Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АФКХ каз новый.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.38 Mб
Скачать

IV. Жұмыстың барысы:

Алдымен торзионды таразыны (2 сурет) жұмысқа даярлайды. Ол үшін столға тіреуіш винттердің (1) көмегімен горзонталь орналастырады. Ілгішке (2) таразының табақшасын (3) іледі. Онан соң арретирді (4) оңға (ашық белгісіне) жылжыту арқылы таразы иінін босатады. Иін (5) көмегімен стрелканы (6) нольге келтіреді. Таразы теңдігі көрсететін стрелканы (7) қозғалмайтын тілшемен (рискпен) (8) дәл теңестіру керек. егер олар теңеспесе, винтті (9) бұрап тенестіреді. Таразы жұмысқа даяр болған соң арретирді солға «жабық» белгісіне жылжытып таразы иінін бекітеді. Табақшаның салмағы (m) және оны суға батып тұрған (Н) биіктігін өлшеу үшін цилиндрге дистилденген су құйып, оған табақшаны батырады. Онан соң арретирді жылжытып иінді босатады да, иінмен (5) стрелканы (6) қозғап, таразы тендігін көрсететін стрелканы (7) тілшемен (8) теңестіреді. Арретирді жабады. Табақшаның массасын стрелкаға (6) қарсы тұрған шкаладан (10) анықтайды. Таразының өлшеу шегіне және әрбір бөліктің мөлшеріне көніл бөліндер. Сонымен қатар Н мәнін анықтайды. Ол судың беткі қабатымен табақшаның түбіне дейінгі аралыққа тең. Ол шамамен 10-12 см болу керек. табақша цилиндрда түбінен және бүйірінен 2-3 см алшақ орналасу керек.

Тәжірибені орындау үшін цилиндрден табақшаны алып, ондағы суға 3-5 г зерттелетін заттың ұнтағын салып, мұқият араластырып, суспензия дайындайды. Цилиндрге тезірек табақшаны батырып, арретирді ашады да, секундамирді іске қосады. Табақшаға жинала бастаған тұнбаның массасын (m) 15 сек, 30 сек, 1 мин, 2 мин, 5 мин, 10 мин сайын өлшейді. Масса тұрақталғанда жұмысты тоқтатады. Алынған сандық мәліметтерді пайдаланып есептеулер жүргізеді:

1. Әрбір t уақыттағы тұнбаның массасын анықтайды. m t= mж - mт мұндағы mt - t уақытта табақшаға жиналған тұнбаның салмағы, мг; mж – табақша мен ондағы тұнбаның салмағы, мг; mт – табақшаның салмағы, мг; mt саны тәжірибе кезіндегі санына тең болады.

2. Әрбір t уақыттағы бөлінген тұнбаның салыстырмалы массасын анықтайды.

мұндағы t уақыттағы бөлінген тұнбаның салыстырмалы массасы, %;

mmax - тұнбаның жалпы массасы, мг.

Алынған мәліметтерді төменгі үлгіде жазады.

Уақыт, t, мин.

Табақша мен тұнбаның салмағы, mж, мг.

Тұнбаның салмағы, mt, мг.

тұнбаның салыстырмалы массасы, %;

Бөлшектердің радиусы, r, м.

3. Абцисса осімен (мин), ордината осі бойымен салыстырмалы салмақ (%) алып, сидиментация сызығын сызады.

4. Таралу қисығын сызу. Ол үшін 1) (5) формуладағы К мәнін есептейді. 2) қисығына tmin және tmax нүктелерін анықтайды. 3) (7) формула бойынша rmin және rmax мәндерін есептейді; 4) радиустары rmin және rmax бөлшектерді 5-7 фракцияға топтап және әрбір фракция үшін rmin және rmax анықтайды. 5) белгіленген нүктелер арқылы жанама жүргізіп, t уақытты тұнбаға түскен фракцияның процентін анықтайды. Жанамалардын ордината осімен қиылысу нүктесі фракцияның % береді. (1 суретті қара); 6) және m/ мәндері әр фракция үшін есептейді.

Алынған барлық шамаларды мына үлгімен жазады.

Фракция реті

tmax, мин

tmin, мин

rmin ,

м

rmax ,

м

,

м

Кесін-ді, см

Фракция мөлшері, m, %

m/

Радиустың орта мәнін формуласымен ( =r1 – r2 ) есептейді. Онан соң m/ - координаталарында таралу қисығын сызады. =r1 – r2