Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гигиена глосс. каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.93 Кб
Скачать

Тақырып №14. Өңдірістік шаңның гигиеналық маңызы. Шаңға байланысты ауруларды алдын алу. Өндірістік шу мен дірілдің гигиеналық маңызы. Шу және діріл ауруларының алдын алу.

Шу- деп адам ағзасына қолайсыз әсер ететін оның жұмысына және демалуына кедергі жасайтын кез келген жағымсыз дыбысты немесе осындай дыбыстың жиынтығын түсінеді.

Дыбыс көзі ауаның бөлігін тербелісті қозғалысқа келтіріп дыбыс толқынын жасайды да оған белгілі бір энергия мөлшерін қосады 1 секундта 1 м2 аудан арқылы өтетін энергия ағынының мөлшері дыбыс интенсивтілігінің өлшемі немесе оның күші .

Есту табалдырығы адамның есту анализаторы қабылдайтын дыбыстың ең аз жиілігі, ол 10-12 Вт/м2 тең.

Табалдырықтық үнді аудиометрия әрбір құлақ жеке қабылдайтын әртүрлі жиіліктегі үндердің минимальды интенсивтілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Дыбыс жыбырларының (мелкание)” сындарлы (критический) жиілігі үзілісті шудың генераторы арқылы зерттеледі.

Шудың жіктелуі.

Жиілігі бойынша: төмен жиілікті, орташа жиілікті, жоғары жиілікті .

Спектр сипаты бойынша:

сепктрі үзіліссіз, ені октавадан артық кеңжолақты шулар;

үнді (тональный) шу, оның спектрінде айқан дискретті үндері бар; шудың үнділік сипаты жиіліктердің бір октава жолағының біреуіндегі шу деңгейі жанындағысынан 10 дБ-ден кем емес өсуі бойынша октава жолағының үштен бірінде өлшеу арқылы анықталады.

Уақыт сипаттамасы бойынша:

тұрақты шулар, олардың дыбыс деңгейі шу өлшейтін аспаптың “жай” деген уақыт сипаттамасында өлшеу кезінде 8 сағаттық жұмыс күнінде (жұмыс кезіндегі) уақыт бойынша 5 дБА артық өзгермейді.

Тұрақсыз шулар, олардың дыбыс деңгейі 8 сағаттық жұмыс күнінде уақыт бойынша 5 дБА артық өзгереді.

Тұрақсыз шулар келесі түрге бөлінеді.

• уақыт бойынша айнымалы, олардың дыбыс деңгейі уақыт бойынша өзгеріп отырады;

үзілісті шулар, олардың дыбыс деңгейі сатылы түрде өзгеріп отырады (5 дБА және одан да артыққа), мұнда шу деңгейі тұрақты болып қалатын уақыт аралығының ұзақтығы 1 с және одан да артық;

импульсті шулар, бұлар бір немесе бірнеше дыбыс сигналынан тұрады, олардың әрқайсысының ұзақтығы 1 с кем, және шумомердің “импульс” және “медленно” деген уақыт сипаттамасында дБА-мен өлшенген дыбыс деңгейінің айырмашылығы 7 дБ кем емес.

Шығу тегі (жаратылысы) бойынша:

• механикалық шулар (соққы, үйкеліс әсерінен)

• аэродинамикалық шулар (газ ағынының қозғалыстары)

• гидравикалық шулар (сұйық ағындарының қозғалысы)

Есту аппаратына ең көп әсер ететін шуларға жоғары жиілікті, үнді және импульсті шулар жатады.

Вибрация деп адам денесіне немесе оның жеке бөліктеріне берілетін қатты денелердің механикалық тербелісін айтады.

Адамға берілу жолы бойынша вибрация жалпы және локальды (жергілікті) болып бөлінеді.

Жалпы вибрация тұрған немесе отырған адам денесін тірек беттері арқылы беріледі де бүкіл ағзаға таралады және тербелістегі нысанмен бірге дененің кеңістіктегі ығысуына әкеп соғады.

Локальды вибрация жиі адамның қолы немесе дененің шектелген учаскесі арқылы беріледі. Жалпы вибрацияға адам көліктің барлық түрлерінде ұшырйды, өндірісте еден немесе механизмнің жұмыс алаңы ( жұмыс орнындағы вибрация) арқылы тербеліс берілуі кезінде ұшырайды.

Уақыт сипаттамасы бойынша вибрацияны тұрақты және тұрақсыз деп бөледі.

Тұрақты вибрацияның виброжылдамдық деңгейінің өзгеруі 1 минуттан кем емес уақыт қадағалағанда, 2 еседен артық емес (6 дБ-ден артық емес).

Тұрақсыз вибрацияның виброжылдамдық мөлшерінің өзгеруі, 1 минуттан кем емес уақыт қарағанда, 2 еседен кеме емес (6 дБ-ден кем емес).

Тұрақсыз вибрацияларды уақыт бойынша айнымалы: үзілісті, импульсті болып бөлінеді.

Үзілісті вибрация үшін-виброжылдамдық деңгейі вибрация фоны деңгейіне дейін шұғыл азайады, бұл кезде деңгейі тұрақты болып қалатын және вибрация фона деңгейінен асатын уақыт аралықтарының ұзақтығы 1 сек және одан да артық.

Импульсті вибрация-бір немесе әрқайсысының ұзақтығы 1 сек кем бірнеше вибрациялық әсерден (мысалы, соққыдан) тұрады.