
- •1..“Құрылымдық геология” пәні және оның теориялық маңызы
- •3.Геологиялық картаның мазмұнына байланысты түрлері
- •4.Шартты белгілер олардың түрлері мен картада орналасу реттілігі
- •5.Стратиграфиялық бағана, оны түсірудің ерекшеліктері
- •6.Геологиялық қима және оларды түсіру ерекшеліктері
- •7.Қабат және оның элементтері
- •8.Қабаттылықтың түрлері
- •9.Қабатталу жазықтықтары түрлері мен ажыратудың маңызы
- •10.Трансгрессивті жатыс типтері
- •11.Регрессивті жатыс типтері
- •12.Миграциялық жатыс типтері
- •14.Үйлесімсіздіктердің негізгі белгілері
- •17.Тектоникалық үйлесімсіздіктер
- •18.Географиялық үйлесімсіздіктер
- •19.Үйлесімсіздіктер беттері құрылысы
- •20.Құрылымдық этаждар, оларды бөлудің принциптері
- •21.Жазықты қабаттар, жазықты жатысты қабаттардың негізгі белгілері
- •22.Еңіс қабаттардың жатыс элементтері мен оларды анықтау әдістері
- •23.Қабаттардың қалыңдықтарының түрлері, олардың жер бедеріне байланыстылығы
- •24.Қатпарлар мен олардың негізгі түрлері мен элементтері
- •25.Қатпарлардың морфологиялық жіктемесі
- •26.Флексуралар мен олардың элементтері
- •27.Қатпарлардың генетикалық түрлері
- •28.Конседиментациялық қатпарлардың қалыптасу ерекшеліктері
- •29.Интрузивті денелердің үйлесімді жатыс түрлеріне сипаттама
- •30.Интрузивті денелердің үйлесімсіз жатыс түрлеріне сипаттама
- •31.Интрузиялардың жасын анықтау әдістері
- •32.Интрузия жапсарлары: белсенді және белсенсіз жапсарлардың белгілері
- •33.Интрузиялардың қышқылды және орта қышқылды құрамды түрлерінің геологиялық картадағы шартты белгілері
- •34.Протрузия анықтамасы, пайда болуы
- •38.Эффузивтік денелердің сыртқы пішіндері
- •39.Эксплозивтік денелердің түрлері
- •40.Экструзивтік денелерге сипаттама
- •41.Эффузивтік таужыныстарының жасын анықтау әдістері
- •42.Эффузивтерді геологиялық картада бейнелеудің ерекше-ліктері
- •43. Таужыныстарындағы жарықтардың жалпы сипаттамасы, олардың геологиялық пен генетикалық жіктемесі
- •44.Кливаж түрлері, оны зерттеудің маңызы
- •46.Лықсымалар (элементтері, жіктемесі)
- •47.Ығыспалар ( элементтері, жіктемесі)
- •48.Топтасқан лықсымалар мен ығыспаларға сипаттама
- •49.Ысырмалар ( элементтері, жіктемесі, ерекшелігі, тегі, жасын анықтау)
- •50.Ажыраулар ( құрылысы, тегі)
- •52.Тектоникалық жамылғылар-шарьяж (морфологиялық элементтері)
- •57.Метаморфтық жыныстардың бітімдік түрлері
- •58.Метаморфтық таужыныстардың жатыс пішіндері
- •60.Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері
- •61. Геосинклиндерге сипаттама
- •62.Геосинклиндердің негізгі белгілері
- •64. Антиклинорий мен синклинорий
- •65.Платформа оның құрылымдары
- •66.Платформалардың негізгі белгілері
- •67.Көне және жас платформалар
- •78.Орталық мұхиттық жоталар және олардың құрылысы
- •79.Трансформдық жатылымдар
- •80.Мұхиттық рифтер
- •81.Диапирлі қатпарлар
67.Көне және жас платформалар
Көне Платформалардың (Шығыс Еуропа, Сібір, Солтүстік Америка, Оңтүстік Қытай, Үндістан, Австралия, Африка-Арабия, т.б.) іргетасы кембрийге дейінгі тау жыныстар . Көне платформалардың шөгінді тыспен көмкерілмеген аймақтары, яғни олардың қарқынды қатпарланған, жаппай метаморфтанған, гранит массивтерімен «тілгіленген» к р и с т а л д ы қ і р г е т а с ы жер бетінде ашылатын бөліктері « қалқан » деп аталатындығы белгілі. Мұндай қалқандардың бетбедері адырлы немесе ұсақшоқылы жербедер типімен ерекшеленеді, ал олардың шөгінді тыспен көмкерілген бөліктері байырғы « тақталар » құрай отырып, біршама тегіс жазықтықтар түрінде көрініс береді.Шын мәніндегі платформалар яғни кристалдық іргетасы докембрий жаралымдарынан құралған кешендер континенттердің орталық бөліктерінен көрініс бере отырып, сол континенттер ауданының шамамен 40 %-ын құрайды. Жас платформа - қатпарлы, палеозойлық немесе мезозойлық платформа. Екінші сөзбен айтқанда, жас платформа дегеніміз каледондық, герциндік және мезозойлық[1]қатпарлы алқаптар орнында қалыптасқан платформа. Ақырғы қатпарлық көнелігі тұрғысынан эпипалеозойлық (эпикаледондық, эпигерциндік) және эпимезозойлық,платформалар дараланады. Мысалы, Батыс Сібірдің, Солтүстік Қазақстанның, Кавказдың жазық аумақтары жатады
73.Антеклиза, синеклиза
Көне платформалар өздерінің қазіргі таңдағы көрініс беру ерекшеліктеріне қарай қалқандарға және тақталарға жіктелетіндігі жоғарыда айтылды. Қалқандар көне платформаның ұдайы жоғары көтерілуі салдарынан қалыптасады, осы көтерілу процесіне байланысты платформаның архей-протерозой жаралымдарынан тұратын кристалдық іргетасы жер бетінде ашылып, денудацияға ұшырайды. Қалқандар әдетте теңөлшемді (изометрлі) пішінді иемденеді, олардың көлденеңі (диаметрі) 1000 км -ге жетуі, тіпті одан да артық болуы мүмкін. Көне платформаның біршама қалың ш ө г і н д і т ы с п е н көмкеріліп жатқан аймақтары тақталар құрайды. Бұлар да өте ауқымды құрылымдар, олардың ұзыны мен ені мыңдаған км -мен өлшенуі мүмкін. Тақталар, өз кезегінде, антеклизалар мен синеклизаларға жіктеледі.
Антеклизалар - ( гректің « анти » – « қарсы », « клино » – « көмпейтемін » деген сөздерінен ) көне платформа тақтасының мейілінше, ірі (ауданы 60-100 мың к м 2 ) бөлігі. Антеклиза ауқымындағы к р и с т а л д ы қ і р г е т а с қабаты қалыңдығы 1-2 км -ден аспайтын шөгінді тыс қабатымен көмкеріліп жатады. Шөгінді тыстың осыншалықты жұқа болуы антеклиза іргетасының ұдайы жоғары көтерілуі, сөйтіп оның бетінің байырғы көмпимені еске салуының нәтижесі. Екінші сөзбен айтқанда, антеклизаның төмені құрылымдық қабатының ( кристалдық іргетастың ) жаймен ғана жоғары көтеріліп «көмпие ісінуі», оны көмкерген ш ө г і н д і т ы с т ы ң беткі бөлігінің денудацияға ұшырауы нәтижесінде жұқара түсуімен орайлас өтеді. Антеклизаның кристалдық іргетасы бетін көмкеріп жататын шөгінді тыс негізінен саязсулы теңіздерде немесе континент жағдайында қалыптасқан шөгінділерден құралады. Антеклизалардың кристалдық іргетасы алуан түрлі терең жарылымдармен тілгіленген түрде болады, осы жарылымдар арқылы оқшауланған бөліктердің сол жарылым бойымен тік бағытта (жоғары қарай) қозғалу дәрежесі әртүрлі болғандықтан аталған іргетас беті кедірлі-бұдырлы сипатты иелене отырып, әртүрлі көмпимелер мен күмбездер (поднятия и своды) жиынтығын құрайды.
Синеклизалар – аздап сопақшаланған немесе теңөлшемді (дөңгелек) пішінмен сипатталатын, көлденеңі жүздеген км -мен өлшенетін (ауданы 60- 100 мың км 2 ) теріс мағыналы (түсіңкі) платформалық құрылым. Бұлар көне платформаның нақтылы аймағының жаймен ғана төмен қарай ойысуы нәтижесінде қалыптасады. Синеклиза ауқымындағы к р и с т а л д ы қ і р г е т а с құрылымдық қабатының беті біршама қалың (3-5 км -ден кем емес, кейде 20- 23 км -ге дейін) ш ө г і н д і т ы с құрылымдық қабатымен көмкеріліп жатады. Ш ө г і н д і т ы с т ы құрайтын таужыныстар қимасы көбінесе тек қана шөгінділерден құралады, кейде бұл қат-қабат қимасында вулканогендік (жанартаутекті) таужыныс қабаттары да ұшырасуы мүмкін (әдетте базальт лаваларынан тұратын «трапп формациясы»). Ағылшын тіліндегі геологиялық әдебиетте синеклизаларды көбінесе, жай ғана «алаптар» («бассейны») деп атайтындығын ескерген жөн.