Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құқық нег.лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
98.02 Кб
Скачать

2. Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар, олардың қызметі

   «Қазақстан Республикасының  жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңында: «жергілікті өкілдік органдар маслихаттар – халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін оны жүзеге асыру үшін шаралар белгілейтін жүзеге асырылуын бақылайтын ораган» делінген. Аталған заңда маслихаттардың қызметінің негізгі бағыттары анықталған.

   Маслихаттың өз құқығы шеңберінде қабылданатын шешімдері оның актілері болып табылады Маслихаттардың жергілікті бюджеттің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдері әкім құптаған жағдайда ғана қарауға енгізілуі мүмкін. Ал азаматтардың құқықтар мен бостандықтарына, міндеттеріне қатысты шешімдері заңға сәйкес ресми жариялануы  тиіс. Маслихаттар депутатардың жалпы санының үштен екісінің дауысымен әкімге сенімсіздік білдіруге, ҚР президентіне әкімді қызметінен босату туралы мәселе қоюға құқылы. Әкім ұсынған аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды, бюджеттің орындалуы туралы есептерді маслихаттың екі рет бекітпеуі заңға сәйкес әкімге сенімсіздік білдірудің негізі болады.

  Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер әкім басқаратын өз құзіреті негізінде тиісті аумақта мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әуеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу, олардың орындалуын қамтамасыз ету, коммуналдық меншікті басқарут.б.жатады

 

Бақылау сұрақтары:

1.1-кесте бойынша мемлекеттің жоғарғы өкілдік және атқарушы органдарын атап, олардың қызметіне сипаттама беріңдер.

2.ҚР президентінің парламентке, үкіметке, ҚР жоғарғы сотына қатысты уәкілеттіліктерін айтып беріңдер.

3.Жергілікті өкілдік және атқарушы органдарға қандай органдар жатады?

Олар қандай қызмет атқарады?

 

 

4-дәріс

Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары

1.Қазақстан Республикасындағы сот және соттар жүйесі.

2.Құқық қорғау органдары, олардың қызметі

1.Қазақстан Республикасындағы сот және соттар жүйесі.

Соттарды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының конституциясы және «Соттар жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» конституциялық заңымен (25.12.2000 ж.) ал олардың қызметі сот істерін жүргізу заңдарымен, азаматтық істерді жүргізу кодексі және қылмыстық істерді жүргізу кодексімен реттеледі. Заң бойынша Қазақстан территориясында мамандандырылған соттар (шаруашылық, салықтық, отбасы, соттары, кәмелетке толмағандардың істерін қарайтын соттар т. б.) құруға болады. Бұндай соттардың мәртебесі аудандық (қалалық) соттармен тең. Сонымен қатар округтік сотар құруға болады. Аталған соттар бір-бірімен соттың әртүрлі звеносы ретінде байланысады. Мәртебесі тең соттар сот жүйесінің бір қатарын (звеносын) құрайды. Қазақстан Республикасының сот жүйесі үш қатардын тұрады: аудандық (қалалық), облыстық, жоғарғы сот.

Соттар қызметінің негізгі принциптері:

1) заңдылық;

2) соттардың тәуелсіздігі,

3) азаматтардың заң және сот алдындағы теңдігі;

4) тараптардың теңдігі мен өзара бәсекелестігіне негізделу;

5)кінәсіздік презумпциясы;

6)істерді соттық талқылаудың жариялылығы принципі;

Инстанция-соттық істерді қарау мен тексерудің ретін көрсетеді. Қазақстан Республикасында төрт инстанциядан тұратын сот жүйесі бар.

1) Бірінші инстанция соттары қылмыстық істерді нақты қарайды; 2)апплеяциялық соттар- екінші инстанция соттары бірінші инстанция соттың әлі күшіне енбеген шешіміне аппеляциялық шағымдарды қарайды;

3)кассациялық соттар-үшінші инстанция соттары,әлі күшіне енбеген бірінші инстанция соттрының шешімдеріне және аппеляциялық соттар шешіміне кассациялық шағымдарды қарайды;

4) қадағалау инстанциясында соттар әлі күшіне енбеген өзіне дейінгі соттардың шешімдері мен үкімдеріне шағымдар мен қарсылықтардың негізінде істерді қарайды;