- •«Акушерлік істе ультрадыбыстық зерттеу»
- •Алматы, 2014 ж.
- •1. Жалпы мәліметтер:
- •1.7 Оқытушылар жөнінде мәліметтер:
- •1.8 Байланыс ақпараты:
- •2.2. Пәннің мақсаты:
- •2.3. Оқудың міндеттері:
- •2.4. Оқудың қорытындылары
- •2.7.Тәжірибелік сабақтардың және окөж –дың тақырыптық жоспары
- •2.7. Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
- •2.8.Оқу және оқыту әдістері:
- •Тәжірибелік дағдыны бағалау – Трансабдоминалды датчикпен удз тхникасын жүргізу.
- •Коммуникативтік дағдыларды бағалау
- •Сөж бағалау қағидалары
- •Тәжірибелік дағдыларды бағалау қағидалары
- •2.10 Әдебиеттер
1.8 Байланыс ақпараты:
Кафедраның мекен -жайы: Богенбай батыр к-сі, 492. Телефон:292-69-91
1.9 Пән үрдісі:
Тәжірибелік сабақтарға, дәрістерге міндетті түрде қатысу.
2. Сабаққа қатысу үшін студенттерде келесі құжаттар болуы керек: санитарлық кітапша, медициналық халат, қалпақ, дәке маскасы, ауыстырып киетін аяқ киім.
3.Оқу үрдісіне белсенді қатысу; тәжірибелік сабақтың конспектісі мен теориялық материалдар өзінде болуы керек, тесттер мен ахуалдық есептерді шешу, пальпация, перкуссия, аускультация сияқты науқастарды объективтік зерттеу әдістерін меңгеру және қолдану.
4. Бір тақырып бойынша СӨЖ міндетті түрде орындау.
5. СӨЖ материалдарын (ахуалдық есеп, диагностикалау алгоритмі, емдеу кестелері) және СӨЖ тақырыптарын қорғау тақырыптық жоспарға байланысты бекітілген уақытында орындалуы
6. Тәжірибелік сабаққа қатыспаған жағдайда, студент сабақты деканаттың рұқсатымен тапсыруы керек, ол үшін тәжірибелік сабақтың сағаттық көлемінің 2/3 бөлігін клиникалық бөлімшеде жұмыс істеуі және 1/3 бөлігін жауапты оқытушыға ауызша жауап беруі қажет; тәжірибелік сабаққа қатыспауының себебі жоқ болса студент 0 балл алады.
7. Студенттердің науқастар және мен клиникалық базасының қызметкерлерімен сыпайы және орынды қарым-қатынаста болуы
8. Кафедра меңгерушісі немесе оқу бөлімінің меңгерушісі қатысуымен топтағы жанжалды жағдайларды ашық талқылау.
Бағдарлама
2.1. Кіріспе
Кіріспе - диагностикалық суреттемені алу ауруларға медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық зерттеулерге қосымша маңызды тәсіл болып табылады. Негізінде диагностикалық суреттемені рентгенография және ультрадыбыстық сканирлеу арқылы алуға болады. Ультрадыбыстық зерттеуді жүргізу бүкілдүниежүзінде тез тарауда, әсіресе бұндай зерттеудің акушерлік және гинекологияда маңызы зор, сонымен қатар құрсақ қуысына және жұмсақ тіндерге қатысты пайдалы хабар береді. Иондаушы радиацияның болмауына байланысты ультрадыбыстық зерттеу пайдалы клиникалық хабарлама алуды қамтамасыз ететін тәсіл болуы тиіс.
2.2. Пәннің мақсаты:
Студенттерде кіші жамбас қуысының мүшелерінің физиологиясы және патологиясы, жыныстық жетілу кезеңі, диагностика және емдеу әдістері, анамнез жинау, тәжірибелік дағдылар, жалпы қарап тексеру және гинеоклогиялық тексерулер туралы білімді қалыптастыру.Жаңа терминдер мен ұғымдарды енгізу арқылы коммуникативті дағдыларды дамыту.Студенттерде паиценттерді қорғауды дамыту
2.3. Оқудың міндеттері:
Студенттерді УДЗ аппаратымен таныстыру
Студенттерде жүктілік туралы білімді қалыптастыру№
Студенттерде жүкті және босанғаннан кейінгі әйелдерде ананмнез ижнау дағдысын қалыптастыру.
Қосымша зерттеу тәсілдерінің қорытындысын интерпретациялау дағдыларын қалыптастыру
УДЗ аппаратында жүктіліктің ерте мерзімін қараудағы дағдыны қалыптастыру.
Нәрестенің даму ақауларын УДЗ дағдыларын қалыптастыру.
Жүктілер және әріптестер арасында коммуникативті дағдыларын қалыптастыру;
Қазақстан Республикасындағы жүкті әйелдерді бақылауында құқықтық негізін қалыптастыру;
Үздіксіз оқу және өзіндік даму компетенциясын қалыптастыру.
