Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Слес.іс негізд1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.25 Кб
Скачать

Тәжірибелік сабақ №1. «Слесарлық жұмыстарды орындау кезіндегі техника қауіпсіздігі»

Жұмыстың мақсаты: өндірістік процесті ұйымдастыру, техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралармен танысу.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Жабдықтардың жұмысы кезіндегі қауіпсіздік бойынша шараларды оқу

2. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқауды оқу.

3. Слесарлық жұмыстарды орындау кезінде жұмысшы денсаулығына әсер ететін қауіпті факторларды оқу.

Әдебиет: 1 нег. [44-52].

Бақылау сұрақтары:

1. Адам ағзасына қоршаған ортаның қандай факторлары әсер етеді?

2. қауіпсіздікті қорғау бойынша қандай іс-шараларды білесіздер?

3. Өрт қауіпін болдырмау бойынша қандай іс-шараларды білесіздер?

Тәжірибелік сабақ №2. «Жұмыс орны мен жұмыс процестерін ұйымдастыру»

Жұмыстың мақсаты: жабдықтарды орналастыру және жұмыс процесін ұйымдастыру тәсілдерімен танысу.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Еңбек өнімділігін арттыру тәсілдерін оқу.

2. Қажеттілігіне тәуелді құралдарды орналастыру тәртібімен танысу.

3. Слесардың жұмыс орнының ЕҒҰ танысу.

Әдебиет: 1 нег. [9-27].

Бақылау сұрақтары:

1. Жұмыс орнын оңтайлы ұйымдастыруды орындау үшін ЕҒҰ қандай талаптары орындалуы керек?

2. Цехты, телімді және шеберқананы жоспарлаудың бастапқы деректері болып табылатындар?

3. Өндірістік ахуалды жасайтын элементтер кешені құрамына нелер кіреді?

Тәжірибелік сабақ №3. «Слесардың жұмыс және бақылау-өлшеу құралдары»

Жұмыстың мақсаты: өлшеу, жұмыстық, бақылау-өлшеу құралдары құрылымдарымен танысу және оларды дұрыс пайдалана білу.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Жұмыс құралдарынын құрылымын және оларды дұрыс таңдауды оқу.

2. өлшеу тәсілдері мен бақылау-өлшеу құралдарын сақтауды оқу.

Әдебиет: 1 нег. [27-44].

Бақылау сұрақтары:

1. Қол құралдарының типтік жинағы құрамына нелер кіреді?

2. Слесар балғалары қалай сыналады?

3. Кронциркуль не үшін қолданылады?

Тәжірибелік сабақ №4. «Жазық беттерді белгілеу»

Жұмыстың мақсаты: белгілеу жұмыстары кезінде қолданылатын жабдықтармен, құралдармен және айлабұйымдармен танысу.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Белгілеу жұмыстары түрлерін оқу.

2. Белгілеу жұмыстарын орындау тәртібін оқу.

Әдебиет: 1 нег. [54-86].

Бақылау сұрақтары:

1. Белгілеу жұмыстары не үшін қажет?

2. Беттерге сызаттар қалай салынады?

3. Белгілеу жұмыстарының қандай түрлерін білесіздер?

Тәжірибелік сабақ №5. «Металдарды шабу»

Жұмыстың мақсаты: металдарды шабу технологиясымен танысу.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Слесарлық шабудың тағайындалуын оқу.

2. Қолмен шабу кезіндегі жұмыстың негізгі тәртібі мен тәсілдерін оқу.

3. Шабуды орындау тәсілдерін оқу.

Әдебиет: 1 нег. [86-101].

Бақылау сұрақтары:

1. Металды шабу үшін қандай құралдар қолданылады?

2. Металды шабуды орындау кезінде слесар қалай орналасуы керек?

3. Іскенжеде (тискіде) шабу қалай орындалады?

Тәжірибелік сабақ №6. «Металдарды ию»

Жұмыстың мақсаты: металдарды ию технологиясымен танысу.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Металды июдің мағынасын оқу.

2. Металды ию кезінде қолданылатын жабдықтардың құрылымы мен жұмысын оқу.

3. Қималары әртүрлі металдарды ию тәсілдерін оқу.

Әдебиет: 1 нег. [111-136].

Бақылау сұрақтары:

1. Металды шабу үшін қандай құралдар қолданылады?

2. Құбырларды ию мен вальцовкалау қалай орындалады?

3. Серіппелерді жасау қалай орындалады?

Тәжірибелік сабақ №7. «Металдарды кесу»

Жұмыстың мақсаты: қималары әртүрлі металдарды кесу технологиясымен танысу.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Металды кесу кезіндегі кесу процесіне қажетті құралдар мен оның элементтерін оқу.

2. Қол және механикаландырылған құралдармен металдарды кесу тәсілдерін оқу.

Әдебиет: 1 нег. [137-163].

Бақылау сұрақтары:

1. Қол арамен металды кесу қалай жүргізіледі?

2. Қол қайшымен металды кесу қалай жүргізіледі?

3. Металды газбен кесу қалай жүргізіледі?

Тәжірибелік сабақ №8. «Металдарды егеулеу»

Жұмыстың мақсаты: егеулерді таңдау, оларды баптау және жазық және қысық беттерді егеулер дағдыларын алу.

Әдістемелік ұсыныстар:

  1. Егеулер құрылымын оқу.

2. Жазық беттерді егеулеу тәсілдерін оқу.

3. Қисық беттерді егеулеу тәсілдерін оқу.

Әдебиет: 1 нег. [165-195].

Бақылау сұрақтары:

1. Егеумен өңдеудің дәлдігі?

2.Егеулер қалай сыныпталады?

3. Егеулерді таңдау қалай жүргізіледі?

Тәжірибелік сабақ №9. «Тесіктерді тесу»

Жұмыстың мақсаты: бәрбіні (сверлоны) таңдау, бәрбі станогін дайындау мен күйіне келтіру және тесіктерді тесу дағдысын алу.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Бәрбілер құрылымын оқу.

2. Бұрғылау кезіндегі кесу режимдерін оқу.

3. бәрбілерді қайрау тәсілдерін оқу.

Әдебиет: 1 нег. [197-230].

Бақылау сұрақтары:

1. Бәрбілер тағайындалуы және құрылымы бойынша қалай бөлінеді?

2. Бұрғылау кезіндегі кесу режимдері қалай таңдалады?

3. Бәрбінің тозуына қандай факторлар әсер етеді?

Тәжірибелік сабақ №10. «Тесіктерді, үңгу, ұңғымалау және кеңейту»

Жұмыстың мақсаты: тесіктерді үңгу, ұңғылау және кеңейту тәсілдерімен танысу.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Үңгу және үңгігіштер түрлерін оқу.

2. Кеңейту тәсілдерін оқу.

3. Тесіктерді өңдеудің типтік тәсілдерін оқу.

Әдебиет: 1 нег. [230-240].

Бақылау сұрақтары:

1. Үңгу ұңғымалаудан несімен ерекшеленеді?

2. Кеңейту операциясының мағынасы?

3. Үңгігіштерді құрылымы бойынша қалай ажыратады?

Тәжірибелік сабақ №11. «Бұранда салу»

Жұмыстың мақсаты: ішкі және сыртқы бұрандаланды салу дағдысын алу.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Бұранданың негізгі элементтерін оқу.

2. Ішкі бұранданы салу тәсілдерін оқу.

3. Сыртқы бұранданы салу тәсілдерін оқу.

Әдебиет: 1 нег. [241-52].

Бақылау сұрақтары:

1. Бұранда салу үшін қандай құралдар мен жабдықтар қолданылады?

2. Бұранда өлшемі қалай анықталады?

3. Бұранда үшін тесік тесу үшін бәрбі қалай таңдалады?

Тәжірибелік сабақ №12. «Кеңістіктік белгілеуді орындау»

Жұмыстың мақсаты: кеңістіктік белгілеуді орындау кезінде қолданылатын құралдармен танысу, белгілерді салу дағдысын алу.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Сызаттарды салу кезінде қолданылатын құралдар мен айлабұйымдар құрылымдарын оқу.

2. Белгі салу тәсілдері мен тәртібін оқу.

3. Кеңістіктік белгілеу тәсілдерін оқу.

Әдебиет: 1 нег. [266-281].

Бақылау сұрақтары:

1. Кеңістіктік белгілеу жазықтықтықтан несімен ерекшеленеді?

2. Белгілеу кезінде бөлшектің қалпы қалай таңдалады?

3. Белгілеу сызыттарын салу қалай жүргізіледі?

Тәжірибелік сабақ №13. «Электрлендірілген құралдарды қолдану»

Жұмыстың мақсаты: бұрандалы қосылыстарды жинақтау кезінде қоданылатын механикаландырылған электр құралдарының құрылымымен және жұмысымен танысу.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Механикаландырылған қол құралдарына қойылатын негізгі талаптарды оқу.

2. Электрлендірілген құралдардың құрылымы мен жұмысын оқу.

3. Электрлендірілген құралдарды пайдалану және техника қауіпсіздігі ережелерін оқу.

Әдебиет: 1 нег. [283-306].

Бақылау сұрақтары:

1. Механикаландырылған құралдар қалай сыныпталады?

2. Электрлендірілген құралдардың артықшылықтары мен кемшіліктері?

3. Электрлендірілген құралдар оны қоректендіру тоңының түріне тәуелді қалай бөлінеді?

Тәжірибелік сабақ №14. «Пневматикалық құралдарды қолдану»

Жұмыстың мақсаты: пневматикалық құралдардың құрылымымен, жұмысымен және техникалық күтімімен танысу.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Соққылы пневматикалық құралдардың жұмыс приципін оқу.

2. Пневматикалық бұрғылау машиналарының жұмыс приципін оқу.

3. Пневматикалық тегістеу машиналарының жұмыс приципін оқу.

Әдебиет: 1 нег. [306-318].

Бақылау сұрақтары:

1. Пневматикалық құралдар қалай сыныпталады?

2. Пневматикалық құрал қандай негізгі элементтерден тұрады?

3. Пневматикалық құралдарды күту қалай жүргізіледі?

Тәжірибелік сабақ №15. «Егеулеп келтіру тәсілдері мен құралдары»

Жұмыстың мақсаты: әртүрлі тесіктерді егеулеп келтіру, бөлшектерді келтіру және орналастыру тәсілдерімен танысу.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Әртүрлі тесіктерді егеулеп келтіру тәсілдерін оқу.

2. Болт басына гайкалық кілтті егеулеп келтіру технологиясын оқу.

3. Бөлшектерді егеулеп келтіру және орналастыру тәсілдерін оқу.

Әдебиет: 1 нег. [319-326].

Бақылау сұрақтары:

1. Бөлшектерді егеулеп келтіру егеулеп кеңейтуден ақалай ерекшеленеді?

2. Квадрат, сопақ және басқа пішіндегі тесіктерді егеулеп келтіру қалай жүргізіледі?

3. Бөлшектерді егеулеп келтіру мен орналастыру қалай жүргізіледі?