Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арх.конс.лекц.-каз..doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
367.1 Кб
Скачать

Терезелер. Есiктер және қақпалар.

Жоспары:

1. Терезелер және оның ролі

2. Есіктер, қақпалар

3. Ғимараттардың арнайы элементтерi

4. Бөлгіштер және сатылар

Терезелер бөлмелердi табиғи жарықпен қамтамассыз ету, ауа алмастыру күшейту және күннiң нұрының әсерiн пайдалану мақсатымен қабырғалар ойығын толтырмалау ретiнде құрастырылады.Терезе қорғау ретiнде жылу және дыбыс изоляция шартына сай болуы керек.

Терезе өлшемдерi мен пiшiнi сәулеттiк талаптарға сай, бөлмелердi табиғи жарықпен қамтамассыз ету шартына байланысты болады. Терезе ойықтарының өлшемдерi табиғи жарықтың нормативтiк коэффицентiне сәйкес анықталады. Терезе өлшемiн тағайындағанда, қажеттi жарықтылықтан жоғары болса, оның қыс уақытында жылулықты жоғалтуға және жаз уақытында бөлменiң шексiз қызуына, сонымен қатар өзiндiк құны мен пайдалану шығыны қабырғаларға қарағанда жоғары екенiн естен шығармаған жөн. Терезе ойықтар терезе коробкаларымен толтырылады. Оның торлары әйнектелiп терезе алды тақтаймен бекiтiледi. Торлар терезе коробкасына бекiтiлiп қабырғаның ойығына қондырылады. Материалына қарай терезенi темiр-бетонды, темiрден, ағаштан және пластмассадан деп бөледi. Жақты торлар бөлменiң iшiне немесе сыртқа ашылады, сонымен қатар жылжымалы және көтермелi торлар да кездеседi. Толырманың шыны қабатының саны бойынша бiр, екi немесе үш қабатты шыныланған деп бөледi.

Бiр қабатты шыныланған терезелердi оңтүстiк аймақтарда, сонымен қатар жылу берiлмейтiн ғимараттарда, ал 3 қабатты шыныланған терезелер қиыр солтүстiк аймақтарда қолданылады.

Терезелердi бiр жақты, екi–үш жақты, таспалы, балкон есiгiмен бiртұтас етiп жасайды. Торлары форточка немесе фрамуга орналастырылған жақтардан тұрады. Олар ашылатын және ашылмайтын болып жасалады. Үлкен өлшемдi ойықтарда коробкалы жазық және тiк белдiктерге бөледi.

Қоғамдық ғимараттарда—вокзалдарда, және т.б.—iрi терезелер жобаланады. Оларды витраж деп атайды. Дүкендерде жарықты ұлғайту мақсатымен арнайы терезелер жобаланады. Оларды витрина деп атайды.

Азаматтық ғимараттарда стандартты ағаштан зауыт жағдайында жасалған терезе блоктар жатады. Қабырға қаламасын құрастырған уақытта торлары әйнектелген терезе блоктары жобалаған орындарына орналастырылады. Торлар жеке және жұпталған болуы мүмкiн. Жеке торларды әдетiнше коробкалар ара қашықтығы 13 см етiп орналастырады, ол бөлменiң iшiне ашылады. Ол үшiн iшкi тор сыртқы тордан периметр бойынша 5 см кем болуы керек. Жұпталған торларда iшкi тор коробкаға iлiнедi, ал сыртқы тор iшкi торға iлiнедi. Торлар жүзбелi ара төсенiшiмен құрастырылады. Торлар өзара берiк бекiтiледi. Терезелердiң жұпталған торы, әдеттегi терезелерiне қарағанда тиiмдi, онда 1,5 есе материал үнемделедi, құны 20 процентке дейiн арзан және жұқа панельдi, ағаш қалқан қабырғаларда орналастыру өте ыңғайлы. Экономикалық тиiмдi терезенiң ең жабайы түрi жекеленген тордан тұратын шыны пакетiнен құрастырылған терезелер. Шыны пакет деп қос шыны рамка арқылы периметрi бойынша тек желiмденген шыны әйнектiң түрiн айтады. Арасында қалдырылған 2 см тән ауа қабаты жақсы жылулық изоляция болып есептелiнедi. Шыны пакеттiң жылу жоғалтқыш қасиетi, жұп торлы немесе екi қабатты әйнектелген терезелердiкiмен ұқсас.

Терезе-витраж, терезе-витриналардың торлары темiр, ағаш, алюминий профильдерiн және пластмассадан жасап, шынымен, шыны-пакетпен, шыны-пластикпен толтырады. Пластмассадан жасалған торлар өте берiк, ауа райы құбылысына төзiмдi болады.

Өндiрiстiк ғиамараттардың терезесi көбiнесе бiр қабатты қылып жасайды. Жұмыс орындары бар бөлмелерде әдеттегiнше жұпталған терезе торлары қолданылады. Бiркелкi ылғалды-температуралық жағдайы бар бөлмелерде терезе торлары негiзiнде ағаштан темiрден жасалады, ал ыстық немесе ылғалды бөлмелерде терезе торлары негiзiнде ағаштан темiрден жасалады, ал ыстық немесе ылғалды бөлмелерде тек қана темiрден жасалады.

Темiр торларды арнайы профильдерден сваркамен дәнекерлеп, коробкасыз қабырғаны терезе ойығына орналастырады.

Есiктер

Қабырғалар мен бөлгiштердегi есiк ойықтары есiк коробкалары мен есiк жақтаулармен толтырылады. Орналастырылған орнына қарап есiктердi сыртқы (кiретiн есiк және балкон есiктерi) және iшкi (соның iшiнде бiрге салынған шкафтардың есiгі) деп бөледi. Есiктiң ашылу ретiне байланысты шалқамалы, жылжымалы, айналмалы т.б. түрiне бөлуге болады.

Есiктi негiзiнен ағаштан жасайды, сонымен қатар темiрден, пластмассадан және шыныдан жасауға мүмкiндiк бар. Әйнектелген есiктер фрамугалар бөлмелерге көлеңке жарық түсiру мақсатымен құрастырылған. Есiк енi оның төтеше жағдайларына кiсi өткiзгiш қабiлтiне қарасты анықталады. Есiктiң өлшемдерiн тағайындаған уақытта ғимараттың биiктiгi, оның арналуын, бөлмелерге орналастырылатын жиһаздар мен қондырғылардың өлшемiне сәйкес болуын естен шығармаған жөн.

Азаматтық ғимараттарға арналған әйнектелген, тұтас есiктер бөлiгi стандартқа сай 50-150 см-ге дейiн, биiктiгi 180-230 см-ге дейiн болады. Дайындау түрiне қарап есiктiң жақтауын столярлы, балталы және қалқанды деп бөледi.

Ең жеңiл және тиiмдi болып қалқанды есiктердi есептейдi. Қалыңдығы 2-4 см қалқан бiр тұтас немесе рейкалы екi беткейi арнайы плитамен қабатталған (ағаш ұнтағынан, ағаш жоңқасынан жасалған плиталар), соныммен қатар фанера да пайдалануы мүмкiн.

Өртке төзiмдi есiктердi темiрден немесе ағаштан жасайды. Ағаштан жасалған есiктер асбест қойылымы қарастырылған темiр табақтармен қапталған болуы қажет.

Бiрiншi класты қоғамдық ғимараттарда есiктер алюминий қосымшаларынан жасалады, немесе шынықтырылған әйнектерден құрастырылады.

Қақпалар

Өндiрiстiк ғимараттарда локомотив, автомобиль және вагондар өткiзу мақсатымен қақпалар орналастырылады. Қақпалардың өлшемдерi қозғалған составтың және бөлмеге кiргiзiлетiн қондырғылардың өлшемдерiне сай анықталады. Қақпа бiр жақты, екi жақты және көп жақты болып келедi. Ол сол жақтарынан қақпа рамасынан және қақпаны ашуға арналған қондырғылардан тұрады. Матириал жағынан қақпалар ағаштан, темiрден не болмаса араласқан түрде қолданылады. Ашу конструкциясы жағынан шайқалмалы, жылжымалы, көтермелi болып бөлiнедi.

Ғимараттардың арнайы элементтерi

Азаматық және қоғамдық ғимараттардың сыртқы беткейiнде әр түрлi құрылымдар салынады. Ол құрылыстар ғимараттардың пайдалану сапасын көтеру және сәулеттiк өзгешелiктердi бередi. Солардың ең керектiлерi деп веранда, балкон және лоджияларды айтады. Бұларды құрылыста қолдану ауа райының жағдайына байланысты шешiледi.

Веранда

Жылындырылмайтын бөлме немесе оның шатыры бар алаң, ғимаратқа тiркестiрiп салынады, жылдың жылы айларында пайдаланады. Веранданың еденi тақтайдан, цементтен, керамикалық плиткалардан салынады.

Балкондар

Ашық қоршалған алаңды балкон деп айтады. Олар ғимараттың сыртқы беткейiнде шығыңқы тірек үшiн қабат аралық жабын деңгейінде орналасады.

Балконның көтергiш элементтерi 1 м-ге дейін шығыңқы орналасқан плита немесе арқалық, бекiту тереңдiгi 24-44 см, қабырға қаламасында қыстырылған немесе керегелiк блоктың салу бөлшегiне сваркамен дәнекерленген болады. Балконның еденiн су өткiзбегiш етiп 1-2 проценттiк көлбеумен жасайды. Балкон есiгiнiң табалдырығын балкон еденiнен 10см жоғары орналастырады. Балконның қоршауы темiр торлармен, түрлi асбесцементпен немесе темiр-бетонды қабырғамен жасалады.

Эркер

Қабат беткейiнен шығыңқы орналасқан бөлменiң бөлiгi. Ол сыртқы қабырғамен қоршаған эркер бөлменiң ауданын ұлғайтып, жарықтың мөлшердiң көлбеуiн қамтамассыз етедi, бұл негiзiнен солтүстiк аймақтарда қарастырылады. Олар бiрiншi қабаттан iргетасқа тiрелiп құрастырылады, сол сияқты кез келген қабат беткейiнде тірек күш арқылы орналастырылады.

Лоджия деп ғимараттардың қосбетiнде орналасқан, үш жағынан қабырғамен қоршалған қуысты айтады. Балконмен салыстырғанда лоджия өз алаңын атмосфемалық шөгiндiлерден жақсы қорғайды да бөлменi күн әсерiнен көбiрек көлеңкелейдi. Негiзiнде лоджия оңтүстiк аймақтарда кең тараған.

Деформациялық жiктер

Температураның ауытқуы, жүктемелер мен топырақ жағдайының әр түрлi ғимараттардың орын алуы қажет емес, иiлiс, жарықша, ауытқу т.б. Осы құбылыстарды болдырмау мақсатымен ғимараттарда деформациялық жiк-температура әсерiнен, шөгiндiлiк жiк- ғимараттарды бiр- бiрiне тәуелсiз жеке бөлiктерге жiк арқылы бөледi. Жiктердiң ара қашықтығын ауа райының жағдайына және көтергiш қаңқаның материалдарының қасиетiне сәйкес тағайындайды. Температуралық жiк ғимаратты, тiк iргетасқа дейiн бөледi.

Шөгiндi жiктер .

Шөгу жiктерi күрделi пiшiндi ғимараттарда, әр түрлi жүктемелер мен қолданылатын конструкцияларда, iргелес бөлшектерi әр түрлi болғанда, негiздiң топырақтары әр түрлi болғанда пайдаланып отырған ғимараттарға қосымша құрылыс салғанда орналастырылады. Шөгу жiктерi ғимараттарды оның биiктiгi бойынша тiк, iргетасымен қоса кеседi.

Өртке қарсы орналастырылатын тосқауылдар.

Өртке қарсы шаралар ретiнде ғимараттарда жанбайтын тосқауылдар жасалады. Олар отқа төзiмдi қабырғалар немесе өртке қарсы кеңiстiктер. Тосқауылдар ғимаратты жеке-жеке өрт апшымайтын бөлiктерге бөледi.

Брандмадэр деп отқа берiк кiрпiштен, бетоннан немесе темiр-бетонннан тұрғызылған, бойлық немесе көлденең өртке қарсы қойылған қабырғаларды айтады. Ол қабырға iргетасқа тірелiп ғимараттың барлық конструкцияларын қиып өтiп жабудың үстiнен, ал ағаш қабырғаларда оның сыртқы беткейiнен 30см-ге дейiн шығып тұрады. Брандмадэрдегi ойық толтырмасының материалдары жанбайтын немесе ауыр жанатын болуы қажет.

Бөлгiштер

Бөлгiштер ғимараттарды жеке бөлмелерге бөледi. Iшкi қабырғамен салыстырғанда бөлгiштер сыртқы жүктеме күштi қабылдамайды, тек қана өзiнiң салмағын қабылдап, қорау конструкция ретiнде пайдаланылады. Бөлгiштер отқа төзiмдi, ұзақ мерзiмдi, берiк, тұрақты және аз массалы болуы қажет. Сонымен қатар индустриалды және қажеттi дыбыс изоляциясы мен отқа төзiмдiлiгi болуы керек.

Санитарлы талапқа сай бөлгiштер бөлме аралық, пәтер аралық, санитарлық түйiндерге арналған, iшкi цех аралық болып бөлiнедi.

Материалдарына қарап бөлгiштердi гипстен, жеңiл және кеуектi бетоннан, темiрбетоннан, ағаш ұнтағынан жасалған, жеңiл бетоннан жасалған, ағаштан жасалған, пластмассадан жасалған деп бөледi.

Iрi панельдi бөлгiштер. Iрi панельдi бөлгiш деп өлшемi бөлменiң өлшемiне сәйкес заут жағдайында жасалған кранмен жобалық орнына қондырылатын конструкцияларды айтады. Бөлгiштiң панельдерi гипсобетоннан, жеңiл бетоннан, қамыстан т.т. жасалады. Ең кең тараған бөлгiштің түрін гипсобетоннан жасайды. Толтырма ретiнде көлемдiк массасы 1200-1400 кг/м3 болатын материалдар (ағаш үгiндiсi, қамыс қиындысы және сабан т.б) пайдаланылады.

Панельдi араматуралау оның түрiне және дайындау жағдайына байланысты құрастырылады. Панельдердiң беткейi тегiс болғандықтан оны сырлауға не болмаса мәнерлi қағазбен желiмдеуге кiшiгiрiм дайындық жасалады.

Плиталы бөлгiштер негiзiнде гипсобетоннан, пенопластардан, қамыстан, гипс шалшықтарынан жасалады. Панельдердi заут жағдайында жасағанда оларды қалыңдығы 1 см шамасындағы ағаш рейкалардан жасалған төртмен (40х40 см) арматуралайды. Ағаш шығынын азайту мақсатымен кей жағдайларда панельдi жартылай арматуралайды. Кiшi плиталарды әдетте гипспен, гипсобетоннан, жеңiл бетоннан жасайды. Плиталы бөлгiштер құрастыру үшiн бiртұтас, қуысты арматураланған немесе арматураланбаған плиталар қолданылады. Арматура ретiнде қамыс не болмаса сылақ, ағаш сылымдары қолданылады.

Тасты бөлгiштерге кiрпiштен, арнайы дайындалған жеңiл бетоннан, керамикалық тастардан құрастырылған көтерiңкi су өткiзбейтiн, отқа төзiмдiлiгi және дыбыс изоляциясы жеткiлiктi тас конструкциялар жатады, бiрақ массасы ауыр, дайындаудағы еңбек шығыны жоғары болғандықтан, олар көтерiңкi талап қойылатын ерекшелi режимдi бөлмелерде қолданылады.

Ағаш бөлгiштердi аз қабатты, орманы бар аймақтардағы ғимаратарды тұрғызғанда қолданылады. Индустриалды қалқанды, қаңқалы ағаш бөлгiштер, ағаш шығыны жоғары болғандықтан экономикалық тиiмсiз болып есептеледi. Темiрбетонды құрама белгiштер өндiрiстiк ғимараттарда қолданылады және тiректен, байламадан, байлама аралық толтырма панельдерден құрастырылады.

Темiр бөлгiштер биiктiгi 3 м-ге дейiн жететiн қалқаннан тұрады. Қалқанның бұрышты темiрден байламасы болады. Толтырма тордан, әйнектер не болмаса табақ темiрден жасалады.

Синтетикалық материалды бөлгiштер өрнектi пластикамен өрнектелген, ағаш үгінділі плитамен қапталған каркас түрінде жасалынады. Бөлгiштердiң дыбыс изоляциясының сапасын СНиП-тiң талабына сай есептейдi.

Техника-экономикалық көрсеткiштер. Бөлгiштер конструкциясы ғимараттарда көп қолданылатын бөлiктердiң бiрi. Ең тиiмдi деп индустриалды iрi панельдi гипсобетоннан жасалған бөлгiштердi айтады.

Сатылар

Саты екi негiзгi элементтен тұрады - саты маршы және саты алаңы. Саты маршы негiзгi (қабат аралық), iрге және жертөле маршы болып бөлiнедi. Марш көтергiш элементтерден тұрады. Олар көлбеу плита немесе арқалық, баспалдақ және қоршау. Саты алаңы қабат аралық алаң және қабат алаңы болып бөлiнедi.

Алаң еденен, көтергiш плитадан және оны ұстап тұратын арқалықтардан тұрады. Алаңның арқалығына марштың көтергiш элементтерi тiреледi. Сатыны қоршаған бөлмені саты кеңiстiгi деп атайды. Сатының ғимараты адамдардан тазартқанда жеткiлiктi өткiзгiш қабiлетi болуы јажет.

Пайдалану жағынан сатыларды негiзгi, қосымша, қызметтiк, өрттiк және төтенше деп бөледi. Негiзгi және қосымша сатылар қабат аралық тұрақты байланыс үшiн қолданылады. Қосымша сатылар сонымен қатар жертөле немесе шатырмен қатынасу үшiн пайдаланылады. Қызметтiк сатылар қабаттарды аралық галереямен, жұмыс алаңдарымен байланыстыру мақсатымен орналастырылады. Өрттiк сатылар ғимараттың сыртқы жабуымен қатынасу үшiн орналастырылады. Қабат деңгейiнде сатылар марш саны бойынша бiр, екi, үш маршты болып бөлінедi. Материалдарына қарап сатыларды темiр бетоннан, темiрден, ағаштан, тастан және аралас деп бөледi. Сатыны iрiленген маршты және алаңнан тұратын құрамалы, сондай-ақ жеке арқалықтардан, плита және баспалдақтан сонымен қатар монолитті етіп құрастырады.

Пандустарды әр түрлі деңгейден көлбеу жазықтық арқылы қозғалыс ұйымдастыру үшін пайдаланады. Аз көлбеудiң (5-12 градус) және баспалдақтың жоқтығы арқасында пандустардың өткiзу қабiлетi сатыларға қарағанда өте жоғары. Бiрақ пандусты орналастыруға елеулi аудан мөлшерi қажет. Темiр–бетонды пандустар көп қабатты ғимараттарда, қоймаларда, гараждарда қолданылады.

Лифт деп жолаушыларға немесе жүк көтеруге арналған жылжымалы көтергiш қондырғыларды айтады. Ол кабинадан, көтергiш қондырғылардан қарсы салмақты iлмелер жүйесiнен тұрады.

Эскалатор - жеке баспалдақты жылжымалы саты. Ол шексiз шынжырға электрқозғыш (электропривод) арқылы бекiтiлген. Эскалатор адамдар көп шоғырланған жерлерде метроларда, вокзалдарда, iрi дүкендерде т.т.өте тиiмдi.

Сатыларды жобалау

Сатыларды жобалағанда оның түрiн мен сатылар санын, элементтерiнiң пiшiнi мен өлшемiн СНиП –тiң талабына сай тағайындайды. Азаматтық ғимараттарда негiзгi сатылардың ең кiшi өлшемiн 0,9 м, ал қоғамдық ғимараттарда 1,1 м етіп қабылданады Саты алаңының енiн сатының маршының енiнен кем тағайындамайды.

Сатының құламасы төменгi қатынас бойынша тағайындалады.

I=h\l=a\b

Мұндағы h және l –марштың биiктiгi және салынуы

а және b баспалдақтың биiктiгi және оның енi

Азаматтық және қоғамдық ғимараттардағы алқымды құламалар 1:1,5 және 1:2. Егер а+в=45 болса, көтерiлгенде мөлшерлi адым сақталады. Баспалдақтың пiшiнiне, марштың енiне С және қабаттың биiктiгiне Н қарап сатының өлшемдерiн анықтайды. Екi маршты сатының мысалына қарап төменгi қатынастарды жазуға болады.

h=H/2=n•a; l=(n-1)b; A=2c+d; B=k1+l+k2

Мұндағы n марштағы сатының саны

d-марштардың аралығы

А және В –саты кеңiстiгiнiң өлшемi

k1 және k2- қабаттық және қабат аралық алаңның енi.

Темiр сатылар. Темiрден негiзiнде қызметтiк, өрттiк, төтеншелiк сатылар жасалады. Қызметтiк сатыларды тура өтетiн көлбеу конструкциялалы швеллерден, бұрыш пiшiндi немесе таспа тәрiздi металдан құрастырады, басқыш пен саты алаңын бұдырлы жайпақ темiрден не болмаса дөңгелек темiр шыбықтарынан жасайды. Биiктiгi 10-нан 30м дейiн ғимараттарда өрттiк сатылар тiк орналасқан. Төтеншелiк сатылардың көлбеуi 45 градус шамасында, ал саты алаңы қабат деңгейiнде орналасады. Өрттiк және төтеншелiк сатылардың конструкциясы қызметтiк сатыларға ұқсас, көлбеуiнiң құламасы сол сатыларға сәйкес жасалады.

Ағаш сатылар. Ағаш сатыларды аз қабатты ғимараттарда қолданады. Аудан мөлшерiн азайту мақсатымен iшкi сатыларды бiр маршты, iргелмелi басқышты етiп құрастырады. Саты негiзiнде көлбеу көтергiш конструкциялардан, басқыштан және қоршаудан тұрады. Көлбеу конструкциясы қалыңдығы 60-80 мм тақтайдан жасалады.

12-дәріс (1сағат)

Ғимараттардың санитарлы-техникалық қондырғылары.

Жоспары:

1. Жылытудың түрлері

2. Ауа алмастыру

3. Сумен қамтамасыз ету

Жылу

Ғимараттардағы жылу шығынын жылу жүйелерi орнына келтiрiп және бөлмелерде ауаның қажеттi температурасын сақтап, күрт ауытқуын жiбермеу керек. Жылу системасын жобалау және қабылдау СНиП-тiң талабына сай орындалады. Жылумен қамтамассыз етiлетiн бөлмелердiң жылу шығынын анықтау үшiн, ол бөлменiң планы мен кесiндiсi, қорғау материалдарының түрi, ғимараттың құрылыс аймағы, оның жер шары бөлiктерiне бағытталуы, ғимараттың пайдалануға арналуы, жақын орналасқан ғимараттардың түрлерi мен ара қашықтығы т.т. жағдайларды бiлуiмiз қажет. Жылу шығыны негiзгi және қосымша шығындардан тұрады.

Бөлмелердiң негiзгi шығыны қорғау конструкцияларға байланысты (қабырғалар, терезелер, чердактың жабыны т.т.) болады. Қосымша жылу шығыны СНиП-ке сай анықталады.

Жылу жүйелерi жергiлiктi және орталық деп бөлiнедi. Жергiлiктi жылу жүйесiне пешпен жылыту, ал орталықтанғанға сумен, бумен, аумен және араластырылған түрлермен жылыту жатады.

Сумен жылыту. Сумен жылыту жүйесi жылу тасығыштың, судың температурасына байланысты әдеттегi су жүйесi (100 градусқа дейiн) және қыздырылған су жүйесi (су температурасы 100 градустан көп болса) деп бөлiнедi.

Егер құбырдағы су айналымы тек қана жылы және суытылған сулардың көлемдiк салмағының өзгешелiгiнен ғана туса, ондай жүйенi гравитациялық (табиғи қозғалмалы) деп атайды. Егер гравитациялық айналымның күшi, құбырдағы су қозғалысын қанағаттандыра алмаса, онда арнайы насос орнатылады және оны насосты жүйе деп атайды. Гравитациялық жүйе су қозғалымының орта деңгейiнен ең төменгi ғимараттағы қыздырғыш элементтердiң осы қызудың орта деңгейдегi ара қашықтығы 3 м кем болмаған жөн, ал қалған жағдайларда насосты жүйенi пайдаланған дұрыс деп есептеледi. Екi қабатты ғимараттарда екi құбырлы жүйе, ал одан жоғары ғимараттарда бiр құбырлы жылу жүйесi қолданады. Жертөлесi жылумен қамтамассыз етiлетiн ғимараттарда төменнен таратылған бiр құбырлы жылу жүйесiн қолданған тиiмдi. Екi құбырлы жүйеде әр жылытқыш элеменке су бiркелкi температурамен барады, сондықтан элементтiң жылу бергiштiгiн реттеу бiр бiрiне тәуелдi емес. Бiр құбырлы жүйе материалдардың шығыны жағынан, оны құрастыруға кететiн жұмыс күшi жағынан тиiмдi деп есептеледi.

Бумен жылыту. Бумен жылыту екi құбырлы сумен жылыту жүйесiнен ешқандай айырмашылығы жоқ.

Булы сумен жылыту. Булы сумен жылыту, буы жеткiлiктi аймақтарда, сумен жылытуды қажет ететiн жағдайларда пайдаланылады.

Ауамен жылыту. Ауамен жылыту жүйесiне жылу тасығыш ретiнде жылытылған ауа болады. Ол ауаның температурасы бөлмедегi ауа температурасынан едәуір жоғары болуы мiндеттi. Мұндай жылу жүйесiнде суыған ауаны қайта қыздыру мақсатымен, керi ауа қыздырғыш қондырғылары, ауа қайтарылуын қарастыру керек.

Сәулемен жылыту. Сәулемен жылыту азаматтық ғимараттарда кеңiнен тараған. Бұл жылытуда жылу таратқыш элементтердiң қажеттiгi мүлдем жоқ, себебi қабырға немесе жабын панельдерiнiң iшiнде орналасқан құбырлармен ыстық су, бу немесе ауа айналысқа түскенде, сол конструкциялардан жылу сәулесi бөлменi жылумен қамтамассыз етедi. Ауданды және шағын аудандарды жылумен қамтамассыз ету мақсатымен аудандық қазандықтар, ал үлкен қаланың аудандарды қамтамассыз ету мақсатымен электр-жылу орталығы ТЭЦ салу қарастырады.

Жылу бергiштiк элементтерге – радиаторлар, конвекторлар, құбырлар, және т.б. жатады.

Қазандар және қазандықтар. ТЭЦ-тiң тұрғын аймақтарда ғимараттарды жылумен және ыстық сумен қамтамассыз ету топтанған немесе жеке қазандықтар арқылы жүзеге асырылады.

Пешпен жылыту аз қабатты ғимараттарда—екi қабатқа дейiн қолданылады.

Газбен қамтамассыз ету

Отын ретiнде жанатын газ өндiрiстiк пештерде, орталық жылу қазандықтарында, ас дайындайтын плиталарда, су қыздырғыштарда, пештерде т.б. қолданылады. Тұтынушыларға газ сыртқы газ жүйелерiнен –газ құбырларынан келедi. Iшкi газ құбырлары жекелеген тiк құбырлар мен таратылмалы құбырлар арқылы жүргiзiледi. Олар арнайы жапқыштармен жабдықталған. Тiк құбырларды саты кеңiстiгiнде немесе ас үйi бойымен өткiзедi.

Ауа алмастыру

Ауа аластыру деп бөлмелердегi таза ауамен қамтамассыз етiп, ондағы пайдаланылған мардымсыз ауаны бөлмелерден ажыратуды айтады. Ауа алмастыру жүйесiн ағылмалы, сорылмалы немесе ағылмалы-сорылмалы болып бөлiнедi. Ауаның қозғалуы қабiлетiне байлынысты ауа алмастыру жүйесi жалпы, нақты және аралас, каналды және каналсыз болады. Жалпы ауа алмастыру, бөлменiң барлық көлемi бойынша, ауа алмасуын қамтамассыз етедi, нақты тек қана оның жеке бөлiктерiнiң ауа алмасуын қарастырады. Мысалға өндiрiс қондырғылары жұмыс орны. Аралас жүйеге жалпы және нақты жүйелердiң бiрлестiгi жатады.

Нақты ауа алмасу жеке шымылдық, қалқан немесе шкафтарда орналастыру арқылы жасалған ауаны сору немесе таза ауадан душ әдiсiмен жұмыс орнына бағытталған таза ауа жiберудi айтады.

Вокзалдарда, деполарда қысқы уақытта суықтан қорғау мақсатымен жылу – ауалық шымылдықтар қарастырылады.

Механикаландырылған жалпы ау алмастыру жүйесiн өндiрiстiк ғимараттарда, клубтарда және т.б. жерлерде қарастырады.

Ағылмалы ауа алмастыру камераға жiберiлiп, онда ыңғайсыз ауа бөлiктерi шөгiндiге түсiп, тазартылады.

Ауа алмастыру каналдарын шлакты гипс, ағаш ұнтағы, гипс плиталарынан немесе асбестоцементтi құбырлардан арнайы қабырға бөлiгiнде орналастырады.

Ауа алмасуын есептеу

Ағылмалы және жiберiлмелi ауаның көлемiн есептегенде, ауаның құрамындағы зиянды шөгiндiлердi азайтып оның мөлшерiн жiбермелi санитарлық нормаға сай келтiру болып саналады.

L= nv

Зиянды шөгiндiлердiң көлемi және қасиетi есептеу мүмкiндi болмаған жағдайда ауа алмасуды нормативтiк тәуелдiлiк –әдiсiмен анықтайды. Ауа алмасудың тәуелдiлiгi n деп сорылмалы ауа көлемiнiң, бөлшегiнiң көлемiне қатынасын айтады, + белгi ағылмалы ауаның тәуелдiлiгi, - сорылмалы ауа тәуелдiлiгi. Алмастыратын ауаның мөлшерi L (м3) бөлмеге көлемiне қажет v (м3) формула бойынша анықталады.

Ауаны кодиционерлеу деп автоматтаған жүйеде бөлмелерде жасанды ауа райын жасау деп түсiнедi (қажеттi температура, ылғалдық, тазалық, керектi ауа қозғалысы). Ауаны кондиционерлеу орталық, нақты және араласқан жүйелер деп бөледi. Орталық жүйелердi әдеттегiнше үлкен бөлмелерде қолданады. Нақты жүйенi кiшiгiрiм бөлмелерде (кабинеттерде, лабораторияларда) қолданады. Араластырылған жүйе деп орталық және нақты жүйелердiң бiрлескен ауа алмастыруын айтады. Мұнда оралық жүйе ауаны дайындайды да нақты жүйе ауаны бөлмелерге бөлiп таратады.

Аэрация – бөлмелерде қабырғалардағы жабындардағы ойықтар арқылы табиғи ауа алмастыруды айтамыз. Өндiрiстiк ғимараттарда, өте көп мөлшерде артық жылу, бу және газ бөлетiн бөлмелерде аэрация қолданған өте тиiмдi деп есептеледi.

Сумен қамтамассыз ету.

Бағытталу жағынан сумен қамтамассыз ету шаруашылық, өндiрiстiк, өртке қарсы және келiстiрмелiк деп бөлiнедi.

Темiр жолда сумен қамтамассыз ету iшiмдiк поездың, өртке қарсы және өндiрiстiк қажеттiлiктердi қамтуы тиiс.

Ғимараттардың iшкi су құбыры, құбыр торабынан, өлшегiш құралдардан су алатын, бекiтетiн және реттейтiн бөлшектерден тұрады. Тұрғын үйлердi, аудандарды, өндiрiс орындарын ыстық сумен қамтамассыз ету үшiн нақты қондырғылар орталық жүйе немесе ТЭЦ-тер пайдаланылады.

Канализация.

Канализация жүйесi өзiнiң құрылысына байланысты фекалды-шаруашылық (ас бөлмелер, санитарлы түйiндерден) пайдаланған сулар, өндiрiстiк пайдаланған сулар, жауын деп бөлiнедi.

13-дәріс (1сағат)