Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.43 Кб
Скачать

5.Стратиграфиялық бағана, оны түсірудің ерекшеліктері

Геологиялық қима түсiрiлгеннен соң стратиграфиялық бағана жасалынады. Стратиграфиялық бағанада картадағы бөлiнген барлық тау жыныстары (төрттiк жəне интрузивтiктен өзгелерi) көрсетiледi. Олар бағана бойында жас ретiмен, геологиялық қимадан алынған қабат қалыңдықтарымен үйлестiрiле орналастырылады. Бағанада арнайы шартты белгiлер арқылы стратиграфиялық бөлiмдер арасындағы байланыс (үйлесiмдi, үйлесiмсiз, параллельдi, бұрыштық, құрылымдық) көрсетiледi. Бағанада тау жыныстары картадағыға сəйкес стратиграфиялық бөлiм- демелерге бөлшектенедi. Бағаналар масштабы аудандағы жыныстардың жалпы қалыңдығына байланысты əртүрлi болып келедi. Негiзiнде бағананың биiктiгi картаның меридиàналдық биiктiгiне сəйкес болғандығы жөн. Ал стратиграфиялық бөлiмдерiнiң қалыңдығы жайлы мəлiметтер қабаттар созылымын тiк қиып өтушi қимадан алынады. Сондықтан да, бағанадағы қабаттар қалыңдығы мiндеттi түрде олардың геологиялық қимадағысымен пара-пар болуы тиiс. Бұл қима бағананы өзара тексеру үшiн қажет. Геологиялық карта, шартты белгiлер, қима мен стратиграфиялық бағананың жалпы орналасу схемасы көрсетiлген

6.Геологиялық қима және оларды түсіру ерекшеліктері

Геологиялық қималар мен стратиграфиялық бағана Зерттелетiн ауданның терең қабаттарының геологиялық құрылысын, қабаттардың жасын, қалыңдығын, бiр-бiрлерiмен арақатынастарын бiлу үшiн геологиялық қималар түсiрiледi. Қима аудандағы таужыныстары түзетiн геологиялық құрылымдарды толық қиып өтуi тиiс. Сонымен қатар ол тектоникалық күрделi, магмалық дене таралған аймақ арқылы өткенi жөн болады, сол себепте оның бағыты түзу ғана емес сынған сынықты болуы да мүмкiн. қиманың шартты белгiлерi тiк жəне көлденеңдi, масштабтары картанiкiне сəйкес болуы тиiс. Қима сызығының шеттерi əрiптермен белгiленiп, оның батыс, солтүстiк-батыс, оңтүстiк-батыс жəне оңтүстiк бөлiгi сол жағында орналасады.

7.Қабат және оның элементтері

Қабат дегенiмiз - бiртектi, бiр-құрамды шөгiндi немесе басқа таужыныстарынан түзiлген, қалыңдығы ұзындығынан анағұрлым кiшi, па- раллельдi жазықтықтармен шектелген геологиялық дене. Қабат бiртек- тiлiгiмен, ортақ түсiмен, бітімдік белгiсiмен, құрамы бiрдей қазындылар қалдығымен жəне ортақ қоспалармен сипатталады. Қабат (слой) деген терминмен қатар практика жүзiнде тақташа (пласт), қат-қабат (толща) деген терминдер жиi қолданылады. Алғашқысының алдында көбiнесе, пайдалы қазындылардың түрi аталды. Мысалы көмiр, темiр жəне т.б. тақташасы (пласты). Ал қат-қабат (толща) болса, жасы мен тегi бiрiңғай, бiрақта құрамы əртүрлi (шөгiндi, эффузивтi, метаморфты) жыныстар жиынтығы. Əрбiр қабатта, оның жабыны, табаны жəне қалыңдығы атты эле- менттерi бөлiнедi, алғашқы екеуiн қабат жазықтығы беттерi деп те атайды. Жабыны - оның жоғарғы, ең жас стратиграфиялық бөлiгi. Табаны – оның төменгi, стратиграфиялық көне бөлiгi; қабаттың бұл екi элементтерi геометриялық емес, стратиграфиялық белгiсi арқылы ғана анықталады. Қабат қалыңдығы - жабыны мен табаны арасындағы қашықтық. Ол нақтылы - қабат беттерi арасындағы ең қысқа қашықтық жəне көрiнетiн -

ашылымдары жер бетiне шығып жатқан қалыңдығы болып бөлiнедi.