
- •Мазмұны
- •3 5В050900 - Қаржы мамандығы бакалаврының біліктілік сипаттамасы
- •050509 - Қаржы мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет пәндері мыналар болып табылады:
- •050509 - Қаржы мамандығы бойынша бакалаврлар қызметтің мынадай түрлерін орындай алады:
- •050509 - Қаржы мамандығы бакалаврлары төмендегідей типтік міндеттерді шешуге тиіс:
- •050509 - Қаржы мамандығы бакалаврлары өзінің кәсіби қызметін келесідей бағыттарда іске асыра алады:
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................. |
4 |
1 М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің даму тарихы ……………..………….... |
5 |
2 «Банк ісі» кафедрасының қазіргі жағдайы................................................... |
12 |
3 5В050900 - Қаржы мамандығы бакалаврының біліктілік сипаттамасы......................................................................................................... |
18 |
4 Оқу бітіруші түлектердің білім деңгейіне қойылатын талаптар………… |
23 |
5 Жеке тапсырма: ресурстарды көздерін қалыптастыру...................................................................................................... |
25 |
6 СҒЗЖ тапсырма: банктің меншікті капиталын басқару……...... |
29 |
Қорытынды………………………………………………………………….. |
36 |
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................. |
39 |
3 5В050900 - Қаржы мамандығы бакалаврының біліктілік сипаттамасы
Кәсіби қызмет сферасы
Осы мамандық бойынша түлектер меншіктің барлық нысандары мен қызмет сфералары кәсіпорындарында, қаржы және сақтандыру органдарында, банк мекемелерінде, ипотекалық, лизингтік, факторингтік, брокерлік, зейнетақы, инвестициялық компанияларда, ломбардтық, микро-кредиттік ұйымдарда, кредиттік серіктестіктерде, бағалы қағаздар нарығында басқарушылық, кәсіпкерлік, коммерциялық қызметті жүзеге асырады, сондай –ақ, сәйкесінше ұйымдарда ғылыми-зерттеу қызметтерін жүргізеді.
Қаржы жөніндегі бакалаврлар қаржыны жоспарлау мен болжау, реттеу, басқару және ұйымдастырумен, сондай-ақ оны бақылаумен, микро - және макродеңгейлерде ақша-кредит және фискалдық саясатты жүзеге асырумен шұғылданады. Осы профильдің бакалаврлары компанияның қаржылық жай-күйіне талдау жүргізуі, табыстарды көбейтуге, шығындар мен тәуекелдерді азайтуға жәрдемдесуі, нарықтың сапалы қаржылық қызметтер көрсету қажеттілігін қанағаттандыруы тиіс.
Кәсіби қызмет объектілері.
Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері республикалық және аймақтық деңгейдегі мемлекеттік органдар болып табылады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, ҚР Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі агенттік, министрліктер мен ведомстволар, банктер, сақтандыру, зейнетақы, ипотекалық және лизингтік компаниялар, ломбардтар, кредиттік серіктестіктер, биржалар; бюджеттік мекемелер мен ұйымдар, инвестициялық қорлар, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері, экономикалық соттар, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігі, сондай-ақ ғылыми – зерттеу ұйымдары, жоғары оқу орнына дейінгі мекемелер (мектеп, гимназия, лицей, колледждер).
Кәсіби қызмет пәндері.
050509 - Қаржы мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет пәндері мыналар болып табылады:
экономикалық категорияларды әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеуде пайдалану;
қаржы - несиелік саясат стратегиясының бағыттарын анықтау және оны жүзеге асырудың механизмін жасау;
қаржылық байланыстарды, қаржы-экономикалық үдерістерді жоспарлауды, бюджеттеуді және болжауды ұйымдастырудың машықтарын игеру;
қаржы, сақтандыру нарықтары қатысушыларының есептемесін жасау;
валюталық - несиелік реттеудің және төлем балансын жасаудың әдістемесін үйрену;
қаржы ұйымдарының халықаралық тәжірибесін зерделеу және оны отандық тәжірибеге бейімдеу;
келісімшарттарды және басқа құқықтық құжаттарды жасау әдістемесін игеру.
Кәсіби қызмет түрлері.