Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.43 Кб
Скачать

42.Эффузивтерді геологиялық картада бейнелеудің ерекше-ліктері

Эффузивті жыныстармен туфогенді жыныстар тығыз байланысты. Туфогенді жыныстар вулкандық туфтар мен туфиттерден құралады. Эффузивті жыныстар вулкандық қабаттар, ал туф пен туфиттер – туфогенді қабаттар түзеді. Олар жер бетіне суппараллельді орналасып, бір-бірімен қабаттасып жатады да көбінесе қабаттылық құрайды. Ол қабаттарды бір- бірінен ажыратуға болады (көбікті бітім, жарықшалар тегіс емес жерлері шөгінділермен толады). Сонымен вулканогенді жыныстар да қабаттар түзеді. Олардың да жатыс элементтерін анықтауға болады. Эффузивті жыныстар жер бетіне, су астына лава деп аталатын — сұйық вулкан (жанартау) өнімдерінің төгілуінен пайда болады. Жанартау материалдарын атқылау аппараттары үш түрге бөлінеді: орталық, жарақтық жəне ареальдық. Орталық типтес атқылау кезінде қабатты тік немесе жайдақ конус тəрізді - стратовулкандар пайда болады. Мұндай вулкандар беткейінің тіктігі жиі 20-30 жетіп, олар бір-бірімен алмасып орналасқан лавалар, туфтар, лавалық женттастардан, теңіздік жəне континеттік текті шөгінді жыныстардан тұрады. Бұл заттар беткейді əртүрлі жабады да, атқылау центрінен алыстаған сайын қалыңдығы азаяды.

43. Таужыныстарындағы жарықтардың жалпы сипаттамасы, олардың геологиялық пен генетикалық жіктемесі

Жер қыртысының қабаттарында кеңінен таралған бұзылып, жарылған тау жыныстары құрылымына жарықтар жатады. Жарықтардың кішігірім жер бөлігінде /учаскесінде/ таралған жиынтығын жарықшақтар дейміз. Олар жарықтардың жиі орналасуымен, кеңістікте таралуымен, байқалу мүмкіншілігімен /дəрежесімен/, шығу тегімен ерекшеленеді. Жарықшақтық дербестелмеген ішкі құрылысына байланысты жазықта бөлінуімен ажыратылады.

7.1.1 Геометриялық жіктелуі Шомбалды жəне қабатты, жіктастылы шөгінді, метаморфты жыныстарда жарықтарды құлау бұрыштары арқылы бөлген дұрыс. Құлау бұрыштарына байланысты жарықтар тік (<80-90), шұғыл (45-80), жайдақ (10-45), көлбеу немесе жазықты (0-10) болып бөлінеді. Ал қабаттылық өте жақсы байқалатын немесе қабаттылығы онша емес, бірақта анық жіктастылық текстурасы бар шөгінді мен метаморфты жыныстарда төмендегі жарықтар түрлері бөлінеді: а) көлденеңді - планда кабаттылық пен жіктастылықты7.1.2 Генетикалық жіктелуі Генетикалық жіктелуі бойынша жарықтар мынандай түрлерге бөлінеді: Тектоникалық емес жарықтар: алғашқы жарықтар; үгілу жарықтары; сырғымалар, көшкіндер мен ойық жарықтары; қысымнан босаған кезде ұлғайған жарықтар. 105 Тектоникалық жарықтар: қабат бір тұтастығы бұзылғандағы жарықтар (үзілген жəне уатылған жарықтар); кливаж;

44.Кливаж түрлері, оны зерттеудің маңызы

Кливаж (франц. — с1іvagе-жарылу). Таужыныстар қабаттарында əртүрлі деформациялар мен метаморфизм əсерінен пайда болатын жиі орналасқан параллельді жарықтар жиынтығын кливаж деп айтамыз. 1. Қабат бойы кливажы — иірімділік серпімділік деформациясына, алғашқы сатыларында қабаттылыққа параллель дамиды. 2. Желпуіш тəріздес кливаж - қатпар остік жазықтығына желпуіш тəріздес орналасады, яғни желпуіш антиклин асты, синклин үстінде тоғысады. 3. Керісінше желпуіш тəрізді кливаж — оның жазықтығы антиклин асты, синклин үстінде тоғысады. 4. S тəрізді кливаж - əртүрлі құрамды қабаттарда бағытын өзгертіп отырады, кливаждың бұл түрі жоғарыда аталған желпуіш тəрізді түрлерді де күрделендіреді. 5. Негізгі (параллельді) кливаж - остік беттеріне параллель қатпарлар құлпында жəне қанаттарында да дамиды.