
- •Мазмұны
- •3 5В050900 - Қаржы мамандығы бакалаврының біліктілік сипаттамасы
- •050509 - Қаржы мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет пәндері мыналар болып табылады:
- •050509 - Қаржы мамандығы бойынша бакалаврлар қызметтің мынадай түрлерін орындай алады:
- •050509 - Қаржы мамандығы бакалаврлары төмендегідей типтік міндеттерді шешуге тиіс:
- •050509 - Қаржы мамандығы бакалаврлары өзінің кәсіби қызметін келесідей бағыттарда іске асыра алады:
050509 - Қаржы мамандығы бакалаврлары төмендегідей типтік міндеттерді шешуге тиіс:
ақша-несие және қаржылық қатынастарды реттейтін заңнамалық-нормативтік актілер мен қағидалардың атқарылуын қамтамасыз ету;
кәсіби қызметтің барлық салаларында қаржылық тәртіптің сақталуын бақылау;
құрылымдық бөлімшелерде қаржыны ұтымды ұйымдастыру;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, несиелік ұйымдардың, банк мекемелерінің, сақтандыру және зейнетақы компанияларының қызметінде қаржы менеджментін қолдану;
бюджет шығыстарын бюджеттік жоспарлау және оның тиімді пайдаланылуын бағалау;
қаржылық тәуекелдердің мониторингі және оларды басқару;
бағалы қағаздар қоржынын басқару және оның құрылымын оңтайландыру.
Кәсіби қызметтің бағыттары
050509 - Қаржы мамандығы бакалаврлары өзінің кәсіби қызметін келесідей бағыттарда іске асыра алады:
салық-бюджет пен ақша-несие саясатының стратегиясы мен тактикасын жасау және жүзеге асыру;
кәсіби қызмет саласына инновациялық технологияны енгізу;
салық салуды ұйымдастыру, бюджетке қаражаттардың толық және уақтылы түсуіне салықтық әкімшілік пен және бақылау жасау;
коммерциялық құрылымдардың бизнес-жоспарын құрастыру;
инвестициялық жобаларды жасау және енгізу;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қаржы–несие институттарының қаржы қызметін басқару, талдау және бақылау;
- шаруашылық жүргізуші субъектілерге заңдық кеңес беру және консалтингтік қызмет көрсету;
- сапалы сақтандыру қызметін көрсету және сақтандыру мен зейнетақы нарығын ұлғайту;
- банк ісін ұйымдастыру және несиенің түрлері, нысандары мен әдістерін дамыту;
- қаржы нарығын ұйымдастыру мен қалыптастырудағы кәсіби қызмет;
жоғары оқу орнына дейінгі мекемелерде білім беру қызметін енгізу.
Кәсіби қызметтің мазмұны.
050509 - Қаржы мамандығының бакалаврлары қаржыны, қаржылық және ақша-несие институттардың сақтандыру, зейнетақылық, инвестициялық компанияларды ұйымдастыру, жоспарлау, реттеу, бақылау және басқарумен байланысты өз кәсіби қызметін, сол сияқты ұлттық экономиканың барлық салаларындағы зерттеушілік, инновациялық, жобалық, кеңесшілік, аналитикалық қызметті, жалпы білім беру мен орта арнаулымекемелердегі білім беру зызметін іске асырады.
050509 - Қаржы мамандығы бойынша бакалаврдың маңызды құзыреттеріне қойылатын талаптар.
050509 - Қаржы мамандығы бойынша бакалавр:
- қазіргі кездегі экономиканың барлық саласында болып жатқан үдерістер мен құбылыстар, экономиканы құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету негіздері туралы, танымның ғылыми әдістерінің мүмкіндігін түсініп, осы әдістерді меңгеріп, оларды Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуы үдерісінде пайда болатын нақты міндеттерді шешу үшін пайдалана білу жайында;
- нарық жағдайында Қазақстан Республикасы мен таяу шет елдердегі өндірісті аймақтық бөлу және шаруашылықты аумақтық ұйымдастыру сипаты туралы;
- аймақтардың экономикалық даму өзгешелігі мен шаруашылық жүргізуші субьектілердің нарық кеңістігін қалыптастырудың өзіндік ерекшелігі туралы;
- материалдық өндірістің негізгі салаларындағы, қаржы, банк, сақтандыру және инвестициялық технологиялар сферасындағы технологиялық үдерістер мәні туралы ұғымдар болуы тиіс.
- Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, Қазақстан Республикасында және халықаралық қатынастардағы шаруашылық үдерістерді реттейтін қолданыстағы заңнамаларын; сыртқы экономикалық қызмет саласындағы халықаралық келісімдерді;
- нақты субьекті мен қоғам, адам мен қоршаған орта, жеке адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін этикалық, құқықтық нормаларды, осы білімдердің тәжірибелік қызметте ескерілуін;
- гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар дамуының негізгі бағыттарын;
- қаржы-бюджеттік және ақша-несиелік реттеуді, ұйымдастыру негіздерін, қаржы-банк жүйесі жұмысын, корпорациялар, мемлекет қаржыларының теориялық және тәжірибелік аспектілерін, қаржыларды ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесін, сонымен қатар нарықты реттеу үшін қаржы-несие құралдарын пайдаланудың әлемдік практикасын білуі керек.
- Өзінің кәсіби және әлеуметтік қызметінде білім мен машықтарды пайдалануды;
- кәсіби функцияларды іске асырумен байланысты мақсаттар қоюды және міндеттерді қалыптастыруды;
- типтік есептер шешімдерін тауып, стандарттық емес міндеттерді шешіп, талдамалы тәсілдемені қажет ететін лауазымдарда дербес жұмысты;
өзінің тәжірибелік қызметінде ақша, несие, қаржы теориясы жөніндегі білімді, құқықты пайдалана отырып, қаржы-кредит жүйесін басқару сферасындағы негізгі құбылыстар мен толғағы жеткен мәселелердің мәнін ашуды;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілер және құқықтық халықаралық нормаларда қарастырылған құқықтар өрісінде жүйенің, органның шаруашылық субъектісінің немесе басқа қызметтің тұрақты жұмыс істеуі үшін қаржы-құқық механизмнің нысандарын және әдістерін қолданады;
- қаржы институттары мен банктер жүйесіндегі кез келген қаржы-несие мекемелерінің орнын бағалауды;
- атқарушылардың жұмысын ұйымдастыруды атқара білуі қажет.
4 Оқу бітіруші түлектердің білім деңгейіне қойылатын талаптар
Осы мамандық бойынша бітірушінің жалпы біліктілігіне төмендегідей талаптар қойылады:
қоғамның эволюциясы, мәдениеттің, өркениеттің, әлеуметтік тәжірибе нысандарының әр алуандығы туралы білім;
дүниежүзілік тарихи үдерістегі Қазақстанның орнын айқын түсіну;
жалпы білім беру пәндерін, елдің тарихы мен экономикасы жөніндегі білімдерді игеру.
Әлеуметтік-этикалық құзыретке (компетенцияға) қойылатын талаптар.
050509 - Қаржы мамандығы бойынша бакалаврдың әлеуметтік-этикалық құзыретіне қойылатын талаптарға:
мінез-құлық пен кәсіби этиканың жалпыадамзаттың нормаларын пайдалану;
адамгершілік қағидаттары мен этикалық мінезі–құлықтың, ішкі мәдениеттің жоғары деңгейі;
экологиялық мәдениеттің болуы, қоршаған ортаны қорғауға ұмтылу;
индивидум мен социумның өзара байланысын қажет ететін қоғамдық тұрмыстың объективтік заңдарын білу;
салауатты өмірді насихаттау.
Экономикалық және ұйымдастыру–басқарушылық құзыреттерге (компетенциям) қойылатын талаптар:
– теориялық білім мен практикалық дағдылардың үйлесімі;
– басқарушылық шешімдерді экономикалық тұрғыдан негіздей білу;
– шаржылық және әкімшілік–басқару аппараты қызметтерін анықтап айыра білу дағдысы;
– бизнес–жоспарлар мен экономикалық даму болжамын сауатты құра білу;
– теориялық білім мен практикалық дағдыларды ұтымды үйлестіру негізінде қаржы–экономикалық жүйенің даму келешегін болжай білу.
Кәсіби компетенцияға қойылатын талаптар.
Осы мамандық түлектеріне мынадай кәсіби талаптар қойылады:
экономика ғылымының теориялық-әдіснамалық негіздерін отандық және әлемдік экономика дамуының қазіргі үрдістерімен өзара байланыстыра отырып игеру;
әлемде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістерді бағалай және талдай білу, Қазақстанның экономикалық практикасына дамыған елдердің озық тәжірибесін енгізу;
қаржы есептің халықаралық стандарттарын білу және экономиканың жаһандану жағдайында оларды отандық тәжірибеде пайдалану;
аймақтандыру үдерісіне ықпал етудің экономикалық құралдар жүйесінде ақша–несие және қаржылық тетіктер мен стимулдарды ұтымды пайдалану;
компьютерлік техниканы, бағдарламалық өнімдерді, технологияларды, коммуникация құралдарын еркін игеру.
Өзгерістер мен белгісіздіктің үдемелі серпіні жағдайында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби қызметтің географиялық және әлеуметтік икемділіктің бейімделу дайындығына:
әлемдік саяси, әлеуметтік, экономикалық үдерістерді білу;
дамыған елдердің прогрессивті әлеуметтік, экономикалық үлгілерін, оң тәжірибесін икемді пайдалана білу;
халықаралық экономикалық ұйымдардың (БСҰ, ХВҚ, ЭО және басқалары) қызметінің мақсаттары мен міндеттерін, әрі, болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістерге баға бере білу.
Оқу пәндерінің негізгі циклдері бойынша білімге қойылатын талаптар.
Жалпы білім беру пәндері циклі бойынша бітіруші төмендегі салалары игеруі тиіс:
философиялық білім қоғамдық болмыстың мен негіздері;
ел экономикасының даму тарихы;
шет тілдері, әдет-ғұрыппен салт–дәстүр, мінез–құлық нормасы;
математикалық әдістер мен үлгілеу;
ақпараттық және компьютерлік технологиялар;
экологиялық мәселелер мен қоршаған ортаны қорғау.
Базалық пәндер циклі бойынша 050509 - Қаржы мамандығы бойынша бакалавр:
- экономикалық теория;
микро- және макроэкономика негіздері;
статистика; менеджмент және маркетинг;
кәсіпорын экономикасы;
ақша және несие;
мемлекет пен бизнестің байланысы;
бухгалтерлік есеп және аудит;
экономикадағы математика;
эконометрика;
шаруашылық және коммерциялық құқық, салаларын игеруі қажет.
Кәсіптік пәндер циклі бойынша «Қаржы бакалавры»:
қаржы теориясы;
сақтандыру;
банк ісін ұйымдастыру;
есеп-қисап, валюта операцияларын жүргізу, тәуекелдерді басқару;
салық салу теориясы мен практикасы;
мемлекеттік бюджет;
қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасы;
инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру, инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау,
қаржы рыногында операцияларды ұйымдастыру, бойынша талаптарға сәйкес болуы керек.