Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теория обучения УМКД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать

1. Модельдер, модельдеу түсінігі. Модельді анықтау.

Мақсаты: оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, модельдедің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: оқушылар қарапайым модельдеуге мысал келтіре білуі тиіс.

Жоспары:

  1. «Модель», «модельдеу» ұғымдарының анықтамасы. Мысал келтіру.

  2. Модельдің берілу түрлері.

  3. Түпнұсқа мен модельдің айырмашылықтары.

Қысқаша мазмұны:

Анықтама. Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың модельдерін (макеттерін) құру.

Әрбір адамның күнделікті іс әрекетінде белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның сана - сезімінде алдын ала орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу, т.с.с. әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс - әрекеттер тізбегінің моделі жасалады.

Модель көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнелетін прототип пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі модельдер жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.

2. Модель түрлері.

Мақсаты: оқушыларды модель түрлерімен таныстыру. Статистикалық және динамикалық модельдер жөнінде түсінік беру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: оқушылар модельдің түрлерін ажырата біліп, оларға мысал келтіре білуі қажет.

Жоспары:

  1. Статистикалық және динамикалық модельдің анықтамаларын беру. Мысал келтіру.

  2. Модельдің түрлері.

  3. Модельді ортақ қасиеттеріне қарай топтау.

  4. Модельдің әр түріне анықтама беріп, мысал келтіру.

  5. Модельді көрсету әдісіне қарай топтау.

  6. Ақпараттық модель. Оның түрлері.

Анықтама. Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Модельдерді мынадай қасиеттеріне қарай топтарға жіктейді: 1. Қолдану аймағы; 2. Модельде уақыт факторын ескеру; 3. Білім саласына қарай топтау; 4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау;

Қолданылу аймағына қарай модель не үшін, қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында: оқу, тәжірибелік, ғылыми – техникалық, ойын, имитациялық (1-сурет) сияқты топтарға жіктеледі.

1-сурет. Модельдердің жіктелуі

Модель көрсету әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып екі топқа жіктеледі (2-сурет).

2-сурет. Модельдерді көрсету әдісіне қарай топтау.

Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Балалар ойыншығы материалдық модельдің қарапайым мысалы бола алады.