- •«Акушерлік істе ультрадыбыстық зерттеу»
- •Алматы, 2014 ж.
- •1. Жалпы мәліметтер:
- •1.7 Оқытушылар жөнінде мәліметтер:
- •1.8 Байланыс ақпараты:
- •2.2. Пәннің мақсаты:
- •2.3. Оқудың міндеттері:
- •2.4. Оқудың қорытындылары
- •2.7.Тәжірибелік сабақтардың және окөж –дың тақырыптық жоспары
- •2.7. Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
- •2.8.Оқу және оқыту әдістері:
- •Тәжірибелік дағдыны бағалау – Трансабдоминалды датчикпен удз тхникасын жүргізу.
- •Коммуникативтік дағдыларды бағалау
- •Сөж бағалау қағидалары
- •Тәжірибелік дағдыларды бағалау қағидалары
- •2.10 Әдебиеттер
Тәжірибелік дағдыны бағалау – Трансабдоминалды датчикпен удз тхникасын жүргізу.
№ |
Қадамдарды бағалау критериялары |
Ьалмен бағалау |
|||
1. |
Төсекшені тазалау, бір реттік қолданатын төсеніш төмеу, қолды тазалау. Әйелді зерттеу туралы хабардар ету.
|
20,0 |
10,0 |
5,0 |
2,5 |
2. |
Әйелді төекшеге жатқызу және ішін ашып, гелді жағу. |
20,0 |
10,0 |
5,0 |
2,5 |
3. |
Абдоминалды датчикпен УД жүргізу |
20,0 |
10,0 |
5,0 |
2,5 |
|
|
|
|
|
|
4. |
Гелді бір реттікқолданатын салфеткамен сүрту. Датчикті спиртпен сүртіп, одан кейін құрғақ мақтамен сүрту |
20,0 |
10,0 |
5,0 |
2,5 |
|
|
|
|
|
|
5.
|
Журналға тіркеу, босану тарихына қорытынды жазу. Қолды тазалау. |
20,0 |
10,0 |
5,0 |
2,5 |
Жоғарғы балл – 100
Коммуникативтік дағдыларды бағалау
0-49 |
Ынтасыз, тақырыпты талдауға қатыспайды, науқаспен сөйлесе алмайды, медицина қызметкерлерімен байланысқа түспейді. |
50-74 |
Ынта-жігерсіз. Тақырыпты талдауда белсенсіз. Эмоцияға және медицина қызметкерлерінің сынауына жауапсыз, анамнез жинай алады, бірақ толық емес. |
75-89 |
Ынталы-жігерлі. Талқылауға қатысады, медбикелермен тіл табыса алады, этиканы сақтайды. Науқасты тыныштандыра алады. Анамнез жинай біледі, бірақ нақты емес. |
90-100 |
Ынталы-жігерлі, жағдайды талқылауға активті қатысады, медперсоналмен тез байланысқа түседі, этиканы бұлжытпай орындайды, науқасқа оның жағдайы туралы нақты әрі қысқа жеткізе біледі. Оны тыныштандыра алады. Қажетті сұрақтарды қойып, анамнезін нақты жинақтауға қабілетті. Қателіктер жібермейді. |
Жоғарғы балл – 100.
4. Адвокаттық компетенцияны бағалау – тестілеу арқылы бағаланады, келесі құқықты база бойынша «ҚР ДСМ Акушерлік іс және неонатология бойынша негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтары» Алматы,2010ж.; ҚР ДСМ Акушерлік іс және гинекологиядан клиникалық хаттамалар №18, 19.09.2013ж. Жоғарғы балл – 100.
5. Студенттің өзін-өзі жетілдіру – тақырыпқа арналған СӨЖ қорытындысы, қосымша ізденісі арқылы бағаланады. Жоғарғы балл – 100.
Сөж бағалау қағидалары
Презентация:
90-100 балл «үздік» - материал тақырыбы бойынша терең және жан-жақты білімін көрсеткен, презентацияны орындау кезінде презентацияның құрылысын қатесіз және шығармашылық түрде, презентацияның негізгі бөліктерін 10-15 слайдта анық және нақты орындаған студент алады.
Иллюстрациялар жоғары сапалы, анық суретпен болу керек. Презентацияны дайындаған кезде соңғы бес жылғы әдебиет қолдану қажет.
75-89 балл «жақсы» - материал тақырыбы бойынша терең және жан-жақты білімін көрсеткен, презентацияны құру тәртібі сақталған, бірақ материалды мәлімдеу кезінде бірқатар қателіктер жіберген.
50-74 балл «қанағаттанарлық» - тапсырманы өте қысқа, толық көлемде орындамаған, материалды мәлімдеу кезінде бірқатар қателіктер жіберген студенттер алады;
49 балл және төмен «қанағаттанарлықсыз» - презентацияны мәлімдеуі талапқа сай емес.
Тәжірибелік сабақтарға қойылатын талаптар
Тесттік есептерді шешу 1 сабаққа 10 тест арналған, тесттің текстік көлемі – 7-8 жолдан, 5 жауаптан тұрады, 1 жауабы дұрыс
Топпен жұмыс жасау: аз уақыт аралығында орындалатын есеп беріледі. Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ қорытынды жасап, өз тапсырмасын көрсетеді. Топтағы әр студенттің қатысу дәрежесі, тақырыпты, мәселені қамти алу қабілеті бағаланады.
Ахуалдық есептерді шешу: Студенттің ауру симптомдарын таңдауы, диагноз қоюға қажетті тексеру көлемін анықтауы, зертханалық және құрал-аспаптық әдістердің қорытындысын интерпретациялауы, қорытынды диагноз қоюы, ем тағайындау қабілеті бағаланады.
Рөлдік ойын: студенттің рольдік ойынға қатысуы, тақырыпқы сәйкес ролін орындауы, қолданылатын диагностика әдістерін дұрыс қолдануы, интерпретациялауы, дұрыс диагноз қоюы және жүктілік пен босануды жүргізу тактикасын дұрыс анықтауы бағаланады.
СӨЖ-на қойылатын талаптар:
Презентацияға қойылатын міндет: студент презентациясын дайындағада стиль, әшекейлеу ережесін сақтау керек, қою реңді түстерді, 1 слайдта ең кобі 3 немесе 4 түрлі түсті пайдалануы керек, компьютерлік анимация мүмкіншілігін қолдану керек. Бағдарламасы қысқа, түсінікті, анық, дәлелді болу керек.
Білімді бағалау критерийлері мен ережелері:
t- ағымды бақылау = ортаңғы баға, 5 көрсеткіш біліктілігі бойынша бағаланады.
Жіберілу рейтингі – студенттің қорытынды бағасынан 60% кем емес құрайды, бұл- ортаңғы баға, 5 көрсеткіш біліктілігі бойынша бағаланады.
Қорытынды тексеру: 2 кезеңнен тұрады.
1. кезең – тестік бақылау (360 тест дайындалды).
2. кезең – тәжірибелік дағдыны тапсыру – гравидограмманы толтыру.
Қорытынды баға: I = R х 0,6 + (E1 х 0,25+ E2 х 0,15),
I – қорытынды баға
R– рейтинг бағасы
E1 – экзамен бағасы (тест бойынша)
E2 тәжірибелік дағды бойынша емтихан бағасы
