Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.43 Кб
Скачать

79.Трансформдық жатылымдар

ТЖ- мұхит алабындағы орталық мұхит жоталарының (ОМЖ) созылу бағытына перпендикуляр бағытта мұхит алабын түгелге жуық «тілгілеп өтетін» жыртылыс құрылымдары. ТЖ ОМЖ аймағын көлденең бағытта тілгілей отырып, осы аймақты бірнеше сегменттерге даралайды. Аталған сегменттердің қалыптасуы трансформдық жарықтар бойымен көлбеу (горизонталь) бағытталған тектоникалық қозғалыстардың үнемі жүріп жатуының нәтижесі. Сөз болып отырған жарылымдармен тілгіленген ОМЖ планда іркіс-тіркіс жалғасқан созылым түрінде көрініс береді, бұл көрініс байырғы «баспалдақтарды» еске салады. Аталған іркіс-тіркістілік трансформдық жарылымдар бойымен литосфералық тақта сегменттерінің жылжу процесі бірқалыпты өтпейтіндігінен, яғни сегменттердің кезек-кезек жылжуынан туындайды. Жекелеген трансформдық жарылым бойымен сегменттердің бір-бірінен ажырау амплитудасы жүздеген км-ге жетеді. Трансформдық жарықтар бойында кейде жанартау әрекеттерінің белгілері ұшырасады, гидротермалар мен серпентинит протрузияларының сығымдала көтерілу процестері де нақ осы жарылымдар бойына тән құбылыс.

ТЖ геоморфологиялық тұрғыдан алғанда, биіктігі (тереңдігі) кейде 1 км-ге дейін жететін кертпештерді еске салады. Кейде бұл жарылымдарды бойлай созылған өте енсіз шатқалдар ұшырасады, бұл шатқалдардың тереңдігі ОМЖ-ның айдарлы белдемі ауқымында 1,5 км-ге, ал жота баурайларының белдемінде 0,5 км-ге жетеді. Жоғарыда аталған кертпештер мұхиттық қыртыс қимасының базальттардан тұратын беткі бөлігін тым-тәуір «жалаңаштайды», мұның өзі осы базальттарды драгалауға және олармен суасты аппараттары көмегімен көзбе-көз беттесуге мүмкіндік береді. ОМЖ ауқымындағы трансформдық жарылымдар «тірі құрылымдар» болып табылады, яғни бұл жарылымдар бойымен литосфералық тақта сегменттерінің көлбеу (горизонталь) бағытта жылжу процесі күні бүгінге дейін жалғасуда.

Көп жағдайда трансформдық жарылымдар абиссальдық жазықтра аймағында да жалғасады, алайда, бұл аймақтағы жарылымдар көбінесе «өлі құрылымдар» санатына жатады. Екінші сқзбен айтқанда, абиссальдық жазықтарды жарып өтетін трансформдық жарылымдар көне геологиялық кезеңдер мен дәуірлерде көрініс берген қозғалыс (жылжу) орындары болып табылады, қазіргі таңда олар негізінен «дәнекерленіп қалған».

80.Мұхиттық рифтер

ОМЖ-ның өстік белдемі, немесе м ұ х и т т ы қ р и ф т аймағы ОМЖ-ның созылу бағытын қуалай орналасқан, ол жылу ағымының өте жоғары көрсеткіштерімен, магматизмнің кеңінен етек алуымен және саязфокусты жерсілкіністермен (гипоцентр тереңдігі 30 км -ден аспайды) ерекшеленеді: Бұл аймақта базальт лавалары ұдайы мұхит түбіне төгіліп жатады, бұл лавалар астеносфера заттарының қысымның күрт азайып кетуі жағдайында балқуы салдарынан туындайтын балқымалар қимасының беткі бөлігін құрайды. Екінші сөзбен айтқанда, нақ осы м ұ х и т т ы қ р и ф т аймағында астеносфера заттары есебінен жаңа мұхиттық литосфера қалыптасады, бұл литосфераның төменгі ¾ бөлігі ультрабазиттерден, беткі ¼ бөлігі габбро- базальттардан тұруы тиістілігін Рингвуд деген ғалымның арнаулы зерттеулері болжамдаған. Рифт аймағында геологиялық әдебиетте «қара шылымшылар» және «ақшыл шылымшылар» деген атауды иеленген (черные и белые курильщики) өте ұсақ тозаңды сульфаттардың бұлттары дәйім аспандап жатады. Мұндай бұлттар ыстық лаваның мұхит суымен әрекеттесуі нәтижесінде туындайтын гидротермалармен байланысты туындайды. Аталған гидротермалар алуан түрлі металдардың сульфидтерін, сульфаттарын және оксидтерін түзеді, бұлардың шоғырларын өнеркәсіптік тұрғыдан игеру мүмкіндігі туған жағдайда, олар пайдалы түрбөлшектерге (компоненттерге) өте бай кенорын рөлін атқарған болар еді. Өстік белдем ауқымында шөгінділер болып жарымайды, яғни бұл өңірдің базальттары шөгінділермен көмкеріліп үлгермеген. М ұ х и т т ы қ р и ф т литосфералық тақталардың дивергенттік шекарасы рөлін атқарады, яғни рифт аймағы жаңа мұхиттық литосфераның жаңадан қалыптасу аймағы ғана емес, осылайша қалыптасқан литосфералардың бір-бірінен ажырау шекарасы болып табылады. Бұл аймаққа созылу кернеулері тән, сондықтан бұл шекара жыртылу деформацияларымен ерекшеленеді. ОМЖ-ның айдарлы белдемі м ұ х и т т ы қ р и ф т аймағының екі жақ қапталын жиектейді. Бұл белдем тік бағытталған т е р е ң ж а р ы л ы м д а р м е н тілгіленуі нәтижесінде бір-бірінен оқшауланған көтерілімдер мен ойыстардың көлдненң бағытта бір-бірін алмастыру көрінісімен ерекшеленеді. Айдарлы белдем ауқымында мұхит шөгінділерінің жұқа-жұқа қабатшалары ұшыраса бастайды, олардың геологиялық көнелігі 10 млн жылдан аспайтындығы анықталған, яғни олардың көнелігі неоген кезеңінің миоцен дәуірінен жастау.