- •Дәрістер
- •Ғимараттардың сәулеттік-құрылыс жобасының негіздері
- •Құрылыс жарық техникасы
- •Тұрғын ғимараттар
- •Ғимараттардың конструктивтiк элементтерi.
- •Каркастар және қабырғалар.
- •Iрi блокты қабыралар
- •Жабындар
- •Шатыр және жабу
- •Терезелер. Есiктер және қақпалар.
- •Ғимараттарды техникалық пайдалану.
- •Қала құрылысы. Елді мекен классификациясы
Ғимараттарды техникалық пайдалану.
Жоспары:
1. Ғимараттарды бақылау
2. Ғимараттарды жөндеу
Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану мақсатымен темiр жол әкiмшiлiктерiнде арнайы мекемелер ұйымдастырылған. Ғимараттарды дұрыс пайдалану және жылдық жөндеу жұмыстары ғимаратты бақылауын жүктеген.
Ғимараттарды бақылау және дұрыс пайдалану үшiн арнайы ұйымдастырылған мекеме онда болатын барлық жағдайларды (ылғалды температуралық режимдi, бөлiктердiң өзiне арналған функцияларын орындау) тексерiп жылдық жөндеулер жұмысын уақытында өткiзiп, күрделi жөндеулердiң уақытына келiстiрiп отыруы қажет.
Ғимаараттарды бақылау.
Пайдаланатын ғимараттарды ең кем дегенде жылына бiр рет (көктемде) бақылау жұмысы өткiзiледi, ал жаңа салынған немесе қайта құрастырған ғимараттарды (күрделi жөндеуден өткен) ең кем дегенде екi рет (күзде, көктемде) бақылау жұмыстары өткiзiледi. Бұл жұмыстар пайдалануға берiлген ғимараттарда бастапқы екi жыл iшiнде өткiзiлуге мiндеттi. Әр ғимараттың өзiнiң техникалық құжаттары (техникалық жобасы, қондырғылардың паспорты, қабылдау және басқа актiлерi) болуы қажет. Осы құжаттардың арқасында ғимараттардың тозылу дәрежсi анықталады.
Ғимараттарды жөндеу.
Ғимараттарды жөндеудiң үш түрi бар-өтпелi, күрделi, қайта құрастырмалы.
Өтпелi жөндеуге сылақтың элементтерiн дұрыстау, сынған әйнектi ауыстыру, ақтау, сырлау, кейбiр элементтердi қайтадан бекiту сияқты жұмыстарды орындау жатады. Өтпелi жөндеудi пайдалану шығынына сәйкес соның есебiнен жүргiзiледi.
Күрделi жөндеулер. Ғимараттардың конструкцияларының бөлшектерiн толық өзгерту, толық өңдеу жұмысын жүргiзу сияқты жұмыстар жатады. Күрделi жөндеудi, ондағы қондырғылардың құны, арнайы смета бойынша, жылдық бөлiнетiн қордың есебiнен жүргiзiледi.
Қайта құрастырмалы жөндеуге, көп уақыт пайдаланғанбаған ғимараттарды жөндеп қосу, сонымен қатар төтенше жағдайдың әсерiнен (өрт, жер сiлкiнiсi) туындаған жұмыстарды айтады. Қайта құрастырмалы жөндеу жергiлiктi әкiмшiлiктiң есебiнен арнайы жасалған актiге сай жүргiзiледi.
14-дәріс (1сағат)
Ерекшелiк жағдайдағы ғимараттардың конструкциялары.
Жоспары:
1. Мәңгi мұздану жағдайындағы ғимараттар
2. Зiлзалалы аймақтардағы ғимараттар.
3. Сәулеттiң даму тарихынан қысқаша түсiнiк
Мәңгi мұздану жағдайындағы ғимараттар жылдың жылы уақытында ерiп үлгермеген топырақтың қабаттарын мәңгiлiк мұздану деп атайды. Жер беткейiнен олар әсерлi топырақ қабатымен бөлiнген. Бұл қабат жаз айларында ерiп, қыс айларында мұздайды. Мысалы Ресей жерiнiң 44 проценке дейiнгi аумағын мәңгi мұздану ауданы алып жатыр.
Мұзданған топырақтың сызығы кедергiсi өте жоғары болғандықтан, ол ғимараттардың негiзi болады. Негiздiң топырағын еруден сақтау мақсатымен ғимараттарда ашалы iргетас немесе қадалы iргетас қолданылып, жарты жертөленiң жабынын жылу өткiзбейтiн етiп жасайды. Жарты жертөледе қысқы мерзiмде ашылып, жазғы мерзiмде жабылатын демше тесiктерi қарастырылады.
Зiлзалалы аймақтардағы ғимараттар.
Мезгiл-мезгiл қайталанатын жер сiлкiнiс аудандарында Орталық Азия, Қиыр Шығыс т.б. аудандар жатады. Бұл аудандарда құрылыс жүргiзу СНиП II А12-62 ге сәйкес жүргiзiледi. Бұл аймақтағы құрылыстарға жер сiлкiну күшiн 6-9 балл арасында қабылдап, қолданылатын конструкциялардың төзiмдiлiгiн қамтамассыз етедi. Зiлзада күштерiн ескеру арқылы ғимараттардың арнайы схемалары, қолданылатын конструкциялардың пiшiндерi, арнайы жоспарлау және құрылыс жүргiзу шараларының арқасында олардың берiктiгiн, тұрақтылығын, мықтылығын қамтамассыз етедi. Ғимараттардың зiлзалада тұрақтылығын қамтамассыз ететiн шараларға – ғимараттарда жер сiлкiнiске қарсы арматураланған жiк немесе белбеу құрыстыру, құрама элементтердi қосылымдарын айкерлеу, жiктерiн тұтастау, байламдардың санын көбейту, тиiмдi схемаларды пайдалану және олардың түйiндерi дұрыс шешу т.т.
Динамикалық әсерлi ғимараттар. Динамикалық әсерлi ғимараттарда, қозғалысқа келтiрiлген қондырғылардан, жұмыс крандардан және көлiк түрлерiнiң әсерiнен пайда болатын жүктемелердi айтады. Динамикалық жүктемелер ғимарат конструкцияларының тозуын тездемейдi, сондықтан ол жүктемелер барынша шектелiп нормативтiк мөлшерден аспауы қажет.
Құрылмалы-бұзбалы және қозғалмалы ғимараттар. Құрылысқа уақытша пайдалану мақсатымен құрастырылған, құрылмалы-бұзбалы инвертарлы ғимараттардың маңызы өте зор және тиiмдi. Құрылмалы-бұзбалы ғимараттар тез құрылып, тез бұзылады, олардағы конструкциялардың типтерiнің саны мүмкiншiлiк бойынша аз, массалары шамалы, тасымалдауға бұзғанда қирамайтын болуы керек. Қозғалмалы уақытша ғимараттарға контейнер немесе қозғалмалы вагондар жатады. Олар ықшамдалған секциялардан (9х3х3.2, 9х2,7х2,3) құрастырылады. Құрылмалы-бұзбалы қалқанды ғимараттар жобалаған жерде құрастырылып, шегесiз болтпен бекiтiледi. Қозғалмалы құрылыс бөлiмдерi, уақытша ғимараттар ретiнде автомобиль немесе темiр жол вагондарын тұрғын және өндiрiс бөлмелер ретiнде пайдаланады.
Сәулеттiң даму тарихынан қысқаша түсiнiк
Сәулеттiк тұрғын, қоғамдық, өндiрiстiк ғимараттарды және инженерлiк құрылыстарды пайдалану және көркемдiк талабына сай құрастырады. Сәулет стилi қоғамдық құрылысқа сай, өндiргiш күштердiң дамуына сай, халық тұрмысының дамуына және ұлттық талапқа сай жүргiзiледi.
Адам адам болып жаратылғаннан бастап сәулет деген ұғыммен айналысып, өсу сатысына байланысты тұрақты өзгерiп келедi.
Алғашқы – қоғамдық құрылыстағы сәулет өнері
Сәулетiң бiздiң заманға байырғы тұрғын орындардың қалдығы, өңделмеген тасты плиталардан, тiк орнатылған және шеңбер тәрiздi тас қорғандар т.т. ретiн бiздiң заманға жеткен.
Құл иелену қоғамның сәулеттi бiздiң ғасырға дейiн төрт мыңыншы жылдар арасына келедi. Құрылысты саздан және күйдiрiлмеген кiрпiшпен жүргiзуге бастайды. Көбiнесе күрделi мәдени даму ғимараттары тұрғызыла бастайды.
Байырғы Египет сәулетi негiзiнен анфиладты стильде құрылған (бөлмелер теке-тірес орналасқан), қабырғалары өте ауыр, iшкi қорғаны ауыр дiңгектермен қоршаған, сонымен қатар үйреншiктi емес фараондардың зират-пирамидасы кең өрiс алған құйманы қолданбай көтергiш құрылыстар, өте iрi жеке және жақсы өңделген тастардан құрастырылған. Олардың өлшемдерi өте зор. Мысалы: Хеопс пирамидасының жазықтығы өлшемi 230х230м, ал биiктiгi 147м.
Байырғы грек сәулетi.
Грек сәулетi бiздiң заманға дейiн, жетi ғасыр бойы дамып, Египет сәулетiне қарағанда көп өзгешелiктермен, мәдени және экономикалық көтерiлудiң, бiрден-бiр табысы деп санаған жөн. Египеттiң қоршалған композицмясына қарағанда, байырғы грек композициясы өзнiң ашық кеңiстiктi игерумен және дiңгектермен қоршалған, қоғамдық ғимараттардың мiндетiн атқаратын құрылыстар тұрғызылған. Мысалы, ашық театрлар, стадиондар, мектептер, тұрғын үйлер және т.б.
Ашалы –арқалық конструкциясының дамуы ордер құрастыруға әкелiп соқты. Ордер –байырғы Грек сәулетiнiң үлкен жетiстiгi болып саналады.
Ордер деп сәулеттiк композицмяның заңды қатынасқан негiзделген, көтергiш бөлiктерден, көтерушi т.т. тұрады. Байырғы Грек сәулетшiлерi ордердiң үш түрiн қолданған, дорикальдық-қатаң және жайлы, ионикалық-жеңiл және әдемi, коринфтық-өте жеңiл және толық. Ғимараттардың конструкциялары мәдениеттiлiген ордер арқылы көрсетедi.
Байырға Рим сәулетi.
Бiздiң заманға дейiнгi 5 ғасырда пайда болды. Ғимараттардың жаңа түрлерiн жалпылама тұрғызу осы уақытқа келедi. Оларға жабық театр, цирк, фермалар т.б. жатады. Байырғы Рим сәулетiнiң даму шыңы Колизей (80 ж б.з.д), Римдегi Пантеон (125 ж. Б.з.д) т.б жатады.
Байырғы Грек және Рим сәулеттерiнiң стилiн классикалық деп атайды.
Византия сәулетi.
Өзiнiң шешiмдерiнде қанау класс-феодал және христиан даралығын мадақтау идеясымен құрылыстарда айқын көрсетуге тырысқан. Ол мерзiмнiң ерекшелiгi планы квадрат бөлмелердi жабуға күмбездi қолданып, үш бұрышты сфералды пайдаланған. Құрылыстың қабырғалары күйген кiрпiштен, арасына жазық тастан плита қою арқылы жүргiзiлген.
Раман сәулетi.
Батыс Европа мемлекеттерiнде X–дан XII ғасыр аралығында феодалдардың ағысу күшiн және басқарушы дiннiң идеясын мадақтаған. Бұл мерзiмнiң ерекшелiгi үстемдiк көрсететiн қауымға қорған, қоршау, бекiнiстер, монастырьлар құрылысын салу және қабырға, конфорс, терезе тiрiздi элементтердiң берiктiгiн күшейту болып саналған.
Готикалық сәулет
XII ғасырда Францияда пайда болып бүкiл Батыс Европаға тараған. Бұл мезгiл башня түрлес дiни ғимараттарын, мамандық шеберханаларды салумен ерекшеленедi. Құрылыс техникасының дамуы айтарлықтай жеткен мезгiл болып есептелiнедi. Готикалық сәулет тасты мәнерлеп салу, түстi ойықтарды пайдалану, ғимаратты тiк бөлшектерге бөлумен ерекше көзге түседi.
Орыс сәулетiнiң тарихы.
Орыс сәулетiнiң дамуы жер жүзiндегi сәулеттiң дамуымен үздiксiз байланысты. Киев Русi пайда болғанша, славяндар –орта, украин,белорусь—ерте заманнан бастап мәдени даму сатысын өткен халықтарға жатады. Сол заманғы салынған ерекше ескерткiш ретiнде есептелетiн көп куполды Киев және Новгородта салынған дiни ғимараты (сабор) деп айтуға болады.
Русьта сәулеттiң жаңадан дамуы XV-XVI ғасырларда, яғни Орталық мемлекет құрылғаннан кейiнгi кезге сай келедi. Бұлар-Москва кремльдегi Успен саборы (1479ж), Василий Блаженский храмы, Москва кремльдегi теремдiк қора (1637ж) т.б. XVIII ғасырдың ортасын экономикалық және саяси даму нәтижесiнде, сәулетте, жаңа стиль пайда болды- орыс бароккосы. Ол сәулеттiк көркемдiлiгiмен, формалардың соншама толықтығымен ерекшеленедi. Жаңа бағытты iске асыру мақсатымен көзге түскен өте iрi сәулетшiлерге Д.Б.Успенский және В.В.Растрелли-Петербургте Смольный манастырiн салған.
Советтiк сәулет.
Ұлы Октябрь социолистік революциясынан кейiн, жаңа өндiрiстiк қатынастар негiзiнде, зор экономикалық, техникалық және қоғамдық көтерiлудi байқаймыз. Бұл жағдай сәулеттiң өте тез дамып көтерiлуiне зор әсерiн тигiзедi. 1918 жылы мемлекттiк жобалау мекемелерi құрыла бастады. Олар Москва, Ленинград және т.б. iрi қалаларды қайта жоспарлауға атсалысты (1929 жылдан бастап өте көп мөлшерде өндiрiстiк және көлiк құрылысы қайтадан жоспарланды). Ол тұстағы өндiрiстiк ғимараттардың сәулетшiлерiнiң жетiстiгi ретiнде В.И.Ленин атындағы Денпропетровскiдегi гидроэлектростанциясын айтуға болады. Совет сәулетшiнiң көрнектi туындысы ретiнде В.И Лениннiң Мавзолейiн атап айтқанда жөн болады.
Сәулет композициясының әдiстерi.
Ғимараттрды жобалағанда олардың сәулет –көркемдiлiк қасиетiне ерекше көңiл бөлген жөн. Бұл төмендегi сәулет композициясының әдiстерiне сүйенiп iске асырылады.
1.Көлемдiк құрудың қасиеттерi – ғимараттарға арнайы пiшiн беру,
симметриялы немесе ассимметриялы, жазықтықты немесе кеңiстiктi.
Бағыныштылық – жеке көлемдердiң бiр-бiрiне әсерiн белгiлеу немесе басты бөлiктердi қосымша бөлiктерден ажырату.
Пропорционалдық –ғимараттың және оның бөлiктерiнiң өлшемдерi өзара тәуелдiлiгiн көрсетедi.
Ритмикалық-қайталанатын сәулеттiк элементтердiң заңдылық жүйеде болуы деп түсiну керек.
Пластикалық – фасадты өңдегенде қолданылатын жазық және тiк немесе қисық бөлiкше кiргiзу арқылы көркемдiлiктi арттыру.
Фактура және түс. Ғимаарттардың фасадтарын өңдегенде қолданылатын түстеме әдiстерi
15 - дәріс (1сағат)
