
- •С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
- •Науқастың емдеудің тиімділігін клинико-фармакологиялық тұрғыдан сараптамалық бақылау
- •I клиникалық диагнозды негіздеу
- •Тексеру жоспары
- •Зертханалық мәліметтер
- •Емдеу жоспары
- •II дәрігер тағайындаған тіркеу парағы
- •IV Жүргізілген емнің тиімділігін динамикасын бағалауға қажееті негізгі клинико-лабораториялық көрсеткіштер
- •V Фармакотерапияның асқынулары, оларды алдын алу
- •VI Емдік тиімділікті бағалау
С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Кафедра: Клиникалық фармакология, эндокринология, ЕДШ және физиотерапия
Кафедра меңгерушісі:м.ғ.д.,профессор Жанпеисова А.А.
Науқастың емдеудің тиімділігін клинико-фармакологиялық тұрғыдан сараптамалық бақылау
Науқас: Нурпеисова Касира Баймоллановна
Орындаған:Заманбекова Маржан
06-01-04(А) топ
Тексерген: проф.Құнанбай Қабден
Алматы 2011
Төлқұжат бөлімі
Тегі: Нурпеисова
Аты: Касира
Жасы: 53 (10.07.1958ж)
Жынысы: әйел
Ұлты: қазақ
Жанұялық жағдайы: үйленген
Мекен жайы: Бостандык ауданы,Си- Синхая көшесі 18-27
Мамандығы: әлеуметтік жұмысшы
Ауруханаға түскен күні: 10.10.11
Ауруханадан шыққан күні: 25.10.11
Кім арқылы түсті: жедел жәрдем бригадасы
Ауруханаға түскен кездегі диагноз: жедел коронарлы синдром
Алғаш қойылған болжам диагноз: ЖИА. Күштемелі стенокардия. СЖЖ II А. ФК 2.
Қорытынды диагноз: ЖИА. Күштемелі стенокардия Артериалды гипертензия III дәрежесі. ҚҚ3 . СЖЖ II А. ФК 2. Дисциркуляторлы энцефалопатия.
Қосымша аурулары: жоқ
I клиникалық диагнозды негіздеу
Шағымдары: бас ауруы, бас айналуы, көзінің қараюына, жүрек қағуына, сыздап ауруына, жүктемеден кейін ентігу пайда болуына
Anamnesis morbi
Науқас өзін 2000 жылдан бастап аурумын деп сезінеді. Онда кенеттен АҚҚ 190\130мм.сым.бағ. дейін көтеріліп, жүректің, төстің сыздап, кысып ауруы, қулағында шу естіле бастады. Науқас дәрігерге қаралмай өз бетінше энам және нитроглицирин қабылдаған. 2004 жылы науқас физикалық жүктемеден кейін ентігу, жүректің, төстің төменгі бөлігінің сыздап, қысып ауруына, ауру сезімі сол қолға, сол иыққа иррадиациялануына, АҚҚ 170\120мм.сым.бағ. дейін көтерілуіне, нитроглицирин қабылдағандан кейін ұстаманы 1-2 минутдан соң басылуына шағымданып №6 поликлиникада келеді, ол жерде «ЖИА. Үдемелі стенокардия. Артериалды гипертензия III» диагнозы койылады, қандай ем алғаны есінде жоқ. Науқас №6 поликлиникаға «Д» учетқа алынған. 2010 жылы декабрь айында жоғарыда айтылған шағымдарымен №6 поликлиникада эринит, кордорон, тромбоасс, капотен препараттарымен ем қабылдайды, бырақ күнделікті қабылдайтын базісті емді уақтында қабылдағанды. Соңғы екі күн ішінде АҚҚ 190\110мм.сым.бағ. дейін көтеріліп, жүрек, төстің тқменгі бөлігінің сыздап, қысып ауырады, сол қол және сол жаурын астына иррадиацияланады, физикалық жұмыстан кейін ентігу, тұншығу, жалпы алсіздік шағымдары өршіп 29.09.11ж күні жағдайының ауырлауымен жедел жәрдем «03» бригадасын шақырды және №7 ҚКА ның ардагерлер бөлімшесіне жатқызылды.
Anamnesis vitae
Созылмалы жұқпалы аурулармен (туберкулез, гепатит, бруцеллез) ауырмайды. Аллергиялық анамнез-дәрі дәрмектерге, тағамдық заттарға, вакциналарға, шаң тозаңдарға аллергиясы жоқ.
Status praesens
Жалпы жағдайы орташа ауырлықта,өзі қөзғалып жүреді,есі анық. Дене бітімі дұрыс қалыпты, нормостеник. Салмағы-73 кг, бойы-165 см, дене қызуы-36.9°С. Терісінің түсі дене түсіне сәйкес, тургоры сақталған, бөртпелер, жаралар жоқ. Тері қосалқылары: тырнақ-пішіні қалыпты, дақтар жоқ, шаштарының шығу қасиеті жынысына сәйкес. Көзге көрінетін кілегей қабаттарында көзге көрінетін өзгерістер жоқ.
Тыныс алу жүйесі
Мұрын пішіні өзгермеген, тыныс алуға еркін қатысады. Кеуде пішіні цилиндр тәрізді, дұрыс, екі жартысы бірдей, эпигастральды бұрышы 90°. ТАЖ 18-1мин Өкпенің симметриялы аймақтарында везикулярлы тыныс. Патологиялық сырылдар естіледі. Бронхофания өзгеріссіз. Барабан тәрізді саусақ симтомы теріс.
Жүрек қан-тамыр жүйесі
Аускультация
Жүрек тондары әлсіреген. Жүрек үшінда I-тон анықталынады, ол ұйқы артериясының соғуына сәйкес, түйықталған, II-тон анық, ритмы дұрыс. Патологиялық шу жоқ.
Қан тамырлары
Қан тамыр қабырғасы жұқа, жұмсақ біркелкі тегіс және серпімділігі сақталған, түтік тәрізді. Шыбық артериясының пульсі екі қолда бірдей, ырғақты, жиілігі PS 80-1мин, АҚҚ 130\90 мм.с.б. Пульс жетіспеушілігі анықталмайды.
Ас қорыту жүйесі
Ауыз қуысы: шырышты қабаты ылғалды, бөртпелер жоқ. Құрсақты қарағанда: іші үлкеймеген, тыныс алуға қатысады. Көзбен көрінетін перисталтика жоқ.
Бауыр пальпациясы
Бауырдың томенгі жиегі қабырға доға тұсынан 2 см төмен, жиегі өткір, тегіс, жұмсақ, ауырмайды.
Несеп болу жүйесі
Бүйрек аймағын қарап тексергенде патологиялық өзгерістері жоқ. Бүйрек пальпация әдісімен анықталмайды.Пастернацкий симптомы екі жақта да теріс. Зәр шығаруы бұзылыссыз. Қасаға сүйегі үстінде қуық анықталмайды.
Нерв жүйесі және психикалық жағдайы
Есі анық, сөзі өзгермеген. Сезгіштігі сақталған. Жүрісі қалыпты. Ромберг кейпінде тұрақты. Көз алмасының, қарашықтардың жағдайы және көздің рефлекстері қалыпты.