Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АФКХ каз новый.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.38 Mб
Скачать

Зертханалық сабақтың тақырыбы № 13 мысты амперометриялық титрлеу Зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар

Жұмыстың мақсаты:

Мыс (ІІ) анықтау оның иодид- ионымен тотықсыздануына және мыс мөлшеріне эквивалентті мөлшерде бөлінген I2 тиосульфат ерітіндісімен титрлеуге негізделген.

2Cu2+ + 4I- = Cu2I2 + I2

I2 + 2S2O32- = 2I-+ S4O62-

Бұл әдіс арқылы мыстың өте аз мөлшерін (10-3 мг) анықтауға болады. Реостатқа +0,53 В потенциал мәнін қойып, платина және хлоркүміс электродтарын ерітіндіге салады. Платина электродында йод тотықсызданады.

Жұмысты орындау.

Амперометриялық құралда барлық бөліктері дұрыс қосылып тұрғанын тексереді.

Титрлейтін стаканға 10 мл мыс (ІІ) ерітіндісін құйып, 25 мл күкірт қышқылын қосады, электродтарды салып, тізбекті қосады. Сол кезде катодта мыстың тотығуы жүреді. Гальванометр стрелкасы бір жаққа қарай бұрылады.

0,3-0,5 г калий иодидін салып, магнит араластырғышты қосады. Бұл кезде диффузиялық тоқ бірден азайып, гальванометр нольді көрсетеді. Бұл жағдай мыс ионының толық иодидпен Cu2I2 қосылысын бергенін көрсетеді. Бұдан соң бос йодтың бөлінуі байқалады, тоқ күші өсе бастайды, тоқ күші максимумға келгенде ерітіндіде йод толық бөлініп бітеді. Тағы да 2-5 минут реакция аяқталғанын тосып, титрлеуді бастайды.

Тиосульфат ерітіндісінен 1 мл қосып, ерітіндіні араластырып отырып, тоқ күшін жазып отырады. Титрлеу соңында тоқ күші өзгеріссіз қалады.

V, мл

I, мА

q = V  N  mэкв.Cu mэкв.Cu = 63.64 г/ моль

Титрлеуді екі рет жүргізеді.

Сабақтан алған білімді тексеру (тест) сұрақтары

1. Индикатор қатысында амперометриялық титрлеудің артықшлығы:

А.титрлеу дәлірек болады; В.артықшылығы жоқ;

С.оңырақ потенциалда титрленеді;

D.терісірек потенциалда титрленеді;

Е.дұрыс жауабы жоқ.

2. Жарты толқын потенциалы неге тәуелді?

А.тотықсызданатын ион концентрациясына,

В.тотықсызданатын ион табиғатына,

С.индиферентті ерітінді концентрациясына,

D.электрод табиғатына,

Е.дұрыс жауабы жоқ.

3.Тотықсызданатын ионның валенттілігін қалай анықтайды?

А.I=605D1/2*m2/3*t1/6*c теңдеуі бойынша;

B.Е1/2 арқылы анықтауға болады;

C.lgI/Id-E тәуелділігі қисығының тангенсіне кері мән бойынша;

D.lgId/Id-I-E тәуелділігі қисығының тангенсіне кері мән бойынша;

E.дұрыс жауабы жоқ.

4. Полярографияны және амперометриялық титрлеуді неге индиферентті фон-электролит

қатысында жүргізеді?

А.cутегінің толқынын жоғалту үшін;

В.I-ші ретті максимумді жоғалту үшін;

С.миграциялық толқынды жоғалту үшін;

D.қайталанатын поляризациялық қисық алу үшін;

Е.дұрыс жауабы жоқ.

5. Полярографиялық анализ әдісі неге негізделген?

А.электродтық потенциалдарды өлшеуге;

В.электродтардың поляризациялану құбылысына, яғни берілген кернеу әсеріне ұяшық

арқылы өткен тоқ күшінің тәуелділігін зерттеуге;

С.ерітінді электрөткізгіштігінің құрамына тәуелділігіне;

D.ерітіндінің кедергісін өлшеуге;

Е.осы көрсетілгендердің барлығына.

6. Илькович теңдеуі:

А.I=605 nD1/2∙m2/3∙ 1/6∙Cm ;

B.Id=605 nD1/2∙m2/3∙ 1/6∙Cm ;

C.Id= nD1/2∙m∙ ∙C;

D.I=605 D1/2∙m2/3∙ 1/6∙C;

Е. Дұрыс жауабы жоқ.

7. Поляризациялық қисықтар деген:

А.тоқ күші-кернеу тәуелділігінің қисығы;

В.тоқ күші-кедергі тәуелділігінің қисығы;

С.кедергі-көлем тәуелділігінің қисығы;

D.lg I/IdI-E тәуелділігінің қисығы;

Е.дұрыс жауабы жоқ.