Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АФКХ каз новый.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.38 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18-10.1.03/03-2014

ПОӘК

«Аналитикалық және физколлоидтық химия» пәндерінің оқу-әдістемелік материалдары

№2 - басылым

.09.__ 2014ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

«Аналитикалық және физколлоидтық химия»

5B072800 - Өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша) және 5в072700 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандықтары үшін пәнінің оқу-әдістемелік материалы

Семей

2014

МАЗМҰНЫ

  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Зертханалық сабақтар

  4. Білім алушының өздік жұмысы

Глоссарий

1. Абсорбционды спектральды анализ молекула (атом ) сырттан энергия алғанда оның белгілі спектр аймағын жұтады

2. Аналитикалық химия – заттардың химиялық құрамын оқитын ғылым

3. Адсорбция – қатты заттардың сыртқы бетіменен газ, бу және еріген заттарды сіңіре алу қабілеті

4. Буфер ерітінділер – тұрақты Н+ концентрациясы бар ерітінділер , оның концентрациясы заттың аз мөлшерін құйғаннан, не сұйытылғаннан, не концентрленгеннен өзгермейді

5. Вольтамперометрия (полярография) - сырттан берген кернеуге байланысты электролиттік ұяшық арқылы өткен тоқты тіркеуге және оны зерттеуге арналған әдіс

6. Гравиметриялық анализ әдісі анықталатын заттың массасын дәл анықтауға негізделген

7. Гравиметриялық (өлшенетін) форма – тұнбаны қақтағаннан соң қалатын масса

8. Гальваностатикалық (амперостатикалық) кулонометрия - кулонометриялық титрлеу тұрақты тоқ күшінде жүргізіледі

9. Жартылай толқын потенциалы - толқынның ортасына сәйкес келетін потенциалды (Е1/2)

10. Изоморфизм – кристалдық формалардың бір типті болуы

11. Индикатордың көрсеткіші (рТ) ол индикатор түсі өзгеретін интервал ортасына сәйкес келеді рТ = pH ±1

12. Индикаторлы электрод - aнықталатын ионның концентрациясына потенциалы тәуелді электрод

13. Кулонометриялық анализ заттың электролиз процесіне жұмсалған электр мөлшерін өлшеуге негізделген

14. Окклюзия кезінде тұнбаны кірлететін зат тұнбаның бетінде емес, оның іш жағына кіреді, яғни тұнбаның кристалдары өскен кезде кристалл торының ішінде болады

15. Оптикалық тығыздық ( А не D деп белгіленеді) - объектке түскен алғашқы сәуле интенсивтігінің өткен сәуле интенсивтілігіне қатынасының логарифмы lg Io / Il

16. Полярограмма - индикатор электродында (тамшылайтын сынап электроды) кернеу мен тоқ байланысы арасында график

17. Потенциостатикалық кулонометрия - тұрақты потенциалда жүргізіледі электролиз

18. Редоксиметрия - тотығу-тотықсыздану реакциясын пайдаланып титрлеу әдісі

19. Сәуленің электромагнитті спектрі - толқын ұзындықтарының (не жиіліктерінің) жиынтығы

20. Сутектік көрсеткіш - сутек иондары концентрациясының теріс таңбамен алынған ондық логарифмі рН = -lg[H+]

21. Спектроскопиялық (оптикалық)анализ – заттың электромагниттік энергиясымен әрекеттесуіне негізделген анализ

22. Титр – ерітіндінің концентрациясын көрсетеді, яғни титр – 1 мл ерітіндідегі еріген заттың грамын көрсетеді – Т

23. Титриметрлік анализ әдісі анықталатын затпен реакцияға түсуге кеткен реактивтің мөлшерін өлшеуге негізделген

24. Титрант не титрленген (стандартты ерітінді) - ерітіндінің титрі дәл анықталған ерітінді

25. Титрлеу - титрленген ерітіндіні анықталатын заттың ерітіндісінің эквивалент мөлшеріне дейін қосса

26. Эквивалент нүктесі (э.н.) - титрант қосқанда оның мөлшері титрленетін заттың мөлшеріне дәл келсе

27. Эмиссионды спектральды анализ молекула (атом ) сырттан энергия алғанда өзінен спектрдің белгілі аймағын шығарады

28. Электрохимиялық анализ (ЭХА) – электродтар бетінде немесе электродтар арасында ерітінде байқалатын құбылыстарға негізделген анализ

29. Хроматографиялық анализ – сорбент бойымен жылжығанда қоспа компоненттерінің әр түрлі сорбциялануына немесе еруіне негізделген бөлу және анализдеу әдістері

30. Хроматографиялық процесс - қозғалмайтын фаза арқылы бөлінетін компоненттері бар қозғалатын фазадағы қоспаның жылжуы

Дәріс № 1. Гомогенді жүйедегі тепе-теңдік

1.1 Кіріспе

1.2 Тамақ өнеркәсібіндегі аналитикалық химияның маңызы

1.1 Кіріспе

Аналитикалық химия – заттардың химиялық құрамын оқитын ғылым. Аналитикалық химия сапалық және сандық анализден тұрады. Сапалық анализ жасау арқылы заттың құрамын және қандай заттардан тұратынын анықтайды, ал сандық анализ арқылы заттың компоненттерінің мөлшерін анықтайды.

Аналитикалық химияда химиялық, физика-химиялық және физикалық әдістер қолданылады.

Анализдің химиялық әдістері заттың химиялық реакцияға түсуіне негізделген. Химиялық әдістерге титриметриялық және гравиметриялық әдістер жатады.

Физикалық әдістер заттың қандай да бір параметрін өлшеуге негізделген.

Физика-химиялық әдістер заттың физикалық қасиеттерінің химиялық реакция нәтижесінде өзгеруіне негізделген (кондуктометрия, потенциометрия, амперометрия, хроматография, фотометрия).