Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.43 Кб
Скачать

8.Қабаттылықтың түрлері

Қабаттардың бiр-бiрiмен жымдаса астасуы қабаттылық түзедi. Қабаттылықты зерттеу кезiнде қабаттардың сыртқы пiшiнi мен қалыңдығына ерекше көңiл бөлген жөн. Себебi олар шөгiндi түзу ортасының жылжу бағытын көрсетедi. Қабаттылық төрт негiзгi пiшiндерге бөлiнедi: параллельдi, толқынды, қиғашты жəне линза тəрiздес (6-сурет ). Параллельдi қабаттылық қабаттасу беттерiнiң құрылысы жазықтыққа ұқсас болып келедi. Ол шөгiндi жиналған ортаның аз қозғалғышты, тiптi тыныш жағдайда болғандығын кепiлдейдi. Мұндай жағдайлар көлдер мен теңiздердiң толқын əсерiнен төмен орналасқан, су қозғалысы аз байқалатын бөлiктерiнде кездеседi. Қабаттылықтың қалыптасуының негiзгi себебi,

шөгiндi материалының мөлшерi мен көлемi. Толқынды қабаттылықта қабат беттерi толқындалып иiлген болып

келедi. Ол су қозғалысы бағытының кезеңдiк ауысуы мен қайталануы жағдайында, яғни қайту мен толысу ағысы мен теңiз жағалауларындағы шымырлану кезiнде пайда болады, қиғашты толқынды қабаттылық эолды шөгiндiлер арасында, əсiресе бархандар қозғалысына перпендикуляр бағытта орналасады. Қиғашты қабаттылық - қабат беттерi арасындағы қабатшалар əр түрлi бұрыштармен орналасады. Қабаттылықтың бұл түрi шөгiндi түзу ортасының бiр бағытты қозғалысы нəтижесiнде пайда болады, мысалы өзен, тасқын, теңiз, ауа ағысы. Пайда болу жағдайларына байланысты қиғашты қабаттылықтың диагоналды, қиылысты, сына тəрiздi, көпқабатты қиғаш түрлерi бөлiнедi Линза тəрiздi қабаттылық - сыртқы пiшiндерiнiң əртүрлiлiгi мен жеке қабаттар қалыңдығының өзгергiштiгiмен сипатталады. Мұндайда қабат көбiнесе, сүйiрлене тарамдалады да жеке бөлiктер мен линзаларға бөлiнедi Линза тəрiздi қабаттылық су немесе ауа ағыстарының қозғалыстарының күрт өзгеруi нəтижесiнде немесе бұрын пайда болған қабаттар шайылуы, су қоймасы түбiнiң ой-қырлылығына байланысты пайда болады. Кiшiгiрiм линза тəрiздi қабаттылық толқынсыз тыныш су қоймаларында iрi түйiртпектi материалдардың кезеңдiк келiп түсуiнен

қалыптасады.

9.Қабатталу жазықтықтары түрлері мен ажыратудың маңызы

Қабатталу жазықтықтары беттерiнiң құрылысы ерекшелiктерін зерттеу шөгiндi жыныстардың пайда болуы мен жатыс жағдайларын анықтауға көмектеседi. Мұндай ерекшелiктерге қазынды бедер белгiлерiне, алғашқы жарықтар, кебу жарықтары, əртүрлi организмдердiң өмiр сүру əрекеттерi iздерi: жаңбыр тамшылары мен мұз кристалдарының таптары

жəне т.б. жатады. Бедер белгiлерi iшiнде, пайда болуына байланысты желдiң, ағыстың

жəне толқынның əсерiнен қалыптасқандар болып бөлiнедi. Бедер белгiлерiнiң сырт көрiнiсi бiр-бiрiне бойласа созылған жəне ирелеңдей сағаланған бiлiкшелер немесе тарамдала жəне құстандайлана астасқан ойысшалар мен денешелер жұйесiн еске салады. Желдiң əсерiнен пайда болған белгi планда салыстырмалы iрi мөл- шерiмен жəне бiлiкшелерiнiң доға тəрiздi орналасуымен, ал су ағысы бiлiктерiнiң мөлшерi кiшiлеу, жондары шығыңқы жəне олар көлденеңдi немесе ағыс бойы орналасуымен сипатталады. Толқынды белгiлердiң бiлiкшелерi тiптi кiшi мөлшерлi жəне асимметриялық орналасуларымен ерекшеленедi. Белгiлер қабаттың тек беткi бөлiгiнде ғана қалыптасуы арқылы, бүкiл қабат бойында дамитын толқынды қабаттылықпен жəне сан иректiкпен өзгешеленедi. Алғашқы жарықтар. Қабат бетiнде қазынды түрiнде сақталып əртүрлi тектi болып келедi. Олардың көбiсi кебу кезiнде пайда болған жарықтар, iшiнара су асты мен тондықтары кездеседi. Олар бөгде денелермен толып, қабаттасу беттерiнде бiлiкшелер мен бiлемделер түзедi. Колоидтық ескiруiмен лайлардың түптiк ұйып қалуы əсерiнен пайда болған су асты жарықтары, көбiнесе жұлдызды топты бiлемдер қалыптасады. Қабатталу беттерiнде өте жиi пермьдiк құрлық жəндiктерi, крабтар, құрттар жəне т.б. бастап алуан түрлi жан- жануарлар iздерiн кездестiремiз. Геологтар үшiн, əсiресе қабаттар iшiндегi құмтастар мен карбонаттар беттерiнде жиi кездесетiн тегi əртүрлi иероглифтер (немесе гиероглифтер) деп аталатын бедерлi таптардың маңызы зор. Бұлар негiзiнен əртүрлi тұнбалардың еңбектеу белгiлерi, əлi де толық қатпаған лайлы шөгiндiлерде дамыған қалқулар мен жырулар жосасының iздерi. Келесi құмтасты немесе карбонатты қабат қалыптасқанда жоғарыда пайда болған кедiр-бұдырлық,

оның төменгi бөлiгiне iз болып түседi. Сөйтiп иероглифтер соңғы пайда болған қабаттың табанына тап болып басылады.