
- •Курсының меңгерушісі, и.О. Проф. Рыскулова а.Р.
- •Тақырып № 2: Бөлмелердің микроклиматын гигиеналық бағалау.
- •Тақырып № 3.Бөлме ауасының химиялық және бактериялық ластануын және табиғи және жасанды желдетудің тиімділігін гигиеналық бағалау
- •Тақырып № 4. Бөлмедегі инсоляциялық тәртәпті , табиғи және жасанды жарықты гигиеналық бағалау.
- •Тақырып №. 5 Ауыз судың сапасын және сумен қамтамасыз ететін су көздерін гигиеналық бағалау. Су тұтынуға байланысты аурулар және олардың алдын алу
- •Тақырып № 6.Судың сапасын жақсарту әдістері.
- •Тақырып №8. Балалар мекемелерін жоспарлаудың және жабдықтаудың гигиеналық принциптері және санитарлық нормалары мен ережелері.
- •Тақырып №9. Тамақтану адекваттылығын тағамдық статусы бойынша гигиеналық бағалау.
- •Тақырып № 10.Сүт, ет және банкідегі консервілердің залалсыздығын бағалау. Тамақтан уланулар және олардың алдын алу.
- •Тақырып № 11. Ауруханалардың ас блогын орналастыруға, жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптар.
- •Тақырып № 12.Ауруханалардың бас жоспары мен жағдайлық жоспарын гигиеналық бағалау.
- •Тақырып №13.Еам арнайы мамандандырылған бөлімдерінің ішкі жоспарлануын гигиеналық бағалау. Аурухана ішілік инфекциялар және олардың алдын алу
- •Тақырып №14. Өңдірістік шаңның гигиеналық маңызы. Шаңға байланысты ауруларды алдын алу. Өндірістік шу мен дірілдің гигиеналық маңызы. Шу және діріл ауруларының алдын алу.
- •Шығу тегі (жаратылысы) бойынша:
- •Тақырып №15. Өндіріс кәсіпорындарының жұмысшыларына емдеу-аурудың алдын алуды қамтамасыз етудің ұйымдастыру принциптері. Кәсіптік уланулар және олардың алдын алу.
- •Тақырып №16. Радиациялық гигиенада қолданылатын негізгі түсініктер. Иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі персоналдың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптері.
Тақырып № 2: Бөлмелердің микроклиматын гигиеналық бағалау.
Ауа-райы белгілі бір аумақтағы аз ғана уақыт аралығына (сағат, тәулік,апта) тән атмосфераның жер маңындағы қабатының физикалық қасиеттерінің динамикалық қасиеттерін түсінеді.
Комфортты микроклимат жылу реттейтін механизмдердің зорлануын тудырмайды. Жылу сезінуі жақсы және орталық жүйке жүйесінің жұмысына да оңтайлы, дене және ой жұмысына қабілеттігі , сонымен қатар,қолайсыз факторлардың әсеріне төзімділігі де жоғары болады.
Қыздыратын дискомфортты микроклимат жедел және созылмалы гипертермиялардың әртүрлі белгілерінің дамуына әкеледі.
Салқындататын дискомфортты микроклимат жергілікті және жалпы гипотермияларға және олармен байланысты ауруларға және ағзаның функционалдық жағдайының бұзылуларына әкеледі.
Физикалық жолмен жылу реттелуі қоршаған орта жылу берілуінің өзгеруімен іске асырылады.
Жылу берілуінің негізгі жолдары сәулелену (инфрақызыл), конвекция,өткізу (кондукция) және булану болып табылады.
Қоршаған заттар мен қоршаулардың температурасы адамның терісінің температурасынан жоғарырақ болған кезде ,адам өзі жылу беруге қарағанда жылуды көбірек алады,яғни оң радиациялық баланс пайда болады.
Жел раушаны әр түрлі бағыттар (румбалар) бойыша жыл бойына желдің тұру жиілігінің графигі қурастырылады.
Объективті бағалау адамның жылулық жағдайыт мен микроклимат көрсеткіштеріне жүргізілетін аспаптық зерттеулердің нәтижелері негізінде беріледі.
Жалпы жиынтық сәулелену күн көзінен тікелей түскен,көк аспаннан өткенде шашыраған және әр түрлінысандар бетінен шағылысқан сәулелерден тұрады.
Химиялық жылу реттелу- қоршаған ортаның температурасына байланысты ағзаның жылу өнімдерінің алмасу процесстерінің реттелуі төмендеуі немесе жоғарылауы.
Физикалық жылу реттелу – ағзадан жылудың берілуі.жылу берілудің мынадай жолдары бар: сәулелену, конвекция, кондукция, булану.
Сәулелену арқылы(инфрақызыл радиация) жылу берілу дегеніміз- тек тірі ағзаларға тән емес, барлық жылу қабылдайтын нысандарға тән.
Сәулелік жылу алмасу адам мен қоршаған орта арасында үздіксіз жүріп отырады.
Радиациялық теріс баланс ауа температурасының қолайлы жерлеріндеде, сондай-ақ суық немесе ылғалды қабырғаларда орын алады, бұндай жағдайда аз қыздырылатын беткейлерге аз интенсивті жылулық сәулелену жүреді.
Нөльдік баланста адамның денесінің беткі бөлігі қанша жылу қабылдаса, сонша жылу бөледі.
Конвекциялық жолмен жылу берілу адам денесінің беткейіндегі ауа массасына жылу беріледі.
Желсіз ,суық ауа райы кезінде температуралық градиенттің бұрмалануы инверсия байқалуы мүмкін.
Кондукция кезінде – дене суық заттармен түйіскенде жүреді.
Ауаның ылғалдылығы суаттардың , топырақтың, өсімдіктердің беттерінен су булануына байланысты және ол ауаның температурасы мен оның қозғалу жылдамдығының өзгеруіне тәуелді.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – бұл ауаның су буларымен қанығу пайызы.
Қозғалу жылдамдығы- ауа массасының уақыт бірлігінде өтетін қашықтығымен анықталады: әдетте, жылдамдығы секунд ішіндегі метр санымен беріледі.
Жел розасы- жергілікті жердегі белгілі бір кезең (ай, жыл) ішінде дүниенің бұрышы (по сторонам света) бойынша жел бағытының графикалық бейнеленуі.
Ауа қозғалысынң үлкен жылдамдықтарын тікелей анықтау үшін (табақшалы, қанатты) Фюсса, Казелл анемометрін, Нито трубкасын т.б. қолданады.
Ауа қозғалысының аз жылдамдықтарын жанама түрде анықтау үшін (шар тәрізді, құрғақ) кататермометрмен, шекті (струна) анемометрді, термоэлектрлік анемометрді т.б. қолданады.
Табақшалы анемометр негізінен ашық атмосферада метеорологиялық бақылау үшін арналған және ауаның қозғалу жылдамдығын 1 м-ден 50м/сек дейін өлшеуге мүмкіндік береді.
Қанатты анемометр үлкен сезімталдығымен ерекшеленеді және 0,5 тен 15 м/сек-қа дейінгі ауаның әлсіздеу ағынын анықтау үшін жарамды.
Биіктік немесе тау ауруы ауадағы оттегінің парциалды қысымының төмендеуі әсерінен дамитын гипоксия .
Кессон - сумен қаныққан жер асты грунттарында немесе су астында жұмыс жүргізу үшін арнайы жасалған камера.
Иондану – ауаның құрамындағы молекулалар мен атомдардың қарама- қарсы зарядталған иондарға ыдырауы.
Корпускулярлық сәулелену күн желі деп аталады, оның құрамына электрондар, протондар, гелий ядролары және басқа бөлшекткр кіреді.
Күн дағы көлденеңі бірнеше мыңдаған километрге созылған және магниттік өріс кернеулігі жердің магниттік өрісінің кернеулігінен мыңдаған есе жоғары, алып электромагнит болып табылады.
Күн көзіндегі жарқылдаулар (солнечная вспышка) күндегі болып жатқан жарылыстардың бейне көрінісі .
Жарық климат әр түрлі жерлердегі жер бетіне жететін күн сәулесінің мөлшері.
Фотобиологиялық үрдістер әр түрлі биохимиялық және физиологиялық айналымдар жиынтығы.