Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гигиена глосс. каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.93 Кб
Скачать

Тақырып № 11. Ауруханалардың ас блогын орналастыруға, жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптар.

Орталықтандырылған тамақ дайындау жүйесінде тағам ас блогінде дайындалады да содан кейін аурухана бөліміне тасымалданады, ол жерде аурулар бөлімінің асханасында немесе палаттарда тамақтанады.

Орталықтандырылмаған тамақ дайындау жүйесінде ас блогінің жартылай шикі заттар дайындалады да емдеу корпустарында орналысқан толық дайындайтын аспазханаларға (кухня ) олардан тағам дайындаладыжабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптар.

Ас блогы бөлмелерін жоспарлаудың және жабдықтарын орналастырудың негізгі қағидасы-шикі заттарды алып келуден бастап,дайын тағамды таратумен аяқталатын технологиялық үрдістің қатал ағымдылықта қамтамасыз етілу.

Дайын тағамды беру алдында тағамның оргонолептикалық көрсеткіштеріне және сапасына бракераж жүргізіледі.

Бракераждық журнал ас блогына түскен аспаздық өнімдерді оргонолептикалық бағалау журналы.

Шикі заттарды суық өңдеу.Суық өңдеу кезінде жібіту (еріту,жуу,тазалау,майдалау және басқалар жүргізіледі).

Жоғары температурада өңдеу-ушін қайнату,қуыру,бұқтыру,қыздырып пісіру,буға пісіру және басқа әдістер қолданады.

Қуыру- әсіресе әрі қарай қыздырып пісіруді немесе бұқтырып пісіруді қолданбай қатты жанған жалында қуырып , тағам дайындау,оның зарарсыздануына мүмкіндік бермейді, себебі тағамның қызуы біркелкі жүрмейді.

Тақырып № 12.Ауруханалардың бас жоспары мен жағдайлық жоспарын гигиеналық бағалау.

Емдеу алдын алу мекемелерінің гигиенасы-(аурухана гигиенасы), аурухана ішілік орта факторларының науқастар мен медицина қызметкерлеріне әсерін зерттеп, науқастардың ауруханаа болу жағдайын жақсартуға, емдеу үрдістерін нәтижелі жүргізуге, медицина қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайын жасауға бағытталған гигиеналық нормативтер, талаптар, ережелер дайындайды.

Емдеу-алдын алу мекемелері-бұл, халыққа білікті және мамандандырылған медиуциналық көмек көрсететін және алдын алу шараларын жүзеге асыратын медициналық мекемелер жүйесі. Атап айтқанда, оларға науқастарды стационарлық емдеуге арналған әр түрлі саладағы аурухана мекемелері, амбулаторлық-емханалық мекемелер мен диспансерлер, перзентханалар, балалар және әйелдер консультациалары, жедел жәрем беретін емеу мекемелері, шипажай-курорттық мекемелер және т.б. жатады.

Аурухана-денсаулық сақтау қызметінің негізгі емдеу-алдын алу мекемесі.

Аурухана учаскесін зоналарға бөлу қолайлы санитарлық және емдік-қорғаныш тәртібін ұйымдастыру, науқастарға психологиялық комфорт туғызу, аурухана ішілік инфекцияның алдын алу, әр түрлі бөлімшелерінің тиімді жұмыс істеуі үшін маңызды жағдай болып табылады. Аурухана кешенінің құрам бөліктерін зоналарға бөлу және рационалды орналастыру формасы дұрыс тікбұрышты, ені мен ұзындықтарының арақатынасы 1:2 немесе 2:3 болатын, ұзын осі шығыстан батысқа қарай бағытталған учаскелерде ең қолайлы жүзеге асырылады.

Тақырып №13.Еам арнайы мамандандырылған бөлімдерінің ішкі жоспарлануын гигиеналық бағалау. Аурухана ішілік инфекциялар және олардың алдын алу

Қабылдау бөлімі бірнеше оңашаланған қабылдайтын, қарайтын бокстарынан тұрады, бокстардың саны инфекция түрлеріне сәйкес болу керек.

Боксталған палаталар, негізінен, балалар бөлімдерінде қолданылады, төсектерінің арасында, биіктігі 2-2,5 метр қалқа қойылады, палатаға кіре берісте шлюз орнатылады.

Қабылдау-қарау боксы -балалар және жұқпалы аурулар ауруханаларындағы қабылдау бөлімінің негізгі бөлмесі.

Палаталық бөлім. Стационарлардың негізігі құрылымдық элементі болып табылады және екі палаталық секция және жалпы бөлмеден тұрады (емдік, диагностикалық, қызметкерлер бөлмесі, асхана) тұрады.

Палаталық секция оқшауланған палаталар кешені және бір емдік аурулар үшін қосымша бөлмелерден тұрады. Бір секциядағы төсек саны 20 дан кем емес 30 ан көп болмауы керек.

Хирургиялық бөлім палата бөлімінен және операциялық бөлімнен тұрады.

Операциялық блок залдар мен қосымша бөлмелерден тұрады.

Опер блоктарды жоспарлауда бірнеше зоналарға бөліп топтастырады:

  1. Стерилді зона

  2. Қатаң тәртіптегі зона

  3. Шектелген тәртіптегі зона

  4. Жалпы ауруханалық тәртіп зонасы

Акушерлік бөлім бұл бөлімдерде әйелдер босану кезінде және босанғаннан кейін болады.

Емдеу-профилактикалық мекемесі бөлмелеріндегі ауа температурасының көрсеткіштері мынандай: үлкендердің палаталары, қызметкерлер бөлмесі, дәрігерлер бөлмесі +25С, манипуляция және санитарлық емдеу жүргізілетін бөлмелер +25С, зертханалық бөлмелер, емдік шынықтыру залдары +18С.

Аурухана, перзентхана және басқада стационар бөлмелері табиғи жарқтанырумен қамтамасыз етілу қажет.

Емдеу-профилактикалық мекемесінде жалпы және жергілікті жасанды жарықтандыру пайдаланылады. Жалпы жарықтандыру бөлмесінің жоғарғы аймағына, жергілікті жарықтандыру жұмыс орнына беріледі.

Аурухана ішілік инфекциялар - бұл, ауруларды стационарда және емханада емдеу және диагностикалық процедуралар мен алдын алу шараларын жүргізу кезінде ауру адамдар мен медициналық қызметкері ауруды емдеу мекемелерінде жұқтырып алу нәтижесінде дамитын және көрінісі, ол адамдардың ауруханада болуы уақытында немесе кейінірек білінетіндігіне байланысты емес ауру.

АІИ қоздырғыштары- патогенді және шартты патогенді микроағзалар.

Санитарлық техникалық шаралар – атап айтканда бөлмелерді желдету мен кондиционер , АІИ алдын алу жөніндегі шаралардың міндетті түрде жүргізілетін элементі болып табылады.

Белсенді алдын алу – вакцинация жасау , науқастарды иммунизациялау .

Пассивті алдын алу- гамма- глобулин, стафилококк анатоксинін және басқаларды егу арқылы ағзаның иммундық күшін сақтауға бағытталған.