Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гигиена глосс. каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.93 Кб
Скачать

Тақырып № 3.Бөлме ауасының химиялық және бактериялық ластануын және табиғи және жасанды желдетудің тиімділігін гигиеналық бағалау

Ауадағы микрағзалардың санын анықтау оның гигииеналық тазалық критерийінің бірі болып табылады.

Ауаның бактериалдық ластану дәрежесін ауадағы жалпы микробтар санын немесе микробтардың кейбір түрлерінің (пигмент түзушілер, -альфа, -бета стрептококктар, ішек таяқшалары, споралы микроағзалар және т.б.) анықтау арқылы білуге болады.

Желдету- бөлме ішіндегі ластанған ауаны сырттағы таза ауамен алмастыру.

Табиғи желдету бөлмелерде терезенің тесіктері арқылы, құрылыстық материалдардың тесіктері арқылы, ашық форточкалар, фрамугалар, терезелер, және есіктерден ауаның түсуі мен шығуы нәтижесінде жүреді.

Жасанды желдету кезінде бөлмеге ауа жасанды желдеткіш заттар арқылы беріліп немесе шығарылып отырады.

Алып келетін желдету кезінде бөлмеге ауа желдеткіш арқылы беріледі, бөлмеден ауа табиғи жол арқылы шығарылады.

Әкететін желдету кезінде ауа бөлмеге табиғи жол арқылы түсіп, желдеткіш көмегі арқылы сыртқа шығарылып отырады.

Алып келетін-әкететін желдету кезінде ауаның бөлмеге түсуі, бөлмеден шығарылуы желдеткіш арқылы іске асырылады.

Желдетудің жалпы алмасуы кезінде бөлме немесе ғимаратта ауа толық көлемде алмасады.

Желдетудің жергілікті алмасуы шектелген аймақта ғана алмасады.

Желдетудің жалпы алмасуы кезінде бөлме немесе ғимаратта ауа толық көлемде алмасады.

Желденудің жергілікті түрінде шектелген аймақта ғана (мыс:сорғыш шкафтар) алмасады.

Алмасу қысқалығы - 1 сағат ішінде бөлмеде ауа неше рет алмасатынын көрсетеді .

Желдетудің қажетті көлемі- бөлмеге сағатына 1 адамға берілетін таза ауаның саны, мұндағы зиянды заттардың мөлшері шектелген деңгейден аспауы қажет.

Тақырып № 4. Бөлмедегі инсоляциялық тәртәпті , табиғи және жасанды жарықты гигиеналық бағалау.

Күн сәулесінің түсу тәртібі - бұл бөлменің тікелей күн сәулесімен жарық болуының ұзақтығы мен интенсивтілігі, ол жергілікті жердің географиялық енділігіне, терезелердің үлкіндігіне т.б. байланысты.

Табиғи жарықталғандық (жарық деңгейінің) коэффициенті (ТЖК) - бұл бөлме ішіндегі жарық деңгейінің (люкспен берілген) сырттағы, (ашық аспан астындағы) шашыраған сәуленің жарық деңгейіне процентпен берілген қатынасы.

Жарық коэффициенті барлық терезелердің шыныланған ауданының еденнің ауданына қатынасы.

Түсу бұрышы қиылысатан екі сызықтың арасында пайда болады: біреуі-терезенің жоғарғы қырының сыртқы жағынан жарық жағдайы анықталатын нүктеге келеді, екіншісі сол жарықты өлшейтін терезе орналасқан қабырғаны қосатын көлденең жазықтықтағы сызық.

Саңылау (тесік) бұрышы - жұмыс орнынан жүретін екі сызықтан жасалады: біреуі - терезенің жоғарғы қырының сырт жағына қарай, екіншісі - қарсы тұрған ғимараттың немесе ағаштың т.б. ең жоғарғы нүктесіне қарай.

Жасанды жарық деңгейін есептеу әдісімен анықтау бөлмедегі барлық шамдардың қуаты қосындыларының еденнің ауданына қатынасын есептеуге негізделген

Көріп қабылдау (түйсіну) жылдамдығын анықтаудың міндеті берілген жағдайда бақылау нысанын қарап білу үшін қажетті минималды уақыт аралығын анықтау болып табылады.

Анық көрудің тұрақтылығын анықтаудың міндеті белгілі бір уақыт аралығы бойына анық көру кезеңдерінің ұзақтығын және көру аппараттарына қолайсыз әсерлердің әсерімен оның өзгеруін анықтау болып табылады.