
- •1..“Құрылымдық геология” пәні және оның теориялық маңызы
- •3.Геологиялық картаның мазмұнына байланысты түрлері
- •4.Шартты белгілер олардың түрлері мен картада орналасу реттілігі
- •5.Стратиграфиялық бағана, оны түсірудің ерекшеліктері
- •6.Геологиялық қима және оларды түсіру ерекшеліктері
- •7.Қабат және оның элементтері
- •8.Қабаттылықтың түрлері
- •9.Қабатталу жазықтықтары түрлері мен ажыратудың маңызы
- •10.Трансгрессивті жатыс типтері
- •11.Регрессивті жатыс типтері
- •12.Миграциялық жатыс типтері
- •14.Үйлесімсіздіктердің негізгі белгілері
- •17.Тектоникалық үйлесімсіздіктер
- •18.Географиялық үйлесімсіздіктер
- •19.Үйлесімсіздіктер беттері құрылысы
- •20.Құрылымдық этаждар, оларды бөлудің принциптері
- •21.Жазықты қабаттар, жазықты жатысты қабаттардың негізгі белгілері
- •22.Еңіс қабаттардың жатыс элементтері мен оларды анықтау әдістері
- •23.Қабаттардың қалыңдықтарының түрлері, олардың жер бедеріне байланыстылығы
- •24.Қатпарлар мен олардың негізгі түрлері мен элементтері
- •25.Қатпарлардың морфологиялық жіктемесі
- •26.Флексуралар мен олардың элементтері
- •27.Қатпарлардың генетикалық түрлері
- •28.Конседиментациялық қатпарлардың қалыптасу ерекшеліктері
- •29.Интрузивті денелердің үйлесімді жатыс түрлеріне сипаттама
- •30.Интрузивті денелердің үйлесімсіз жатыс түрлеріне сипаттама
- •31.Интрузиялардың жасын анықтау әдістері
- •32.Интрузия жапсарлары: белсенді және белсенсіз жапсарлардың белгілері
- •33.Интрузиялардың қышқылды және орта қышқылды құрамды түрлерінің геологиялық картадағы шартты белгілері
- •34.Протрузия анықтамасы, пайда болуы
- •38.Эффузивтік денелердің сыртқы пішіндері
- •39.Эксплозивтік денелердің түрлері
- •40.Экструзивтік денелерге сипаттама
- •41.Эффузивтік таужыныстарының жасын анықтау әдістері
- •42.Эффузивтерді геологиялық картада бейнелеудің ерекше-ліктері
- •43. Таужыныстарындағы жарықтардың жалпы сипаттамасы, олардың геологиялық пен генетикалық жіктемесі
- •44.Кливаж түрлері, оны зерттеудің маңызы
- •46.Лықсымалар (элементтері, жіктемесі)
- •47.Ығыспалар ( элементтері, жіктемесі)
- •48.Топтасқан лықсымалар мен ығыспаларға сипаттама
- •49.Ысырмалар ( элементтері, жіктемесі, ерекшелігі, тегі, жасын анықтау)
- •50.Ажыраулар ( құрылысы, тегі)
- •52.Тектоникалық жамылғылар-шарьяж (морфологиялық элементтері)
- •57.Метаморфтық жыныстардың бітімдік түрлері
- •58.Метаморфтық таужыныстардың жатыс пішіндері
- •60.Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері
- •61. Геосинклиндерге сипаттама
- •62.Геосинклиндердің негізгі белгілері
- •64. Антиклинорий мен синклинорий
- •65.Платформа оның құрылымдары
- •66.Платформалардың негізгі белгілері
- •67.Көне және жас платформалар
- •78.Орталық мұхиттық жоталар және олардың құрылысы
- •79.Трансформдық жатылымдар
- •80.Мұхиттық рифтер
- •81.Диапирлі қатпарлар
64. Антиклинорий мен синклинорий
Əлемдік мұхитты геологиялық-геофизикалық пен морфологиялық зерттеулер нəтижесінде мұхит түбінде үзілмейтін таулы құрылыс жүйесі — мұхиттың орта жоталары болатындығы дəлелденді. Соңғылардың құрлықтың жүйесімен ұқсастығы мен біршама айырмашылықтары бар болса да орогендер деп аталынды. Сөйтіп, қазіргі кезде ороген терминінің анықтамасы біраз кеңейтілді. Сонымен ороген дегеніміз, тектоникалық, магмалық сейсмикалық белсенді биік таулы жəне қаурыт дараланған бедерімен созылған тау жүйесі. Орогендерде континенттік пен мұхиттық, ал алғашқылары ішінде эпигеосинклиндік, эпиплатформалық түрлерге бөлінеді. Орогендер де геосинклин тəрізді қозғалмалы құрылымдарға жатады. Орогендердің негізгі құрылымдарына антиклинорий мен синклинорий жатады. Антиклинорий — антиклин құрылысты өте күрделі иілімдер бірлестігіне құрастыратын, ауқымы біршама ірі құрылым. Ол жер бедері ядросында қанаттарына қарағанда, көне жыныстары орналасатын тау жотасы түрінде байқалады. Синклинорий — синклин құрылысты күрделі қатпарлы құрылым. Жер бедерінде ойыспен немесе тау жотасымен байқалады, бірақта ядросында қанаттарына қарағанда, жас тау жыныстары орналасады. Синклинорий тау аралық ойыстарда түзіледі.
65.Платформа оның құрылымдары
Платформа (фр. plate – жайпақ, forme — форма) — геологияда қозғалмалығы біршама аз, жазық немесе үстірт тәрізді бедерлі, екі жікқабатты құрылымдық қабаттан – іргетастан және шөгінді тыстан тұратын жер қыртысының кең ауқымды атырабы. Жер бетінде іргетастық көрініс беретін бөліктерді қалқандар дейді. Шөгінді тыспен көмкерілген тұстарын тақта деп атайды платформаның кристалдық іргетасының ішкі құрылысы; платформа іргетасы бетіне және оны көмкерген шөгінді тысқа тиесілі құрылымдық элементтер; платформа дамуының негізгі сатылары. Платформалардың басым бөлігі метаморфтық өзгерістерге ұшырамаған шөгінді таужыныс қат-қабаттарымен көмкеріліп жатыр, мұндай аймақтарды « тақта », ал аталған таужыныс қат-қабаттарын платформаның « шөгінді тысы » деп атайтындығы белгілі. Шөгінді тыс қалыңдығы жиі-жиі 35 км аралығында болып келеді, кейбір қарқынды ойысқан аймақтарда бұл көрсеткіш 10-12 км -ге дейін, тіпті 20-23 км -ге дейін артады. Мәселен, Қазақстан аумағындағы Шығыс Еуропа көне платформасының құрамдас бөлігі болып табылатын Каспий маңы синеклизасының (ойысының) орталық бөлігінде ш ө г і н д і т ы с қат-қабатының қалыңдығы 23 км шамасында. Платформалардың шөгінді тысының құрамында сирегірек жанартаутекті (вулканогендік) таужыныс қабаттары да ұшырасуы мүмкін. Көбінесе негізді құрамды бұл эффузиялар (базальттар) «трапп формациясы» деген атауға ие.
66.Платформалардың негізгі белгілері
Негізінен екі түрлі көне қ ұ р ы л ы м д ы қ э л е м е н т т е р көрініс беретіндігін анықтаған. Олар «гранулит-гнейсті белдеулер » және «жасылтасты белдеулер » деп аталады. Көне платформалардың кристалдық іргетасындағы гранулитті-гнейсті белдеулер негізінен архей жаралымдарынан құралған, алайда, олардың қимасының жоғарғы бөлігінде төменгі протерозой жаралымдары да ұшырасады. Бұл жаралымдар қарқынды метаморфтық өзгерістерге ұшыраған, олар көбінесе қышқыл құрамды таужыныстардан – гранулиттерден және гнейстерден тұрады. Бұл белдеулердің ішкі құрылымы алуан түрлі гранитгнейсті күмбездермен күрделілене түскен, кейде габброанортозиттердің ірі-ірі плутондары да ұшырасады. Ж а с ы л т а с т ы б е л д е у л е р г р а н у л и т т і- г н е й с т і белдеулерді тілгілей созылады және де олардың шекаралары әдетте терең жарылымдарға сәйкес келе отырып, өте анық сағаланады. Жасылтасты белдеулер өздерінің созылу бағытына көлденең бағытта қатпарлармен және бастырмалармен (надвиг) күрделілене түскен синклинорийлік құрылымды еске салады. Қазіргі таңда ж а с ы л т а с т ы б е л д е у л е р жер шарындағы барлық көне платформалар ауқымында анықталған, және де олардың бір ғана емес, бірнеше генерациясы болатындығы, олар бір-біріне жарыса созылатындығы белгілі болып отыр