Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Төлеу Көбдіков жырлары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
282.11 Кб
Скачать

1951 Жылы бейбітшілік туралы

Қол қойған ұлы мәжілісте

Еңбекші ел еркін өскен бақыты зор

Өнер,білім табысы онан да мол

Бейбітшілік жолына жігер салып,

Нығайып өрлеудегі мақсаты сол

Өмірдің рахаты бейбітшілік

Дүние жүзі әлемге бақытты жол.

Кешегі соғысқұмар сойқандының

Ақыры болған жоқ па өзіне сор

Пәлені кім іздесе оған да сол.

Жігерлі бар ынтамен қоялық қол.

Халқымның қамал бұзған қаһарманы

Оған күш тең келмеген жаһандағы.

Жерімнен жемтік дәме еткен дұшпан

Бассалмақ болып талай бата алмады

Кешегі қан майданда өмірге өлім,

Төнгеде отамақ боп өмір гүлін

Әлемге батыр даңқын мәшһүр етіп

Бүгінгі бейбіт өмір сақшысы боп

Тұрғанда жауынгерім каупім –жоқ,

Өйткені берік құрыш қамалым сол

Өркеуде өткізбейтін Отанға оқ.

Сондықтан жырым бейбіт еңбек жырым,

Еңбекте озып шыққан ерлер жыры.

Шұғылалар коммунизм шыңына өрлеу

Жырдың да,еңбектің де терең сыры.

Шұғылалы коммунизм құрылысынна

Құлшына кіріс,барлық тусқаным!

66

Көктем

Келді көктем,

Нұрын төккен,

Күн шұғыласын төндіріп

Нәсіп еткен,

Жаңбыр көктен,

Құйылып тұр сел қылып.

Егін еккен ,

Тұқым сепкен,

Колхозшылар өндіріп.

Бәрі шектен,

Асып кеткен

Ұшан – теңіз мол қылып.

Өнім артып ,

Асып шалқып,

Еңбек туы дүрілдеп .

Шарадан асып ,

Екпіндей тасып,

Тоған суы гүрілдеп

Алмастың өзі,

Соқаның түзі,

Ұстарадай дірілдеп.

Алып күші,

Болат тісі,

Тас тұрсада тілімдеп.

Трактористі

Бөкен желіс,

Шаттық кернеп күлімдеп.

1952

67

Бірінші май

Ежелден ұлы мейрам Бірінші Май

Тоғызы жеңіс мейрам осыған сай

Бір айда екі мейрам сауық салып,

Масайрап бақытты елім болады жай.

Сауықшыл салтанатты бақытты елім,

Ақын,әнші бұлбұлын сайратып тұр

Көктемге көңілденіп күлеп шығып ,

Қазанын мол өнімнен қайнатып тұр.

Егіске шықты колзоз шеру тартып ,

Табысқа көңіл сеніп бойы балқып.

Қаптаған жыл құсындай тракторлар

Қопарып тау,даланы түгел қарпып.

Құт құйған ,

Қыдырып қонған колхоз,совхоз

Ізінен алтын ағып,жұпар аңқып,

Үстіне дән себіліп ,нұр төгіліп,

Кең далам, кербез далам жатыр шалқып.

Соғыста қалай істеп,қалай жеңдік

Жоспарды орындаймыз одан да артық.

Қан жауған қара түнек күн ашылды,

Қаптаған дүние жүзін өрт басылды ,

Құртылып қаскүнем жау,ордасымен,

Біз тугел талай шетел көзі ашылды .

Осындай ұлы жеңіс естілмейді

Бұрынғы қарастырсақ сан ғасырды ,

Партия көпке бақыт,өнер ұйып,

Менің де жасартып тұр қарт басымды.

Бесжылдық өркендейтін жоспар жасап

Халыққа нұр төгіліп гүл шашылды.

68

Алтын заң, бес жыл жоспар ел бақыты

Мүлтіксіз орындаймыз екі асылды.

Алтынды алабымен жер шарамыз,

Қайысқан қаптаған мал кен даламыз,

Женімпаз батыр елдің жеткіншегі,

Жайнап тұр жау қайда деп жас боламыз.

Жер жүзі толған тоған,аққан арық

Өлшеусіз дәнді егісті мол саламыз.

Қуанышты, егіз ерке Май мейрамын

Бар істе зор табыспен қарсы аламыз.

Елімнің әлем көрді қасиетін,

Дос түгіл жаулар-дағы бас иетін

Әлемге айқын болды дабысымыз

Кек бітіп кетпеген соң намысымыз

Дұшпанды қарсыласқан қазбай көміп,

Дос болды жақын түгіл алысымыз.

Бет бұрдық шаруа, тұрмыс өркендеуге,

Күнде асып күндегіден шабысымыз.

Сенім зор бес жыл жоспар орындауға

Кепілі социалдық жарысымыз.

1946

69

Көркем айы көктемнің.

Көктемнің көркем айы келді майым,

Мен қалай майдың айын жырламайын,

Көктемде көлге құйған берекелі-

Өзендей өлеңімді ағылтайын.

Көлемі гүл бақшамен көмкеріліп,

Саяда қаулап өссің егін жайым!

Шығынсыз төрт түлігім төксін толін,

Ылдидан төске өрлей өскен сайын!

Шаруаның төрт маусымы атанады,

Бөлгенде төрт тоқсанға он екі айым.

Сол төрттің бірі көктем болса-дағы,

Көргем жоқ көркемдікке майдан байын.

Үш ай көктем , үш ай жаз, үш айым күз,

Үш ай қыс ақпан, қантар ызғарлы сыз.

Жер-көкті маужыратып май келгенде,

Қалмайды ерімеген жерде тоң-мұз.

Майда желі жібектей тұнық түні,

Масайрар нұр сәулелі ашық күндіз.

Аққу-қаз көлге жүзіп қоразданып,

Сайраған бұлбұл, көкек,таста байғыз,

Ұйқыдан көзін ашқан нәрестедей

Жаудырар жассыл орман тауда жалбыз.

Жер жүзі мәуеленіп көз тартады.

Киінген сұлу қыздай кәмшәт-құндыз

Жымыңдап жылт-жылт етіп гүл-бәйшешек,

Шыққандай шырақ жанып жерден жұлдыз.

Қолымыз көкке жетер құлаштасақ,

Жаз- еңбек бәйгесінде жыраққа шап!

Озат ел даңқымызға нұқсан келер,

Жылдан-жыл күндегіден күнде аспасақ.

Бас қосып жер-жаһанның демократы,

Айтып тұр қалмаймыз деп біз бастасақ.

1950

70