Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арх.конс.лекц.-каз..doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
367.1 Кб
Скачать

Қала құрылысы. Елді мекен классификациясы

Жоспары:

1. Тұрғын аймақтардың классификациясы

2. Жобалау құрылымы.

3. Көшелер мен алаңдар

Қала құрылысы – бұл тұрғын аймақтарды жоспарлаудағы барлық сұрақтарды қамтитын ғылым.

Тұрғын аймақтардың жобасын жобалауда төмендегі сұрақтар қарастырылады:

а) экономикалық;

б) техникалық;

в) санитарлы – гигиеналық;

г) сәулет - өнер.

Бұл сұрақтардың барлығы әлеуметтік, тарихи, табиғи және басқа да факторлармен қатар шешіледі.

Тұрғын аймақтардың классификациясы. Қала типті тұрғын аймақтар қала және поселка болып екіге бөлінеді. Адам санына байланысты қалалар 5 топқа бөлінеді: кіші қала – 50 мың тұрғын; орташа қала – 50 – 100 мың тұрғын; үлкен қала – 100 – 250 мың тұрғын; ірі қала – 250 – 500 мың тұрғын; аса ірі қала – 500 мыңнан астам. Аса көп тұрғыны жоқ тұрғын аймақтарды жер жағдайына байланысты поселка деп атайды.

Территорияны таңдау. Тұрғын аймақтарға территорияны таңдауда төмендегі табиғи факторлар әсер етеді: жер бетінің пішіні (жердің топографиясы), геологиялық және гидрогеологиялық шарттар, ауа райы (климат), жергілікті құрылыс материалдары, су жағдайы, көгал.

Жобалау құрылымы.

Планда тұрғын аймақтардың территориясы қала сыртымен шектеледі. Тұрғын аймақтардың территориясына төмендегі функцианальдық аймақтар кіреді:

а) селитебті – тұрғын және қоғамдық ғимараттар, көшелер, алаңдар,

скверлер және парктер;

б) өндірістік - өндірістік кәсіпорындар;

в) коммуналды – коймалық – қоймалар, гараждар және өзгеде

коммуналды кәсіпорындар,

г) ішкі көліктер – теміржол станциялары, теңіз және өзен приставкалары,

аэропорттар;

д) тұрғындардың демалыс орындары;

е) басқа да жерлер – санитарлы-техникалық құрылыстар, жерлеу

орындары т.б. құрылыстар.

Тұрғызылған ғимараттардың қабаттарына байланысты селитебті территориялар құрамына көп қабатты (4-5 қабат және одан көп), аз қабатты (2-3 қабат) және усадьба типті (1-2 қабатты) құрылыстар кіреді. Селитебті аймақтар тұрғын аудандарға бөлінеді. 24-60 мың тұрғынды тұрғын аудандар ғимараттардың қабаттығына және тұрғын аудандар (площадь) нормасына байланысты ерекшелінеді. Тұрғын аудандар кварталдарға және ықшам аудандарға бөлінеді. Ықшам аудандар деп - 15-50 га ауданды, 4-18 мың тұрғынды үйлер топтамасы салынған және мәдени-тұрмысты қызмет көрсететін ғимараттар кешені бар территорияларды атайды. Ықшам ауданның территориясы транзитті қозғалысы бар көшелермен қиылыспайды.

Күнделікті қызмет көрсететін қоғамдық ғимараттар ықшам аудандарда тұрғындардың санына байланысты тұрғызылады. Кезеңді қызмет көрсететін ғимараттар тұрғын аудандарда қарастырылады. Эпизодтық қызмет көрсететін ғимараттар көбінесе қоғамдық орталықтарда салынады.

Көшелер мен алаңдар тұрғын аймақтарды жеке бөліктерге бөледі және олардың арасына байланыс ретінде қызмет көрсетеді. Қозғалыстың сипаттамасы мен өлшеміне және арналуына байланысты көшелер келесі категорияларға бөлінеді:

а) жалпы қалалық және аудандық бағытты магистральды көшелер – аймақ

аралық көліктік байланыстарды, аудандарды қоғамдық орталықтармен

байланыстыру қамтамасыз етеді;

б) желгілікті қозғалыс көшелері мен жолдары – жеке кварталдардың

арасын байланыстыратын көліктік және жаяу жүргіншілер жолы;

в) жүрдек жолдар – қалалық аудандарды байланыстыратын және қала

сыртындағы автомобиль жолдары;

г) жаяу жүргіншілер жолы – ықшам аудандар аумағында, еңбек және демалыс орындарын байланыстыратын жолдар.

Тұрғын аймақ орталығында басты (главная) көше қарастырылады. Ереже бойынша мұндай көшелерде транзиттік көліктер тобы болмауы керек. Магистральды көшелердің арасын 1000 м-ге дейін аралықта қабылдайды. Кейбір теміржол поселкаларында жеке категориялы көшелер мен жолдар болмауы мүмкін.

Алаңдар аталуына және тұрғызылу сипатына карай орталық, аудандық, түйінді, көліктік, вокзалдық, сауда, базарлық болып бөлінеді. Көшелік байланыс мүмкіндігінше қарапайым, нақты және тұрғын аудандарды жұмыс орындарымен, қоғамдық орталықтармен, вокзалдармен жақсы байланыстыру керек, содай-ақ көліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалыс қауіпсіздігін мен жылдамдығын, ыңғайлылығын қамтамасыз ету мен қатар атмосфералық суларға қарсылығы болу керек.

Көше байланысының төмендегідей системасы қарастырылған:

а) радиалды;

б) радиалды-сақиналы;

в) тікбұрышты

г) диагоналды тікбұрышты;

д) еркін жобалық;

е) сызықты система.

Территорияларды көркейту.

Тұрғын аймақтардың территориясын көркейтуде келесі шаралар орындалады: территорияның инженерлік дайындығы, көшелер мен алаңдарды көгалдандыру құрылғылары, инженерлік байланыстарды жүргізу (сумен жабдықтау, канализация, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау және т.б.)