
- •1..“Құрылымдық геология” пәні және оның теориялық маңызы
- •3.Геологиялық картаның мазмұнына байланысты түрлері
- •4.Шартты белгілер олардың түрлері мен картада орналасу реттілігі
- •5.Стратиграфиялық бағана, оны түсірудің ерекшеліктері
- •6.Геологиялық қима және оларды түсіру ерекшеліктері
- •7.Қабат және оның элементтері
- •8.Қабаттылықтың түрлері
- •9.Қабатталу жазықтықтары түрлері мен ажыратудың маңызы
- •10.Трансгрессивті жатыс типтері
- •11.Регрессивті жатыс типтері
- •12.Миграциялық жатыс типтері
- •14.Үйлесімсіздіктердің негізгі белгілері
- •17.Тектоникалық үйлесімсіздіктер
- •18.Географиялық үйлесімсіздіктер
- •19.Үйлесімсіздіктер беттері құрылысы
- •20.Құрылымдық этаждар, оларды бөлудің принциптері
- •21.Жазықты қабаттар, жазықты жатысты қабаттардың негізгі белгілері
- •22.Еңіс қабаттардың жатыс элементтері мен оларды анықтау әдістері
- •23.Қабаттардың қалыңдықтарының түрлері, олардың жер бедеріне байланыстылығы
- •24.Қатпарлар мен олардың негізгі түрлері мен элементтері
- •25.Қатпарлардың морфологиялық жіктемесі
- •26.Флексуралар мен олардың элементтері
- •27.Қатпарлардың генетикалық түрлері
- •28.Конседиментациялық қатпарлардың қалыптасу ерекшеліктері
- •29.Интрузивті денелердің үйлесімді жатыс түрлеріне сипаттама
- •30.Интрузивті денелердің үйлесімсіз жатыс түрлеріне сипаттама
- •31.Интрузиялардың жасын анықтау әдістері
- •32.Интрузия жапсарлары: белсенді және белсенсіз жапсарлардың белгілері
- •33.Интрузиялардың қышқылды және орта қышқылды құрамды түрлерінің геологиялық картадағы шартты белгілері
- •34.Протрузия анықтамасы, пайда болуы
- •38.Эффузивтік денелердің сыртқы пішіндері
- •39.Эксплозивтік денелердің түрлері
- •40.Экструзивтік денелерге сипаттама
- •41.Эффузивтік таужыныстарының жасын анықтау әдістері
- •42.Эффузивтерді геологиялық картада бейнелеудің ерекше-ліктері
- •43. Таужыныстарындағы жарықтардың жалпы сипаттамасы, олардың геологиялық пен генетикалық жіктемесі
- •44.Кливаж түрлері, оны зерттеудің маңызы
- •46.Лықсымалар (элементтері, жіктемесі)
- •47.Ығыспалар ( элементтері, жіктемесі)
- •48.Топтасқан лықсымалар мен ығыспаларға сипаттама
- •49.Ысырмалар ( элементтері, жіктемесі, ерекшелігі, тегі, жасын анықтау)
- •50.Ажыраулар ( құрылысы, тегі)
- •52.Тектоникалық жамылғылар-шарьяж (морфологиялық элементтері)
- •57.Метаморфтық жыныстардың бітімдік түрлері
- •58.Метаморфтық таужыныстардың жатыс пішіндері
- •60.Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері
- •61. Геосинклиндерге сипаттама
- •62.Геосинклиндердің негізгі белгілері
- •64. Антиклинорий мен синклинорий
- •65.Платформа оның құрылымдары
- •66.Платформалардың негізгі белгілері
- •67.Көне және жас платформалар
- •78.Орталық мұхиттық жоталар және олардың құрылысы
- •79.Трансформдық жатылымдар
- •80.Мұхиттық рифтер
- •81.Диапирлі қатпарлар
26.Флексуралар мен олардың элементтері
қатпарлардың тізе тəріздес иілуін, баспалдақ тəріздес орналасуын флексура. Тік бағытты қималарда флексуралардың:: жоғары немесе көтеріңкі қанаты; төменгі немесе астыңғы қанаты; қиылыстырушы қанаты; қиылыстырушы қанат құлау бұрышы; жылжыған қанаттың тік бағытты амплитудасы сияқты элементтері бөлінеді. Көлбеу орналасқан таужыныстарда флексуралар үйлесімді жəне үйлесімсіз болады. Үйлесімді флексураларда оның үш элементі де бір жаққа бағытталады, ал үйлесімсізде жоғарғы жəне төменгі қанаттары бір жаққа, ал қиылыстырушы қанаты бір жаққа бағыттала орналасады. Флексуралар екі топқа бөлінеді. Біріншіге шөгінделіну процесінен кейін дамыған флексуралар, екіншіге – шөгіндітүзумен бірге дамыған флексуралар жатады.
27.Қатпарлардың генетикалық түрлері
Қатпарлар дегеніміз таужыныстарының жаншылып, сығылып иілген кездегі пайда болған қабаттардың толқын тəріздес иілуі. Қатпарлар тізбегі қатпарлықтар түзеді. Жіктелу негізінің белгілеріне қатпардың пішіні немесе пайда болу тегі анықталуы мүмкін. Егер жіктелу негізіне қатпарлардың сыртқы түрі (формасы) алынса, ол морфологиялық, ал шығу тегі алынса - генетикалық жіктелу болады. Əрқайсысы қатпарлардың əртүрлі қасиеттерін есепке алып сипатталады, сондықтан олар бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, бір-бірін толықтырады.
28.Конседиментациялық қатпарлардың қалыптасу ерекшеліктері
Конседиментациялық қатпарлар немесе шөгінді түзілумен қатар пайда болғандар жəне постседиментациялық немесе таужыныстары пайда болғаннан кейінгі. Конседиментациялық қатпарлықтар түзілуі жер қыртысындағы тік бағыттық тектоникалық қозғалыстармен тікелей байланысты. Конседиментациялық қатпарлықтарда көбінесе қатпарлардың қанаттары мен құлыптарының қалыңдығы мен фацияларының өзгеруі байқалады, постседиментациялығында ондай ондай өзгеріс байқалмайды, тек кейбір жағдайларда ғана созылмалы деформациялар əсерінен қанаттарының қалыңдығы төмендеп, құлпысынікі өседі. Конседиментациялық қатпарлықтар ішінде ең көп тарағандарына батулық (шомған) жəне тік бағытты тұрақсыз қозғалыстармен байланысты қатпар түрлері жатады. Конседиментациялық қатпарлықтардың екінші бір түрі фундаменттің тұрақсыз тік бағытты ауысуымен байланысты. Бұл түрге ірі пішіндердің кішіге бөлшектенуі тəн, оның себебі жылдамдықтың əркелілігі, кейде бассейіннің жеке уческесіндегі тік қозғалыстар белгілерінің əртүрлілігі.
29.Интрузивті денелердің үйлесімді жатыс түрлеріне сипаттама
Жер қыртысында интрузивті жыныстар аса көп тараған тау жыныстар түрлері қатарына жатады. Олар көбінесе қатпарлы облыстарда кездеседі жəне платформалар іргетасы құрылысында да аса зор рөл атқарады. Гранитті жəне аса негізді құрамды массивтер түзілуі өте күрделі əрі алуан түрлі. Лакколиттер (грек. "ляккос" - шұңқыр) - көлденеңі 3-6 км. Жететін саңырауқұлақ, дөңгелек нан пішіндес гипабиссальді интрузивті денелер. Магма көтерілуі кезінде өзі бұза алмаған жыныстарды жер бетіне жақын аудандарда күмбез тəріздесті көтеріп, сиыстырушы жыныстармен үйлесімді орналасады. Олар көбінесе, қышқыл құрамында сəл-пəл кристалданған жыныстардан тұрады. Көбінесе таулы аймақтарда таралған, мысалы, Үлкен Қаратаудағы Күмісті лаколитте; оның көлемі 252 км. Лополиттер (грек. "лопос" - табақша) - ортаңғы бөлігі түсіңкі, шет жақтары көтеріңкі, өзін сиыстырушы жыныстар құрылымына сəйкес орналасатын, əртүрлі көлемді денелер. Олардың көлемі кішігірімнен116 көлденеңі 100 деген км. жететін денелерге дейін болады (Бушвельд 8-300 км.). Құрамы негізді, аса негізді жəне сілтілі болып келеді. Магмалық диапирлер - бұл да гипабиссалдық интрузивті дене. Олар план мен қимада созылыңқы алмұрт немесе ұршық тəріздес болып келеді. Көлемі ондаған метрден бірнеше км. жетеді. Өзін қоршаған таужыныстарын қиып өтіп, оларға қысым жасап иілімдер мен жарықтар пайда болғызады.Факолиттер (грек.- "факос" - жасымақ) - негізгі құрамды кішігірім иірімді қатпарлар иілген бөліктерінде (көбінесе антиклин мен синклиндер ядродағында) орналасқан орақ тəріздес пішінді, үйлесімді денелер. Факолиттер қалыңдығы жүздеген, кейде мындаған метрлермен өлшенеді. Батолиттер (грек. батос - терендік) - көлемі аса ірі (100-200 кв. км. - ден аса), құрамы гранитоидты болып келетін, өзін қоршаған жыныстармен үйлесімді жəне үйлесімсіз орналасқан сопақша немесе дұрыс пішінді интрузивті дене.