
- •1..“Құрылымдық геология” пәні және оның теориялық маңызы
- •3.Геологиялық картаның мазмұнына байланысты түрлері
- •4.Шартты белгілер олардың түрлері мен картада орналасу реттілігі
- •5.Стратиграфиялық бағана, оны түсірудің ерекшеліктері
- •6.Геологиялық қима және оларды түсіру ерекшеліктері
- •7.Қабат және оның элементтері
- •8.Қабаттылықтың түрлері
- •9.Қабатталу жазықтықтары түрлері мен ажыратудың маңызы
- •10.Трансгрессивті жатыс типтері
- •11.Регрессивті жатыс типтері
- •12.Миграциялық жатыс типтері
- •14.Үйлесімсіздіктердің негізгі белгілері
- •17.Тектоникалық үйлесімсіздіктер
- •18.Географиялық үйлесімсіздіктер
- •19.Үйлесімсіздіктер беттері құрылысы
- •20.Құрылымдық этаждар, оларды бөлудің принциптері
- •21.Жазықты қабаттар, жазықты жатысты қабаттардың негізгі белгілері
- •22.Еңіс қабаттардың жатыс элементтері мен оларды анықтау әдістері
- •23.Қабаттардың қалыңдықтарының түрлері, олардың жер бедеріне байланыстылығы
- •24.Қатпарлар мен олардың негізгі түрлері мен элементтері
- •25.Қатпарлардың морфологиялық жіктемесі
- •26.Флексуралар мен олардың элементтері
- •27.Қатпарлардың генетикалық түрлері
- •28.Конседиментациялық қатпарлардың қалыптасу ерекшеліктері
- •29.Интрузивті денелердің үйлесімді жатыс түрлеріне сипаттама
- •30.Интрузивті денелердің үйлесімсіз жатыс түрлеріне сипаттама
- •31.Интрузиялардың жасын анықтау әдістері
- •32.Интрузия жапсарлары: белсенді және белсенсіз жапсарлардың белгілері
- •33.Интрузиялардың қышқылды және орта қышқылды құрамды түрлерінің геологиялық картадағы шартты белгілері
- •34.Протрузия анықтамасы, пайда болуы
- •38.Эффузивтік денелердің сыртқы пішіндері
- •39.Эксплозивтік денелердің түрлері
- •40.Экструзивтік денелерге сипаттама
- •41.Эффузивтік таужыныстарының жасын анықтау әдістері
- •42.Эффузивтерді геологиялық картада бейнелеудің ерекше-ліктері
- •43. Таужыныстарындағы жарықтардың жалпы сипаттамасы, олардың геологиялық пен генетикалық жіктемесі
- •44.Кливаж түрлері, оны зерттеудің маңызы
- •46.Лықсымалар (элементтері, жіктемесі)
- •47.Ығыспалар ( элементтері, жіктемесі)
- •48.Топтасқан лықсымалар мен ығыспаларға сипаттама
- •49.Ысырмалар ( элементтері, жіктемесі, ерекшелігі, тегі, жасын анықтау)
- •50.Ажыраулар ( құрылысы, тегі)
- •52.Тектоникалық жамылғылар-шарьяж (морфологиялық элементтері)
- •57.Метаморфтық жыныстардың бітімдік түрлері
- •58.Метаморфтық таужыныстардың жатыс пішіндері
- •60.Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері
- •61. Геосинклиндерге сипаттама
- •62.Геосинклиндердің негізгі белгілері
- •64. Антиклинорий мен синклинорий
- •65.Платформа оның құрылымдары
- •66.Платформалардың негізгі белгілері
- •67.Көне және жас платформалар
- •78.Орталық мұхиттық жоталар және олардың құрылысы
- •79.Трансформдық жатылымдар
- •80.Мұхиттық рифтер
- •81.Диапирлі қатпарлар
10.Трансгрессивті жатыс типтері
Жеке қабаттар арасындағы байланыс жəне олардың өзiнен бұрын қалыптасқан, ортасымен қарым-қатынастылығына қарай шөгiндi жыныстар жатысы (М. В. Муратов бойынша): трансгрессивтi, регрессивтi,миграциялық сияқты үш түрге бөлiнедi. Осылардың iшiндегi ең кең тарағаны трансгрессивтiсi (10а-сурет). Ол жер бөлiгiнiң ұзақ уақыт ойыстанып төмендеуiнен соң салыстырмалы тез көтерiлуi нəтижесiнде пайда болады. Мұнда көне шөгiндiлердiң үлесi өздерiнен соң қалыптасып бүкiл ауданды қамтыған жас шөгiндiлерге қарағанда, аз көлемдi болып келедi. Сөйтiп ойыстар мен иiндi ойыстардың орталық бөлiктерiнде жас шөгiндiлердiң көнелер үстiне бiрте-бiрте шөгiнделуiн байқаймыз. Ойыстардың шеткi жақтарына қарай оның табанына қабаттардың төменгi бөлiктерi емес жоғарғысы орналасады, ал, бұл жағдай көне негiздер үстiне жас жыныстардың бiрден орналасуына əкеп соғады
11.Регрессивті жатыс типтері
Регрессивтi жатыс типi. Бұрын пайда болған қабаттарға қарағанда кейiнгiлердiң таралу ауданының бiрте-бiрте азаюы (10б сурет). Мұндай жағдай ойыстардың салыстырмалы тез арада төмендеуi немесе отыруы мен олардың ұзақ уақыт бойы шеткi бөлiктерiнiң немесе өне
бойының көтерiлуi жағдайында туады. Нүктелі жазықтық үйлесімсіздік беті (М. В. Мұратов бойынша) Көтерiлу су қоймасының бiртiндеп қысқаруына, сөйтiп оның регрессивтi серия қабаттарымен толтыруына əкеледi. Регрессивтi типте қабаттың төменгi трансгрессивтi бөлiгi нашар көрiнiстi болады немесе тiптi байқалмайды, ал регрессивтiсi өте жақсы дамиды. Трансгрессивтi мен регрессивтi жатыс типтерiн толық талдау үшiн фациялар таралуы мен қарым-қатынасын зерттеу қажет. Кейде трангрессивтi мен регрессивтi сериялар бiр қимада қосарланып келедi. Мысал ретiнде (11- суретте көрсетiлген) Орталық Қазақстандағы девон, таскөмiр мен пермь шөгiндiлерií қимасын келтiруге болады. Аталған аймақта ортаңғы мен жоғарғы девонда жəне турне заманында трангрессивтi серия қалыптасқан екен. Визе ғасырына келетiн жалпы регрессиямен байланыс ы қиманың жоғарғы бөлiгiнде трангрессивтi серия
регрессивтiмен алмасады.
12.Миграциялық жатыс типтері
Миграциялық жатыстар типi шөгiндi қабаттардың бiр бағытта жиылу облысына қарай бiртiндеп ауысуымен ерекшеленедi. Қабаттар ойыстың бiр жағынан шегiнiп екiншi жақтың табанына трансгрессивтi түрде орналасады. Кешеннiң өне бойы асимметриялық құрылысқа ие болып, шөгiндiлердiң құрамы мен қалыңдығының өзгергiштiгiмен жəне бiр бағытты еңiстенуiмен сипатталады. Бұл тип алғашқы екеуiне қарағанда, сирек кездесiп, ойыстардың шеткi бөлiктерiнде жер қыртысының тұрақсыз тiк бағытты қозғалыстарының нəтижесiнде қалыптасады. Ойыстың бiр шетi төмендеп трансгрессивтi қабат пайда болса, екiншi шетi көтерiлiп қабаттардың регрессивтi жатысы байқалады. 13.Үйлесімсіздіктер түрлері мен себепкерлері
Қабатты таужыныстардың жатыс арақатынастарының екі жағдайы болады. Біріншісі - стратиграфиялық горизонт түзуші үстіңгі кабат немесе кабаттар кешені, шөгінделу кезінде ешбір үзіліссіз, өзінен төмен орналасқан кабаттар үстінде орналасады. Ол қабаттардын шөгінделуінің үзіліссіз болғандығын, яғни бір-біріне үйлесімді жатқанын көрсетеді (14-сурет). Аталган қабаттар арасындағы заңды реттілік бұзылса, үйлесімсіздік пайда болады. Пайда болу себептеріне жататыңдар: а) шөгінді түзілуге ыңғайлы жағдайдың бұзылуы; б) бұрынғы пайда болган кейінгі денудациялык процестер əсерінен шайылуы; в) тектоникалық қозғалыстар күшімен кейбір қабаттардың басқа жаққа ауысуы жатады. Алғашқы жағдайларда үйлесімсіздіктің стратиграфиялық, ал соңғысында тектоникалық атты түрлері пайда болады.