Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
элмаш ответ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.53 Mб
Скачать

2.Ротор орамы тізбегіне актив кедергі қосу арқылы синхронды қозғалтқыштың айналу жиілігін реттеу

Синхронды машиналарда ротордың айналу жылдамдығы статордың айналмалы магнит өрісінің айналу жылдамдығына тең. Осы себептен мұндай машиналар синхронды деп аталады.Синхронды машиналар үш әлпіде жұмыс істей алады: генератор, қозғалтқыш және синхронды теңгергіш ретінде. Сондықтан да синхронды машиналар генератор, қозғалтқыш және синхронды теңгергіш түрінде шығарылып, қолданады. Синхронды қозғалтқыштардың айналу жиілігі тұрақты болатындықтан олар жиіліктің өзгерісіне қатты талап қойылатын жерлерде қолданылады. Мысалы, сығымдау тұрықтарында, кеніштерде, өндірістік тоңазытқыштарда т.б. өте қуатты машиналарда олардың жетегі ретінде пайдаланылады. Синхронды қозғалтқыштардың қуаты ондаған мегаваттқа дейін де, ал кернеулері 10 кВ-қа дейін. Қуаты бірнеше ғана ватт, ал кернеулері бірнеше вольт синхронды қозғалтқыштар электрлік сағаттарда, өзі жазатын аспаптарда, кинотехникада, автоматты басқару жүйелерінде қолданылады. Синхронды машиналарға тән бір ерекшелік – қоздыру тоғын өзгерту арқылы олардың желіге беретін реактивті қуатын реттеуге болатындығы. Бұл жағдай синхронды қозғалтқыштарды асинхронды қозғалтқыштардың жұмысы үшін керекті реактивті қуаттың көзі ретінде пайдалануға болатындығын көрсетеді. Осы мақсатта қолданылатын синхронды қозғалтқыштарды синхронды теңгергіштер (компенсаторлар) деп атайды. Роторының айналу жылдамдығы статордың магнит өрісінің айналу жылдамдығына тең болатын айнымалы ток машинасы, яғни , р-полюстер жұбының саны f1=50 Гц (ротор мен статордың полюстер жұбының саны өзара тең).

3.Синхронды генератордың эқк негізгі диаграммасы

Синхронды машиналардың ең көп қолданылатын саласы олардың генератор ретінде қолданылуы (жербетіндегі электр-энергиясы синхронды машиналар көмегімен өндіріледі.) Синхронды генератор бірінші реті энергия көзіне байланысты, яғни механикалық энергияны қандай жолмен алуына байланысты үшке бөлінеді. Турбо генератор – бу турбинасы (1500 – 30000 об/мин.) гидравликалық турбина – гидрогенератор (50 – 600 об/мин.) Дизель –генератор – дизель, іштен жану қозғалтқыш (600-1500 об/мин.) Турбо және дизель генераторлардың білігі көбінесе – горизонталь орналастырылатын болып келуі генераторлық режимде жұмыс жасау принципі келесідей болады, яғни ротор өзекшесінде орналасқан қоздырғыш орамдарға қоздыру тоғын беріп, роторды қозғалысқа келтіретін болсақ, ротор орамдары магнит ағымын туғызады, осы магнит ағымы статор орамдарына ( ) жиілігі ЭҚК енгізеді. Жүктеме сыйымдылықты φ=-900 тоғы ЭҚК-ін 900-қа озып жүретін болғандықтан ол өзінің максималь мәніне ЭҚК қарағанда ертерек жетеді. Бұл кезде статордың да, ротордың да магнит қозғаған күштері ротор полюстерінің осі бойымен бір бағытта әсер етеді, демек қоздырғыш магнит өрісінің күшейетінін көруге болады. Сонымен сыйымдылықты жүктеме кезінде якорь реакциясы бойлық-магниттендіру әсерінде болады, магнит өрісінің формасы өзгермейді. Жүктеме индуктивті немесе сыйымдылықты болғандағы синхронды машинаның векторлық диаграммалары сәйкесінше 9.2, а және б - –суреттерде көрсетілген.

9.2-сурет. Жүктеме индуктивті, сыйымдылықты болғандағы синхронды машинаның векторлық диаграммалары

Жалпы алғанда аралас жүктеме кезінде статор тогы негізгі ЭҚК қарағанда 900 - -900 аралығында орналасатын кез-келген ψ – бұрышқа фазалық ығысып жүреді. Жүктеме активті-индуктивті болғандағы якорь реакциясының МҚК негізгі полюстердің МҚК әсерін 9.5- сурет арқылы талдауға болады.

9.3-сурет. Жүктеме активті-индуктивті болғандағы синхронды машинаның векторлық диаграммасы

4.Синхронды машинаның якорь реакциясы Синхронды генератордың жұмыс процессі барысында онда екі МҚК, яғни қоздырғыш және статордың магнит қозғағыш күші әрекет етеді. Бұл кезде статор МҚК қоздырғыш МҚК әсер етіп, оны күшейтеді немесе оның формасын өзгертіп, әлсіретеді. Статордың МҚК (якорь) қоздырғыш орамдардың МҚК әсері якорь реакциясы деп аталады. Якорь реакциясы синхронды машинаның жұмыс жасау қасиеттеріне әсер етеді, яғни машинаның магнит өрісінің өзгерісі статор орамдарына енгізілетін ЭҚК және басқада шамалардың өзгеруіне әкеліп соғады. Якорь реакциясының синхронды машинаның жұмысына әсер етуі жүктеменің түрі мен шамасына байланысты. Синхронды генератор аралас жүктемеге (активті-сыйымдылықты немесе активті-индуктивтілікті) жұмыс жасайды, бірақ якорь реакциясының әсерін білу үшін генератордың шеткі жағдайларда жұмыс жасауын қарастырамыз, олар: активті, сыйымдылықты және индуктивтілікті жүктемелерге жұмыс жасау кездері болып табылады. Ол үшін МҚК векторлық диаграммасын қарастырған дұрыс. Бұл кезде ескеретін жағдай статор орамдарына қоздырғыш магнит ағыны енгізілетін ЭҚК осы магнит ағынынан 900-қа фаза бойынша қалып жүреді, ал статор орамдарындағы ток векторы , векторына қарағанда жүктеме түріне байланысты кезкелген φ-бұрышпен ығысып орналасуы мүмкін. Жүктеме индуктивті (φ=900), таза индуктивті жүктеме кезінде генератордың статорлық тоғы , ЭҚК 900-қа қалып қояды, сондықтан ол максималь шамаға ЭҚК-нің максималь мәніне сәйкес келетін орнынан 900-қа алға жылжыған кезде ие болады. Бұл кезде статордың МҚК қоздырғыш орамдардың МҚК қарама-қарсы ротор полюстерінің осі бойынша әрекет етеді. Статордың МҚК мұндай әсері машинаның өрісін әлсіретеді, яғни якорь реакциясы индуктивті жүктеме кезінде бойлық-магнитсіздендіргіш әсерде болады, бірақ магнит өрісінің формасы бұзылмайды (ерекшелігі осы). Жүктеме сыйымдылықты φ=-900 тоғы ЭҚК-ін 900-қа озып жүретін болғандықтан ол өзінің максималь мәніне ЭҚК қарағанда ертерек жетеді. Бұл кезде статордың да, ротордың да магнит қозғаған күштері ротор полюстерінің осі бойымен бір бағытта әсер етеді, демек қоздырғыш магнит өрісінің күшейетінін көруге болады. Сонымен сыйымдылықты жүктеме кезінде якорь реакциясы бойлық-магниттендіру әсерінде болады, магнит өрісінің формасы өзгермейді. Жүктеме индуктивті немесе сыйымдылықты болғандағы синхронды машинаның векторлық диаграммалары сәйкесінше 9.2, а және б - –суреттерде көрсетілген.

9.2-сурет. Жүктеме индуктивті, сыйымдылықты болғандағы синхронды машинаның векторлық диаграммалары

Жалпы алғанда аралас жүктеме кезінде статор тогы негізгі ЭҚК қарағанда 900 - -900 аралығында орналасатын кез-келген ψ – бұрышқа фазалық ығысып жүреді. Жүктеме активті-индуктивті болғандағы якорь реакциясының МҚК негізгі полюстердің МҚК әсерін 9.5- сурет арқылы талдауға болады.

9.3-сурет. Жүктеме активті-индуктивті болғандағы синхронды машинаның векторлық диаграммасы