Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.43 Кб
Скачать

18.Географиялық үйлесімсіздіктер

Географиялық үйлесімсіздік деп - үйлесімсіздік бұрышы 1° кем болып келетіндерін атаймыз. Үйлесімсіздік бұрышы аз болған себепті оны аумақты,

аймақтарды зерттеуде ғана байқаймыз. Мысалы, Онега көлі мен Смоленск арасындағы төменгі таскөмір қабаттары девонының əртүрлі горизонттарына

үйлесімсіз жатуы. Мұндай үйлесімсіздіктер тек картографиялық түсірулер кезінде ғана анықталады. Үйлесімсіздік жазықтары беттерінің анықталғанына қарай, анық үйлесімсіздік беттері анық байқалады да, жасырын -үйлесімсіздік беттері белгісіз болып келеді. Мысалы, 16-шы суретте біршама мығым орналасқан42 гранитті интрузия, жабыны маңында өте күшті үгілген, сөйтіп үгінді элювимен сипатталған. Аймақтык үйлесімсіздіктер үлкен аймақтарды алып жатады. Олар сол жерде болған тік бағытты көтерулер нəтижесінде қалыптасады. Жергілікті үйлесімсіздіктер көбінесе, жеке құрылымдар қозғалысы мен дамуын көрсетеді. Антиклинды қатпарлардың топсасы мен қанаттарындағы, Каспий маңы ойысындағы тұзды күмбездердің төбесіндегі үйлесімсіздіктер мысал бола алады. Үйлесімсіздіктер пайда болу жағдайларына байланысты: 1) нақты - жердің тік бағыттағы қозғалыстарына байланысты шөгінді түзудегі пайда болған үзілістер; 2) жалған - қиғашты кабаттар арасында жергілікті шайылуға байланысты, калыптаскан үзілістер; 3) формация ішкілік – түптік шайылумен байланысты шөгінді түзумен бірге өтетін үзілістер болып бөлінеді.

19.Үйлесімсіздіктер беттері құрылысы

Үйлесімсіздік беттері əртүрлі пішінді болып келеді. Олар тегістелген бет немесе көне көмілген жер бедерінің ой-қырларының биіктік деңгейлері, аз қашықтықта жиі өзгеріп отыратын жазықтық беті түрінде байқалады. Мұндай ойлы-қырлы жер бетінде шөгінделген қабаттар өзіндік ерешеліктерімен сипатталады. Олардың ішінде жиі тарағандарына каптай жамылу жəне жанаса орналасулар жатады.

20.Құрылымдық этаждар, оларды бөлудің принциптері

Құрылымдық этаж деп - белгілі бір тектоникалық дәуірде пайда болған әржасты, әр құрамды және басқа құрылымдық әтаждан аймақтық бұрыштық үйлесімсіздік бетімен бөлінетін, таужыныстар кешендерін айтады. Қатпарлықтың белсенді даму уақытын – қатпарлық заманы деп атайды.Тектогенездің атауы, қатпарлық заман атауымен жиі сәйкес болады; AR – беломор қатпарлығы, PR1 – карель қатпарлығы, рифейде – байкал қатпарлығы(байкал құрылымдық этаж). Є,O,S кезендер тектоникалық қозғалыстар – каледондық құрылымдық этаж; D.C.P – герциндік құрылымдық этаж; T. J.K – киммерийлік құрылымдық этаж; ,N,Q - әлпілік құрылымдық этаж.

21.Жазықты қабаттар, жазықты жатысты қабаттардың негізгі белгілері

Жер қыртысының беткі қабаттарындағы жиі кездесетін шөгінді жəне вулканогенді-шөгінді қабаттардың көптеп кездесетін жатыс түрлеріне көлденеңді жəне көлбеу жатысты қабаттар жатады. Көлденеңді жатысты қабаттар мен жер бедерінің арақатынастылығын геологиялық карталарда да жақсы байқалады. Мысалы №1 оқу геологиялық картасында (19-сурет) ең жас төменгі бордың апт жікқабаты жыныстары (ашық жасыл) биік жерлерде орналасса, ең көнелері – төменгі таскөмірдің михайлов горизонты қарасұр Мышега өзенінің арнасында ашылып жатыр. Геологиялық картада кейбір жікқабат жыныстары бедер горизонталдарын қиып өткеніне қарамай қабаттардың басым көпшілігі көлденеңді жатысты қабаттардың типтік мысалына жатқызуға болады Таужыныстарының көлденеңді (горизонтальды) жатысы деп қабаттасу беттерінің горизонтальды жазықтықпен сəйкес орналасуын айтамыз. Жер қыртысында мүлтіксіз көлденеңді орналасқан қабаттар кішігірім болса да көлбеулікпен орналасып шөгінделеді. Еңістену бұрышы минуттармен, тіпті бірнеше градустармен өлшенеді. Сондықтан жалпы жазықты жатыстар дегеннің өзі шарты түрде ғана болып келеді. Сонымен қабаттардың жазықты жатыстарының түрін қабат беттерінің жер бетіне көлденеңді немесе соған жақын орналасуы деп қарау керек. Таужыныстарының бұл жатыс түрі эффузивті-шөгінді, шөгінді жыныстардың алғашқы бұзылмаған түрі болып саналады. Қабаттардың көлденеңді жатысы кезінде аттас қабат шекараларының абсолюттік биіктіктері өзара жақын болып келеді. Оны жер бедері горизонттарымен көрсетілген топографиялық картада қабаттармен стратиграфиялық кешендердің горизонтальдарға сəйкес немесе оларға параллелді орналасуынан байқаймыз. Қабаттардың көлденеңді жатысы кезінде қабаттасу беттері көлденеңді жер бедерінің бүгілістері мен иілістерін қайталайды, яғни құрамы мен тегі бірдей биіктік деңгейлерінде орналасады. Көлденеңді жатысты қабаттарда əрбір төменгі қабат жоғарғыға қарағанда, көне болып келеді, соңғылар жер бетіне шығып жатпайды. Жер бедерінің көлденеңді бөліктерінде жас, ал ойысты жерлерінде көне жыныстар орналасады, көлденеңді жатысты қабаттар кең аймақтарды алып жатады. Далалық зерттеулер кезінде, еңістенуін тау компасы арқылы ашылымдарда өлшеу мүмкін емес, яғни құлау бұрышы 1-20 аспайтын қабаттарды көлденеңдіге жатқызуға болады. Мұндай еңістенулер үлкен аумақтарды зерттеу кезінде жабыны немесе табаны биіктіктері айырмашылығын өлшеуге болатын таңбалы қабаттар арқылы анықталады. Көлденеңді жатыстар көбінесе, жас, оның ішінде төрттік қабат шөгінділеріне, сонымен қатар көне жыныстардың платформалық жағдайда пайда болғандарына тəн. Шөгінділердің трансгрессивті мен регрессивті орналасқан сериялары, егер кейінен деформацияға ұшырамаса практика жүзінде көлденеңді жатысты болады.