Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
элмаш ответ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.53 Mб
Скачать

4.Тұрақты ток машинасындағы якорь реакциясы.

М ашина жүктелген кезде оның якорь орамасымен ток ағады да, соның себебінен якордың МҚК-і пайда болады. Машинаның негізгі магниттік өрісіне якордың МҚК-інің әсері якорь реакциясы деп аталады. Егер машинаның магниттік тізбегі қаныққан болса, онда қоздыру ораманың FҚ МҚК-і және якорь ораманың Faq МҚК-і ауа саңылауынан магниттік ағындарды өткізуге жұмсалады. Онда көрсетілген МҚК-тердің орнына оларға сәйкес қоздыру ағынды және якорь реакциясының ағынын қарауға болады.

Бұл жағдайда физикалық нейтраль 0/-0/ (якордың индукциясы нөлге тең нүктелерді қосатын сызық) геометриялық нейтраль 0-0-ге қарағанда кейбір бұрыш -ға бұрылады. Генераторда физикалық нейтраль якорь айналу жағына бұрылады, ал қозғалтқышта айналу жағына кері бұрылады. Қоздыру орама шоғырланған болғандықтан, оның құрған FҚ f(Х) МҚК-тің турабұрышты трапеция болады. Мұнда FҚ  бір ауа саңылауына келетін МҚК, ал индукция ВҚ f(Х) қисығының түрі қисық сызықты трапеция (14.1- сурет).

Faqх f(Х) және онымен құрылатын Вaqхf(Х) индукцияның қисықтарын салу үшін орамасын шоғырланған деп есептейміз. Онда толық ток заңы бойынша якорь МҚК-інің (негізгі полюстің білігінен Х арашылықта контурды бойлай айналып өткендегі) әрекеті тең

2Faqх 2ХА,                                                      (14.1)

ал бір ауа саңылауына келетін МҚК

Faqх ХА,                                                        (14.2)

мұнда АNia/Da- якордың сызықты жүктеулігі (якордың шеңберінің 1 см-не келетін ампер саны).

Осы себептен якордың МҚК-нің сызығы Faq өзгереді: негізгі полюстің ортасында ол нөлге тең, ал щеткалар тұрған жерде оның мәні максимал (14.3- сурет). Егер де магниттік жүйе қаныққан болса, онда ауа саңылауындағы магнит индукциясы тең

Вaqх 0Faqх/Х 0(Х/Х)А.                                     (14.3)

Қорытынды

Якорь реакциясы тұрақты ток машиналардың жұмысына жағымсыз әсер етеді:

а) физикалық нейтраль геометриялық нейтральға қарағанда бұрыш -ға ығысады;

б) ауа саңылаудағы нәтижелі индукциялық тарау қисығы бұрмалып кетеді және негізгі полюстің бір шетіндегі индукциясы өседі де, секцияда кернеуді үлкейтеді.

Егер де магниттік жүйе қанықпаған болса, онда ауа саңылауындағы нәтижелі индукциялық қисығы якорь реакциясының әсерімен бұрмаланады. Сондықтан, жүктемелі кезіндегі нәтижелі ағын ФНӘТ бос жүріс кезіндегі ағын ФБ.Ж.-ке тең.                                                                                                  

                                                          

6. Тұрақты ток қозғалтқышының жіктелуі.

Параллель, тізбектей және аралас қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштары болып бөлінеді. Параллель қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының қоздыру орамдары якорь орамдарына параллель жалғанады және оның бойымен өтетеін ток якорь тоғынан төмен болады IB = I — 1Я. Параллель қоздырылатын қозғалтқыштардың жұмыстық сипаттамлары 4.1- суретте көрсетілген. Бұл қозғалтқыштардың магнит ағыны жүктеме өзгергенде якорь реакциясының әсеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Қуаты аз қозғалтқыштардың қанығу дәрежесі аз болып табылатындықтан оларда якорь реакциясы айтарлықтай болмайды, сондықтан микроқозғалтқыштарда шамамен магнит ағыны жүктемеге тәуелді емес деп қабылдауға, яғни Ф = const тұрақты деп есептеуге болады.

4.1 –Сурет- Параллель қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының жұмыстық сипаттамалары

Қозғалтқыштың айналу жиілігі және теңдеулерді ескеретін болсақ, ол мына түрде жазылады: