Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гигиена глосс. каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.93 Кб
Скачать

Тақырып №15. Өндіріс кәсіпорындарының жұмысшыларына емдеу-аурудың алдын алуды қамтамасыз етудің ұйымдастыру принциптері. Кәсіптік уланулар және олардың алдын алу.

Диспансеризация дегеніміз - әр түрлі топтағы жұмысшылардың, кәсіби ауруларға күдікті және кәсіби аурулармен ауыратын,созылмалы аурулары бар адамдардың денсаулық жағдайына жүйелі түрде дәрігерлік бақылау жасау.

Профилактикалық (алдын алу) медициналық тексерулерге көбінесе қауіпті, зиянды және қолайсыз өндіріс факторлары әсер ететін жұмыстардағы адамдар жатады.

Заңнамалық шараларға - өндіріс факторларын гигиеналық нормалау және бекітілген жұмысшылардың еңбегін қорғау құқығы : жұмыс уақытын реттеу, қосымша демалыстар, зейнетке ерте шығу, арнайы жұмыскиімімен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыздау, балалармен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді зиянды факторлары бар жұмыстарға алмау, емдік-профилактикалық таматандыру, т.б;

Кезеңдік медициналық тексерулер жалпы және кәсіби аурулардың бастапқы белгілерін анықтап, дерттік үдерістің әрі дамуын ескертуге арналған шараларды дер кезінде жүргізу.

Өндірістік токсикология - өндірісте зиянсыз және қауіпсіз жағдайын жасау мақсатымен (зиянды заттардың) факторлардың организмге әсерін зерттейтін еңбек гигиенасының бөлігі.

Зиянды заттар - бұл адам организмімен байланысты болған кезде, қауіпсіздік талаптары бұзылған жағдайларда осы ұрпақтың олармен байланыс үрдісінде де, әсерінен кейінгі қашық уақыттардағы өмірінде де және кейінгі ұрпақтарында ауру немесе денсаулық жағдайында аутқулар туындата алатын заттар.

Интермиттеуші” деген сөз нақтылы мағынасында “промежающиеся” немесе үзлісті деген түсінік береді. Бұл сөзді токсикологидяа зиянды заттың уақыт бойынша айналым концентрациясының әсерін белгілеу үшін қолданылады.

Аддитивті әсері - улардың аралас әсері шығаратын қосынды эффектілерінің феномені. Бұл әсерінде қоспалардың қосынды эффектісі әсер ететін құрам бөліктерінің эффектілерінің қосындысына тең.

Потенцирленген әсері (синергизм) - эффектінің күшеюі, әсерлерінің жай қосындыларына қарағанда, әсер күші көбірек.

Антагонистік әсер - аралас әсерінің эффектісі күтілетін жай қосынды әсері кезіндегіден аздау.

Тәуелсіз әсері - аралас әсерінің эффектісінің әрбір удың жеке әсерінен айырмашылығы жоқ. Улылығы көбірек заттың эффектісі басым болады.

Созылмалы улану - деп зиянды заттың ШРеК-тен асатын концентрациясында, дозасында жүйелі түрде ұзақ уақыт еткеннен кейін пайда болатын ауруды айтады.

Токсикометрия-бұл аурулардың улылығы мен қауіптілігін сан жағынан бағалауға арналған зерттеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Акселерация - бұл бұрынғы ұрпақпен салыстырғанда .даму мен өсу қарқынының жылдамдауы.

Биологиялық жас деп баланың қазіргі сәтте жеткен морфологиялық-функционалдық даму деңгейіне сәйкес жасын түсінеміз.

Дене дамуы деп әрбір нақты жас кезеңінде, баланың өсу және даму үрдістерін көрсететін,ағзаның морфологиялық және функционалдық сипаттамаларының жиынтығын айтады.

Өнеркәсіптік улар- адамның өнеркәсіптегі іс –әрекеті үрдісінде кездесетін қауіпсіздік техникасының ережелерін және еңбек гигиенасын сақтамаған жағдайда жұмысшыларға зиянды әсер ететін барлығына жуық химиялық заттар болып табылады.

Аралас әсер-бірнеше улардың бір мезгілде немесе бірінен соң бірі ағзаға бір жолмен түсіп әсер етуін айтады.

Аддитивті әсер- аралас әсерлерінен туындаған эффектілердің жинақталған феномені.

Күшейтетін әсері (синергизм)- эффектісінің күшейуі бұл әсер кезінде құрамдастары әсерінің жай қосындыларына қарағанда қоспалардың қосыны әсері артық болады.

Антагонистік әсері- аралас әсерінің эффектісі құрамдастары әсерінің жай қосындылары кезінде күтілетін эффектісінен аздау болады.

Тәуелсіз әсері- аралас әсерінің эффектісі әрбір удың жеке әсерінің эффектісінен айырмашылығы болмайды.

Зиянды әсерінің табалдырығы – әсер етуі кезінде адам ағзасына физиологиялық бейімделу