
- •Курсының меңгерушісі, и.О. Проф. Рыскулова а.Р.
- •Тақырып № 2: Бөлмелердің микроклиматын гигиеналық бағалау.
- •Тақырып № 3.Бөлме ауасының химиялық және бактериялық ластануын және табиғи және жасанды желдетудің тиімділігін гигиеналық бағалау
- •Тақырып № 4. Бөлмедегі инсоляциялық тәртәпті , табиғи және жасанды жарықты гигиеналық бағалау.
- •Тақырып №. 5 Ауыз судың сапасын және сумен қамтамасыз ететін су көздерін гигиеналық бағалау. Су тұтынуға байланысты аурулар және олардың алдын алу
- •Тақырып № 6.Судың сапасын жақсарту әдістері.
- •Тақырып №8. Балалар мекемелерін жоспарлаудың және жабдықтаудың гигиеналық принциптері және санитарлық нормалары мен ережелері.
- •Тақырып №9. Тамақтану адекваттылығын тағамдық статусы бойынша гигиеналық бағалау.
- •Тақырып № 10.Сүт, ет және банкідегі консервілердің залалсыздығын бағалау. Тамақтан уланулар және олардың алдын алу.
- •Тақырып № 11. Ауруханалардың ас блогын орналастыруға, жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптар.
- •Тақырып № 12.Ауруханалардың бас жоспары мен жағдайлық жоспарын гигиеналық бағалау.
- •Тақырып №13.Еам арнайы мамандандырылған бөлімдерінің ішкі жоспарлануын гигиеналық бағалау. Аурухана ішілік инфекциялар және олардың алдын алу
- •Тақырып №14. Өңдірістік шаңның гигиеналық маңызы. Шаңға байланысты ауруларды алдын алу. Өндірістік шу мен дірілдің гигиеналық маңызы. Шу және діріл ауруларының алдын алу.
- •Шығу тегі (жаратылысы) бойынша:
- •Тақырып №15. Өндіріс кәсіпорындарының жұмысшыларына емдеу-аурудың алдын алуды қамтамасыз етудің ұйымдастыру принциптері. Кәсіптік уланулар және олардың алдын алу.
- •Тақырып №16. Радиациялық гигиенада қолданылатын негізгі түсініктер. Иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі персоналдың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптері.
Тақырып №16. Радиациялық гигиенада қолданылатын негізгі түсініктер. Иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі персоналдың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптері.
ТЛД – термолюминесценттік дозиметрлердіні жұмыс істейтін адамның денесінің бетіне орналастыру кезінде жұмыс сипатын, бүкіл дененің немесе жергілікті (локальды) сәулеленуге ұшырау мүмкіншілігін ескеру қажет. Сәулелену бүкіл денеге әсер еткен кезде термолюминесценттік дозиметрлер төс және жамбас тұсында (деңгейінде) орналасуы тиіс, жергілікті әсері кезінде орналасуы төс- бас, төс- жамбас, төс-аяқ және басқалар тұсында
АД санаты – онкологиялық аурулардың болуымен байланысты немесе оған күдікті болғанда диагнозын анықтау мақсатында , сондай-ақ ургенттік жағдайлар кезінде рентгенологиялық процедуралар жүргізілетін адамдар;
БД санаты – онкологиялық емес сипаттағы аурулармен байланысты диагнозын анықтау және емдеу тактикасын таңдау мақсатында клиникалық көрсетулері бойынша рентгенологиялық процедуралар жүргізілетін адамдар;
ВД санаты – аурудың алдын алу мақсатында және де ғылыми зерттеу тұрғысынан рентгенологиялық процедуралар жүргізілетін адамдар;
Иондағыш сәулелену-бул затпен өзара әрекеттескен кезде заттың атомдары мен молекулаларының иондануына және қозуына әкеп соғатын сәулелену
Нейтрондық сәулелену ядролық реакторларда- уран,плутоний ядроларының бөлінуі үрдісінде пайда болады.
Иондаушылық әдіс-иондану эффектісін тікелей тіркеуге негізделген әдіс.
Радиациялық гигиена-бұл иондаушы сәулелердің адамға әсер ету жағдайын,түрлерін және салдарын зерттейтін және адам денсаулығын қорғауға бағытталған шаралары зерттеп,дайындайтын ғылым.
Иондаушы сәулелену көзі-(РҚН-99-сәулелену көзі) иондаушы сәулелену шығаратын немесе шығаруға қабілетті заттар немесе құрылғылар.
Табиғи сәулелену көзі- табиғи текті иондаушы сәулелену көзі.
Техногенді сәулелену көзі-оны пайдалы мақсатта қолдану үшін арнайы жасалған немесе осы әрекеттің жанама өнімі болып табылатын иондаушы сәулелену көзі.
Жабық көздері-пайдалануы және тозуы алдын ала болжамдалған жағдайларда құрылғысы радиобелсенді заттарды қоршаған ортаға түсірмейтін кез-келген иондаушы сәулелену көзі.
Ашық көздер-мұндай иондаушы сәулелену көздерін пайдаланған кезде,белсенді заттар қоршаған ортаға түсуі мүмкін.
Радиобелсенділік-бұл,өздігінен бір элементтің атом ядроларының иондаушы сәулелершыгарып,басқа элемент атомының ядроларына айналуы.
Термоядрлоық реакциялар-бұл реакциялар тек бәрнеше миллион градустарға жететін температура кезінде жүреді.
Минималды мәнді белсенділік ММБ-сәулеленудің көзін пайдалану үшін мемлекеттік санэпидбақылау органдардын рұқсатың қажет етпейтін, бөлмедегі немесе жұмыс орнындағы иондаушы сәулеленудің ашық көзінің белгіленген белсенділігі.
Минималды мәнді меншікті белсенділік МММБ– сәулеленудің көзін пайдалану үшін мемлекеттік санэпидбақылау органарының рұқсатың қажет етпейтін бөлмедегі немесе жұмыс иондаушы сәулеленудің ашық көзінің белгіленген меншікті белсенділігі.
Сәулеленуге ұшырау-иондағыш сәулеленудің адамға әсері. Техногенді сәулеленуге ұшырау-пациенттердің медициналық сәулеленуге ұшырауынан басқа қалыпты жағдайларда да және апатқа ұшыраған жағдайларда да техногенді көздерінен сәулеленуге ұшырайды.
Қызметкер–сәулеленудің техногенді көздерімен жұмыс істейтің немесе жұмыс жағдайы бойынша сәулеленудің әсері бар жерде жұмыс істейтін адамдар.
Халық–иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін, жұмыстан тыс кезінегі қызметкерді қоса алғандағы барлық адамдар.
Доза–радиациалық гигиенада иондаушы сәулеленуді сандық бағалау үшін қолданылатын түсінік.
Экспозициалық доза–ауаның аз көлемінде фотондардың әсерінен түсірілген барлық екіншілік электронардың толық тежелу ткезінде ауада пайда болған бір белгідегі иондардың толық зарядының ауаның осы көлемдегі массасына қатынасы.
Сіңірілген доза–элементарлық көлемдегі затқа иондаушы сәулеленуден берілген орташа энергия.
Эквиваленттік доза–берілген сәулелену түрі үшін тиісті өлшем коэффицентіне көбейтілген мүшедегі немесе тінегі сіңірілген доза.
____________________________________________________________________________________