Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.43 Кб
Скачать

52.Тектоникалық жамылғылар-шарьяж (морфологиялық элементтері)

Тектоникалық жамылғылар немесе шарьяж деп аса жайпақ көлденеңдік немесе толқынды жазықтар арқылы ауысқан ірі бастырмаларды айтамыз. Жамылғылар күрделі қатпарлы облыстарда жиі байқалады. Олар Альпіде, Аппенинде, Гималайда, Карпатта, Кавказда, Алтайда, Оралдың батыс беткейінде кеңінен дамыған. Жылжып ауысқан қабаттар таужыныстар массасын, орасан зор бүтіндей қатпарлы кешендерді қамтиды (57а-сурет) Жамылғыларда __________ауысқан аспалы қанаттар жыныстары аллохтон, ал орныңда жылжымай қалған төсеніш (астыңғы) қанатын автохон деп атайды. Аллохтың қабаты жұқалау болғандықтан кейде мүлдем мұжылып, шайылып кетеді де (мысалы, өзен аңғарында), автохтон бетке көрініп шығып жатады. Ондай жерлер тектоникалық саңылау деп аталады. Жамылғының табанына көбінесе, аллохтонның қозғалысына майлаушы материал болатын жоғары иілімді түзілімдер орналасады. Аллохтон жылжитын бет сүйреу деп аталынады. Жамылғылар (шарьяж) амплитудасынын ұзындығы көбінесе, 10- 20 км, ішінара одан да жоғары болып келеді. Осындай ұзын ажырап ауысулардың себебі мен механизмі əлі толық ашылмаған,бірақ олардың басым көпшілігінің қатпарлануымен байланыстылығы сөзсіз.

53.Жарылыстар бойымен қабаттар ауысу бағытын және жасын анықтау

54.Жарылысты бұзылыстардың белгілері

55.Метаморфтық жыныстардың сыртқы пішіндері

56.Метаморфтық жыныстардың жасын анықтау әдістері

Метаморфты докембрийлік комплекстердің жасын ажырату біраз қиыншылықтар туғызады. Оның негізгі себебі биостратиграфиялық əдісті қолдану мүмкіншілігі жоқтығы. Қазіргі кезде радиометриялық əдіс кеңінен қолданылуда, сонда да метаморфтық қабаттардың салыстырмылы жасы төмендегі белгілерде қолданылатындығын айту қажет: 1) метаморфтық қабаттар арасындағы ірі бұрыштық үйлесімсіздік; 2) қима бөліктерінің бір бөлігінде өзіндік текті жыныстардың болуы, ал басқа бөлігінде түсіп қалуы; 3) зерттелінген комплексте ерекше жəне тұрақты құрамды жыныстардың болуы (порфиройд, көк түсті жыныстар, т.б.); 4) жыныстар метоморфизмі сатысының əртүрлігі.

Бұл аталған белгілер алдымен докембрий жыныстарын архей мен протерозойға, онан соң комплекстерге, ал оларды серияға, свитаға, подсвитаға-горизонттарға бөлуге мүмкіндік береді. Керісінше бөлшектеде жиі қолданылады. Мұндайда тіректі метаморфталған эффузивтер). Салыстырмалы жасты анықтауда гранит интрузияларының кірігу уақыты метаморфты қабаттар түзілуі кезеңін білуге көп көмек жасайды.

57.Метаморфтық жыныстардың бітімдік түрлері

Метаморфты жыныстарға тəн бітімдік бірі қабаттылық. Ол мұнда да шөгінді жыныстағылардай, əртүстігімен немесе кейбір минералдардың басым мөлшерде таралуымен байқалады. Таужыныстар құрамының əртүрлілігі арқылы байқалатын қабаттылық, шөгінді жыныстағылардай паралельді, қиғашты, линза тəріздесті жəне т.б. болып келеді. Жеке жағдайларда ритмикалық құрылысты болып, əртүрлі құрамды тау жыныстар алмасуы байқады. Мысал ретінде К. О. Кратцтің Карелияның төменгі протезойлық қабыршақты жіктасты қабаттарында бөлген, төмендегідей ритмдер тізбегін келтірейік. Ритм табанында аркозды құмтастар – слюдалы кварциттер, биотит – кварцитты жіктастар, ал одан əрі айқын шекара арқылы слюдалы жіктастар орналасқан. Ритмді қабаттар қалыңдығы бірнеше см-ден 1,5-3 м-ге шейін. Ал бұл жыныстардың жалпы қалыңдығы бірнеше мың метрлерге жетеді. Метаморфтық жыныстарға тəн келесі текстураларға жіктастылық пен қабыршақтастылықтар жатады. Олар созылыңқы жəне сызықшалы минералдардың – хлорит, амфиболдар, кварц жəнет.б бір бағытта орналасуларымен ерекшеленеді. Жіктастылық – қабаттылық үстінде пайда болып, кейде оны белгілі бір бұрышпен қиып өтеді. Қатпарлар құлпысында жіктастылық қабаттылығы перпендикуляр болып келсе, қанаттарында оны кейбір бұрышпен қияды.