
- •1..“Құрылымдық геология” пәні және оның теориялық маңызы
- •3.Геологиялық картаның мазмұнына байланысты түрлері
- •4.Шартты белгілер олардың түрлері мен картада орналасу реттілігі
- •5.Стратиграфиялық бағана, оны түсірудің ерекшеліктері
- •6.Геологиялық қима және оларды түсіру ерекшеліктері
- •7.Қабат және оның элементтері
- •8.Қабаттылықтың түрлері
- •9.Қабатталу жазықтықтары түрлері мен ажыратудың маңызы
- •10.Трансгрессивті жатыс типтері
- •11.Регрессивті жатыс типтері
- •12.Миграциялық жатыс типтері
- •14.Үйлесімсіздіктердің негізгі белгілері
- •17.Тектоникалық үйлесімсіздіктер
- •18.Географиялық үйлесімсіздіктер
- •19.Үйлесімсіздіктер беттері құрылысы
- •20.Құрылымдық этаждар, оларды бөлудің принциптері
- •21.Жазықты қабаттар, жазықты жатысты қабаттардың негізгі белгілері
- •22.Еңіс қабаттардың жатыс элементтері мен оларды анықтау әдістері
- •23.Қабаттардың қалыңдықтарының түрлері, олардың жер бедеріне байланыстылығы
- •24.Қатпарлар мен олардың негізгі түрлері мен элементтері
- •25.Қатпарлардың морфологиялық жіктемесі
- •26.Флексуралар мен олардың элементтері
- •27.Қатпарлардың генетикалық түрлері
- •28.Конседиментациялық қатпарлардың қалыптасу ерекшеліктері
- •29.Интрузивті денелердің үйлесімді жатыс түрлеріне сипаттама
- •30.Интрузивті денелердің үйлесімсіз жатыс түрлеріне сипаттама
- •31.Интрузиялардың жасын анықтау әдістері
- •32.Интрузия жапсарлары: белсенді және белсенсіз жапсарлардың белгілері
- •33.Интрузиялардың қышқылды және орта қышқылды құрамды түрлерінің геологиялық картадағы шартты белгілері
- •34.Протрузия анықтамасы, пайда болуы
- •38.Эффузивтік денелердің сыртқы пішіндері
- •39.Эксплозивтік денелердің түрлері
- •40.Экструзивтік денелерге сипаттама
- •41.Эффузивтік таужыныстарының жасын анықтау әдістері
- •42.Эффузивтерді геологиялық картада бейнелеудің ерекше-ліктері
- •43. Таужыныстарындағы жарықтардың жалпы сипаттамасы, олардың геологиялық пен генетикалық жіктемесі
- •44.Кливаж түрлері, оны зерттеудің маңызы
- •46.Лықсымалар (элементтері, жіктемесі)
- •47.Ығыспалар ( элементтері, жіктемесі)
- •48.Топтасқан лықсымалар мен ығыспаларға сипаттама
- •49.Ысырмалар ( элементтері, жіктемесі, ерекшелігі, тегі, жасын анықтау)
- •50.Ажыраулар ( құрылысы, тегі)
- •52.Тектоникалық жамылғылар-шарьяж (морфологиялық элементтері)
- •57.Метаморфтық жыныстардың бітімдік түрлері
- •58.Метаморфтық таужыныстардың жатыс пішіндері
- •60.Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері
- •61. Геосинклиндерге сипаттама
- •62.Геосинклиндердің негізгі белгілері
- •64. Антиклинорий мен синклинорий
- •65.Платформа оның құрылымдары
- •66.Платформалардың негізгі белгілері
- •67.Көне және жас платформалар
- •78.Орталық мұхиттық жоталар және олардың құрылысы
- •79.Трансформдық жатылымдар
- •80.Мұхиттық рифтер
- •81.Диапирлі қатпарлар
24.Қатпарлар мен олардың негізгі түрлері мен элементтері
Қатпарлар дегеніміз таужыныстарының жаншылып, сығылып иілген кездегі пайда болған қабаттардың толқын тəріздес иілуі. Қатпарлар тізбегі қатпарлықтар түзеді. Қатпарлар сыртқы пішіндері, ондағы таужыныстар қабаттарының орналасуына байланысты екі топқа болінеді: антиклинді жəне синклинді Антиклин - қанаттарына қарағанда, ядросында көне таужыныстары орналасқан, иіні жоғары бағытталған қатпарлар. Синклин - қанаттарына қарағанда, ядросында жас таужыныстары орналасқан, иіні төмен бағытталған қатпарлар. Қатпар төмендегі элементтерден тұрады: қатпардың қанаттары, құлпы (күмбезі), ядросы, қатпар бұрышы, осьтік жазықтық, ось сызығы, қатпар осі, топсасы (шарнир). Қатпар қанаттары - қатпардың бүйірлік, иілген қабаттың қарама- қарсы бөліктері. Қатпардың аса иілген бөлігін оның құлпы, күмбезі дейді. Ал қатпардың ортаңғы бөлігі немесе қанаттары жəне құлпысымен шектелген бөлігін ядросы (өзегі) дейміз. Қанаттардың жалғасында пайда болған бұрыш қатпар бұрыш (α) деп аталады. Остік жазықтық (бет) – қатпарды екіге бөлетін жазықтық немесе қатпардың иілу нүктелері арқылы өтетін бет. Остік жазықтықтың горизонталь ( көлденең) жазықтықпен қиылысқан сызығы - қатпар осі немесе ось сызығы болады. Ось сызығы қатпардың кеңістікте орналасуын айқындайды. Оның орны созылу бағыты азимуты арқылы анықталады. Картада қатпардың ось сызығы қабаттардың иілген жеріндегі нүктелерді қосу арқылы табылады Қатпардың топсасы деп остік беттің қабат бетінің бірімен (жабыны, табаны) түйіскен сызығын айтамыз. Қатпарда топса қабаттың бетінде (жазықтығында), оның бүгілген жерінде орналасады. Топсаның орны шому немесе көтерілу азимутымен анықталады. Топсаның көлбеулігін қабат жастарын салыстырып біледі. Топса жас таужыныстарына қарай еңістенеді (ундуляция). Топса иілуіне байланыты горизонтальды, көлбеу толқынды, қисықты болып келеді. Қатпардың мөлшері оның ұзындығы, ені жəне биіктігімен сипатталады. Қатпар ұзындығы - ось сызығы бойымен қатар орналасқан топсалар бүгілулерінің арасындағы қашықтық Қатпардың ені - көрші екі қатпардың (антиклин, синклин) осі сызықтарының арасындағы қашықтық. Қатпардың биіктігі - вертикальдық (тік бағыттағы) антиклин мен оған көршілес синклин құлпылары арасындағы қашықтық
25.Қатпарлардың морфологиялық жіктемесі
Қатпарлардың жіктелуі негізіне бірнеше белгілерін аламыз. Жіктелу негізінің белгілеріне қатпардың пішіні немесе пайда болу тегі анықталуы мүмкін. Егер жіктелу негізіне қатпарлардың сыртқы түрі (формасы) алынса, ол морфологиялық, ал шығу тегі алынса - генетикалық жіктелу болады. Əрқайсысы қатпарлардың əртүрлі қасиеттерін есепке алып сипатталады, сондықтан олар бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, бір-бірін толықтырады. Морфологиялық жіктелу негізіне қатпарлардың бірнеше белгілері алынады. Олар: 1. Остік беттің орнына байланысты: а) симметриялы қатпар - остік беті тік бағытты жəне қанаттарының көлбеулік бұрышы бірдей болып келеді б) асимметриялы қатпарлар - остік беттері көлбеу немесе горизонталды жəне қанаттарының еңістену бұрыштары əр түрлі болып келеді б) қисайған қатпарлар қос қанаттары қарама қарсы жақтарға əр түрлі бұрыштармен құлаған немесе екі қанатының бірі тіктеу болып келетіндер в) аударылған қатпарлар - шоқтығы біржақ қанатына қарай қысылып құлағандай болады немесе қанаттары біржақа қарай бағыттала құлағандар (36-сурет); г) жантайған қатпарлар остік жазықтық бетіне көлденең орналасады; д) төңкерілген қатпарлар - остік беті кері қарай құлағандай болып бүгілген. 2. Қанаттарының арақатынасына байланысты: а) кəдімгі, қалыпты - қатпарлардың қанаттары əр жаққа құлап жатады; б) изоклинді – қанаттары параллель орналасады;в) желпуіш тəріздесті – қанаттары желпуіш тəріздес келеді. Мұндай қатпарлардың өзегі (ядро) басқа бөліктерінен бөлектенген болады. 3. Қатпарлар құлпы пішініне байланысты жадағай, шұғыл, сынған, сандық тəріздестіге бөлінеді (38-сурет). 4. Қатпарлар ұзындығы мен енінің арақатынасына байланысты созылыңқы, брахи пішінді, күмбез тəріздес болып бөлінеді (39-сурет). Созылыңқы қатпарлардың ұзындығының (а) еніне (б) қатынасы (а/б) үштен көп болады, ал бұл қатынас мөлшері үштен аз болса брахи пішінді (брахантиклиндер, брахисинклиндер), егер ол өлшемдері бір-біріне жуық болса күмбез тəріздес, ал мұндай түрлі синклиндер тостаған тəріздес немесе мульда деп аталады. Жер қыртысындағы қатпардың орнына топса орналасуы көп əсер етеді.Жер бетінде топсаның көлденеңді орналасуында қатпар қанаты ось сызығына параллель келеді. Топса шомуы мен көтерілуі жағдайында, қабаттар остік сызықты айнала орналасады. Топсасы көлбеулі орналасқан72 антиклинді қатпар учаскесін периклинді тұйықталу дейді. Мұндайда
қабаттар қатпар өзегінен кері бағытқа қарай құлайды. Синклинді қатпарларда топсалары көлбеулі қатпар бөліктері центриклинды тұйықталу деп аталады. Бұл жағдайда қабаттар қаптар осін айнала оның өзегіне қарай бағыттала еңістенеді. Кейде аса күшті аймақтық метаморфизмге ұшыраған жыныстар жіктастар мен гнейстерге өтіп топсалары тік бағытталған қатпарлар түзеді. Бұл қатпарлардағы қабат құлау бұрышы қанаттарында əдетте тік немесе 90 градусқа жетеді.