
- •Мемлкет және құқық туралы түсінік.
- •1.Құқық негіздері пәні, әдістері және жүйесі.
- •2.Мемлекет ұғымы, оның белгілері, түрлері, құрылымы және теориялық негіздері.
- •Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері
- •1. Конституциялық құқық және оның әдіс- тәсілдері мен жүйесі.
- •2.Қазақстан Республикасының конституциялық қоғамдық құрылымы.
- •4.Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •Органдарының жүйесі
- •1. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары, олардың қызметі
- •2. Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар, олардың қызметі
- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары
- •1.Қазақстан Республикасындағы сот және соттар жүйесі.
- •2. Құқық қорғау органдары, олардың қызметі
- •1.Әкімшілік құқығы пәні, әдіс-тәсілдері және жүйесі
- •2.Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық.
- •1.Азаматтық құқық және азаматтық құқықтық қатнастар туралы түсінік
- •2.Мәмле, оның түрлері.
- •3.Меншік және зияткерлік меншік құқығы. Міндеттемелік құқық.
- •1.Отбасы құқығы және отбасы құқықтық қатнастары
- •2.Некеге отыру және некені тоқтату тәртібі.
- •1.Отбасы құқығы және отбасы құқықтық қатнастары
- •2.Некеге отыру және некені тоқтату тәртібі.
- •1.Қаржы құқығы және қаржы құқықтық қатнастары
- •2.Мемлекеттік ақша жүйесі.
- •1.Салықтық құқық, оның әдістері
- •2.Салықтық міндеттеме, оны орындау
- •3.Салықтық бақылау, оның түрлері
- •4. Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу
- •1.Еңбек құқығы, принциптері, әдіс-тәсілдері.
- •2. Жеке еңбек шарты мен ұжымдық еңбек шарты және оның мазмұны
- •3.Еңбек даулары, оны құқықтық реттеу.
- •4.Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
- •1.Қылмыстық құқық пәні, міндеттері, принциптері.
- •2.Қылмыс ұғымы, белгілері, түрлері және құрамы
- •1.Іс жүргізу құқығының жалпы сипаттамасы
- •2.Қылмыстық және азаматтық процесс: субъектілері, сатылары, дәлелдер,бұлтартпау шаралары
- •3. Іс жүргізудегі бақылау және құзырлы органдардың жауапкершілігі
- •1.Экология ұғымы және экология құқығы.
- •2.Табиғатты пайдалану құқығы
- •1.Жер құқығы түсінігі, әдістері, жүйесі.
- •2.Жерге жеке меншік және жер пайдалану құқығы
4.Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
Әлеуметтіәк қамсыздандыру құқығы- еңбекке қабілетсіз азаматтарға материалдық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы, сондай-ақ олармен тығыз байланыстызаңдық фактілерді анықтау мен дауларды шешу жөніндегі іс жүргізу қатнастарын реттейтін құқық саласы. әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәнін азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру барысындағы қалыптасатын құқықтық қатнастар; Зейнетақылар, жәрдемақылар, жеңілдіктер мен түрлі қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері болып табылады.Әлеуметтік қамсыздандыру азаматтарды қартайғанда және еңбекке қабілетсіз болған жағдайдақамсыздандырумен, аналар мен балаларға қамқорлық жасаумен, азаматтарды сауықтыру мен профилактикадан өткізу негізінде еңбекке қабілеттілігін қалпына келтірумен байланысты мем лекет жүргізіп отырған әлеуметтік- экономикалық шаралардың жиынтығы болып табылады. Әлеуметтік қамсыөдандыру құқығының принциптарі:
1)Қамсыздандырудың жалпыға бірдейлігі;
2)Оның түрлерінің жан-жақтылығы және алуан түрлілігі;
3)азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығын қорғау;
4)Мемлекеттік бюджет және өзге ды түсімдер есебінен қамсыздандыру;
5)Еңбек үлесінің миөлеріне,мұқтаждығына және әлеуметтік маңызы бар факторларға байланыстыәлеуметтік қамсыздандырудың жағдайлары мен деңгейлерін саралау;
6) Еңбекке қабілетті жастағы әрбір азаматтың зейнатақыны жинақтауға міндетті түрде қатысуы;
7) Әрбір азаматтың ерікті қосымша зейнетақылық қамсыздандыруға құқығы;
Аталған принциптердің жүзеге асырылуы өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Қазақстан сияқты мемлекеттің әлеуметтік саясатының кемелдігін айқындайды.
Әлеуметтік қамсыздандырудағы құқықтық қатнастарға:
1) қамсыздандырудың жекеленген түрлері бойынша құқықтық қатнастар;
2) зейнетақылық (ынтымақтастық және жинақтаушы зейнетақы жүйелері)
3)жәрдемақылар және өтемдік төлемдер бойынша) уақытша еңбекке қабілетсіздік бойынша жәрдемақылар,мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар),;
4) әлеуметтік қызмет көрсету бойынша (мүгедектерді оқыту мен жұмысқа орналастыру); Әлеуметтік қамтамасыз ету құқықтық қатнастарының ерекшелігі олар олар күрделі заңды құқықтан туындайды 1) заңдық фактілер негізінде (зейнеткерлік жас, еңбекке қабілеттіліктен айрылу т. б.);
2)оған ие адамның өз қалауын білдіруі; 3)құзіретті органдардыңқамсыздандыру түрін тағайындау туралы актісі;
Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері:
1.Зейнетақылар. Зейнетақымен қамсыздандыру 1997 жылғы20 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»заңына сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру үш түрге бөлінеді: 1) мемлекеттік зейнетақы (зейнетақы жөніндегі орталықтан төленеді) 2)мемлекеттік емес )жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленеді) 3) әскери қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы; Аталған заң бойынша мүгедектігі бойцынша және асыраушысынане айрылуына байланысты әлеуметтік зейнетақылар жасына байланысты зейнетақылар тағайындалған.
2. Жәрдемақылар. Жәрдемақылар белгілі бір мақсатта тағайындалады.Олар белгілі себептермен жұмысқа жарамсыздыққа байланысты ( уақытша жұмысқа жарамсыздық, жүкті болу мен бала тууға байланысты, жұмыссыздыққа байланысты) Жәрдемақылар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
3 Қызмет көрсету. тегін медициналық қызмет көрсету, және тегін әлеуметтік қызиет көрсету;
4.Төлемақылар.Төлемақылар (компенсациялар) азаматтарға материалдық және мүліктік жағдайларына байланыссыз негізгі табыс көзі ретінде тағайындалады. Оған әскери қызметтегі әйел адамдарға бала туу мен күтуге байланысты 1,5 жылға төленетін төлемақылар, 16 жасқа шейінгі мүгедек баланы күтуіне байлынысты жұмыс істей алмаған азаматтарға төленетін төлемақылар, еңбек шарты бойынша төленетін төлемақылар, кәсіпорынның жұмыс ының тоқтатылуына байланысты ақысыз демалыс алған қызметкерлерге төленетін төлемақылар жатады. Төлемақылар мемлекеттік бюджеттен әртүрлі деңгейлерінен төленеді.
11- дәріс. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы
1.Қылмыстық құқық пәні, міндеттері, принциптері.
2.Қылмыс ұғымы, белгілері, түрлері, құрамы
3. Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар
4. Жаза, оның мақсаты, түрлері, жаза тағайындау және жазадан босату.