
Ақын туралы бірер сөз
Академик Мұхтар Әуезов орыс жазушысы Павел Кузнецовқа 1943 жылы жазған бір хатында былай деген:«... жол сапарымыздың соңғы күндерін біз Семейде өткіздік.Онда ақындар айтысы болды.Облыста, бұрын неге көрінбегенін кім білсін, Төлеу деген ірі ақын бар екен.Оның тума шежіресі өте қызық.Ата-бабасынан – сонау алтыншы атасынан бері қарай тұқым қуалаған белгілі ақындар.Ал шешесі-көпке әигілі Қуандық.Қуандык Абаймен айтысқа түскен...Менің бірінші кітабымдап осы жай суреттелген-ді.Сонымен,несін айтасың,Төлеу ақсақалды көргенде мен Қуандықпен кездесіп,жүздескендей күйге келдім...»
Мұхаңның осы хатындағы «бұрын неге көрінбегенін кімбілсін»деген сөздерінде себеп бар.Оның мәнісі-әкем Төлеу 1928жылғы ірі байларды конфискациялаудан кеиінгі
«мыналар кешегі би-болыс,бай қажылардың шашбауын көтергендер»деген желеумен болған кейбір асыра сілтеушіліктің зардабына ұшырап,кесікті мерзімінің жартысың өтегеннен кейін босатылыпты да,соның салдарынан,туған елінен жырақтап, «ішкі жақ»деп аталатын Батыс Сібір өлкесі мен Алтай маңында болған екен.
Әкем Төлеу совет өкіметінің мәнңін бірден дұрыс түсінген 5
адамдардың қатарына жатады.Оған онын ревалюциядан бұрын жазылған «Сарыарқа»
«1916 жыл» тағы басқа өлендерімен қоса 1922 жылы Қарқаралыда өткізілген Қазақ автаномиясынын екі жылдық тоиында оқылған «Комунистік,айналайын,ақ жүрегім» өлендері толық дәлел болса керек 1936 жылы латын әріпімен шыққан 1916 жыл деген жинақта 1916 жыл дегенөлені тұнғыш рет баспа бетін көргеннен кеиін ғана сұрау салынып 1940 жылы Абайдын немере інісі Әрхам Ысқақов республика Жазушылар одағын тапсыруы бойынша іздеп тапқан .
Бұрынғы қазақ тіл көз тиеді деп балаларына ақсы ат қоюға онша ықыласты болмаған . Менінде атамнын аты Көбдік
Емес көпжер болыпты . кезінде ішкі жақтан жүріп паспорт алғанда Көбдыков болып жазылған да әкем өмір бойы осы фамилиямен кетті.
Туған жылы-1874. Туған жері –Семей облысының Шұбартау ауданы,бұрынғыша Қарқаралы дуаны,Дағанды облысы.
Әкемнің әкесі Көпжер орта шаруалы,момын адам болыпты. Оның әкесі Ерубай даултті адам болған дейді. Содан ба қалай, әкемді ел ішінде «Ерубайдың Төлеуі» деп атапты. Сол Ерубай бабамыз «мен не қылсам да Найман Ақтайлақ ауылымен құда боламын» деп,Ақтайлақтың кенже ұлы Сабырбайдың қызы Қуандықты біреу айттырып,малын беріп қойған жерінен, баласына әйел үстіне әперді. Ел арасындағы дау-жанжалға байланысты келін бірер жыл кешігіп түссе керек.Сонда «келін келе жатыр» дегенді естіп,ауылдын қыз-келіншектерімен қоса алдынан шыққан Лекер деген күндесіне, ақын апамыз. (Қуандық шешемізді барлық балалары солай атаған)7
Керейге келін болдық баяулатып,
Бір сұмдық жаңа шықты жаяулатып.
Сен Лекер болғанда,мен-жандарал,
Шапшаң барып,үй тіктір баярлатып.
6
деп бүйрыпты,әйтсе де екі шешеміз күндестіксіз,тату өтіпті.Бұрын перзент көрмеген Лекер шешеміз жүкті болып,ұл табады. Сонда ақын апамыз: «бұл баланы сен мен келген соң көтердің. Сондықтан бала менікі және оған өз атамның атын қоямын»,- деп, баланың атын Байғара қойып, өз бауырына салыпты. Байғара-Ақ тайлақтың әкесі екен.
Сонымен Көпжер әкеміздің бәйбішесі Лекерден Байғара, Ботақара, Есенқара, Болғанбай, Толғанбай,Жұмахан.Ал менің әжем - Қуандықтан төлеу, Мұқаш деген балалар туған.
Көзі тірі кезінде әкемнің талай әңгімесін естіп, көп адамдармен кездескенін көргенім бар. Біздін үйде ол кісінін өзімен тұрғылас аріптестері Сапарғалй Әлімбетов, Омар Шипин, Шәкір Әбенов, Нұрлыбек Баймұратов сияқты халық ақындары әлде неше рет болған. Жастайынан өлен-жырға үйір болып өскен олар өткендегі ақындар,әнші,күйшілер туралы,қазақтың бұрынғы тұрмысы туралы әнгимелер шертісетін. Сонда әкем көбінесе Абай туралы,сол ұлы дананын өз аузынан естіген сан алуан үлгілі әнгімелері мен шешендік сөздері жайлы сүйсіне айтушы еді
Сондықтанда ол:
Қазақтың мәңгі айнасы Абай құтып,
Адамзат алған емес сөзден ұтып.
Таусылмас ұлы дария арнасынан
Отырмыз жүзіп ішіп, жалдап жұтып.
Өмірде өшпес жарық, батпас күнім
Біз жүрсек кім боламыз сізді ұмытып,-
деп Абайды пір тұтып, қастерлеп жырлауы заңды еді.
Әкем ақындық тәрбиеге жас шағынан кездескен. Өйткені шешесі Қуандық сөзін өленмен айтып отыратын
______
Құтып - көп білетін деген мағынада
7
Ақын адам болған. Нағашы атасы Сабырбай, нағашы ағасы Төлепхан – бәрі де суырып салма ақындар. Бірен-саран болмаса, хатқа түспегендіктен ұмытылған. Демек әкеме және інісі Мұқашка өлең өнері нағашы жұртынан келген. Әкемнің ертеректе бір өлеңінде:
Нәпсіні жамандықтан тыйып жүрмін,
Көңіліңе жақсы сөзді түйіп журмін.
Нағашың он жеті ақын дегенн
Солардың ыстығына күйіп жүрмін ен соң,
Нұсұалы сөз асылын теріп жүрмін,
Бетімді шындылыққа беріп жүрмін.
Әйтпесе әкемде жоқ,анамда жоқ,
Шешем ақын болған соң – сеніп жүрмін,-
деуі содан. Ал ақындық үлгі мәселеіне келетін болсақ,әкеме бұл тұрғыдан ұлы Абай шығармаларының игі әсері болғандығы даусыз. Алғаш өлеңі бастағанда ауызша айтылатын ақындықтың көне түрімен бастап , кейін Абай шығармаларымен танысқаннан кейін, өлеңге сыншылдыкпен карайтын болған. Оның алғашқы тырнақалды өлеңінің бірінде:
Өлеңге әркімнің-ақ құмары бар,
Ішінде аз-аз ғана ұғары бар.
Көп жамап былғарыға былғамалық,
Әр сөздің өз жөнімен ұнары бар,-
деуі соның дәлелі деуге болады.
Әкем Төлеу жігіт шағында ұлы Абайдың қаситті от басынан төрт рет дәм татып, мәслихатын тыңдаған.
Өлең жолына әкем ерте түсіпті. Ол туралы былай дейтін: «Он екі жасар бала кезім еді. Жаздың бір күнінде әкем қой жайғызды. Ыстықтан шаршап-шөлдеп әрі тас батқан табанымды ауырсынып отырғанымда, бір жылқышы келе қалды.
8
Қой жайдым қызыл шақа тасқа жаяу,
Көңілім жаяу жүріп болды қаяу.
Түк қалмай табанымнан түсіп қалды,
Бір тұғыр әкеп берші, ағатай-ау,-
дегенімде риза болып күліп, бір құнан ұстап әкеліп берген еді. Ең алғаш өлеңім осы болар деп ойлаймын» .
Ол өлеңді күнде жазбаушы еді. Жазатын күні домбырасын алып, жеке үйде отыратын.
Ондайда мен үстіне кірмейтінмін, өйткені ол кісі аса тыныштықты қалайтын. Өлеңді көп ойланып жазып шығаратын, бірақ кейде тұтқиылда да үш-төрт ауыз өлеңді айтып жіберетін кездері болады.(«Домбырасын алып» демекші, бір қызығы домбыра тартып отырмаса, өлең жаза алмаушы еді. Ескіше, жаңаша хат танитын. Бұрынғы ақындардың кейбір өлеңдерін, халықтық дастандардың үзінділерін, Біржан-Сара айтысын түгел, ал Абай өлеңдерінің көпшілігін жатқа білетін. Жақсы көретіні-дойбы еді және оны өте жақсы ойнайтын.
Қадірлі қарт жазушыларымыздың бірі Сапарғали Бегалин ақсақал үйіне бір жола сәлем бере барғанымда: «Мұрат, атаңның мінезінің бір ерекшелігі-жете таныс емес адаммен бірден шүйіркелесіп кете алмаушы еді. Сенің де мінезің сол кісіге тартқан сияқты ғой деймін»,-деді. Мен үнсіз төмен қарадым ,өйткені адам өз мінезін әрқашан байқай бермейді де ,ондайда сөзден тосылып қалатыны бар ғой. Әкемнін мінезінің ондай жағын менде сезетінмін,ал біраз біліскен соң,әркімге-ақ жылы сөз,әзіл-қалжыны дайын еді.
Өнер иелерін аузынан тастамаушы аді әкем. 1945 жылы Абайдың жүз жылдық тойына барып келгенде атақты әнші - ақын Естайды әңгімеледі, оны сол тойда бұрынғы әндерімен қоса жаңадан шығырылған « Қызыл тулы домбыра» атты ән салғанын айтып, «Естайдың қолынан бір жіңішке алтын жүзік көрдім, ол баяғы Хорланның жүзігі екен. Шіркін, махаббат деген ғажап
9
нәрсе ғой" деп, аса бір толғаныс сезіммен сөйлеген еді. Естайдың есіміне бұрын сырттан ғашық болған әкем, бұл сапарында оның өзінен жүздесіп қайтып, Абай тойын суреттеген өлеңінде тамаша әнші-композиторға мынадай олең жолдарын арнаған еді:
Ақыны Павлордардың Естай саңлақ,
Баяғы ән шырқаған Хорланға арнап.
Жалпыға Естай болу қиын екен,
Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап.
Советтік дәуірге өмірінің шау тартқан шағында жеткен әкем Төлеу Көбдіков көзі тірісінде үш өлеңдер жинағымен ғана танылды.(«Алып күшті Отаным» -1948, «Өмір жыры» -1953 , Өлеңдер»-1955 жыл. Барлығының да құрастырушысы Сапарғали Бегалин.)
Кеш келдім дүниеге ерте туып,
Жетпіске жеткізгенде өмір қуып.
Өлеңді көп жыл бұрын қапқа салып,
Қоимаған тастап едім аузын буып,-
деп өткеніне өкініш білдірсе де,коммунистік партианың қамқорлығы арқасында еңбегінің жемісін көзімен көріп:
Тас батып тар заманда табаныма,
Жоқ еді мұндай болу хабарымда.
Тарихтан мәңгі өшпейтін орын берді.
Ризамын бүгін өлсем заманыма,-
деп,өмірден риза болып аттанды.
Мұрат ТӨЛЕУОВ
10
ОТАНЫМ
Шат елім шарықтаған өрге жүзіп
Мерекке күгде сауық , күнде қызық
Жасарып көңіл тасып , әнге басып
Асқақтап қарт ақындар дуға қызып
Көсемнің парасаты жауды басқан,
Мәңгілік атақ алдық әлем асқан
Жалының лапылдаған көкке шаршып,
Бұлтпенен аспандағы араласқан
Табысқа мақтансақ та , мастанбаймыз,
Жанған өрт, жауған отқтан жасқанбаймыз.
Өркендеп өскен сайын аса сілтеп,
Күн санап жоғарлап аспандаймыз.
Өзгеден өнер артық үстем елім,
Отаным алып күшті асқар белім.
Тарихты таңырқатып табысына
Жарысқа социалистік түскен елім.
Шыңына коммунизм құлаш сермеп,
Күн санап қараштаймыз биікке өрлеп.
Шат тұрмыс, баққыты өмір саясында,
Қарт ақын, ағыл жырдан салып өрнек!
11
Ленин жолымен
Ленин салған жолымен өрлеп елім,
Бастап еді партия кеменгерім,
Алтын занды қолымен жазып берді
Табылады сол заңнаң не керегім.
Шамшырақ жер дүниеде адамзатқа,
Жол салып бақыт шыны-болашаққа,
Еңбекке,білімге кең есік ашты
Ер,әйел,аға,іні,кәрі-жасқа.
Жаймадым қанат жайып,құлаш созып,
Құлпырды жаңа өмірім,есік тозып.
Алдымда көздегенім-каммунизм,
Бар елден еңсем биік тұрмын озық...
Көл болды су құйған соң сусыз жерім,
Бұрынғы меніреу дала,құрғақ шөлім.
Айналды орман,бақша егіндікке
Көсемім құйғызған соң нұрдан селің.
Өрлетіп адал енбек,шат тұрмысты
Көздейді бейбітшілік туған елім.
Өсеміз әділ заңның туы астында,
Жеңіске айнымыстай жігер-сенім.
12
Партия десін бізге Бәрекелде
Ағарып басым қарлы басындай
Тұрса да,денем жастық тұлғасындай
Қуатын – асыл жырдың алыбысындай,
Өмірім,өз өлкемнің құрдасындай .
Жарқылдап мен отырмын жазып дастан
Саралап сөз маржанын жалықпастан .
Жұртыма жыр да құнсыз бұйам емес,
Егін,мал мақта ,көмір,темір,мыстан.
Тарихтын, өтіп талай өткелдерің,
Санын сынап бір сүрінбей өткен ерім,-
Жұмысым, табысымды тасыты түс,
Зор абырой-ерлік іс еткендердін!
Егіншім, егініңді өсір баптап,
Астығың асқан сайын даңқың артпақ.
Жаңартып табиғатты қайта жаса,
Даңқынды дәріптейін жырмен мақтап.
Малшылар, төрт түлігің түгел төлдеп ,
Мынғырып кең даланы кетсін кернеп.
Жаңартып жайлауыңды асыл нәсіл
Жайылсын ылдиыңнан төскейге өрлеп.
Бұлақтай көзін ашқан өнерлі елім,
Көсемнің қамқорлығы көгергенің!
Еселеп еңбегінді интеллигент,
Халық үшін қарыштаңдар, өрендерім.
Тойлайық думандата мерекені,
Шаттықтың шарты-табыс берекелі.
Қабылдап Қазақстан рапортын,
Партия десеніз бізге: «бәрекелді»
1950
13
Қазақстан
I
Кестелеп келтірейін сөзден ырғақ,
Маңызын терең алып сыртын сырлап,
Ескі дәуір,қазіргі болған қалды
Айтайын сүйінгендей халқым тыңдап.
Жаңа сөз ескіні айтпай еске түспес,
Біріне бірін жалғап түгел сындап,
Жаннаттай ойы-қыры жайнап тұрған,
Берейін Қазақстан көркін жырлап.
Халық емес қазақ халқы тек жаратқан,
Қазыналы жер алабын кең жаратқан,
Сап қасқа,сайын қыран,батыр маңғаз,
Той думан,балуан күрес,салтанаттан.
Топ жарған өреп жүйрік үлгілі ақын,
Аузынан шыққан сөзін ел жаратқан.
Шар айна жеті қабат,жібек қаттау,
Батырлар сауыт киіп көк болаттан.
Долданып қорамсаққа қол салғанда,
Сар жебе сарнап өтіп сан қабаттан.
Бота көз,бөкен қабақ,болат тұяқ
Аттары текежаумыт,қазанаттан.
Желегі найзасының дүр-дүр етіп,
Көк сүңгі ұңғысыңнан қанға батқан,
Ақ семсер алты құлаш сермегенде
Жауларын өреттей жайнап, шөптей шапқан.
Атамыз асқан ерлік қайратымен
Асты алтын,үсті меруерт қоныс тапқан
1946 ж. Жамбылдың 100 жасқа толуына раналған халық ақындарының жиынында айтылған.
14
Тарихта жүрген іс қой айқын сөз боп,
Сан ғасыр осы ерлігім қор боп жатқан,
Өнерсіз патша, билер заман кез боп
Ескеріп елемеген елімді ел деп
Ту ұстап,тұлпар мінген ерлерімді
Орнына жұмсамаған бірін жөндеп.
Аузынан алтын аққан ақындардың,
Бір сөзін қостамаған таптың сен деп,
Сөзіне баға берер жан таба алмай,
Абай да қапа болып өткен шөлдеп.
Қазына жер астында жатқан жайлап,
Бұлбұлдар қор боп жүрген іштей сайрап,
Партия бақыт заңын орнатқан соң,
Бұрқырап тұс-тұсынан шықты қайнап.
Қыстығып, ыза кернеп жүрген ерлер
Фашисты қырып-жойып шықты жайғап.
Түйіліп Москваға жау төнгенде,
Қанжардай қалщылдаған тісін қайрап
Қмалға қардай борап қарсы шапқан
Күркіреп жауған күндей нажағайлап.
Қолдасып ұлы орыстың баласымен
Қазақтың батырлары шыққан айдап.
ІІ
Бұрқырап өнер шықты әрбір тұстан,
Ат міндік аэроплан ұшқан құстан.
Партия ерік беріп ел қылған соң,
Іргелі ел атандыққ Қазақстан.
Сап алтын сардаладан күреп алып,
Тас көмір, тарықпаймыз жез бен мыстан.
Жер байлық, ел байлығының әлемге айқын,
Жайылып жер жүзіне даңқың шыққан
15
Шыр етіп туысымен адам болдың,
Жыл сайын өсіп толып,өрлеп қондың.
Тобықтай тұла бойда бір мінің жоқ,
Жиырма бес мушеліңе былтыр толдың.
Өлшеу жоқ өндірісті табысына
Өріске ойдағыдай барысыңа
Жарқылдап жай отындай жау төнгенде
Көрсеттің үздік өнер намысына
Тұлпардай дуда қызған сілтегенде
Кім сенің шақ келеді шабысына
Қайратың қайтпас болат талмас қан
Салайын көпшіліктің жарысына
Алатау кең алапты асқан биік,
Төбесі күнді құшып көкке тиіп.
Басына ақ бұлттан қалқан тігіп,
Үстіне көк болаттан сауыт киіп.
Ну орман, қалың жыныс, бұлғын, жаннат
Сай-сала ,бұғы,, марал, арқар, киік
Бұғының мойнын бұрап тоят алған
Ақ иық ,алғыр қыран көкте шүйіп.
Сансыз көп жанды, жансыз қазынанды,
Айтуға тіл жетпейді түгел жиып
Саяда алма, құрма, сандал ағаш
Таранған сұлу қыздай шашын түйіп.
Мөлтілдеп сәукеленің моншағындай,
Мәуесін көтере алмай басын иіп.
Астанам алтын орман алабында,
Тұрғандай он сегіз мың ғалам сыйып.
16
Шығысым атақты Алтай асқар белім,
Алыбы ақтарылған алтын кеңім.
Батысым Каспий,Арал,аққан мұнай
Балығы тайлай тулап Балқаш көлім.
Асты алтын,үсті миуа,жаннат сарай.
Құлпырған масатыдай басқан жерім.
Шалқи бер,
шарықтай бер құлаш жайлап,
Бөленген бостандыққа бақытты елім.
Алтайдың не шықпайды алабынан,
Сай-сала саялы орман тарауынан.
Қойнынан астау-астау алтын төгіп,
Аламыз қолмен тосып балағынан.
Табысын айта алмаймын түгел тапқан,
Жылқысы текежаумыт, қазанаттан.
Құланын қолмен ұстап құрықтайды,
Мыңғыртып бұғы , марал қойша баққан.
Алтайдан алтын өлкем Ертіс аққан,
Қақ жарып көк Зайсанды сылаң қаққан.
Толқыны томарылған алтын айдап,
Тасқыны тасты ағызып, тауды соққан.
Жағасы қалың орман гүл шашқанда,
Көкке өрлеп күн нұрымен құшақтасқан.
Сыланған қыздай-сынды қалың қайың,
Сылдырап маржан тізіп шолпы таққан.
Көрпедей көк далада пәйек
Меңгеріп ала алмайды бір шапқан.
Жайқалып салған егін, еккен бақша,
17
Ілияны бір керемет алып жатқан.
Пароход қыздай қалқып, қайшыласып
Жүк тартқан тонна-тонна миллион батпан.
Турксиб он алтыға толған жасы,
Асынған болат сауыт ақ алмасы.
Жарқылдап ақ бөкендей зулағанда,
Басқан ижер тітірейді тау мен тасы.
Ұшқан құс, шапқан түлпар ілеспейді,
Шын жүйрік- бұған кімнің бар таласы?!
Отанға ұлы өндіріс еңбек еткен,
Турксиб қазынаның желмаясы.
Самолет болат қанат көк қыраны
Ергілі қан майданда көпке ұнады
Жарқылдап төбесінен жайдай түсіп,
Жау қайда көрсет маған деп тұрады.
Мейлінше о да аянбай атқылады,
От шашып, оқ жаудырып қатты ұрады.
Көре ме қырау құрлы біздің қыран,
Сазасын он есе артық тарттырады.
Семейім ұлы ертістің жағасында,
Құт құйған еңбегі өніп сабасына.
Білімнің мәдениет нұрын төккен
Ежелден алтын астау шарасына.
Жай отын қағып алып шам жағады,
ТЭЦ тұр жер мен көктің арасында,
Толықсып төрт түлік мал сыймай жатыр,
Арқаның кең жазира даласында. ___________
Ылия деп Ертіс бойын, қаланы, кәсіпті жерді айтады.
18
Кір жуып,кіндік кесіп сонда туған,
Данышпан Абай-сынды данасы да.
Нұрқия, Нәйламызды Отан сүйген
Қазақтың мақтанышы-баласы да.
Ертіске Семей бастап орнағалы,
Болыпты үш ғасырдың шамасында.
Жаңа отау, жас балалар таласа алмас,
Үлкен үй ақсақалды ағасына.
Қиялды щартарапқа аралаттым,
Ойыммен орағытып бәрін таптым,
Алатау, атақты Алтай, Ертісті өрлеп,
Каспийдің жағасына барып қайттым.
Қарсақбай, Қарағанды, Жезқазғанмен
Ерлігін көрсетпейін Қоңыраттың.
Төрт алып аралары шектес жатыр,
Үстінде болат сауытбұлт шатыр.
Құрыштап, гүрілдетіп күрзі соғып,
Орнатқан дұспанына заман ақыр.
Көкшетау- ерте күннен ерке Көкше,
Ерлігі игілікті елге ерекше.
Бурабай дертке дауа, ажалға ара,
Мәңгінің шипа болған суын сепсе.
Көкшеден сексен сала көл қайнаған,
Хан, қара қазақ елі ен жайлаған.
Қалың ел ошақ ойып, орда тігіп,
Басына Оқжетпестің ту байнаған.
Ту тігіп, тұлпар шыққан көркем Көкше,
Елге құ, ерге сая еркем Көкше.
Желден ойы балық, қыры киік.
Ырысы шайқалмаған басқа тепсе.
19
Көк дала көпке нәсіл егін ексе,
Торқадан топырағың тұқым сепсе.
Артық тұр барлық таудан қасиеті,
Көрмей ме басқа жерге ақ нар шөксе.
Сырдария,Есіл,Нұра,Іле мен Шу,
Шынында сыр мен сынап аитарға су.
Дарияның асты балық,үсті сауық,
Ән қосқан әсем үнмен қаз бен аққу.
Өлшеу жоқ колхоз,совхоз байлығында,
Мыңғырған тұс-тұсында сан қалың ну.
Жер байлық,мал байлығы елден асып,
Советтік Қазақстан көтерді ту.
Кемі жоқ біздін елдін мал басының,
Шымкент ұлы ордасы қорғасынның.
Тасы алтын,тауы күміс Қазақстан,
Үзілген сабағы алтын алмасынан.
Тұрғанда бектер мініп алтын тағын,
Күрмелген сөзге келмей тіл жағын.
Мәдени оқу,өнер мен байлықтан,
Ретке сан қосылмай сынға сағым.
Асылдың жерден шыққан бәрі де бар,
Шығады жарлауланып қатпар-қатпар.
Болмаған,жер жүзінде естілмеген
Кенімнен шығып жатыр қымбат заттар,
Бір шетім алып жатыр Орал тауын,
Ерлерім шендетпеген оған жауың.
Сорғалап төбесінен жайдай түскен,
Ағытқан ақиықтай аяқбауын,
20
Ерлерім ел қорғаны әлемге ұран.
Бақытты шат өмірде мәңгі тұрам.
Мұз бұлақ,қырау қабақ,қарлы қанат,
Айбынды қайтпас болат,қызыл қыран.
Жерімде қымбат баға затым да көп,
Кемеңгер ерлерімде ақылда көп.
Адамы он алты Одақ түгел доспыз,
Тіземіз ашылмайтын жақындап көп.
Тоб жарып,тау құлатып,қамал бұзған
Бауыржан,Мәлік-сынды батырда көп
Алдымыз Алатаудай алып Жамбыл,
Бұлбұлдай сайрап тұрган ақында көп.
Бас тарқан ынтымақтан елім бар ма,
Жайратып жауды алмаған ерім бар ма!
Ішінде ширек ғасыр Қазақстан
Жетпеген,жетіснпеген жерім бар ма!
Надандық,бар ма сенен көрмегенім,
Қалмады етек ұстап ермененін.
Ғылымдар акадамиясы туын тікті,
Осы еді ынтам құрып шөлдегенім.
Аз көрдік жарық дүние бұрын тіпті,
Қараңғы тарта алмаушы ек ауыр жүкті.
Орнатып ғылым көліе ортамызға,
Астанам Алматыға орда тікті.
Қамалып қараңғыдан қашалмаушы ек ,
Жарыққа адым салып баса алмаушы ек.
Бір жақты ғылым бар деп іздегенде,
Белестен асқар түгіл аса алмаушы ек.
21
Жамылып надандықтың көне тонын
Бір түлеп өміріне жасармаушы ек,
Ұлы орда ортамызға тікпек түгіл,
Есігін отау үйдің аша алмауы ек.
Төменнен қанат қағып,шыңға шықтық,
Ғылымның дариясынан жүзіп іштік.
Білім мен ерлік еңбек арасында,
Айды өбіп,аспандағы күнді құштық..
Енді біз әлі бермейміз алысқанға,
Сынасып өнер,білім жарысқанға,
Қолдағы малды айтушы ек,
Өмірде бұдан артық табыс барма.?
Баурым Қаныш,Мұхтар алғыс айтам,
Ғылым мен елің үшін танысқанға,
Құтқарған надандықтың бұғауынан
Бас идім Ұлы көсем данышпанға.
22
Октябрь
Аттанып Октябрьде күзгі таңмен,
Айқастық ерегескен ескі жаумен.
Ар, намыс, ыза мен кек оттай лаулап,
Күшіміз тең боп түсті асқар таумен.
Данышпан Лениннің естіп үнін,
Шарпыды бір жылы леп жүрек түбін,
Аспанда қайтқан құс та жырлап өтті,
Хабарлап бүкіл елге бақыт күнің.
Құлдықтың туын жықтық, торын үзіп,
Өмірдің содан бергі бәрі қызық.
Асулар талай қиын артта қалды,
Бар елден күш, өмірмен кеттік озып.
Теңелді қала, дала нұрдай жайнап,
Завод пен малға толды барлық аймақ.
Оранып шөлге дария, құмға орман,
Асау күш – табиғатты алшдық байлап.
Оянған Октябрьмен ұлттың бәрі,
Жарасты достық пейіл, ынтымағы.
Бар елдегі еңбекші езілгеннің,
Біздің жақта көңілі, ынтызары.
Озбырдан, фашистерден көрген зәбір
Бақыттың даңғыл жолын білді қазір.
Қараңғыда жөн сілтер – Темірқазық,
Сөнбес үміт оларға ұлы Октябрь!
Қанқұмар капиталист жендеттері,
Өрт салмақ жер жүзіне ниеттері.
Бейбітшілік сақтаған бізбен бірге,
Мың – миллион адал жаннаң тілектері.
Ынтымақ – бар халықтың асқар белі,
Топтасқан ту астынан бейбіт елі.
Қолдаушы, жетекшіміз – Компартия
Шыңына коммунизм баста ілгері!
1952
23
Мақтанам
Мақтанам коммунизм таңын көріп,
Көктемнің жайма шуақ шағын көріп Ғылым мен тәжрибе кушін қосып
Орнатқан шөл далаға бағын көріп
Мақтанам сулары мол каналыма
Шалқыған көк теніздей алабына
Менің де сол дариядай тасты көнілім
Бақытты,социалистік заманында
Каналдың қақпаларын тұрдық ашып
Еділ- Дон құшақтасып қойнын ашып
Тасқын су кең даланы кернеп кетті
Пароход қаздай жүзіп толқын атып
Қуанам электрдін нурларына,
Даламның толған ой мен қырларына.
Өсірген бейбіт еңбек жемістерін
Елімнін атақты қыз,ұлдарына.
Дұшпанның іші күйсің дос сүйінсін
Керемет қызық дәурен құрғаныма
Партия жеңіс туы біз өрлейміз
Шығамыз коммунизм шыңдарына
24
ТҰҢҒЫШ ТОЙҒА
(1992 жылы Қарқаралыда Қазақстан
Автономия болуының екі жылдық
тойында айтылған)
Коммунист айналайын ақ жүрегім,
Бұлақтай тастан шыққан мөлдіредің.
Біз үшін білегіңе жалыңды орап,
Халықтың алып бердің бар тілегің.
Тең туған біз де совет баласымыз,
Айтпайды ақын жалған расымыз.
Аш тойып, кем жетілген заман болып,
Жайылып төрт тарапқа құлашымыз.
Ал қазақ, күнің туды қарманатын,
Қарманбай ел емессің арланатын.
Қорғаушы еңбегіңде советің тұр,
Ол емес жаудан қорқып қорғанатын.
Қазақ боп дүниеге жаралғалы,
Осы-ақ қой көрген тендік замандағы,
Кешегі Николайды заманында
Тапталған халық едік табандағы.
Мал шашқан топқа, жікке халық едік,
Теңдіккеқашан мұндай жарып едік.
Сенаттың Думадағы кеңесінде,
Ретке сан қосылмай қалып едік.
Николай, Керенский, Колчак өтті.
Олардан қашан тілек алып едік.
Жеткізді көңілге алған мақсатына,
Советке шын жүрекпен нанып едік.
Жүзіне дүниенің жаңа шықтық
Күн көрмес су түбіндебалық едік.
25
Николай қараңғыға қамап кеткен,
Халық едік қатарға енбей жатқан жасып.
Мұғалім ауыл басы мектеп беріп,
Халықтың жатыр совет көзін ашып.
Жадырап түні кетіп,күн шықандай
Жарыққа бет түзедік қадам басып.
Ұрыдай қолға түскен отырушы ек,
Іс қылдық орыс,қазақ араласып.
Советке разы болып жатам- дагы,
Ләззатқа ішпей тоям татам – дағы.
Кешегі Николайдың заманында
Бақташы секілді едік отардағы.
Әркімнің әділ жүрек қарауынан
Халықтың жақсы болып атанбаған.
Басшы түзу болған соң халық оза ма
Атандық ірге халық қатардағы.
Советке бәрі өзінің баласындай,
Орыс,қазақ,өзбек,татар-дағы.
Советтей шын жүрекпен қарай қоймас,
Тапқан шеше таптырған атаң –дағы.
Жүрегін коммуниске шын тазартпай,
Киімшең жүргендер көп тоныменен.
Мал түгіл басымызды құрмандаймыз,
Іс қылса коммунистік жолыменен.
Коммунист еш адамды бөлмейді екен,
Бірің озып, біреуің кейін қал деп.
Осындай әділетін көргеннен соң
Отырмыз коммунистің жолын ал деп.
Дүние төңкерілген уақытында
Асылдай қап түбінде жата алмадым
Бағына сөзді құдай берген шақта,
Дер ме екен байдан кедей ақы алмадым.
26
Ел болдық күшті
Құрметіне ұлы күн,
Қалам алдым қолыма.
Ойым өрлеп,қиялым
Шалқып өсті тағы да.
Бақыт,шаттық,жеңістің
Кенелген елім молына.
Ұлы құрылыс кеңейді
Соныда шүйгіп соныға.
Халқым жеңін сыбанып
Бейбітшілік жолына.
Тасқындаған табыстың
Жете бермек зорына.
Түні кетіп, күн шығып,
Бақытты заман болғалы.
Октябрьге дәл бүгін
Отыз төрт жыл толғаны.
Достық бірлік нығайған
Ел болдық күшті ордалы.
Ұлы көсем данышпан
Күн нұрындай жарық таң,
Елім бүкіл дүниеде
Бейбітшілік қорғаны.
1951
27