Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТС_КСМ_11 кл_каз_2ч.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
218.68 Кб
Скачать

«Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәнінен ішкі жиынтық бағалауға (іжб) арналған спецификация

11 Сынып Астана - 2014

Мазмұны

  1. Дағдылар тізімі..................................................................................................................2

  1. Кіріспе................................................................................................................................2

  1. 11-сыныпқа арналған ішкі жиынтық бағалау жұмыстарына шолу..............................2

    1. Тоқсандар бойынша ішкі жиынтық бағалаудың өткізілу реті...............................2

  1. ІІ- тоқсан............................................................................................................................4

    1. ІІ- тоқсан бойынша тапсырмалар үлгісі мен балл қою кестесі.............................4

  1. Қосымша құралдар..........................................................................................................11

  1. Әкімдік ету ережелері.....................................................................................................11

7. Стандарттау және балдарды қою....................................................................................11

  1. Дағдылар тізімі

1-дағдылар тобы

Сипаттамасы

Білу

Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес ақпарат пен анықтамаларды, нақты деректерді білуі және еске түсіруі

Түсіну

Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес ақпараттарды түсіну арқылы дұрыс жеткізуі, болжауы немесе түсіндіре білуі

2-дағдылар тобы

Сипаттамасы

Қолдану

Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес алған білімдері мен ақпараттарды таныс немесе таныс емес жағдайларда, контексте қолдануы

Сыни ойлау

Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес ақпарат пен идеялардың маңыздылығы мен сенімділігі туралы шешім қабылдауы

Анализ

Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес ақпараттарды және/немесе нәтижелерді жинақтап, материалдарды немесе тұжырымдарды бөлікке бөлуі және сол бөліктердің өзара сәйкестігін анықтай білуі

Синтез

Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес алған білімдерін әр түрлі жаңа контексте құрастыра білуі

Бағалау

Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес белгілі критерийлер арқылы материалдың немесе идеялардың құндылығы туралы шешім қабылдауы

Рефлексия

Сыныптар және пәндер бойынша оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес ойлар мен пікірлерді, деректерді, ақпаратты ауызша және жазбаша түрде ұсыну.Басқалар ұсынған мәліметті тыңдау және оған тиісті жауап қайтару қабілеті.Басқаларға өз қөзқарасын түсіндіру жайында талқылау жүргізу, олардың көзқарасын түсіну, одан кейін жалпы түсінікке, қорытындыға келу.Пікірлерді, ойларды және оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс әрекеттер жасау.

2 Кіріспе

Спецификация Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі 11-сынып оқушыларының «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәнінен ішкі жиынтық бағалауын сипаттайды.

Мақсаты: ішкі жиынтық бағалау жұмысы оқушылардың білім, түсінік, дағдыларының оқу бағдарламасы мазмұны мен оқу жоспарына сәйкестігін дәлелдеуге бағытталады.

Бағалау оқу жоспарындағы тоқсанға арналған жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.

3 11-сыныпқа арналған ішкі жиынтық бағалау жұмыстарына шолу