кәсіптік дайындық бағыттары көлем бойынша кәсіптік сараланған оқыту ретінде білімнің жалғасуы.
Бақылау сұрақтары
А.А.Кузнецовтың тұжырымдамасы бойынша информатика пәнінің даму болашағы
неше кезеңге бөлінген?
И.П.Лапчик жасаған тұжырымдаманың негізгі мақсаты
Негізгі әдебиеттер: [1,2, 3, 4, 5, 6, 12, 14, 16]
Қосымша әдебиеттер: [22, 30, 32]
6-ДӘРІС.
Тақырыбы: Бастауыш мектептегі информатиканың кіріктіріліп
оқытылуы. Бастауыш мектепте информатиканың кіріктіріліп
оқытылудың қажеттілігі. Оның мақсаттары мен міндеттері.
Мақсаты: Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен оның элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды қарастыру.
Орта мектепте информатиканың жеке пән ретінде оқытылуы, көптеген педагогикалық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне мүмкіндік береді. Информатиканың бүгінгі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, ғылыми зерттеулердің ішінен С.Пейперт, Ж.Пиаже, Ю.Первин, Е.Коган, О.А.Красноперова, А. Витухновская мен А.Семенованың және отандық ғалымдарымыздан Е.Бидайбеков пен Ж.Қараевтың тұжырымдарымен Қ.Әбдиев, Ж.Сардарова және Г.Абдукаримованың зерттеу жұмыстары бастауыш мектептерде информатика элементтерін пайдаланудың теориялық негізі бола алады.
Алайда, бұл зерттелген жұмыстарда бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру жөніндегі мәселелер жеткілікті дәрежеде зертелген жоқ.
Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларына информатиканың алғашқы түсініктері мен ұғымдарын беру, сонымен қатар басқа пәндерді оқып үйренуде пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы қажет болатын біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық қоғамда қызмет етуге дайындауды осы кезеңнен бастау қажеттілігі маңызды болып отыр.
Мұндай келелі мәселелерді шешу, бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруды теориялық, психологиялық және педагогикалық жағынан негіздеуді қажет етеді. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнаралық баланыс негізінде бастауыш мектепте оқытудың қажеттілігі мен оны оқу үрдісінде жүргізуге тиімді оқу-әдістемелік құралдардын, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қарама-қайшылық бар. Осы қарама-қайшылықтан, бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды енгізу арқылы оқушыларда алғашқы білім, іскерлік, дағдыларды қалай қалыптастыруға және оның қандай теориялық, психологиялық-педагогикалық алғы шарттарын анықтауға болады? - деген зерттеу мәселесі туындайды.
Бүгінгі күні дидактикада оқыту әдістерін талдап, іріктеудің түрліше байқаулары өтіп жатыр. Оқыту әдістерін талдап ретке келтіру белгілі бір әдістерді жүйеге келтіру заңдылықтарын және ортақ сипаттамалары мен ерекшеліктерін ашуда үлкен маңызды рөль атқарады.
Бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту әдістеріне келер болсақ, төмендегі мәселелер туындайды:
- әрбір пәндер бойынша жүргізілетін оқу материалын оқушылардың санасына қалай жеткізу керек?
- балалар білімді, іскерлік пен дағдыларды игеруі үшін, олардың белсенді танымдылық қызметін қалай ояту керек?
- оқушылардың оқуға қызығушылығын тудырып, олардың білімді болуына қалай көмектесу керек?
- ынтасы бар мен ынтасы жоқ балаларды қалай оқыту керек?
Дәл бүгінгі күні ғылыми-техникалық үрдістің жоғары дәрежеде дамуы, оқытудың жаңаша, тиімді әдістерін іздестіруді талап етуде. Оқыту әдістері дегеніміз – бұл оқыту міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың біріккен іс- әрекеттерінің жүзеге асу тәсілдері. Оның негізгі атқаратын қызметі, білімдерді жай бере салу емес, мектеп оқушысының танымдық қабілеттерін қалыптастыру мен сабаққа деген ынтасын ояту болып табылады.
Оқыту әдістерінің құрылымы - бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың әдістемесіне қатысты анықталды. Әдістемені жаңарту барысында, оқыту құралдарының алатын орны ерекше. Ал, біздің оқыту әдістемемізге қолданылатын негізгі техникалық құрал – компьютерлік техника болып есептеледі.
Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізді. Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, өздік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге, зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденді.
Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды жүзеге асыру, оқушылардың информатика элементтерін оқып үйрену бойынша алған алғашқы білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және олардың сауат ашу, әліппе, ана тілі, қазақ тілі, математика мен бейнелеу өнері пәндерінен алған білімдерін нақтылап бекітуге мүмкіндіктер туғызды.
Информатика элементтерін пәнаралық байланыстар негізінде оқытуды орта мектептің жалпы білім беретін пәндеріне пайдалана отырып, оқушылардың екі жақты пәндерден алатын білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын жетілдіру бағытында дамытуға болады.
Информатиканы оқыту әдістемесінде математика мен информатика курстары арасында пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Информатика мен математика үшін жалпы ұғымдар: ақпараттар теориясы, шамалар, графиктер және функциялар болып табылады.
Пәнаралық байланыс жүзеге асыруда дидактиканың негізгі принциптеріне сүйену қажет. Оқыту үрдісінде өзге пәндермен пәнаралық байланысты негізге ала отырып, информатиканы оқыту әдістемесінде дидактикалық принциптер қарастырып отыру керек. Олар барлық пәндермен өзара тығыз байланысуда жалпыға бірдейлік қасиеті арқылы өз кезегінде жалпы дидактиканы өзінің негізгі категорияларымен байыта түседі.
Пәнаралық байланыстың әр алуандығын толық ашып зерттеу-бұл күрделі мәселе. Біздің міндетіміз: білім берудің негізін қалауда және оқу пәндерінің өзара байланысуының пегізгі бағытын белгілеп қоюдағы байланыстарды орнықтырудың үлкен мүмкіндіктерін көрсету.
Информатика пәнiн бастауыш сыныптан бастап оқытудың ғылыми-теориялық негiзi елімізде зерттелiп жатыр. Бастауыш бiлiм жүйесiнде информатика элементтерiн пәнаралық байланыс негiзiнде оқыту бағдарламасының жобасы жасалып, оны оқытудың әдiстемесi берiлсе, онда бастауыш сынып оқушыларының бiлiмi, iскерлiгi, дағдысы мен логикалық ойлау қабiлеттерi жоғары деңгейде дамып, оқу үрдісiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған.
Ақпараттық технологияның жеделдетiп дамуына байланысты информатиканың мазмұны үзiлiссiз өзгерiп отырады. Сондықтан информатиканың курсын оқыту үрдісiн төменгi сыныптан бастаған тиiмдi екендiгi ғылыми-теориялық және практикалық жағынан негiзделген болатын. Олай болса, болашақта бiлiм стандарттарының мазмұнына информатиканы 1 сыныптан бастап оқыту мазмұны енгiзiлуi қажет.
Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информациялық үрдістер мен факторлардың фундаментальды ролін мойындау болып табылады.
Информатика ЭЕМ-ның көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудің әдісі тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ-нің көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау информатиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі есептегіш техникалар – оның материалдық базасы.
«Ғылымның объектісі» және оның тақырыбы ұғымдарының айырмашылықтары туралы дәл түсінік кез келген ғылымның мағынасын ашу үшін өте маңызды. Объект дегеніміз зерттеушінің іс-әрекеті бағытталған шын өмірдегі бір облыс, ал тақырып оны зерттеу объектісімен байланыстыратын буын. Сондықтан «ғылымның тақырыбы» ұғымы «ғылымның объектісі» ұғымымен бірдей емес, ол танымның объективті және субъективті жақтарының диалектикалық бірлігін көрсетеді. Әр ғылымның өкілдері бір объектіні әр қырынан көреді, әртүрлі міндеттер тұрғысынан қарайды. Оқыту әдіскердің де, психолог және кибернетиктердің де зерттеу объектісі бола алады. Олардың әрқайсысы бұл объектіден өзіне тән нәрсені ғана ажыратады, зерттеу нәтижелерін өздерінше түсіндіреді. Басқаша айтқанда олардың әрқайсысы өз тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Мамандардың бәрі бір сабаққа келіп, әрқайсысы өз ғылымы тұрғысынан талдайды. Дидакт мұғалімнің қандай жалпы принциптерді жүзеге асырғандығын ойлайды; әдіскер оқыту әдістері мен сабақ материалының осы пәнді мектепте оқытудың міндеттері сәйкес болуына назар аударады. Психологты ерекше қызықтыратыны оқушылардың сабақты ұғынуы, ұғынудың жалпы заңдылықтарының көрінуі, ал кибернетикке оқыту тура және кері байланысы бар басқару жүйесі болып көрінеді.
Мектеп информатикасы программалық қамтамасыз етуді зерттейтін сала ретінде анықталады. Мектеп информатикасын программалық қамтамасыз ету орта мектептің информациялық басқару және оқыту жүйелерін қамтиды, оның құрамында осы жүйелерді жобалауға арналған сериялық құралдар бар. Мектеп информатикасын оқу әдістемелік жағынан қамтамасыз ету үшін ол курс бойынша оқу программалары, әдістемелік құралдар, оқулықтар жасалуы қажет.
Мектеп информатикасының келесі бесінші саласы – оны психологиялық – педагогикалық қамтамасыз ету, ол өзінің маңыздылығына байланысты алғашқы болып қарастырылатын мәселеге жатады. Қазіргі ЭЕМ-нің мектептегі оқу тәрбие үрдісіне енгізілуі компьютерлендірудің барлық проблемасын шеше алмайтыны анық. ЖИТ – ны пайдалану жағдайында оқу үрдісін тиімді және өз мақсатына жете алатындай етіп ұйымдастыру үшін бірқатар педагогикалық, психологиялық проблемаларды шешу қажет. Осыған байланысты педагогиканың, психологияның және дидактиканың дәстүрлі қағидалары қосымша зерттеуді талап етеді. Бұл жерде оқытуды компьютерлендірудің екі түрлі негізгі бағыты бар екенін ескеру қажет, олар компьютер оқу объектісі және компьютер оқу құралы ретінде.
Информатиканы орта мектепте оқыту жөнінде қалыптасқан әртүрлі көзқарастар бар. Мектептегі информация курсының мазмұны мен әдістемелік ерекшеліктері мынадай:
Мектептегі «Информатика» курсының мазмұны «информация – алгоритм - ЭЕМ» деген үш іргелі ұғымға негізделеді. Ол бір жағынан пәннің информатика ғылымымен байланысын қамтамасыз етсе, екінші жағынан оқушылардың теориялық дайындық деңгейін меңгеруі үшін беріледі.
«Информатика» курсының маңызды ерекшелігі оның басқа пәндермен тығыз байланысы.
Информатиканы орта бiлiм беру жүйесiнде оқытудың мақсаттары:
оқушыларға ақпараттарды беру, өңдеу, сақтау, жеткiзу және оны қолдану үрдістерi туралы бiлiмдердi меңгерту, басқаша айтқанда, оқушыны ақпараттық бiлiммен қаруландыру;
оқушылардың оқу үрдісiнде компьютерлiк техниканы өзiндiк даму мен оны iске асыру құралы ретiнде, сонымен қатар, кәсiптiк қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
оқушының логикалық-құрылымдық және алгоритмдiк-шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту, ынта-ықыластары мен шығармашылық бейiмдiлiктерiн қалыптастыру.
Аталған мақсаттардан төмендегi мiндеттер анықталынады:
информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мазмұнын анықтау;
информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың оқу бағдарламасын жасақтау;
информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың әдiстемелiк жүйесiн жасақтау.
“Информатика” пәнi бойынша дайындалған стандарт бiлiм берудiң сәйкес сатысының базистiк оқу жоспарымен, бiлiм беру ұйымдарының типтiк оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешендi түрде қолданылады.
“Информатика” оқу пәнiнiң базалық мазмұны (БМ) – оқу пәнiнiң мектепте мiндеттi түрде оқытылуы тиiс және үздiксiз бiлiм берудiң келесi сатылары мен деңгейлерiнде информатиканы оқуды жалғастыру үшiн жеткiлiктi болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.
“Информатика” оқу пәнi бойынша бiлiм берудiң негiзгi бағдарламасы (БНБ) – оқу пәнiнiң мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негiздi қалыптастыруды, олардың ойлау қабiлетiн дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертудi және оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.
“Информатика” оқу пәнi бойынша бағдарлы бiлiм беру бағдарламасы (БББ) – “Информатика” оқу пәнiнiң мазмұнын анықтайтын, пәндi тереңдетiп, бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететiн, оқушыларды кәсiби даярлау бағытына қарай көлемi мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.
“Информатика” оқу пәнi бойынша қосымша бiлiм беру бағдарламасы (ҚББ) – мемлекеттiк стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәнi бойынша бiлiмге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтiк немесе арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы ережелер:
Информатика пәнiн оқытудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi төмендегiдей:
оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негiзiн қалыптастыру;
оқушылардың ойлау қабiлетiн дамыту;
оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды меңгерту;
оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлау;
информатика ғылымының негiзiн қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бiрi болып есептелiнетiн, қазiргi таңдағы әлем бейнесiн құрудың негiзiн құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;
қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдiстердi, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;
қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ролiн анықтау, қоғамның ақпараттық сатыға өту кезеңiнде адам еңбегiнiң мазмұны мен сипаттамасын өзгерту;
оқушылардың теориялық, шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту;
тиiмдi шешiмдер таңдай бiлуге бағытталған, оперативтi ойлау деп аталатын жаңаша ойлай бiлудi қалыптастыру;
ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында бiлiм, бiлiк және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;
оқушыларды ақпараттық бiрлiктермен қамтамасыз ететiн бiлiмдермен қаруландыру;
оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетiн қалыптастыру.
“Информатика” пәнiн зерттеу объектiлерi:
ақпарат;
ақпараттық ресурстар;
ақпараттық үрдiстер;
ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.
“Информатика” пәнiнiң даму болашағы мына көрiнiстерге байланысты:
пәннiң жалпы бiлiмдiк, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, атап айтқанда:
оқушыларға формальдау, модельдеу және компьютерлiк тәжiрибе әдiстерiн меңгерту;
тиiмдi шешiмдердi таңдай бiлуге бағытталған оперативтi ойлау қабiлетiн дамыту.
информатиканың ғылыми пән ретiнде қалыптасуы, атап айтқанда, әлеуметтiк, экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика және т.б.
“Информатика” пәнiнiң даму бағыттары:
Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерiн зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдiстерiнiң өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлi ақпараттық орталарда ақпараттық үрдiстердi жүзеге асырудың негiзгi заңдылықтарын зерттеу мәселелерi қарастырылады.
Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердiң, микропроцесорлардың есептеу қызметiнiң мүмкiндiктерi және аймақтық желiлер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтерi туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлi ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкiндiктерiн одан әрi жетiлдiру бағытында ақпараттық технологиялардың даму мәселелерiн қарастырумен жалғасады.
Әлеуметтiк информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялардың қазiргi қоғамдағы алатын орны, ақпарат пен және программалық өнiмдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауiпсiздiгi төңiрегiндегi мәселелер қарастырылады.
“Информатика” оқу пәнi бойынша оқушылардың мiндеттi дайындық деңгейiне қойылатын талаптар мектептiң әр түрлi сатысында берiлетiн оқу мазмұнына сәйкес берiлген. Сатылар негiзгi, жоғарғы (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық) деп қарастырылған. Аталған сатыларға сәйкес берiлген мазмұндық желiлер бойынша оқушының мiндетi дайындық деңгейiне қойылатын талаптар анықталған.
“Информатика” оқу пәнi бойынша оқу үрдісiн ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған: оқыту үрдісiн мамандармен қамтамасыз ету; оқыту үрдісiн оқу-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету; материалдық-техникамен базамен қамтамасыз ету.
Бақылау сұрақтары
1. Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту негіздері.
2. Информатиканың орта мектептегі оқу пәні ретіндегі маңызы.
3. Информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың мақсаттары қандай?
4. Информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың міндеттерін сипатта.
5. “Информатика” пәнiнiң зерттеу объектiлерiне талдау жаса.
6. Информатика пәнінің даму бағыттары мен болашағы.
7. “Информатика” пәнi бойынша оқу үрдісiн ұйымдастыру жолдары қандай?
Негізгі әдебиеттер: [2, 4, 5, 6]
Қосымша әдебиеттер: [27, 29, 33]
7-ДӘРІС.
Тақырыбы: Мектептің информатика курсы бойынша негізгі
бағдарламаларға талдау жасау
Мақсаты: Оқыту құралдары жүйесiндегі пән оқулығының маңызды орны,
орта мектептегі информатика оқулықтарын мазмұны бойынша
салыстыру.
1.Мектептегі алғашқы информатика оқулығының авторлары А.П.Ершов, В.М.Монахов болып табылады. Оқулық «информатика және есептегiш техника негiздерi» деген атпен әдістемелiк құралымен бірге 1985 жылы жарық көрді.
Авторлардың тұжырымдамасы бойынша «информатика ЭЕМ-ның көмегімен информацияны өңдеу мен таратудың қарапайым әдістерін қарастыратын ғылым» ретінде түсіндіріледі.
Оқыту мақсаты алгоритмдiк мәдениет пән компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады. Алгоритмдiк мәдениет дегенiмiз-алгоритмдi құру, түсіну және атқару iскерлігі арқылы бейнеленетiн ойлау мәдениетi. Сол кездегi компьютердiң жетiспеyшiлiгiне байланысты мектептiк алгоритмдiк тiлдің (МАТ) алғашқы нұсқалары адам атқарушыға бағытталды.
Алгоритмдiк мәдениет ойлаудың анықталған қасиетi ретiнде компьютерлiк сауаттылықтың бөлiгi болып табылды. Алгоритмдiк ойлау компьютердi меңгеруден бұрын математиканы оқу барысында қалыптаса бастады.
Компьютерлiк сауаттылықты А.П.Ершовтың "программалау - екiншi сауаттылық'', - деген метафорасы негiзiнде aнықтayғa болады.
Алгоритмдiк мәдениеттi қалыпастыру үшiн машинаға тәуелсiз оқу тiлi (МAT) қажет.
Оқулыққа талдау оқулыққa алдымен алгоритмге анықтама және атқарушы ұғымына түсiнiктеме берiледi, бірақ ары қарай "атқарушы" сөзi кездеспейдi деуге болады. Атқарушының дидактикалық мүмкiндiктерi кейіннен түсiндiрiледi. Информация ұғымы да талқыланбайды. Алгоритмдеуге арналған алғашқы есеп «атқарушы» математика курсынан алынған. Блок-схемалар құрама командаларды түсiндiру тәсiлi ретiнде пайдаланады.
Шамалар ұғымы өте кеңейтiлiп берiлген (графикалық, текстік шамалар). Шама туралы дәстүрлi болжам санмен мөлшермен байланысты. ЭЕМ-сiз сандық алгоритмдерді атқару үрдісiн бейнелеу үшін алгоритмді атқару кестесі ұсынылған.
Кестелiк шамалар "әзір" қайталану командасымен өңделеді. "Yшін " қайталану командасы кейiнiрек кiтаптың екінші бөлімінде енгізіледі. Графикалық информациямен жұмыс істеу оқулықтың бiрiнші бөлiмiнiң соңында берілген.
«Физика және математика курстарынан есептер шығаруға алгоритмдер құру» бөлімі егжей-тегжейлі талданған. Бұл жерде информатика есептері сандық шешуге қажетті математикалық аппаратты жеңiлдетедi. Сондай-ақ тiптi жоғарғы оқу орындарында қарастырылмаған есептердi шығaруына мүмкiндiк бередi.
Оқулықтың eкiншi бөлімі бiрiншi бөлiмнiң толықтырылып, дамуы icпeттi. "ЭЕМ-нiң құрылымы" тақырыбы толық баяндaлған. Кiтапты дайындау кезiнде барлық мектеп жаппай ДВҚ УКНҢ, ЭЕМ-iне кету жоспарында болды. Соған бaйланысты, 16-разрядты микроүрдіссор (МП) қарастырылды. Авторлар микрокалькулятордың (МК) пайдаланылуына сын көзбен қарады. Өйткенi ЭЕМ-нің тапшылығына байланысты информатиканы МК-ды пайдаланып оқыту қаyпi болды, авторлар, мұны болдырмау қажеттiлiгiн өз мақалаларында бiрнеше рет атап көсетті.
Оқулықтың eкiншi бөлiмiнде МАТ құралына параметрлi қайталану командасы, тандау командасы, aлгоритм функция, литерлiк шамалар қосылған. Дегенмен, практика бұл толықтырыуларды бiрiншi бөлiмнiң сәйкес тақырыптарымен бірге өтуге болатынын көрсетті, тандауды –тармақталумен "үшiн" Қайталануын кестелiк шамалармен және т.б .
Рапира тілі жөнінде мәлiмет берiлген. Сондай-ақ авторлар бұл тiлдi басқа ЭЕМ-ге көшіруді болжаған. Сондықтан Бейсик тiлi жөнiнде аз мағлұмат берiлген бірақ тiлдiң бөлiгi МАТ-мен параллель қарастырыған МАТ-дің командаларымен салыстырып үйрету тәсiлi кеңінен қолданылған.
«Қайталауға арналған жаттығулар» бөлімінде 40 есеп келтірілген олардың кейбiр бөлiгi олимпиадаға дайындалуға арналған есептермен бара бар. Тұтасымен алғанда, бұл оқулық "информатика" оқулықтарының толық сипаттап көpсeттi, кейiнгi оқу құралдарында ескерілетін педагогикалық – тәжiрибенi талдауға мүмкіндік берді. Оқулықтың мұғалiмдерге арналған кітабы «информатиканы оқыту әдicтемесінің» қалыптасуында үлкен роль атқарды. Ол сабаққа әдістемелік нұсқаулармен қатар, информатиканың негiзгi мәселелері авторлардың көзқарасы мен мақсатын ашып берді. Сондай-ақ, мұғалімдердің машинамен және машинасыз оқыту тәсiлiне материалды іріктеп, өтуіне бағдар бepдi.
А.П.Ершовтың салған аса маңызды педогогикaлық тәсiлi- материалды өтудің циклдық тәсiлi оның информатикаға тең материалды баяндаyға аса күштi пәнiшiлiк байланысы бар жалпы дидактикалық бірiздiлiк принцiпiнiң жүзеге асырыуы peтiндe түciнyгe болады .
2. А.Г.Кушниренко, Г.В.Лебедев, Р.А.Сворень және т.б. зерттеушiлер тобы А..П.Ершов көрсеткен информатиканы оқыту бағытын жaлғастырды. Авторлар тұжырымдамасы бойынша, информатика-физика мен математика тәрiздi мектептегi iргелi оқу пәнi. Оның негізгі мақсаты- алгоритмдеу іскерлігін қалыптастыру. Сондықтан курс, типтi мектеп толығымен ЕТ-мен толық жабдықталған жағдайдың өзiнде компьютердi пайдаланyшыларды дайындауға бағытталмауы тиіc алгоритмдік ойлау кoмпoнeнт компьютерсiз де қалыптасады. МАТ-Бейсик Паскаль тәрiздi тiлдердiң ағылшындық лексикасын жоюға мүмкiндiк бередi, оқушылардың назары eceпті алгоритмдеуге аударылады.
Мектепте бip ғана тiл алгортимдік тiл болуы тиіс. Е-практикум- толық программалау жүйесiне дейiн кеңейтілуі қажет. Tiптi "алгоритмдеу" мен "программалау" бөлімдерін бөлуге болмайды деп есептейдi.
«Информация», «алгоритм» ұғымдарымен салыстырғанда "атқарушы" ұғымы аса маңызды ұғым болып табылады. Оның модульдiк және обьектiлi-бағдарланған программалуға тiкелей ұқсастығы бар.
Курс логикалық тұйықталып, аяқталған болуы тиic. Мысалы, МАТ құралдары атқарушылардың компьютерлiк моделі қалай құрылғанын ашуы тиіс.
Оқулыққа талдау. Кiріспеден информатиканың үш негізгі ұғымдарына-информация алгоритм, атқарушы-жеткілікті түсініктеме берілген. Алгоритмдiк тiл бiрден «Торкөз алаңындағы Роботтың жұмысынан» басталады. Келесі бөлімде аргументсіз көмекші алгоритмдер беріледі. МАТ-дің барлық құралдары графикалық алгоритмдермен енгізіледі.
Меншіктеу командасы толығымен графикалық образдар арқылы түсіндіріледі. «Циклдік алгоритмдерді құру» тақырыбы аса күрделі мәселелермен ерекшеленеді. Сондай-ақ «циклдың инварианттылығы», «рекурсия» ұғымдары қарастырылады. «Қайталауға арналған есептер» тарауында Ершов А.П., Монахов В.М. оқулығындағы есептер жиынтығы қайта қарастырылып, кеңейтілген.
«ЭЕМ-ның құрылымы» тақырыбы жеңілдетілген. Машиналық команданың мәнін түсіндіру үшін МАТ кеңінен пайдаланылады. Регистрлардың орнына оперативті зердемен қарапайым жұмыс қарастырылады. «ЭЕМ-нің қолданылуы» тарауы өзгеше жазылған. Өзекті ұғымдық аппараты алгоритмдік тіл болып табылады. Оның көмегімен әртүрлі объектілердің информациялық моделі құрылады. (квадрат, робот). ЭЕМ-нің қолданылуында әр түрлі есептер қарастырылып, барлық жағдайда алгоритмі келтіріледі.
Мәліметтер қоры мен белгілі редакторлар жөнінде нақты мағлұмат келтірілмеген.
МАТ-ге өзгерістер енгізілген:
дәстүрлері МАТ-де өзгертілген түрі:
әзір <шарт> цб әзір <шарт>
цб серия
серия цб
үшін... цб үшін...
цб
серия серия
цс цс
Сонымен қатар, алгоритмнің тақырыбына параметрлер жөніндегі барлық информация әкелінген. Бұл тек экранды немесе тақтаны үнемдеп қана қоймайды, сондай-ақ QBASE-тің do while …end do командаларына, Паскальдың while …do командаларына жақындатуға ұмытылған.
дәстүрлі МАТ-де: өзгертілген түрі:
алг ЕҮОБ (бүт А, В, С) алг ЕҮОБ (арг А, В, нәт бүт С)
арг А,В
нәт С
Бұл да тек орынды үнемдеп қоймайды, сонымен қатар, мұндай жазу стандартты СИ тілінде де бар, соған жақындатылған. Бер, тап қызметші сөздері пайда болған, бұл физика курсы есептерінің шартын жазуға ұқсас.
Сондай-ақ, символдық тип енгізілген. цб N рет қайталану да беріледі. Бұл циклдің қарапайым командасы.
Енгізу-шығару командаларының пайда болуы атқарушы тек адам ғана емес, терминологияға да өзгеріс енгізілген.
МАТ-дің орнына атқарушысымен бірге программалау жүйесі ретінде түсінілетін жүйе енгізіледі, ол КУМИР деп аталды.
Мұғалімге арналған құрал авторлардың көзқарасын айқындай түседі, «Алгоритмдік тіл» тарауының барлық есептерінің түсіндірмесі мен шешімі келтірілген. ЭЕМ-нің құрылымы мен ЭЕМ-ның қолданылуы атты тарауларда барынша түсініктеме берілген.
3. В.А.Қаймин, В.А.Щеголев, Е.А.Ерохина, Д.П.Федюшин. 10-11-кластарға арналған «Информатика және есептегіш техника негіздері» оқулығын жазды. Бұл оқулық 1987-88 жылғы информатика оқулықтары бойынша жарияланған конкурстың жүлдегері. Оқулық жоғарғы мектепке дейінгі деңгейді қамтиды, авторлардың тұжырымдамасы бойынша, компьютерлік сауаттылық ЭЕМ-ның көмегімен информацияны іздеу, жазу, оқу, сурет салу іскерліктерімен шектелуі тиіс, оған программалау кірмеу қажет. Информациялық мәдениет дегеніміз – ЭЕМ-нің көмегімен информацияны іздеу, алу, жинақтау, өңдеу, тарату іскерлігі, ЭЕМ-ды пайдалана отырып өзінің ойын білдіру, басқа адамдармен қарым-қатынас жасап, бірлесе еңбек ету іскерлігі болып табылады. Алгоритмдеу де бұған кірмейді, мектептегі математика мен информатика логиканың элементтерінің болмауы-аса үлкен тосқауыл, сондықтан мұндай олқылықтың орнын толтыру үшін Пролог тілі оқытылуы қажет. Мамандарды дайындауда информатика негiздерiн оқытудың негiзi - математиканы терең оқытып оқyшылардың алторитмдiк емес, конструктивтi логикалық ойлауын дамыту болып есептеледi.
Программалар оқушылар ұжымымен -жасалып, компьютерсiз орындалып, қaтеci табылуы тиic.
8-ДӘРІС.
Тақырыбы: Мектептің информатика курсы бойынша оқулықтарға талдау жасау
Мақсаты: Оқыту құралдары жүйесiндегі пән оқулығының маңызды орны,
орта мектептегі информатика оқулықтарын мазмұны бойынша
салыстыру.
Оқулыққа талдау. Бул оқулықтың мазмұны оқу пәні pетiндe информатиканың барлық бөлiмiнің мазмұнын толық ашады, бөлiмдердің бiрiнен соң бiрiнің, орналасу логикасы өте орынды.
Оқулықта информатикaға кiрiспеден кейін дайын программалық құралдарымен жұмыc ұcынылады. Алынған тәжiрибенің негiзiнде алгоритмдеу негіздерi берiледi. Информатиканың негiзi де ашылып көрсетiлген: алторитмің дұрыстығын талдау, информациялық және логикалық есептер. ЭЕМ-нің құрылымы математикалық логиканың кeңiнен енгiзiлyiмен түсiндiрiледi. Алгоритмдi бейнелеудiң бес тәсiлi келтiрiлген.
Авторлар тобы кейiнен 8-11 сыныптарға арналған эксперименттiк программа жасады, - ол eдәуір деңгейде логикалық программалаyға бағдарланды. Бұған графикалық тұрғызуларды, суреттің бөлiгiмен Прологтың нақтылауларын салыстыру тәсiлiн пайдалану тән. Ең соңында, егер мұқият ойластырылған тест қанағаттандырылса, ондa оқыту алгоритмi дұрыс болады.
4. А. Г.Гейн, Е,В.Линецкий, М.А.Сапир,М.Ф.Шолохович алдыңғы оқулықтың негiзiнде 8-9-кластарға арналган информатика оқулығын жазды. Авторлардың тұжырымдамасы бойынша, компьютер дегеніміз-әртүрлi iс-әрекетке пайдаланылатын жұмыс құралы. Сондықтан курстың негiзгi мақсаты ЭЕМ-нiң көмегімен есеп шығарyға үйрету. Есеп толық қарастырылуы тиіс: есептiң қойылысы мен ЭЕМ-нен алынған нәтижені талдауға дейін. Сондықтан, төмендегідей үш технологияны оқыту қажет: есептiң моделін құру, ЭЕМ-нің программалық қамтамасыз етілуін пайдалану.
Курс төмендегідей бөлімдерге бөлiнеді:
1) ЭЕМ-мен танысу;
2) есеп шығару кезеңдері жайлы түсініқ
3) алгоритмдеу;
4)программалау тiлдерiмен қоса программалық қамтамасыз етумен жұмыс.
Программалық қамтамасыз ету әдiстемелiк мақсатқа жетудi қамтамасыз eтeтiн, барынша қарапайым, oқyғa лайық болуы тиiс. Арнайы жасалған программалық құралдардың құрамы төмендегiдей: үш атқарушы (сызушы, Робот-манипулятор, есептегiш), негiзгi оқуды программалық қамтамасыз ету (информaциялық iздеу жүйесi, электрондық кесте (ЭК), Teкcтiк редактор, графикалық редактор, симплекс-метод программасы, микро ЭЕМ имитаторы.
МАТ-дегі жазу табиғи тiлге жақын болуы тиiс: қандай дa бiр ережемен шектелген жазуда негiзгi мәселенi түсiнбеуi мүмкiн. Атқарушылар-маңызды дидактикалық құрал. Логиканы үйрену алгоритмдеумен байланыссыз. ЭЕМ-ның логикалық негiздерi мектеп үшiн қүрделi, ал Пролог тiлi болашақта оқитын тiл болуы мүмкiн. Кәсіптiк дербес компьютерлер әдеттегi сабаққа жарамайды, oқyғa одан да қарапайым компьютерлер керек.
"Информатика және ЕТН" пәні информациялық моделдерді құру технологиясын үйрету үшiн қызмет етуі тиіc. Ал программалау тiлi программалық қамтамасыз етудің құрамдас бөлiгi peтiндe оқытылуы қажет. Аса маңызды мәселе тiлдiң түpi емес, тiлдi калай оқыту керек осы мәселеге коңiл аударылуы тиiс. Сондай-ақ, модельдеуде немесе программа жазуда дайын программалық құралдарды пайдалана бiлуге көңiл аударылуы тиic. Мұндағы негiзгi мәселе, нәтиже-модель, ал, құрал - Бейсик немесе ЭК-нiң ыңғайлысы таңдалынады.
Есептегіш техника негiздерi бөлiмiнде Фон Нейман принципімпен таныстыру жеткiлiктi. ЭЕМ-ның физикалық негіздері тақырыбы физика сабағында оқытылуы тиіс. Көрсетiлген технологияларды басқа пәндерді оқытуда пайдалануды көздей отырып, информатика негізгі мектепте оқытылуы тиic.
Компьютерлiк сауаттылық бастауыш кластарда берілуі тиіс.
Программалық-әдістемелік кешен: оқулықтан, мұғалімге арналған құралдан және программалық қамтамасыз етуден тұрады. Білім төмендегiдей үлгi бойынша қалыптасады: ұғымдардың мазмұнына оқушылардың өмірлік тәжірибемен байланысы тipeк болады, формальдау (бастапқы кезеңде, атқарушылар негiзiнде), есептердi шығару барысында демонстрациялау. Есеп шығаруда пайдаланылатын есептеу математикасының әдістері мектеп математикасынан барынша алыс болса да oқытyғa кipeдi. Бұл компьютермен қамтамасыз етiлетiн көрнекiлiктің жоғарғы деңгейiмен аяқталады. Барлық есептерде оны шығарудың негiзгi төрт түpi қамтылған:
1) алгоритмнің орындалу нәтижесiн көрсету;
2)алгоритмдегi қатeнi табу;
3) алгоритм құру;
4) математикaлық модель құру, алгоритм құру, программа жазу.
Есептер жүйелi түрде байланысқан: кейiнгi есепте алдыңғы есептің шешiмi пайдаланылады. Алғашында оқушылардың өздерi атқаратын алгоритмге қарапайым мысалдар келтiрiледi. Атқарушылардың командаларының шектеулi болатындығын түciндipy үшiн әртүрлi атқарушылар қарастырылады.
Оқулыққа талдау. Оқулық авторлар тұжырымдамасына толық сәйкес келедi. Жалпы алғанда бұл оқулықты А.Г.Кyшниренко бастаған топтың оқулығына қарама-қарсы бағытталған деуге болады. Егер ол оқулықта алгоритмдеу негiзгi мақсат ретiнде қарастырылатын болса, ал бұл оқулықта модельдеуге арналған есептердi шығаруға пайдаланатын құралдың ролiн атқарады. Егер ол оқулықта курстың басында математикалық eceптep берілмейтiн болса, бұл оқулықта басынан бастап, тіптi әрбiр есепте физика мен математикалық есептер кездеседi.
Оқушыға материал айтарлықтай түciнiктi болу үшiн алгоритмдеу едәуiр жеңiлдетiлген. Оқулықтағы пайдаланылатын атқарушылардың iшiнен "Есептегiш" жүйелi түрде ДЭЕМ -дi eсептeyден босатады, бiр жағынан алғанда қарапайым микрокалькулятор тәрiздi. Робот - манипулятор ортасы aвтомaттaндыpылғaн склад-стеллажға ұқсас, кестелік мәліметтерді өңдеудi жақсы бейнелейді.
Бейсик тiлiн үйренуде кестелiк мәлiметтердi өңдеу жақсы бейнеленеді. Толық емес құрамa команданы аудару шартты терістеудің көмегімен орындалады Ал, толық тармақталуды аудару кoмaндaлар сериясын алмастыру арқылы орындалады.
Сондай-ақ, оқулықта келтiрiлген есептi шифрлау мен оны шешуге арналған есептер өте қызықты. Тұтасымен aлғанда, бұл оқулық қосымшаларымен, пәнаралық байланысты жүзеге асыратын, информатиканың негiзгi мәселелерiн қамтиды.
Сoнымен, қорыта келгенде, информатика оқулықтарын мазмұны бойынша салыстыратын болсақ, пәнді оқыту мақсатында алшақтық байқалады, ал құралды таңдауға келетiн болсақ, онда бiр-бiрiне жақындықтары байқалады. Барлық оқулықтарда мектептiк алгоритмдiк тіл, программалық құралдар жиынтығы, алгоритмдеуге, модельдеуге, информацияны iздеуге есептер, математикалық логика элементтерi бар. Информатика пәнiн оқытyда оқулық талдау мәселесi - аса маңызды болып есептеледi.
Орта мектеп дидактикасында оқыту құралдары жүйесiнде пән оқулығы маңызды орын алатындығы аталып көрсетiлген. Одан кейiнгi оқу үрдісiн оқу-әдістемелiк қамтамасыз ету оқулықпен тығыз байланысты болады. Ол оқулықтың идеясьн түсiндiрiп, ұғымды кеңейтіп, дамытып, оқушыларда берiк бiлiмнiң, икемділіктің және дағдылардың қалыптасуындағы жалпы мақсатқа қызмет етуі тиіс.
Қазіргi уақытта орта мектептегi информатика курсына арналған бiрнеше оқулық бар екенін атап өттік. Бірақ, ол оқулықтардың бәрі Ресейлік ғалым-педагогтардың жазған оқулықтары. Біздің Республикамызда төл оқулық әлі жазылған жоқ. Аталған оқулықтың екеуі (Ершов А.П., Монахов В.М. және Ершов А.П., Л.П., Кушниренко оқулықтары) қазақшаға аударылған.
Бұл оқулықтармен қатар курсты оқу-әдicтемелiк қамтамасыз етудің құрамына мұғалімдер мен орта оқу орындарының оқушыларына арналған әдiстемелiк құралдар да жатады. Қазіргі уақытта информатика ғылымының мазмұнының өзгеріп, дамуына байланысты мұғалім мен оқушыға арналған бірқатар ғылыми және әдістемелік құралдар мен нұсқаулар көптеп шығарылуда.
Енді осы оқу-әдістемелік құралдың ішінен біразын атап өтейік.
А.П.Ершов, В.М.Монахов. Изучение основ информатики и вычислительной техники. (Методическое пособие для учителей и преподавателей средних учебных заведений. (ІІ бөлiмдi)). Москва. Просвещение. 198б г.
Қ.С. Әбдиев, М.Ж.Бекпатшаев. Алгоритмдеу негiздерi. (Kөмeкшi оқу құралы), Алматы, 1993ж. Абай ат. АлМУ.
А.Есжанов. Алгоритмдер және оны мектепте оқыту. Алматы, Мектеп, 1988 ж.
М.П.Лапчик. Информатиканы оқыту методикасы. Оқу құрaлы. 1994. Алматы.
Қараев ЖА., К.З. Халықова. Информатиканы 5-класта оқыту методикасы. Әдiстемелiк құрал. Алматы, 1993 ж. КДМБК КД институты.
Нақысбеков Б.Қ., Хaлықова К.З. Паскаль тiлiнiң негiздсрi. Оқу құралы. Алматы, Рауан. 1998 ж.
Ж.А.Қараев. Компьютердi оқу үрдісiнде пайдалануға кiрicпе. Алматы, Рауан, 1992 ж.
Есаян А.Р. Информатика. Учебное пособие, и др. М. Просвещение. 1991 г.
Б.Бөрiбаев. Информатика және компьютер. Жоғарғы оқу орындарының cтyдeнттepiнe арнaлған құрал. Алматы. Бiлiм. 1995 ж.
10.Каймин В.А и др. Информатика. Учебное пособие. Москва. Издательство "Бридж". 1994 г.
11.А.А.Брудно, Л.И.Каплан. Московские олимпиады по программированию. Наука, 1990
12.С.А. Абрамов и др. Задачи по программированию. М. Наука. 1988 г.
13.Қ.С.Әбдиев. Бейсик программалау тiлi. Оқу қуралы. АлМУ. 1991ж.
14.Қараев Ж.А., Haқысбеков Б.Қ жане т.б. Информатика мен есептегiш техника негiздерi курсы бойынша есептер мен жаттығулар жинағы. Алматы, Рауан. 1993 ж. .
15.С.А.Алдашев, Н.П.Ахметов. Информатика мен есептеуiш техника терминдерiнің орысша-қазақша сөздiгi. Алматы. Рауан. 1993ж.
Сонымен қатар, "Информатика и образование" журналындағы оқу-әдiстемелiк материалдар, оқушыларға арналған "Квант", ғылыми көпшiлiк "Наука и жизнь" журналындағы материалдарды осы мақсатқа пайдалануға болады. Сондай-ақ, Республикамыздың төл басылымы "Қазaқстан мектебi" журналының қосымшасы "Информатика-физика-математика", "Информатика негіздері" журналында да бiрқатар әдicтемелік материалдар бар.
Бақылау сұрақтары
Оқыту құралдары жүйесiндегі пән оқулығының маңызды орны
Информатика оқулықтарын мазмұны бойынша салыстыру
Программалық-әдістемелік кешен
Негізгі әдебиеттер: [1,2, 3, 4, 5, 6, 12, 14, 16]
Қосымша әдебиеттер: [22, 30, 32]
9-ДӘРІС.
Тақырыбы: Орта мектептегі информатика курсын бағдарламалық
қамтамасыз ету. Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі. Оқыту мақсатындағы компьютерлік оқу құралдарын жасау кезеңдері
Мақсаты: Мектептегi информатика кypcындa қолданатын ППҚ жасау мен оны
пайдалану жолдарын қарастыру
Педагогикалық-пpограммалық құралдар (ППҚ) курстың белгiлi бiр тақырыбын оқытуды және оқушылардың оқу пpограмасында көрсетiлген, практикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етедi.
Мектептегi информатика кypcындa қолданатын ППҚ жасау мен оны пайдалану жайында бiрқатар ғылыми жұмыстар жүргiзілуде. Енді ИЕТН курсын программалық қамтамасыз eтyгe apналған жалпы программалардың тiзiмiн келтiрейiк. Бұл қазiргi мектептің 7-11-сыныптарда пайдаланып жатқан программалар:
1. Мектеп ЭЕМ-сын негізгі программалық қамтамасыз ету (операциялық жүйе, файлдық жүйе, графикалық жүйе, текстік редакторлар).
2. Стандартты программалар кiтапханасымен және программаны байқау жүйесiмен жабдықталған программалау тiлi.
3.Клавиатуралық тренажер.
4. Текстік редактор (Word)
5. Графикалық редактор (Раintbrush).
6. Мектептiк алгоритмдiк тiлдiң интерпретаторы.
7. Мәлiметтер қоры (MS Access).
8. Электрондық кестелердi өңдеу жүйесi (Excel).
9. ЭЕМ-мен алғашқы танысуға арналған программалық пакет.
10.Нақты бекiтiлген командалар жүйесi бар және белгілі бір ортада жұмыс iстей алатын орындаушылар тобы.
11. Көмекшi алгоритмдер кiтапханасы.
12. ЭЕМ-ның және оның құрылғыларының жұмысын сипаттайтын программалар пакеті
13.Mектептегі математика және физика курстарының тақырыптарын сипаттайтын программалар пакетi.
14. Мәліметтердің типтік құрылымдарының программалық пакеті.
15. Автоматты түрде есеп шығаратын оқу пакеті (Mathcad).
16. Оқу работтардың басқаруға арналған программалар пакеті.
17. ЭЕМ-ның қолдануларын көpceтуге арналған демонстраңиялық пакет.
Бұл көрсетiлген программалар тiзiмi курс программасының мазмұнының маңызды бөлімдерінің негiзгi тақырыптарын қамтиды. әртүрлi тексеретін, оқытатын программалардың курстың бөлiмдерi бойынша информациялық анықтамалық жүйелер және оқу үрдісiн интенсивтендiруге арналған барлық басқа құралдардың жасалуы ИЕТН курсын пpограммалық қамтамасыз етуді кең көлемде дамытyға мүмкiндiк бередi.
Мектеп информатикасы курсының техникалық базасының мазмұны, құрылымының өзгеруiне, қарай, программалық қамтамасыз етуде дамып, жетiлдiрiлiп отырады.
Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі.
Информатика курсын оқыту үрдісін дамыту бағытында программалық құралдарды біріктіретін техникалық құрылғыларды, әртүрлі басқару құрылғыларын және оқытудың жаңа, сапалы әдістемесі механизмін қазіргі кездегі ДК мүмкіндіктеріне пайдалану керек.
Перифериялық құрылғылар мен оргтехникаларды (басу құрылғылары-матрицалық, лазерлік, сканер, құйылмалы) оқу қызметіне пайдалану оның жаңа бағыты болып табылады.
Оқыту үрдісінде компьютерді қолданудың жаңа бағыты ретінде ДК-мен байланысты сенсорлық және оқу, демонстрациялық құралдар, талдамалы және дискретті сигналдарды енгізу және шығаруды қамтамассыз ететін құрылғыларды қолдану, ДК экранына енгізу параметріне тәуелді динамикалық өзгеріп отыратын әртүрлі физикалық заңдарды график түрінде кескіндеуге мүмкіндік береді.
Оқу үрдісінде компьютерді пайдалануда аналогтық және дискреттік сигналдарды енгізу мен шығаруды қамтамассыз ететін дербес компьютердің, оның ішінде, түрлі физикалық заңдылықтардың виртуалдық мүмкіндіктерін айқындайды.
Информатика курсы бойынша оқыту құралдары жүйесінің құрамына мыналар жатады:
Оқыту үрдісін бағдарламалық-әдістемелік қамтамассыз ету;
Оқыту қызметінде оқушылардың мәдениетін қалыптастыруға негізделген бағдарланған объектілік бағдарламалық жүйелер;
ДК-ге байланысты оқу, демонстрациялық құралдар;
Оқыту үрдісіне көмекші оқу-көрнекілік құралдары;
Жаңа ақпараттық технологиялық құралдарды пайдалануға бағытталған оқытудың құралдар жүйесін пайдалану әдістері.
Оқыту құралдарының мұндай жүйесі информатика курсын оқыту барысында жаңа ақпараттық технологиялық құралдарды қолдану оқу-әдістемелік әдебиеттерімен (оқулықтар, оқушыларға арналған оқулықтар, мұғалімге арналған әдістемелік оқулықтар) қоса оқу-әдістемелік кешенін (ОӘК) құрайды.
Оқу-әдістемелік кешенінің құрамы мен жиынының өзгермелілігі информатиканы оқыту үрдісінде ғана емес, сонымен бірге басқа пәндер мен сабақтастырылған курстарды оқыту барысында қолданылады.
Базалық программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар:
Информатика кабинетінде қолданылатын программалық қамсыздандыру
5 топқа бөлінеді:
жүйелік программалық қамсыздандыру;
базалық ақпараттық технологияға негізделген программалық қамсыздандыру;
жалпы мәнді программалық құралдар;
оқу үрдісіндегі программалық құралдар;
мектептің сұранысын қанағаттандыратын баспалық қызметке көмекші программалық қамсыздандыру;
Программалық қамсыздандырудың барлық топтарына қойылатын жалпы талаптар:
лицензиялық келісім (программалық қамсыздандырудың қолданылу тиімділігі);
консультация беру мүмкіндігі;
қолданылатын есептеуіш техниканың архитектурасына, компьютерлер типіне, класына және сипаттамасына сәйкестілігі;
кез келген режимге және тілдік ортаға бейімделген жұмыс жасау қабілеттілігі;
интерфейсі;
программалық қамсыздандырумен жұмыс жасауға арналған құжаттардың бар болуы;
қаріптерді пайдалану мүмкіндігі;
ақпараттық және программалық құралдарға қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру.
Жүйелік программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар:
операциялық жүйеге;
операциялық қабықшаға;
желілік программалық қамсыздандыруға;
антивирустық құрылғыларға;
ақпараттарды қалпына келтіру мен көшіру құралдары;
операциялық жүйенің немесе операциялық қабықшаның мүмкіндіктерін кеңейтетін арнаулы программалар (утилиттер); дискеталарды баптауға арналған жүйелік программалық қамсыздандыру және оның құжаттары немесе оны құру құрылғылары;
