
- •Пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені «5в011100» – «Информатика» мамандығы үшін
- •Пәнінің оқу-әдістемелік материалдары Семей
- •1.Глосарий
- •2.Дәрістер
- •Базалық ақпараттық технологияға арналған программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар.
- •Қойылатын талаптар.
- •Оқушылардың дэем-мен жұмыс кезіндегі отыруына қойылатын талаптар.
- •Информатиканы оқытуды ұйымдастыру.
- •Информатика және дәстүрлi оқыту әдiстерi.
- •Kepі байланысты жүзеге асыру тәсiлдерi. Бақылау.
- •3. Зертханалық жұмыстар
- •Тақырыпты меңгертудегі сабақтың ролі.
- •Мақсатты анықтау.
- •Оқыту нәтижесін жоспарлау.
- •5. Сабақтың қолайлы ұйымдастырылған формасын таңдау.
- •6. Танымдық әрекетін ұйымдастыру формасы
- •7. Оқыту құралдарын таңдау
- •8. Сабақ құрылымын құру
- •9. Сабақты мазмұнды толтыру.
- •10. Өлшемдерді құру
- •4.Студенттің өздік жұмыстары
- •2. Паскаль программасы және оның құрылымы .
- •3. Мәліметтердің типі. Мәліметтердің стандартты типі. Стандартты типтердің сипатталуы. Шамаларды сипаттау.
- •4. Өрнектер. Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар. Арифметикалық өрнектер. Логикалық өрнектер. Символдық өрнектер. Операторлар. Меңшіктеу операторы. Стандартты функциялар.
- •5. Мәліметтерді енгізу және шығару операторлары. Сызықтық алгоритмді программалау.
- •7. Циклдік алгоритмді программалау. Циклдің түрлері. Циклдік операторлар. While-Do. Repeat-Until. For –Do, For – Downto.Қайталау және тармақталу операторларының сатылы орналасуы
- •1. Модельдер, модельдеу түсінігі. Модельді анықтау.
- •2. Модель түрлері.
- •3. Ақпараттық модельдер.
- •4. Модельдеу кезеңдері.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ |
||
Құжат СЖМ 3 деңгейлі |
ПОӘК |
ПОӘК 042-Х. 1.ХХ/01- 20 |
ПОӘК Пәннің оқу-әдістемелік материалдары Информатиканы оқытудың теориясы |
Редакция № |
|
Пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені «5в011100» – «Информатика» мамандығы үшін
«Информатиканы оқытудың теориясы»
Пәнінің оқу-әдістемелік материалдары Семей
2013
Құрастырған: 28.08.2013 ж
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының
аға оқытушысы _______ Абишова А.А.
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының
отырысында талқыланды.
Хаттама № 1 05.09.2013 ж.
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының
меңгерушісі _______ Абишова А.А.
Физика-математика факультетінің Оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде бекітілді.
Хаттама №1 11.09.2013 ж.
Физика-математика факультеті
Оқу-әдістемелік бюросының төрайымы ____________ Батырова К.А.
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
Хаттама №1 18.09.2013 ж.
ОӘК төрайымы _________ Искакова Г.К.
Мазмұны
Глоссарий
Дәрістер
Зертханалық сабақтар
Студенттердің өздік жұмысы
1.Глосарий
МАТ- мектептiк алгоритмдiк тiл
Педагогикалық-пpограммалық құралдар (ППҚ) курстың белгiлi бiр тақырыбын оқытуды және оқушылардың оқу пpограмасында көрсетiлген, практикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етедi
Мемлекеттік білім стандарты -бұл пәндер бойынша мазмұнның міндетті минимумы және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайтын нормативтік құжат
“Информатика” оқу пәнiнiң базалық мазмұны (БМ) – оқу пәнiнiң мектепте мiндеттi түрде оқытылуы тиiс және үздiксiз бiлiм берудiң келесi сатылары мен деңгейлерiнде информатиканы оқуды жалғастыру үшiн жеткiлiктi болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.
“Информатика” оқу пәнi бойынша бiлiм берудiң негiзгi бағдарламасы (БНБ) – оқу пәнiнiң мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негiздi қалыптастыруды, олардың ойлау қабiлетiн дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертудi және оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.
“Информатика” оқу пәнi бойынша бағдарлы бiлiм беру бағдарламасы (БББ) – “Информатика” оқу пәнiнiң мазмұнын анықтайтын, пәндi тереңдетiп, бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететiн, оқушыларды кәсiби даярлау бағытына қарай көлемi мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.
“Информатика” оқу пәнi бойынша қосымша бiлiм беру бағдарламасы (ҚББ) – мемлекеттiк стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәнi бойынша бiлiмге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат.
Бейімделушілік (адаптивность) - өзгермелі жағдайлармен оларға қойылатын талаптарға бейімделушілік және үздіксіз өзгеру мүмкіндігі;
Интегралдылық (интегрированность) - шешілетін тапсырманың толықтылығын қамту және оның ішкі құрылғыларымен оны құраушы бөліктер арасындағы байланысты алу;
Унифицирлілік (унифицированность) - ішкі және сыртқы интерфейстердің бірлігіне, сонымен қоса өңдеу үрдісінің мазмұнына және оған барлық қатысушылар арасындағы ақпарат алмасуға көзқарастардың бірлігін қамтамассыз ету;
Таратушылық (распределенность) - орындалатын қызметтердің уақыттық және кеңістіктік бөлінулерімен есептеу техникасының компоненттері арасында тарату. Бұл таратулар өзара байланысқан есептеу ресурстарында орналасуы тиіс;
Дербестік (персонализация) - нақты қолданушының сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіндігі;
Саундбластер. Дискіге немесе компакт дискіге жазылған цифрлық аудиоинфор-мацияны дыбыстық информацияға түрлендіруге арналған құрылғы
Стример – бұл винчестердегі мәліметтерді жоғалтпай (вирус, сыртқы әсерлерден) жазып алу үшін көшіруге арналған құрылғы
Postmaster– әрбір доменнің өзінің әкімшісі бар, оған почталық жүйенің жұмысына қатысты сұрақтар мен хабарларды жолдауға болады