
АНАЛЫҚ ТАҚША Аналық тақша компьютердің ең маңызды бөлігі болып табылады. Аналық тақша стеклотекстолиттен жасалған жазық бет, ол компьютердің негізгі элементі, онда электрондық элементтер орналасады. Аналық тақшаның физикалық параметрін, оның орналасатын қорабының түрін анықтауды форм фактор (form factor) деп атайды. Форм фактор аналық тақша өлшемдерінің типтерін анықтайды. Олар стандартты және стандарттан тыс болып бөлінеді. Стандартты аналық тақшалар компьютер құрылымын жетілдіруге, әмбебап пайдалануға мүмкіндік беретін, барлық қолданушылар үшін ортақ түрде шығарылады. Стандарттан тыс форм факторлар компьютер құрылысын жетілдіруге мүмкіндік бермейтіндіктен оларды көп қолданбайды. Стандартты аналық тақшаның төмендегідей форм факторлары бар: Ескірген түрлері: Baby-AT, толық өлшемді AT, LPX;
|
Аналық тақша (Плата материнская; motherboard) — орталық процессор, жедел жад микросхемалары, кеңейту қуыс- орындары және есептеу Машинасының басқа да кейбір жүйелік сыңарлары орналастырылған негізгі мөрлі тақша. Кез келген компьютердің негізгі құрамдас бөлігі. Ӏшкі байланыстарды басқарады және басқа құрылғылармен үзілімдер арқылы әрекеттеседі. Кейде бас немесе жүйелік тақша деп те аталады.
Аналық тақта ағылшынша motherboard) сонымен бiрге mainboard атау ағылшынша қолданылады - бас тақта; с енг. ана, ана, негiз ) - бұл (ОЗУ орталық процессор, контроллер және ОЗУ, жүктеушi ТСҚ, енгiзу-шығарудың негiздi интерфейстерiнiң контроллерлерi шындығында) дербес компьютердiң негiзгi компоненттерiн бекiтiлген күрделi көп қабатты баспа тақта. Әдеттегiдей, аналық тақта қосуы үшiн USB, PCI және PCI-Expressтiң шиналарын әдетте қолданылатын қосымша контроллерлердiң қосуы үшiн (слоттар ) тiркеуiштер болады.
Аналық тақтаға қойылған негiзгi компоненттер:
Орталық процессор chipset ағылшынша) жүйелiк логиканың жиыны - ОЗУға және шеттегi құрылымдардың контроллерлерiне Цпу қосу қамтамасыз ететiн микросхемалардың жиыны
Бейнекарта Видеокарта; video card) — бейнекамера, бейнемагнитофон немесе кез келген басқа композит сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді өңдеп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.
Саундбластер (дыбыстық карта) (саундбластер (звуковая карта); sound blaster) - дыбыстық сигналды файлға жазуға, кейін оны қайта ойнатуға мүмкіндік беретін электрондық құрылғы (тақша); creative labs фирмасы 1989 жылы шығарған, кейіннен компьютерлердің дыбыстық тақшаларының стандартына айналған. Көптеген мультимедиалық программалар компьютерде осындай дыбыс тақшаларының болуын талап етеді.
Желілік карта ағылш. Network Interface Card, NIC) — компьютерді желіге қосатын құрылғы. Бұл құрылғы сондай-ақ желілік тақта немесе желілік тілдесу тақтасы NIC) деп те аталады.Компьютерге орнатылған желілік тақта желіге қосылым орнатуға мүмкіндік береді. Басқа желілік тақталардың көмегімен басқа компьютерлермен арада бөлек, тұрақты жұмыс істейтін қосылым қамтамасыз етіледі. Желілік тақталардың көпшілігі желінің белгілі бір тұрпатына арналған, бірақ олардың кейбіреулері бірнеше желіге қызмет көрсете алады. Желінің ең кең тараған тұрпаты –Ethernet; бұл компьютерлердің өзара әрекеттесуінің желілік стандарты, онда коаксиалды сым немесе өрілген қос сым пайдаланылады. [1]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Процессор сызбанұсқасы
Процессор (ағылш. central processing unit, CPU - Орталық есептеуіш бөлім)
1) программаға сәйкес операцияларды орындауға арналған компьютердің негізгі құрылғысы, қызметтік бөлігі. Көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өндеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді;
2) мәліметтерді өңдеу кезінде кейбір алдын ала есептеу жұмыстарын немесе ұйымдастыру қызметін атқаратын машиналық программа.[1]
Процессорды компьютердің жүрегі десекте болады. Компьютеріңіздің есептеу жылдамадығы осы процессорға байланысты. Өндірісте процессорды Intel және AMD фирмалары шығарады. Intel-дің екі ядролық процессоры Core 2 Duo, ал AMD-нікі DualCore деп аталады. Процессордың жиілігін жоғарлатудан жарыс бітті. Процессордың жиілігі жоғарлаған сайын оның жылу бөлуі де жоғарылайды. Бұл әрине тиімсіз болды. Бұны бір корпусқа екі процессор орнату арқылы жеңді. Процессорлар такталық жиілігі, кэш жадысының көлемімен, платаға орналасатын ұяшықтарының түрімен әр түрге бөлінеді.
Машиналардың маркалары мысалға (BMW 525i, Mercedec600) сяқты процессорлардың да номерлері бар. Celeron D 330 немесе Pentium 4 640. Процессор (микропроцессор)-компьютердің ең үлкен микросхемасы. Процессор ондаған миллион транзисторлардан тұрады. Процессордың негізгі ішкі схемасы-арифметика логикалық құрылғы, ішкі жады және кэш жады, барлық операциялармен жұмыс жасау схемасы, сыртқы шинаны басқаратын шина (сыртқы әлеммен байланысу схемасы).
Процессордың разрядтылығы. Сыртқы шина арқылы процессорға ақпарат түседі-мәліметтер және командалар. Бұлар арифметика логикалық құрылғыда өңделеді. Процессордың схемаларының разрядтылығы қаншалықты көп болса соншалықты ақпаратты тез өңдейді.
Процессордың жиілігі (frequency). Разрядтылықтан басқа процессорда маңызды қызмет атқаратын ол тактылық жиілігі. Ол мегагерцпен есептеледі. Бір мегагерц ол секундына миллион такт болады. 100 МГц - секундына жүз миллион такт болып есептеледі. Бір тактыда процессор қандайда бір фрагментті есептейді. Сондықтан тактылық жиілік қаншалықты жоғары болса, процессор түскен мәліметтерді соншалықты тез өңдеп беретін болады.
Процессордың кэш жадысы. Процессор өңдейтін мәліметтерді оперативті жадыдан алады. Әдетте процессор өзінде еш нәрсеніде сақтамайды. Ода мәліметтер өңделетін ұяшықтар өте аз. Бұл жұмыс ұяшықтары регистр деп аталады. Процессордың жұмысын жеделдету үшін көптен бері кэштеу технологиясы қолданылып жүр. Кэш бұл шағын ұяшықтық жады. Буфердің қызметін атқарады. Егер бір нәрсе жалпы жадыдан өңделсе, оның көшірмесі кэш жадыға түседі. Егер бұл мәліметтер тағы керек болып жатса, алысқа жүгінбей буферден ала салады. Процессорға мәлімет керек болса, ол бірінші регистрді тексереді. Ол жерде керек мәлімет жоқ болса, жақын жердегі кэш жадыны тексереді. Ол жердеде жоқ болса оперативті жадыдан қарайды. Бұл жерде де жоқ болса, HDD дискіге сұраныс жасайды. Бұл атқарылатын жұмысты төмендегі суреттен көруге болады.
Мәтіндік процессор. Мәтіндік процессор (мәтіндер даярлау жүйесі) (текстовый процессор (система подготовки текстов); word processor) — мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар. Баспа машинкасында орындалатын мүмкіндіктерден басқа мұнда қате тексеру; тезаурус (синоним сөздер) табу; сөз тіркесін іздеп тауып, оны басқаға өзгерту; «қиып алып желімдеу»; бірнеше терезедегі мәтіндермен катар жұмыс істеу тәрізді көптеген қосымша әрекеттер орындалады.
Дереккөздер. 1. ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бейне бейімдеуіш. Бейне бейімдеуіш (ағылш. display card, display adaptor) — дербес компьютерде орнатылатын және бейнелеу қызметін қамтамасыз ететін тақта. Компьютердің бейнелеу жүйесінің мүмкіндіктері бейне бейімдеуіш пен монитор мүмкіндіктеріне тәуелді болады.
Жүйелік блок Жүйелік блок (Системный блок) Дербес компьютерлері әдетте үш бөліктен (блоктан) тұрады • Жүйелік блоктан; • Компьютерге символдарды енгізуге мүмкіндік беретін пернетақта мен маустан; • Мәтіндік және графикалық ақпараттарды кескіндеуге арналған монитордан (немесе дисплейден).
Сурет 1. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар Компьютердің осы бөліктерінің ішіндегі ең «бастысы» жүйелік блок болып саналады. Онда компьютердің барлық негізгі тораптары орналасады: 1. Аналық тақша 2. BIOS 3. Процессор мен жад 4. Жүйелік өрім 5. Дискжетектер 6. Мультимедиялық және коммуникациялық құрылғылар
Аналық тақша Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәліметтер аналық немесе жүйелік тақшамен өңделеді. Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрауыштары қосылатын күрделі көп қабатты баспалық тақша. Аналық тақша мыс өткізгіштер-жолдар желісімен қапталған – олар бойынша тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға мәліметтер келіп түседі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады. BIOS (Basic Input Output System) Енгізу-шығарудың базалық жүйесі (BIOS — Basic Input Output System) өзіне компьютердің құрылғыларының арасындағы өзара әрекетті ұйымдастырушы енгізу-шығару бағдарламаларының жинағын қамтиды. BIOS аппараттық құрал ретінде де, операциялық жүйенің бағдарламалық модулі ретінде де қарастырылады. Компьютерде BIOS жүйесі жүйелік тақшада орнатылған микросхема түрінде іске асырылған. Ескі жүйелерде ROM BIOS микросхемасын орнатқан болатын. Қазіргі заманғы компьютерлерде BIOS-ты сақтау үшін флэш-жад (flash memory) микросхемасы пайдаланылады. Олар бір құрауыш үшін ондаған мың есеге дейін ақпаратты қайта жазуға рұқсат етеді. Бұл қосылатын құрылғыларды қолдау үшін ескі қызметтерді оңай түрлендіруге немесе жаңа қызметті үстемелеуге мүмкіндік береді. BIOS-ты түрлендіру үшін жүйелік тақшасы бар жинақта жеткізілетін арнайы утилит (бағдарлама) пайдаланылады. BIOS жүйесі мыналарды қамтиды: • CMOS RAM — жүйелік уақыт пен компьютер қисыны туралы ақпаратты сақтайтын жад. • CMOS-жад аз энергия тұтынуымен, энергияға тәуелсіздігімен ерекшеленеді, құрамдас аккумулятордан қоректенеді. CMOS RAM мөлшері BIOS жүйесіне кіретін Setupбағдарламасының көмегімен өзгереді. Бұл бағдарламаға компьютерді бастапқы жүктеу кезінде DEL пернесін ұстап тұрып кіруге болады Сендердің компьютерлеріңде орнатылған BIOS туралы егжей-тегжейлі аналық тақша сипаттамасынан оқуға болады.
Процессор мен жад Компьютер сипаттамасының басында, әдеттегідей, орталық процессордың (central processing unit, CPU) типі мен жиілігін көрсетеді. Одан әрі жедел жадтың (random access memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компютердің бұл құрауыштары – ең бастылары, өйткені оның жұмысының жылдамдығын осылар анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен қатқыл дискіні, ең күшті бейнеадаптерді және керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады, бірақ баяу процессор мен мардымсыз жад кезінде барлық осы байлық пайдасыз болады. Процессор, немесе, оны тағы микропроцессор деп атағандай, компьютер мәліметтерін өңдеудің орталық құрылғысы болып саналады. Процессор микорсхема ретінде көрінеді де жедел жадпен қатар аналық тақшада тұрады. Процессорлар Microsoft Word немесе Netscape Communicator сияқты бағдарламалар жұмысы үшін қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым жылдам болған сайын, солғұрлым компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы үлкен болады. Процессордың жылдамдығы мегагерцтерде (МГц) немесе гигагерцтерде (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады. 1 МГц секундына бір миллион ырғаққа тең, ал 1 ГГЦ — бір миллиардқа; 1 ГГц = 1000 МГц. Процессорларды аналық тақшаға орнатады, сондықтан олар компьютерлердің ерекше ішкі құрауыштары болып саналады. Процессорға үстінен радиатор орнатылады. Олар әр түрлі типті болады. Базарда ең арзаны, жалпы мойындалғаны және кең таралғаны «Экструзиондық» (пресстелген) радиаторлар болып саналады. Оларды өндіруге пайдаланылатын негізгі материал — алюминий. Сондай-ақ радиаторларды мыстан да жасайды, олар қымбаттау тұрғанымен, өте тиімді. Радиаторға үстінен желдеткіш (кулер) орнатады. Желдеткіш процессорды салқындату үшін қызмет етеді. Желдеткіш жұмыс істеу үшін оны аналық тақшаға қосу қажет.
Жүйелік өрім Компьютердің алуан түрлі операцияларды орындау жылдамдығы жүйелік өрімнен тәуелді болады. Жүйелік өрімнің жылдамдығын, процессор сияқты, мега- и гигагерцтерде өлшейді. Егерде процессорды автомобильмен салыстырсақ, онда өрімді ол қозғалатын жол ретінде елестетуге болады. Баяу жүйелік өрімнің жұмыс істеуі машиналармен кептелген тар көшедегі қозғалыспен парапар, ал жылдам жүйелік өрімнің жұмыс істеуі – сегізқатарлы автомагистральдағыдай. Жад Жад деп мәліметтердің кез келген қоймасын айтады, бұл көбінесе тез (еркін) қатынас құруға болатын мәліметтерді уақытша сақтауға арналған құрылғы. Егерде процессорға әрбір бит үшін қатқыл дискіге қатынауға тура келетін болса, онда компьютер өте баяу жұмыс істеген болар еді. Осының орнына мәліметтер, процессор әлдеқайда тез жұмыс істейтін, жедел жадта сақталады. Жад түрлерінің көпшілігі мәліметтерді уақытша сақтауға арналған. Жедел жад (RAM)
Компьютердің жедел жады (қысқартылған түрде – ОЗУ немесе RAM) мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. Кез келген бағдарламаның, ОЖ-ні қамти отырып, жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде бағдарламаның бір бөлігін жүктеуге жетел жадтың біршама көлемі талап етіледі. Бұл қатқыл дискіге қатынамастан бағдарламаның маңызды мәліметтеріне қатынас құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Компьютерде бір мезгілде неғұрлым көп бағдарлама жұмыс істесе, солғұрлым үлкен жедел жад талап етіледі. Бағдарламаның жұмысы аяқталған кезде немесе компьютерді ағытқанда жедел жадта сақталынатын мәліметтер өшіріледі. Жедел жад ішкі жад болып саналады да сыртқы жадтың мысалдары бола алатын қатқыл дискі немесе жинақы-дискіден ерекшеленеді. Тіпті компьютер ағытылғаннан кейін де ақпарат сыртқы жадта сақталады. Жедел жадтың көлемі мегабайтармен (Мб) өлшенеді. Қазіргі заманғы қосымша бағдарламалардың көпшілігі жұмыс істеу үшін, ең шекті өлшемде, іске қосылған бағдарламалардың әрбір данасы 64 Мб жедел жад талап етеді. Пәрменді пайдаланылатын бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламаларға (мысалы – компьютерлік ойындарға) оданда үлкен жад талап етіледі. Жаңа компьютерлерге қазір ең аз дегенде 256 Мб-тық жедел жад орнатады. Егерде компьютерде орнатылған жадтан үлкен жатты талап ететін бағдарламаны іске қосатын болсақ, онда оның жұмыс істеу жылдамдығы бірден құлдырайды, тіптен компьютер мүлдем «тұрып қалады». Өнімділік тұрғысынан, компьютерде неғұрлым үлкен жад орнатылса, солғұрлым жақсы.
жедел жады (RAM), сондай-ак тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына жазылады. Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметгер мен программалар ғана сақталады. Информация керек кезінде магниттік дискіден жедел жадқа көшіріліп, өңделген соң олар қайта сыртқы жадка жазылып қойылады. Жедел жадта информация тек жүмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) түратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын информация ЗбОкб, 720 кб нзмесе 1,44 Мб болып жазылуы мүмкін. Мүнда 1 кб (1 килобайт)=1024 байт, ІМб (1 мегабайт)=1024 кб, ал винчестер деп аталып жүрген қатты дискіде, 1000-ЮОООМб (1-4 Гигабайт) және одан да көлемді информация жазылып сақталады. Әдетте IBM PC XT (бүрынғы модель) компютерлерінің жедел жадының көлемі 640 кб, IBM PC AT үшін - ІМб-тан жоғары, ал олардың жоғарғы модельдері 1-ден 16 Мб-қа дейін, бірақ оның көлемі 32 Мб не одан да жоғары бола береді - жедел жадтың көлемін оның негізгі тақшасына микросхема қоса отырып үлкейтуге болады. Компьютердің жедел жадынан өзгеше оның тұрақты жады бар, ол езгертілмейтін информацияны сақтайды, ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, оны тек оқуға болады. Әдетте түрақты жадтың көлемі шағын 32 - 64 Кб шамасында. Тұрақты жадқа керекті программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар көбінесе компьютерді тоқ көзіне жалғаған кезде оны тексеріп іске қосу үшін қажет. Сиымдылығы 1 Мб немесе одан жоғары болып келетін компьютерлердің жедел жады екі бөлімнш тұрады - алғашқы 640 Кб қолданбалы программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалғаны төмендегідей мақсаттарға пайдаланылады: - операциялық жүйенің алғашқы жүктемесін және компьютердің жұмысқа жарамдылығын тексеретін операциялық жүйенің бөлігін сақтауға, сондай-ақ төменгі деңгейдегі қарапайым енгізу-шығару жүмыстарын орындау үшін; - экранға кескіндерді беру үшін; - компьютердің қосымша қүрылығыларымен бірге жүктелетін операциялық жүйелердің әртүрлі кеңейтілген мәліметтерін сақтау үшін қажет болады. Жедел жадтың көлемі туралы сөз болғанда, оның бірінші бөлігі туралы айтылады, ал ол кейбір программаларды орындауға жеткіліксіз болып қалады. Мінз, осывдай сәттерде компьютердің жедел жадының кеңейтілгш бөлігі (extended) мен қосымшасы (expanded) пайдаланылады. INTEL фирмасының 80286, 80386SX және 80486SX сияқты процессорлары 1-16 Мб жедел жад көлемімен, ал 80386 және 80486 процессорлар - 4-8 М6 көлемімен жұмыс істей алады. Бірақ операциялық жүйе үлкен келемді жадты толық пайдалана алмайды. Қосымша жадты пайдалану үшін арнаулы программалар - "драйверлер" жасалынады, олар қолданбалы программадан тапсырма алады да, процессордың "қорғалған режим" жүйесіне көшеді. Тапсырманы орындаған соң, драйвер алғашқы режимге көшуді қамтамасыз етеді де, микропроцессор жүмыстың қалыпты режиміне ауысады. Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жад (Cash) немесе бүркеме-жад деп атайды. Ол жедел жад пен процессордың жұмысын жылдамдату үшін аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады. Процессордан бөлек компьютер қүрамында: - ЭЕМ құрамына кіретін (дисплей, диск жәнз т.с.с.) әртүрлі қүрылғылар және олардың жұмысын басқаратын электрондық схемалар (контроллерлер); - енгізу-шығару порттары, олар жүйелік блокқа әртүрлі принтер, графиксызғыш, тышқан тетігі тәрізді шеткері құрылғыларды тіркейтін көпразрядты байланыс құрылғылары түрінде болады. Енгізу-шығару порттары ішкі негізгі кұрылғылармен байланыс жасайтын арнайы порттан және шеткері құрылғылармен (принтер, тышқан тетігі т.с.с.) байланыстыратын жалпы мақсаттағы порттардан тұрады. Жалпы мақсаттағы порттар LPT1 - LPT3 деп белгіленетін параллель және COM1 - COM3 болып белгіленетін тізбекті бөліктерге жіктеледі. Параллель порттар жұмысты жылдам істейді, бірақ байланысу үшін көбірек сым шоғырларын керек етеді (принтермен жалғасатын порт параллель, ал модеммен телефон желісі арқылы байланысатын порт тізбекті түрге жатады).
Монитор[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
An LG flat-panel LCD monitor.
Жалпылама[өңдеу]
Монитор (немесе дисплей) мәтіндік жіне сызбалық ақпаратты бейнелеуге, пайдаланушы мен компьютер арасындағы ақпараттық байланысты қамтамассыз етуге арналады.
Мониторлар электронды – сәулелі түтікшелі және сұйық кристалды дисплейлі, түрлі түсті және монохромды болады, бір-бірінен көлемі жағынан ерекшеленеді (әдетте кинескоп немесе матрица диагоналі – 9-42 дюйм (немесе 23-106 см) болады).
Мониторлар міндетіне байланысты реттеудің, түр-түсті түзетудің және тағы басқа түрлі құралдармен жабдықталады. Түрлі мониторлардың ажыратылымдығы да әр түрлі, енгізілетін кескіндердегі нүктелер саны көлденеңі мен тігінен – ең үлкен кәсіби мониторларда 640-480 нүктеден 1600-1280 нүктеге дейін барады. Ажыратылымдық неғұрлым жоғары болса, бейне беттегі кескін соғұрлым айқын болады.
Монитор (monіtor) — 1) компьютер жадындағы мәтіндерді, бейнелерді экранда көрсететін құрылғы; оны дисплей, экран, ал кейде бейне-блок деп те атайды. Монитор электронды-сәулелік түтікшеден, бейнекүшейткіштен, жайма генераторы, қоректендіру бөлшегі және оларды басқару сұлбаларынан тұрады. Монитордағы кескінді құрастыру бөлшегі дербес компьютердің негізгі қорабында – жүйелік блогінде орналасады. Кейбір тұрмыста қолданылатын компьютерлерде Монитор орнына қосымша модуляторлық құрылғымен толықтырылған үйдегі телеэкранды пайдалануға болады. Мониторлар мәтіндік және график. режимде жұмыс істей алады. Мәтіндік режимде – Монитор экранына тек символдар шығарылып, олар таңбалық генератормен қалыптастырылатын ASCІІ-кодтарының ұлттық әріптермен кеңейтілген символдар жинағынан тұрады. Графикалық режимде – экранда өте майда мозаик. бейнелер шығарылады. Монитордың график. режимі аса қажетті болып саналады және оның айқындылығы пиксельдер мөлшерімен анықталатын экранның айқындау қабілетіне байланысты. Соңғы кезде VGA жәнеSuperVGA типті Мониторлар қолданылып келеді. Олар мәліметтерді мәтіндік және график. режимдердің екеуінде де экрандағы пиксельдік нүктелер санына байланысты кез келген ақпарат түрлерін сапалы түрде бейнелейді. Монитордың мәліметті жақсы көрсетіп, оларды айқындау қабілеті экрандағы нүктелер санына байланысты, мыс., горизонталь бағытта 200 нүктені, ал вертикаль бағытта 640 нүктені бейнелейтін (640*200), сондай-ақ 800*600, 1024*768 (SuperVGA) және айқындау қабілеті одан да жоғары Мониторлар бар. Экрандағы нүктелер саны артқан сайын, яғни нүкте көлемі кішірейген сайын (0,2 – 0,31 мм) Монитор сапасы да, бағасы да арта түседі. Түрлі түсті Мониторларда нүктелер көлемі 0,24 мм болады. Нүктелер көлемі 0,39 мм-ден үлкен Мониторларда экрандағы бейне анық көрсетілмейді. Мониторлар монохромды (ақ-қара түсті) және түрлі түсті болып ажыратылады. Монитордың негізгі сипаттамасына экран диагоналының дюйммен (1 дюйм=2,54 см) берілген қашықтығы жатады, мыс., 14 дюйм, 15 дюйм, т.б. Алып жүруге ыңғайлы компьютерге (note-book) арналған Монитордың электронды-сәулелік түтікшесіз сұйық кристалды және сенсорлық экранды түрлері бар. Сұйық кристалдар электр кернеуінің әсерімен өз құрылымын, түсін және оптик. қасиеттерін өзгерте алады. Сұйық кристалдар құрамына басқа түсті ерітінділерді қосып және электр өрісін өзгерте отырып, жоғары сапалы 15 млн-нан аса түстерді бейнелей алатын экрандағы нүктелер саны 1024*768 немесе 1280*1024 болатын Мониторлар жасауға болады. Бұлардың салмағы жеңіл, көлемі кіші және денсаулыққа зиянды электро-магниттік толқындары болмайды; 2) Компьютердегі мәліметтерді өңдеу жүйесінде орындалатын операцияларды бақылайтын, реттейтін немесе тексеретін машиналық бағдарлама. Бағдарламалау тілдерінде – бөлінбейтін мәліметтік қорлармен (ресурстармен) байланыс ұйымдастыратын жоғары деңгейдегі әрекеттесу ісін жүзеге асырады.[1]