Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
элмаш ответ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.53 Mб
Скачать

20. Трансформаторлардың жіктелуі.

Орамдарының санына байланысты екi, үш немесе көп орамды болып, ал қоректенетiн ток жүйесiне сәйкес бiр, үш және көп фазалы трансформаторлар болып бөлiнедi. Атқаратын қызметтерiне байланысты:

1) электр энергиясын тасымалдайтын және тарататын – қуатты трансформатор;

2) кернеудi аз ғана аралықта түрлендiруге немесе айнымалы ток қозғалтқыштарын iске қосуға арналған автотрансформаторлар;

3) өлшегiш аспаптарды сұлбаға жалғауа арналған өлшегiш трансформаторлар;

4) арнайы трансформаторлар – дәнекерлеушi, импульстi, жиiлiктi түрлендiруге арналған, жоғары жиiлiктi, медициналық және радиотехникалық мақсаттарға арналған және т.б. болып бiрнеше түрге бөлiнедi.

Сонымен трансформаторлардың қолданылатын салалары өте кең, соған байланысты олардың құрылыстарыда әр алуан болып келедi. Дегенменде барлық трансформаторлардағы энергияның түрлену прцессi мен олардағы құбылыстар ұқсас болып келедi. Сондықтан трансформаторлардың жұмыс жасау кезiндегi қасиеттерiн олардың негiзгi түрi болып табылатын бiр немесе үш фазалы екi орамды трансформатор негiзiнде қарастыруға болады.

Трансформаторлардың қасиеттерiн түсiну және ауыстыру сұлбасының параметрлерiн анықтау үшiн олардың бос жүрiс және қысқаша тұйықталу жұмыс жасау режимдерiн зерттеу керек.

21. Үшфазалы трансформаторлар.

Қуаты орта және үлкен болатын өндірістік қондырғыларды қоректендіру үшфазалы айнымалы ток козінен қоректенетін түзеткіш схемалар қолданылуы мүмкін. Бұл схемаларды қоректендіру үшін үшфазалы трансформаторлар қолданылады. Үшфазалы трансформаторлар топтасқан болып жасалуы мүмкін (9.3- сурет), яғни трансформатор үш бір фазалы трансформаторлардан құралады және әрбір трансформатор кәдімгі бір фазалы трансформатор ретінде жұмыс жасайды. Екінші түрі үш стерженді (9.4 -сурет)

Бірінші және екінші ретті орамдарын жұлдызша (Y) немесе үшбұрыш (Δ) схемаларының бірімен жалғауы мүмкін, қандай схемамен жалғанғанын трансформатордың құжаттық берілгендері болып табылады,яғни қандай схемамен жалғанғаны көсетіледі, мысалы Y/Y (9.4 –сурет үшін) бөлшектің алымы бірінші ретті , ал бөлімі екінші ретті орамдардың жалғану схемасын көрсетеді

Топтасқан трансформаторда магниттік жүйе симметриялы болады, оларды зерттеу кезінде әрбір тарнсформаторды жек қарастыруға болады, сондықтан бір фазалы трансформатор үшін жазылған теңдіктердің барлығын, оның векторлық диаграммасын, ауыстыру схемасын топтасқан үшфазалы трансформатордың әрбір фазасындағы процесстер үшін дұрыс деп есептеуге болады.

9.3 – Сурет – Топтасқан үшфазалы трансформатор

Үш стерженді трансформатордың жекелеген стержендерінің магнит ағындарының геометриялық қосындысы кез-келген уақытта нольге тең, сондықтан магнит тізбегінің тұйық контурлы болуын қамтамасыз ету үшін қарастырылатын магнит өткізгіштің арнай учаскелерінің қажеті жоқ. Үшстерженді трансформатордың артықшылығы да осы, яғни магнит өтікізгіш массасының аздығы болып табылады. Бірақ бұл оның кемшілігі болыпта табылады, себебі ортадағы жіне шеткі стрежендердегі магнит ағынының жолы әртүрлі болғандықтан олардың магниттік кедергілері де әркелкі. Магниттік кедергілердің әртүрлілігі магниттендіру токтарының бір –бірінен айырмашылығына алып келеді.

Үш стерженді трансформаторда барлық алты орамдар ортақ өзекшеге орналасқан, сондықтан есептеулер кезінде орамдардың бір-біріне әсерін де ескеру керек. Көбінесе бұл трансформаторлардыңда теңдеулерін бірфазалы трансформатор теңдеулеріне келтіреді, сондықтан осыған дейін үшфазалы трансформатордың әрбір фазасы үшін алынған теңдеулер бұлар үшінде дұрыс болып табылады.

Бұл трансформатордың трансформациялау коэффициенті сызықты кернеулердің қатынасыретінде анықталады, сондықтан ол орамдардың тармақ саны ғана емес сонымен қатар орамдардың жалғану схемасына да байланысты.

Рисунок 9.4 Схема трехстержневого трехфазного трансформатора