Тышқан (компьютер)[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазіргі 2007 заманның компьютерлік тышқаны. Жалпы қалыпталған қасиеттері — екі түйме мен тегершік.
Тышқан (компьютер)
Тышқан (ағылш. mouse — тышқан) — бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы.
Тінтуір – өзін тегіс бетке қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні (курсорды) жылжытатын шағын монипулятор. Тінтуір компьютермен әдетте сым арқылы жалғанатын және тұрпаты кәдімгі тышқанға ұқсайтын, бекі үш батырмасы бар қорапша. Оны басында қалжыңдап <Mouse> - <Тышқан> деп атағанымен, кейіннен осы сөз ресми атауына айналып кетті. Тінтуірді үстел бетіне немесе басқада жазықтық бетінде қозғалтқан кездекомпьютер бейне бетінде тітнуір көрсеткіші – жүгіргі сол ретпен қозғалады. Жүгіргі орындалып отырған амалға қарай өз түрін өзгерте алады. Қандай да бір әрекетті орындау қажет болғанда пайдаланушы тінтуірпернелерінің бірін басады.
Тышқанның бір қолмен ұстауға арналған, жайпақ табанды қаптамасы, үстінде бір немесе бірнеше батырмасы, түп жағында көп бағытты бергіш құрылғысы (әдетте кішкентай шар) және оны компьютерге жалғайтын сымы болады.
Тышқанды қозғай отырып, пайдалану бейнебеттегі жүгіргіні басқарады. Бейнебетте элементтер мен әмірлер таңдау үшін пайдаланушы тышқан батырмаларының бірін басып, тышқан нұқымын жасауы керек.
Мазмұны
[жасыру]
1 Түрі
2 Меңзері
3 Нұсқағышы
4 Дереккөздер
Түрі[өңдеу]
Айналдырғыш тышқан немесе дөңгелекшелі тышқан, оның, яғни тінтуірдің сол жақ пернесі және тінтуірдіӊ оӊ жақ пернесі арасында дөңгелекшесі бар. Ол бейнебет құрамын біртіндеп қарап шығуға мүмкіндік береді.
Оптикалық тышқан – меңзейтін құрылғының соңғы жаңа түрі, онда жұмыршақтың орнына жарық шығаратын элемент орнатылған. Ол жарық шығаратын элемент шағылыстыратын жарық ағынының өзгеруіне жауап ретінде жылжуды тіркеп отырады.
Меңзері[өңдеу]
тышқан меңзері (Курсор мыши; mouse cursor) — тышқан арқылы дисплей экраны бойынша орын ауыстыратын графикалық символ.
Нұсқағышы[өңдеу]
Тінтуір нұсқағышы (Указатель мыши; mouse pointer) — егер тышқан компьютерге қосылса және тышқан драйвері жүктелсе, онда тышқан нұсқағышы өрқашан экранда түрады. Мөтіндік режімде нұсқағыш кәдімгі тіктөртбүрыш пішінінде болады.Графикалық режімде нұсқағыштың стандартты пішіні солға қарай жоғары бағытгалған жебелікке ұқсас, алайда көбінесе орындайтын операциясына карай нұсқағыш басқа пішінді: кос жебелікті, кресті, жақтауды жөне т.б. қабылдайды. Уақыт көбірек жүмсалатын операцияларда нұсқағыш құмсағатқа айналады. Бүл өрекетімен программа "шамалы күтіңіз, ақпаратты енгізу әзірге мүмкін емес" дегенді хабарлайды; тышқан нұсқағышын мәтіндік меңзерден ажырата білу керек.[1] [2]
Сканер
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сканер Компьютерге мәтінді немесе бейнені енгізу жиі кездеседі. Көп жағдайда мәтінді енгізу пернетақтаның көмегімен жүзеге асырылады, бірақ бұл көп еңбек пен уақытты қажет етеді. Қолданушылар қазіргі кезде сканер құрылғысын пайдаланады. Сканер – электронды механикалық құрылғы. Сканерді планшетті, барабанды және қолмен басқарылатын деп бөлуге болады. Планшетті сканер бейнені оригиналдан ғана сканерлейді. Барабанды сканер факсте қолданылса, ал қолмен басқарылатын сканер оригиналды кез-келген бағытқа айналдырады. Сканерді қолданушылар өз үйінде де қолдана алатын деңгейге жетті. Саудада сканерлердің түрлі модельдері кездеседі. Олар бағасымен, программамен жабдықтауымен, интерфейсімен және технологиясымен бір-бірінен айрықшаланады.
Сканер Жұмыс істеу принциптері Барлық түрлі сканердің жұмыс істеу принциптері бірдей. Сканерленетін объект фотоқабылдағышқа келіп түседі. Түрлі-түсті сканердің ақ-қара түстен еш айырмашылығы жоқ.
Қазіргі функционалды сканерлер 2 бөлімнен тұрады:
Светодиодтар – энергияны аз тұтынады. СІS-сканерінде қолданылады. Қазіргі сканерлерде 3 түрлі светодиодтар жоғарғы жиілікте пайдаланылады. Сканерленетін бейненің сапасы оның түсінің қанықтылығына және динамикалық диапазонға байланысты. Сканерлердің сыртқы айырмашылықтары – сканерді компьютерге жалғайтын интерфейс. Қазіргі кезде интерфейстердің көптеген түрлерін кездестіруге болады. -LPT – бұл берілген сканер интерфейсі компьютердің параллельді портына принтердің орнына жалғанады. Бұл қосылу типінің көптеген кемшіліктері бар. Сканермен жұмыс істеу барысында принтерге қосылу өте қиын. Бұл мәселені SPP стандартты режимімен шешуге болады, бірақ сканер мен принтердің жұмыс істеу жылдамдығы төмендейді. - SCSI – бұл ескі қосылу әдісі. Компьютер мен сканер арасындағы байланыс арнайы кеңейтілу платасы SCSI интерфейсі арқылы жүзеге асырылады. Бұл интерфейстің жоғары жылдамдықта болуы жоғары сапалы сканерлеуді қамтамасыз етеді. - USB – қазіргі кезде қолданылатын бастапқы қалыпта сканерлейтін интерфейс. Мәліметтердің берілуіне аса жоғары жылдамдықты қажет етпейді. - FireWire қымбат, бірақ перспективті интерфейс. Мұндай сканер комплексінде 3 портты FireWire контроллері болады. Сканерден бөлек компьютерге басқа құрылғыларды да жалғай беруге болады (мысалы, цифрлы камера). Барабанды сканерді факс жіберу үшін қолдануға бола «салқын» катодты лампа - өте ұзақ уақыт қызмет көрсетеді (5-тен 10 мың сағат), төмен жұмыс температурасы энергияны көп қажет етеді. «ыстық» катодты лампалар – бірдей спектрде сәуле береді, аз уақыт қызмет көрсетеді (шамамен 1 000 сағат). Сканер жұмыс істеп тұрғанда лампа өшірілмеуі керек. газоразрядты лампалар – жоғары сәулелі жылдамдықпен жұмыс істейді және ұзақ уақыт қызмет көрсетеді, бірақ энергияны көп тұтынады. 1.Пластмасса корпусындағы сканерлейтін механизм, 2.Программалық бөлігі – TWAIN драйвері. Ол тек сканермен ғана емес, басқа программалармен және ОЖ-мен түгелімен байланыстырады. Сканер компьютердің стандартты құрылғысы емес, сол себепті оған драйвер орнатылады. Әр модельдің өзінің драйвері болады. Сканерлерде стандартты драйвер болмайды. Планшетті сканер тікбұрышты формада пластмассадан жасалады. Корпустың ішкі жағында қозғалмалы каретка орналасқан. Сканерде түстердің 4 типі қолданылады:
